Инфоурок / Информатика / Конспекты / "Бағдарламалық қамтамасыздандырудың құрамы және қызметі" тақырыбында дәріс.

"Бағдарламалық қамтамасыздандырудың құрамы және қызметі" тақырыбында дәріс.

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

ДӘРІС №5


Тақырыбы: Бағдарламалық қамтамасыздандырудың құрамы және қызметі.


Компьютерлік бағдарлама (ағылш. Computer program) – 1) белгілі бір алгоритмді жүзеге асыру мақсатында мәліметтер өңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын (компьютерді) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі; 2) орындалуға (өңделуге) тиіс реттелген командалар тізбегі, есеп шығару алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер жиыны. Есеп шығаруға, сондай-ақ берілген мәселені шешуге арналған, қабылданған синтаксиске сәйкес жазылған компьютер командаларының (нұсқауларының) реттелген тізбегі; 3) программалар мен олардың үзінділеріне, бағыныңқы программаларға, процедураларға, программалық модульдерге, машиналық программалар мен олардың үзінділеріне арналған жалпы атау.


Бағдарлама басылмасы:

Бағдарлама басылмасы (Распечатка программы; program (source) listing) — аударғышпен берілетін алғашқы программа мәтінінің басылымы.


Бағдарлама бланкі:

Бағдарлама бланкі (Бланк программы; the form of the program) — бағдарламаға арналған кодтау бланкі.


Бағдарлама (бағыныңқы бағдарлама) блогы:

Бағдарлама (бағыныңқы бағдарлама) блогы (Блок программы (подпрограмма); program unit (subprogram)) — үлкен бағдарламаның құрамды бөлігі. Кейбір жағдайларда бұл бөлік тәуелсіз болуы мүмкін.


Бағдарлама жобасының тілі:

Бағдарлама жобасының тілі (Язык проекта программы; programme design language) — арнайы құрылмалары бар және, кей жағдайда, бағдарлама жобасын әзірлеу, анализ жасау және құжаттамалау үшін пайдаланылатын верификациялық хаттамалары бар спецификация тілі. қ. Аппараттық жасақтама жобасы- ның тілі (hardware design language); к. Псевдокод (pseudo code).


Бағдарлама көшірмесі:

Бағдарлама көшірмесі (Копия программы; program сору) — тұпнұсқадан көшірілген және күнделікті жұмысқа пайдалануға арналған бағдарлама данасы.


Бағдарлама қоршауы:

Бағдарлама қоршауы (Окружение программы; environment) — пайдаланушы жұмыс істейтін ортадағы есептеу жүйесінің аппараттық және бағдарламалык ресурстары.


Бағдарлама нұсқауы:

Бағдарлама нұсқауы (Инструкция программы) — бастапқы программаның нұсқауы. Ескерту: бағдарлама нүскауы ассемблерлеу, құрастыру немесе басқа процестер нәтижесінде алынған машина командаларынан ерекше болады.


Бағдарлама объектісі:

Бағдарлама объектісі, программалық объект (Объект программы, программный объект; program object) — бағдарламаға түсінікті және онымен өңделетін мәліметтер элементі. Мысалы, бағдарламалық объектіге программада сипатталған айнымалылар, жиымдар, файлдар, жазбалар және т.б. жатады.


Бағдарлама орындалуының астрономиялық уақыты:

Бағдарлама орындалуының астрономиялық уақыты (Астрономическое время выполнения программы; wall-clocktime) — Бағдарлама орындалуының басталуы мен аяқталуының аралығындағы уақыт.


Бағдарлама өлшемі:

Бағдарлама өлшемі (Размер программы; program size) — биттердегі немесе байттардағы, сиректеу операторлардағы (командалардағы) бағдарлама ұзындығы.


Бағдарлама сегменті:

Бағдарлама сегменті (Сегмент программы;, program segment) — оверлейлік бағдарламаларда жедел жадқа толықтай шақырылатын бір немесе бірнеше басқару секцияларының құрамындағы ең кіші бағдарламалық бірлік.


Бағдарлама секциясы:

Бағдарлама секциясы (Секция программы; program section) — кобол бағдарламасындағы атаулы, логикалық байланысқан параграфтардың тізбегі.


Бағдарлама семантикасы:

Бағдарлама семантикасы (Семантика программы; program semantics)— 1) қабылдағыштың — адамның немесе автоматтың — бағдарламаны ұғынуы тұрғысындағы бағдарламаның мағынасы; 2) бағдарламаның автоматты атқарылуы тұрғысындағы бағдарламаның мағынасы.


Бағдарлама сипаттамасы:

Бағдарлама сипаттамасы (Спецификация программы; program (module) specification) — мәселенің шешу алгоритмін (бағдарламасын) құруға қажетті ақпараты бар дәл және толық тұжырымы; өңдеу нәтижесінде қанағаттандыруы тиіс бағдарламаға қойылатын талаптардың формальданған ұсынылуы.


Бағдарлама схемасы:

Бағдарлама схемасы(Схема программы; the circuit of the program) — кейбір абстрактылық алгебралық жүйенің сигнатураны пайдаланып бағдарламаның қалай түзілетінін көрсететін құрылымдық объект.


Бағдарлама туралы ақпараттық файл:

Бағдарлама туралы ақпараттық файл (Файл информации о программе; Program Information File (PIF))— Windows ортасында бұл ортаға арналып жазылмаған бағдарламаларды қалай орындау керектігі жөнінде мәліметтер сақтайтын файл. Бұл файлда мынадай мәліметтер бар: файл аты, оны іске қосатын каталог, оның көп есептілік режімде жұмыс істеу қабілеті және экранның жұмыс режімі (мәтін, графика, терезе, толық экран) опциясы.


Бағдарламадағы қате:

Бағдарламадағы қате (Ошибка в программе; program error, malfunction) — 1) бағдарламада кездесетін кез келген қате. Бағдарламадағы қатенің болуы бағдарлама дұрыс құрастырылмағанда немесе дұрыс жұмыс істемегенде болатыны белгілі. Қате синтаксистік және сематикалық болып бөлінеді. Олар бағдарламаны аудару мен сынақтан өткізген кезде байқалады және бағдарламаны жөндеу процесінде түзетіледі; 2) Бағдарламаны өңдеу барысында жіберілген қате.


Бағдарламаланатын жасақтама:

Бағдарламаланатын жасақтама (Программируемое обеспечение; firmware) — құрылымы өзгерместен міндеті бағдарламалық тәсілмен динамикалық түрде өзгеретін жабдық.


Бағдарламаланатын логикалық автомат:

Бағдарламаланатын логикалық автомат (Автомат с программируемой логикой) — жұмыс істеу алгоритмі микрокомандалардан тұратын микробағдарлама ретінде басқару жадына жазылатын, жобаланып жатқан кұрылғының жұмыс істеу алгоритміне жедел өзгеріс енгізуге мүмкіндік болатын автомат.


Бағдарламаланатын логикалық матрицалар:

Бағдарламаланатын логикалық матрицалар (Программируемые логические матрицы; programmable logic array, PLA) — шарттаңбалық түрлендіргіштерді жүзеге асыруға арналған орташа және тіпті үлкен дәрежелі шоғырланған микросхемалар. Байланыс желілерінде арнаулы қосқыштары (жалғастырғыштар) бар. Оларды іріктеп бұзуға ("күйдіруге") болады. Сөйтіп бұл матрицаның пайдаланушысына керек байланыстарды қалдыруға, ал керек емесін жоюға болады.

Бағдарламаланатын перне:

Бағдарламаланатын перне (Программируемая клавиша; programmable (soft) key) — атқаратын қызметі берілген қолданбалы бағдарламамен анықталатын перне.


Бағдарламаланатын тұрақты сақтауыш құрылғы:

Бағдарламаланатын тұрақты сақтауыш құрылғы (Программируемое постоянное запоминающее устройство; programmable read-only memory) — мәліметтерді жазу немесе ауыстыру берілген бағдарлама бойынша сақтауыш элементке электрлік, магниттік немесе жарықтық әсер арқылы орындалатын тұрақты сақтауыш құрылғы; ақпараты бағдарлама бойынша басқарылу тәсілімен өшірілетін және жаңартылатын тұрақты сақтауыш құрылғы.


Бағдарламаланатын үлкен интегралдық схема:

Бағдарламаланатын үлкен интегралдық схема (Программируемая большая интегральная схема) — пайдаланушы атқаратын міндеттерін өзгерте алатын үлкен интегралдық схема.


Бағдарламаланған оқыту:

Бағдарламаланған оқыту (Программированное обучение) — арнайы жазылған бағдарламаларды қолдану арқылы оқытып үйрету.


Бағдарламалар базасы:

Бағдарламалар базасы (База программ; program base) — ретке келтірілген бағдарламалардың жиынтығы.


Бағдарламалар банкі:

Бағдарламалар банкі (Банк программ; program bank) — бір орталыққа топтастырылған бағдарламалар мен бағдарламалар дестесінің жиынтығы. Бұдан әркім өзіне қажеттілерін пайдаланады. Бағдарламалар банкі магниттік дискілерде бір немесе бірнеше кітапхана түрінде ұйымдастырылады.


Бағдарламалар кітапханасы:

Бағдарламалар кітапханасы (Библиотека программ; program library)— 1) бағдарламалардың белгілі бір жүйемен топтастырылған жиынтығы; 2) жүйеде жұмыс істейтін кез келген адамға қатынас құруға болатын стандартты бағдарламалардың жиынтығы. Бағдарламалар кітапханасы бағдарламашылардың қандай да нақты бір мәселені шешуге арналған қажетті дайын алгоритмдер мен бағдарламаларды таңдауына мүмкіндік жасап, олардың қызметін жеңілдетеді. Керекті мәліметтер атауы арқылы ізделеді. Кітапханадағы мәліметтер бөлімдері тізбектелген файл түрінде жазылып, олар әр түрлі бағдарламалардан тұрады. Мәліметтер мазмұны жекеленген элементтерден құрастырылады да, әрбір элемент бөлім атауынан және оның адресінен тұрады.


Бағдарламалар тобы:

Бағдарламалар тобы (Группа программ; program group) — Windows 3.x ортасында бағдарлама менеджері ішінде орналасқан қолданбалы бағдарламалар тобы. Нақты белгілері бойынша топтастырылған бағдарламалар жиыны ретінде қарастырылады. Бұлай топтастыру керек кезінде оларды жылдам іздеп тауып, тез іске қосу жұмыстарын жеңілдетеді.


Бағдарламалар ұқсастығы:

Бағдарламалар ұқсастығы (Идентичность программ; program identity)— шешетін мәселелердің алгоритмдерінің бірдейлігі, бір немесе әр түрлі программалау тілінде жазылған екі бағдарламаның бірдейлігі.


Бағдарламаларды автоматты түрде синтездеу:

Бағдарламаларды автоматты түрде синтездеу (Автоматический синтез программ; automatic synthesis of the programs) — мәселелерді шешу программаларын осы мәселелердің сипаттамасы бойынша даярлау. Ол бағдарламалаудың интелектілік жүйесінің негізгі қызметі болып саналады.


Бағдарламаларды бөлу:

Бағдарламаларды бөлу (Разделение программ; program sharing) — сол бір бағдарламаны бірнеше компьютердің немесе абоненттердің бір мезгілде пайдалану мүмкіндігі.


Бағдарламаларды қайта аудару:

Бағдарламаларды қайта аудару (Ретрансляция программ; program retranslation) — аударуға кері процесс-объектілік модульдерді алғашқы тілдегі бағдарламаға автоматтық түрлендіру.


Бағдарламаларды түрлендіру:

Бағдарламаларды түрлендіру (Преобразование программ; program transformation) — жүйелілік әдістерді қолдану негізінде алғашқы программалардан жаңа бағдарламалар алу.


Бағдарламалардың байланыс блогы:

Бағдарламалардың байланыс блогы (Блок связи программ; program communication block) — IMS и OKA мәліметтер базасын басқару жүйесінде мәліметтер базасының ішкі схемасының сипаттамасы.


Бағдарламалардың сипаттама блогы:

Бағдарламалардың сипаттама блогы (Блок спецификации программ; program specification block) - IMS и OKA мәліметтер базасын басқару жүйесінде бағдарламаның байланыс блоктарының жиынтығы болып саналатын модуль. Бағдарламадағы пайдаланылатын әрбір мәліметтер базасы үшін бір блоктан келеді.


Бағдарламалардың үйлесімділігі:

Бағдарламалардың үйлесімділігі (Совместимость программ; compatibility of the programs) — аса күрделі мәселелерді шешу үшін бағдарламалық кешендер мен автоматтандырылған жүйелерді бір-бірімен біріктіру тұрғысынан бағдарламалардың жарамдылығы.

hello_html_m4d466bb7.png

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Компьютерлік бағдарлама (ағылш. Computer program) – 1) белгілі бір алгоритмді жүзеге асыру мақсатында мәліметтер өңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын (компьютерді) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі; 2) орындалуға (өңделуге) тиіс реттелген командалар тізбегі, есеп шығару алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер жиыны. Есеп шығаруға, сондай-ақ берілген мәселені шешуге арналған, қабылданған синтаксиске сәйкес жазылған компьютер командаларының (нұсқауларының) реттелген тізбегі; 3) программалар мен олардың үзінділеріне, бағыныңқы программаларға, процедураларға, программалық модульдерге, машиналық программалар мен олардың үзінділеріне арналған жалпы атау.

Общая информация

Номер материала: 303409
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>