Инфоурок / Другое / Тесты / Бақылау жұмысы

Бақылау жұмысы

библиотека
материалов

Түсінік хат

Қазақ тілінен мемлекеттік тілде оқылатын мектептерге арналған «Диктанттар жинағы» мына құжаттарға сүйене отырып жасалған:


  1. Стандарт. ҚР жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту ҚР Білім және ғылым министрлігінің 9 шілде 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жүзеге асырылады.

  2. Бағдарлама. Жалпы орта білім беретін мектептің 5-9, 10-11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасы. –Астана,2010 ж.


Диктанттар жинағы оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспарға сай құрастырылды. Ондағы мақсат - шәкірттердің білім деңгейін, өтілген материалдарды меңгерудегі жетістік, олқылықтарын айқындау.

Оқушыларға қазақ тілінің мазмұны мен оның ішкі заңдылықтарын саналы меңгерту жолындағы әдістемелік, дидактикалық талаптардың маңызы ерекше.

Жинақта әр сыныпта оқушылардың меңгерген білімі мен оны тәжірибеде қолдану дағды-машықтарын тексеру үшін бақылау жұмыстарының нұсқалары берілген.

Бақылау жұмыстары оқушылардың сауаттылығын және теориялық білімін тәжірибелік деңгейде қолдана алу қабілетін анықтауға бағытталады.

Мұғалімдерге әдістемелік тұрғыдан көмек ретінде ұсынылып отырған бұл «Диктанттар жинағы» қазақ тілі пәніне арналған. «Диктанттар жинағы» оқу бағдарламасына сай құрастырылған. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыруға тиімді әдістемелік құрал.


I Диктант мәтініне қойылатын талап.

а) көлемі сынып ерекшелігіне сай болуы тиіс;

ә) мазмұнының тәрбиелік мәні болуы керек;

б) мәтіндегі орфограмма саны мен тыныс белгілер саны диктантқа қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек.

IІ Диктантты тексеру.

1. Жұмыс келесі сабаққа тексеріліп әкелінуі керек.

2. Диктанттың соңына орфографиялық,пунтуациялық қате саны көрсетіледі. Белгілерді оқушы оқып түсіне білу керек.Бақылау жұмысын тексерудегі шартты белгілер.

Белгілер мәні

-емле қате

V-тыныс қатесі

-азат жол артық қойылған

?-түсініксіз

/-қайталанған ойлар стилдік қателер сөз қалдырған

/-жүйе үзілге

ІІІ Диктантты бағалау

Бағдарламада диктанттан кейінгі жіргізілген қатемен жұмыс-талдау сабақтарына сағат бөлінбегендіктен,оны жылдық,тоқсандық,тақырыптық қайталау сабақтары есебінен алып,өткізіп отыру аса қажет.

Бағалау нормалары

Баға

Қателер саны

5

1/0 1/0 0/1

4

3/3 2/4 1/5

3

6/5 5/6 3/8

2

9/5 8/9













Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:

"5" деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге

(1/0 ) немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар(0/1) диктанттарға қойылады.

"4"деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3), немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар (2/4), немесе емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (1/5) диктанттарға қойылады.


"3" деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/8) диктанттарға қойылады.


"2" деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (9/5) немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі бар (8/9) диктанттарға қойылады.


"1" деген баға қате саны "2" деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен диктантқа қойылады.


Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есептеледі.

Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды.

Сонымен бірге тасымалдауда, автор сөзін берудегі тыныс белгілерде жіберілген қателер түзетілгенімен, қатеге саналмайды.


Бақылау диктантының белгіленген нормасы төмендегідей:


5-сынып — 90-100 сөз; 6-сынып — 100-110 сөз; 7-сынып — 110-120 сөз; 8-сынып — 120-150 сөз; 9-сынып — 150-170 сөз; 10-сынып— 170-190 сөз; 11- сынып- 190-200 сөз.


Сыныбы


Сөздер саны

Орфограмма

Тыныс


Диктант саны


саны

белгілері

5

8

90-100 сөз

12

2-3

6

6

100-110 сөз

16

3-4

7

5

110-120 сөз

20

4-5

8

5

120-150 сөз

24

10

9

4

150-170 сөз

24

15

10

4

170-180 сөз

26

18

11

4

190-200 сөз

26

18





















5 –сынып.

Алғашқы бақылау.


Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын тексеріп, стандарт бойынша грамматикадан алған білім, білік дағдыларын тексеру.


Жолда туған ойлар


Кешкі мезгіл. Түнерген аспан оқтын-оқтын жауып кетеді. Жаз шықса да күн жөнді жылынбаған. Вокзал басында сапырылысқан жұрттың ішінде жақ жүні үрпигендер көп. Қоңырау қағылды. Паровоз үні естілді. Вагонға кірдік. Самолетпен ұшуға дағдыланып, поезбен жүрмегелі бірсыпыра уақыт өткен. Кәрі тарланның таныс дүрсілін сағынсақ керек, құлаққа жағымды тиеді. Теңселе отырып, терезеге үңілудеміз.

Аңқиып жататын екі Алматының арасы лық толы. Айсыз, бұлтсыз түндері аспанды безеген сансыз көп жұлдыздардай талай заманнан бергі қараңғы қаланы қараңғы түнде жыпырлаған электр шамдары жайнатып тұр. Көз қазіргіге түскенді. Ал көңіл сонау алыстағыны елестетті...

(Ғ.Мұстафин, 85 сөз)



Грамматикалық тапсырма:


І нұсқа ІІ нұсқа

1.Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыз:

Бұлтсыз Көңіл

2.Сөз құрамына талдау жасаңыз:

Аңқиып жататын екі Алматының арасы лық толы.

Теңселе отырып, терезеге үңілудеміз.

3. Сөйлем мүшесіне талдау жасаңыз:

Түнерген аспан оқтын-оқтын жауып кетеді.

Жаз шықса да күн жөнді жылынбаған.












5 –сынып.

І тоқсан


Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, сауатты жазу дағдыларын бақылау.

Тоғайда

Дәулет әкесі екеуі ауыл сыртындағы тоғайды аралап келе жатты. Бұрын-соңды үйден алысқа шығып көрмеген кішкентай Дәулетке айналадағы құбылыстың бәрі жұмбақ еді. Тоғайда неше түрлі ағаштар өскен. Бірі жуан, бірі аласа. Біреуінің сыртқы қабығы қалың, кедір-бұдыр, ана біреуінің қабығы жұқа, жып-жылтыр. Әр ағаштың бұтақтары да әр түрлі екен. Күзгі жапырақтар бейне бір төсеп тастаған текемет сияқты, ұйысып жатыр. Жұп-жұмсақ.

Сары қанат шымшық, шөже торғай, қараторғайлар бұтақтан-бұтаққа секіріп, енді біреулері алаңқай жердегі бұталарды паналайды.

Қара қарғалар ағаштың басында отыр.

Дәулет сұрақты жаудырта жөнелді:

- Қарғалар ұясын қайда салады?

- Ағаштың сонау биік басына салады, балам, - деді әкесі.

(Б. Әлсеров, 98 сөз)


Грамматикалық тапсырма:


І нұсқа ІІ нұсқа

  1. Берілген сөзге дыбыстық талдау жасаңыз:

Дәулет жұмсақ

  1. Мына сөздердің антонимдік,синонимдік қатарын көрсетіңіз:

Күшті Әдемі

Биік Алыс

3. «Ұя, бас» сөздерінің көп мағыналы екенін сөйлемдермен дәлелде.













5 –сынып.

ІІ тоқсан


Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, сауатты жазуға дағдыландыру.

Ала мысық

Ала мысық алаңсыз еді. Көңілі жібек самал ескен жаздың жалпақ жайлауындай болатын. Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Ұйқысы тыныш. Тамағы тоқ. Төсегі жұмсақ. Үсті-басы таза. Бұрын ас алдында өзі жуынушы еді, соңғы кезде оны да қойды.

Себебі осы үйдегі оны еркелетіп ойнататын, жонын сипап, аймалайтын, ұйықтаса бірге алып жататын Марат биыл мектепке барғалы күнара оны сабындап жуындыратын болды.

  • Мені кішкентайымда әжем шомылдырушы еді. Енді мен жігіт болдым. Сені жуындыру өз қолымнан келеді. Тазалық - денсаулық. Сен таза жүр, жарай ма?-деп иіс сабынды көпірте езіп, үстіне жылы су құйды.

  • Мияу-мияу. Жарайды,- деп ала мысық құйрығын бұлғаңдатты.

(С. Сарғасқаев, 100 сөз)


Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа ІІ нұсқа

  1. Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз:

Тазалық Денсаулық

  1. Берілген тұрақты тіркестердің баламасын беріңіз:

Су жүрек- Тас бауыр-

Түн ұйқысын төрт бөлу- Бетінен оты шығу-

Қас пен көздің арасында- Сүт пісірім уақытта-

  1. Омоним дегеніміз не? Синоним дегеніміз не?

Мысал келтіріңіз: Мысал келтіріңіз:


  1. Заттардың қандай әрекеті бар?


Үлгі: Комбайн- орады, жинайды, шабады.

Бозторғай- Жел-










Қазақ тілі пәнінен жартыжылдық бақылау жұмысы

5 –сынып.


Мақсаты: І жартыжылдық бойынша алған білім, білік дағдыларын, сауатты жазу деңгейлерін бақылау.

Сәмбі тал


Сәмбі талды інжу тал десе де болады. Бір түрлі мұңайып, сізбен сырласқысы келетіндей.

Мұңын шаққысы келетіндей. Сәмбі талдың тұқымы осында қалады. Ол сазды жерге бітеді. Көп жуандамайды. Әрі кетсе, білектің жуандығындай болады. Бір тамырдан топтанып, шоқтанып, алтау-жетеу, одан да көп шыбық тарайды. Жан-жағына көп шыбық жаймайды. Сыптай болып түзу өседі. Өзі солқылдақ та иілгіш келеді. Киіз үйдің сүйегі осы сәмбі талдан жасалады.

Апыр-ай, табиғат ана шебер-ақ қой! Төрт түлік малдың қамымен көшіп-қонып жүрген қазақққа киіз үйдің сүйегіне арнап дап-дайын сәмбі талды өсіруін қарашы! Кереге, уық, шаңырақ дегендерге таптырмайды.

( О. Әбілдаев, 98 сөз)


Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа ІІ нұсқа

  1. Берілген сөздердің антонимдік сыңарын табыңыз:

Жуан, Ащы,Үлкен; Дос, Жомарт, Алыс


  1. Тұрақты тіркестердің баламасын табыңыз:

Ит өлген жер- Бетінен оты шығу-

Қас пен көздің арасында- Бармағын шайнау-


  1. Берілген сөздердегі әріптерді пайдаланып, сөздер құраңыз:

Балқарағай Қанағат














5 –сынып.

ІІІ тоқсан



Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, сауатты жазуға дағдыландыру.


Мейірім


Көктем. Мамыр айы маужырап, қырат пен сай-саланы қыс бойы мекендеген қар еріп, сылдырап жылға-жылғамен ағады. Төңірек тегіс түрленіп, көк шөп қаулап өсуде. Ақ, сары, қызыл гүлдер көздің жауын алған тау бөктері түкті кілемдей құлпыра түскен. Терең көлдің маңайы жыл құстарының ызу-қиқу шуылына толы.

Бір күні шопан қыстауының қорасына зып беріп ана үйрек ұшып кірді. Мұны Жасұлан байқап қалды да, дереу әжесіне келіп хабарлады. Әжесі екеуі күні бойы аңдыды: ана үйрек қораға ұя салыпты. Балапан басып алмақшы.

Жайлауға көшетін мезгіл де жетті. Ана үйрек әлі қозғалмастан ұясында жатыр. Әже немересінің меселін қайтармай, құстың амандығын сақтап қалу үшін қыстауда қалып қойды.

(Т. Әбдірайым, 100 сөз)


Грамматикалық тапсырма:


І нұсқа ІІ нұсқа

  1. Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз:

Жайлауға Құлпыра

  1. Берілген сөйлемді буынға бөліңіз, буын түрін ажыратыңыз:


Төңірек тегіс түрленіп, көк шөп қаулап өсуде.

Ана үйрек әлі қозғалмастан ұясында жатыр.


3.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысал келтір.









5 –сынып.

IV тоқсан


Мақсаты: Оқушылардың стандарт бойынша алған білімдерін тексеру.


Алып-анадан туады


Ауылдың көлік ағытқан жері, өткен жыл, мекенін переселенге өлшеп, үйлерін көктемде көшірген ауылдың жұрты еді. Сол жұрттағы қалың бұйра талдың арасында құдық барын Баймырза біледі.

Ол қарына шелек іліп, өгізін жетектеп жөнелді. Бұл кезде жаңбыр толастап, бұлт бытырай бастады. Бірақ желдің екпіні әрі күшті, әрі суық. Күннің батып бара жатқан белгісін батыстың жиегіндегі қызыл күрең бұлт білдіріп тұр.

Тал арасындағы құдықтың жиегі опырылған, айналасы дөңес сары балшық екен. Баймырза шелекке таққан жібін қолынан сусыта бергенде, тереңдегі сасықтау сары судың иісін сезіп, шөлдеген өгіз де мұрнын шүйіріп, төмен еңкейді. Су толған шелекті Баймырза жоғары көтеріп еді, иығына біреу қаққан сияқтанды, қараса, саз балшықтан сырғанап, өгізі құдыққа құлап барады.

(С. Мұқанов, 107сөз)


Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа ІІ нұсқа

  1. Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз:

Иығына Құдыққа

  1. Сөз құрамына талдау жасаңыз:

Бірақ желдің екпіні әрі күшті, әрі суық.

Ол қарына шелек іліп, өгізін жетектеп жөнелді.

  1. Сөзжасам тәсілдеріне мысал келтіріңдер

(бірігу, тіркесу, қосарлану)













Қазақ тілі пәнінен жылдық бақылау жұмысы

5 –сынып.



Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін тексеру,сауатты жазуға дағдыландыру.

Жайлау


Кең жайлау. Өрімдей жас жігіт Берік Қарашоқының шоқтығына атша мініп алыпты. Ол бала бүркітше төңірегіне сұқтана қарайды. Айнала қандай көркем еді. Зергер табиғат бар өнерін салып, нақыштаған әсем кесте дерлік. Оң жақта тау жатыр. Сол жақтағы құздың түбімен оқ жыланша тау бұлағы жосылып барады. Сол құз бен таудың аралығына алып мұнараға ұқсас Қарашоқы жаралыпты.

Қарашоқының ұшар басында Беріктің қарсы алды- жасыл жайлау. Сонау төменде құлындай ғана бұлдырап Көкбесті көрінеді. Көкбесті- Беріктің қойға мінетін аты.Одан берірек қалың балдырға жабысып ақтылы қой жатыр. Ол - Беріктің отары.

( Б. Әлсеров, 90 сөз)


Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа ІІ нұсқа


  1. Берілген сөйлемді буынға бөліңіз, буын түрін ажыратыңыз

Айнала қандай көркем еді.

Ол бала бүркітше төңірегіне сұқтана қарайды.


  1. Асты сызылған сөзге лексикалық талдау жасаңыз:

Кең жайлау.

Айнала қандай көркем еді.

  1. Көп нүктенің орнына н, ң әріптерін қойып, көшіріп жаз.

Адамны..., ананы..., қошақаны..., алақанны..., ауылды..., сананы..., жаманны..., түнні...,

Қолымны..., сезімі..., атаны..., баламны..., оқушымсы..., перзентімні..., балапаны..., арманымны....









Қазақ тілі пәнінен алғашқы бақылау жұмысы

6 –сынып


Мақсаты: 5-сыныпта алған білімдерін, сауаттылығын тексеру.

Оқушылардың теориялық білімдерін қандай дәрежеде меңгергенін анықтау.


Өнерпаз

Талдың түбіне шыққан томардан қырылдауық жабайы үйректің балапандары өріп шықты. Көп ұзамай енесі оларды көлге ертіп кетті. Олардың келе жатқанын көріп қалдым да, ағаштың тасасына жасырына қойдым. Балапандар тура аяғымның астына келді. Қолда өсірейін деп, үшеуін ұстап алдым. Қалғандары соқпақ жолмен әрі қарай кете берді.

Бұл қара балапандар аз күннен кейін сұр болды. Бір күні олардың бірі әр түсті, әдемі жасыл мойын, қалған екеуі қоңырқай түстес үйрек болып шықты. Ұшып кетпесін деп, олардың қанаттарының ұшын қырқып қойдым. Сөйтіп, үшеуі қорадағы үй құстарымен бірге өмір сүре берді.

( Ы.Қожаханов, 88 сөз)


Грамматикалық тапсырма:

  1. Фонетикалық талдау жасаңдар.

І нұсқа: ІІ нұсқа:

Үйрек Құстар

  1. І нұсқа: Мына сөздердің синонимдерін тауып жазыңдар.

Ас, .................

Әлем, ...................

Бай, .................

ІІ нұсқа: мына сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

Алыс- .... . Оңай-....... . Ерте- ........ . Дос- ..... .

  1. Сөздері бірыңғай дауыстыдан не бірыңғай дауыссыздан басталатын 1-2 сөйлем жазыңдар.













6 – сынып

І тоқсан бойынша бақылау жұмысы


Мақсаты: І тоқсанда алған білім, білік дағдыларын, сауатты жазу деңгейін тексеру.


Абай


Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны. Ол қазақ халқын әр түрлі өнер үйренуге, білім алуға шақырды. Халқына еңбекті сүюдің, еңбек ете білудің пайдасын түсіндірді. Ақын өсекші, өтірікші, жалқау, мақтаншақ адамдарды жек көрді. Абай өз өлеңдерінде мұндай адамдарды қатты сынады. Ол қазақ еңбекшілерінің бұрынғы кездегі өте ауыр халін көре білді. Қазақтың кедей шаруаларын аямай қанап отырған байлар мен болыстарға, билер мен молдаларға қарсы болды. Олардың ұнамсыз істерін әшкерелейтін көптеген тамаша өлеңдер жазды.

(«Абай»жинағынан, 66 сөз).



Грамматикалық тапсырма:

  1. Төменде берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

І нұсқа ІІ нұсқа

еңбекшілерінің, халқына өтірікші, өлеңдерінде


  1. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

І нұсқа

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны.

ІІ нұсқа

Абай өз өлеңдерінде мұндай адамдарды қатты сынады.


3) Сандық мәнімен жазғандағы әріп саны бірдей сан есімдерді жаз.













Жартыжылдық бақылау жұмысы

6 сынып


Мақсаты: І жартыжылдықта алған білімдерін, сауатты жазу дағдыларын тексеру.



Бақыт

Мен бүгін жиырма беске толдым. Бұл бір мүшел ғой. Ойлап қарасам, осы мүшелім босқа кетпеген тәрізді. Бұл мені қуантады. Өзімді бақытқа бөлеген Қазақстанымды мақтан етемін. Оның гүлденуі үшін бойда барымды аямаймын. Бұдан былай да бұл қасиетті борышымды ешқашан ұмытпаймын.

Қазақстан. Бұл - менің Отаным. Республикадан, мені Отанымнан ажырату да мағынасыз болар еді. Онсыз менде өмір жоқ. Отан – менің өмірім. Оның өркендеуі үшін еңбек етемін. Ол – қауымның келешегі үшін еңбек еткенім. Азаматқа бұдан артық бақыт бар деп білмеймін мен.

(М. Иманжанов, 74 сөз).


Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа


  1. Мәтіннен жіктеу есімдіктерін теріп жаз.


ІІ нұсқа


1) Мәтіннен сілтеу есімдіктерін теріп жаз.


  1. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

І нұсқа

Мен бүгін жиырма беске толдым.

ІІ-нұсқа

Өзімді бақытқа бөлеген Қазақстанымды мақтан етемін.


  1. «Бақыт деген ...» ой толғау жазыңдар.








6 – сынып

ІІ тоқсан


Мақсаты: ІІ тоқсанда сын есім, сан есім, есімдік бойынша алған білімдерін, сауатты жазу дағдыларын тексеру.


Теңіз үстінде


Тымырсық ауа мен ауыр ескек оны әбден қалжыратты. Енді ол мүлде тынышсыздана бастады. Жаңа ғана мөлдіреп жатқан аспан әлемінде енді ағыл- тегіл бұлттар көше бастады. Олар, бір жағынан, жарқырай көрінеді, екінші жағынан, қараңғылық жайып, түнеріп көрінеді. Баланы асықтырып отырған қарт енді ескекті өз қолына алды. Ауыр жүк тиелген үлкен қайық жақын жағаға қарай жөнелді. Қарт бір ескекті тастай салды да, орындығының астынан шекпенін алып киді. Белін мықтап буып алды, сонан соң қайықтың арт жағына отырды. Ескекті қайықтың қасына салбыратып жіберді де, рульді ұстады. Теңіз бетін судың мөп-мөлдір түсімен араласқан майлы толқын қаптады, оларды үстінен жөңкіле көшкен бұлттардың көлеңкесі сипай өтіп жатыр. Кенет сол көлеңке қап-қара болды да, көз жеткісіз кеңістікті түгел басып кетті.

(«Парасат» журналы, 114 сөз )


Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа

  1. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, құрамына қарай түрлерін анықтаңдар.

ІІ нұсқа

  1. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, мағыналық түрлерін

ажыратыңдар.


  1. Берілген сан есімдерден болжалдық, топтау, жинақтық сан есімдерін жаса.

І нұсқа

5, 7, 35

ІІ нұсқа

4, 6, 25

  1. Сан есімдер қатысқан мақал-мәтелдер жазыңдар.








6 –сынып

ІІІ тоқсан


Мақсаты: ІІІ тоқсанда етістік, үстеу бойынша алған білімдерін, сауатты жазу дағдыларын тексеру.


Баянауыл

Баянауылға біз күн түске тармаса жеттік. Оның сыртқы жобасы Бурабайға ұқсас. Бурабайдың төбесінен төмен түскен қарағайлы қалың орман етегі арқылы жазық далаға кең жайылып кетеді. Баянның орманы алысқа ұзап бармайды. Бурабайдың сексен көлінің бәрі жыныс орманмен жиектеле қоршалған. Баянның ығындағы атақты Сабындыкөлдің айналасы жалаңаш. Бурабайда кең шалқар көп. Баянда ондай көлдер үшеу-ақ: Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр. Торайғыр көлінің жағасында қазақтың атақты ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қабірі бар.

Жол бізді Жасыбай көліне әкелді. Бұл тамаша көркем көлдің жағасында жаңа орнаған өндірістер: Екібастұз, Майқайың, Бозшакөл. Олардың жұмысшылары тынығатын салтанатты үйлер бар. Біз соларды аралап, көп жүрдік. Баянауылдан Қарқаралыға беттеп шыққанда, біз «Жалаңтас» асуынан өттік. Алдымыз - бұйратты кең дала. Соған сүңгіген көркем Баянның шоқтығы биіктей берді, көркі сәндене берді.

( С. Мұқанов, 114 сөз)


Грамматикалық тапсырма:



  1. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.


І нұсқа

Бурабайдың сексен көлінің бәрі жыныс орманмен жиектеле қоршалған.


ІІ нұсқа


Жол бізді Жасыбай көліне әкелді.


  1. Мәтіннен үстеулерді теріп жаз, мағыналық топтарын ажыратыңдар.


  1. Өз тұратын жеріңді сипаттау арқылы әңгіме құрастыр.




6 –сынып

ІҮ тоқсан


Мақсаты: ІҮ тоқсанда еліктеу сөз, одағай, шылау бойынша алған білімдерін, сауатты жазу дағдыларын тексеру.

Алматыда

Алда сенбі, жексенбі – екі күн демалыс. Батырхан туысқандарын Медеуге, Көктөбеге апарып, Алматыны армансыз аралатты. Алатаудың мал аяғы тимеген бұл бөктері Байбол ағасына қатты ұнады. Жасыл желек жамылған қалың шыршасы мен қаз-қатар тізілген қайыңдарды, желкілдеп тұрған көк шалғынды көргенде, көзі тұнып кетті.

- Па, шіркін, жерім-ақ екен! « Жер жаннаты – Жетісу» деп тегін айтпаған ғой. Сай-сайында күркіреп ағып жатқан көк қасқа бұлақтары қандай! Шөбі кеуіп, жасықтау болғанымен, төрт түлік қанша жайылса да, таусылып бермес-ау, жердің түгі, - деді айналасына жіті көз жіберіп.

Қала көшелеріндегі автобустарда да құжынаған халық. Қыр қазағын қатты таңдандырған осы еді.

- Алла сақтасын, бұл не деген көп халық? Өздері түк бітірмей саусылдап көшеде жүр. Сонда қалай күн көреді бұл жұрт?, – деп Байбол жағасын ұстады. (Қ. Жұмаділов, 109 сөз)

Грамматикалық тапсырма:

1.Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазып,түрлерін анықтаңыз

2.Берілген сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына талдаңыз:

І нұсқа

Батырхан туысқандарын Медеуге, Көктөбеге апарып, Алматыны армансыз аралатты.

ІІ нұсқа

Алатаудың мал аяғы тимеген бұл бөктері Байбол ағасына қатты ұнады.

3.Берілген сөздерге лексикалық талдау жасаңыз:

І нұсқа ІІ нұсқа

Құжынаған Бұлақтары

4.Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыз:

Күркіреген Жасықтау

6 –сынып

Жылдық бақылау жұмысы



Мақсаты: Жыл бойы алған білімдерін тиянақтау,қорытындылау.Оқушылардың сауаттылығын арттыру.Мемлекеттік стандарттық бағдарламаның меңгеру деңгейін анықтау.

Оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау әрекеттерін жетілдіру.


Кішкентай құс

Мұқаш таңертең күшігімен үйдің сыртындағы бақша ішін аралап келе жатты. Ол топ гүлдің ығында бұғып отырған балапанды көріп, тоқтай қалды. Жақында ғана ұшуға жараған бозторғайдың балапаны екен. Әбден жаңбыр өткен, екі қанаты салбырап, дір-дір етеді. Ал күшік балапанның қасына жүгіріп барды. Балапан өзіне жетіп келген үлкен аңнан қорқып кетті. Салбыраған қанатын сүйрете, топ гүлді сырт айнала берді. Бірақ ол кәдімгі бозторғайдай жүгіріп кете алмай, жығылып қалды. Мұқаш балапанды жерден көтеріп алды. (Н. Ғабдуллин, 74 сөз)


Грамматикалық тапсырма:

1.Берілген сөзге лексикалық талдау жасаңыз:

І нұсқа: ІІ нұсқа

Жығылып қалды Дір-дір етеді

2.Берілген сөзге дыбыстық талдау жасаңыз:

І нұсқа: ІІ нұсқа

жүгіріп таңертең

3. Тарихи сөздер мен архаизмдерді ажыратып, жеке бағандарға жазыңыз:

І нұсқа ІІ нұсқа

Торқа, би, мырза, пітір, биқасап. Айбалта, адырна, шидем, сауыт.

Берілген сөздердің синонимдерін тұрақты сөз тіркесімен келтіріңіз:

І нұсқа ІІ нұсқа

тез, алыс тату, сұлу












7 –сынып

Алғашқы бақылау жұмысы


Мақсаты: оқушылардың 6-сыныпта меңгерген білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау.


Торғай

Бақша арасындағы жолмен аяңдап келемін, итім алдымда келеді. Ол кенет жүрісін тежеді. Кұстың иісін сезгендей, төрт тағандап бұға бастады. Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан кұлап түсіпті. Балапан жас қанатын дәрменсіз жайып, қимылсыз отыр.

Ит балапанға ептеп жақындады. Кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп, иттің дәл алдында келіп қонды. Байғұстың зәресі кеткен, жүнін үрпитіп шырылдауда. Иттің арандай ашылған, тістері ақсиған аузына қарай бір-екі рет тап береді.

Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол бал бөбегі балапанын өз денесімен бүркемек болды. (М. Балақаев, 93 сөз)


Грамматикалық тапсырма:

  1. Мәтіннен...

І нұсқа: сан есім мен есімдік . ІІ нұсқа: сын есім мен үстеу сөздерді теріп жазып, мағыналық түрлеріне ажыратыңыз.

  1. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.


І нұсқа: Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім.

ІІ нұсқа: Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды.


  1. Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаңыз, мақал толық шығады.

І нұсқа:

Білімді ... жығады, білекті ... жығады.

.... ауыз сөздің тобықтай түйіні.


ІІ нұсқа:

.... ала болса ауыздағы кетеді, ... түгел болса, төбедегі келеді.

Жігітке ... өнер де аз.






7-сынып

І тоқсан


Мақсаты: оқушылардың I тоқсанда меңгерген білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейін тексеру.


Ат – адамның қанаты


Қыс кеткенімен, Атырау беттегі Ақтау шоқтығында қар жатыр. Қарлы таудан қоңыр салқын леп еседі. Атырапқа сайдан хош иіс, таудан кең тыныс тарап, даланың балбырап, бусанып жатқан бір әсем шағы.

Осындай мезгілде ат үстінде келе жату қандай рақат!

Ат – адамның қанаты. Ат үстіндегі кісінің көкжиегі қашан да кең, көңілі көтеріңкі, еңсесі биік. Пай-пай, жүйрігің жалын желге желпіп, елбең қағып, есіле майпаңдап келе жатса, сен бесіктегі балғындай тербелесің ғой! Сонда сені ат емес, бүкіл дала тербетеді, әлдилейді. Даланың дөңдерін орағытып, көлбеуін жалғаған сүрлеу жол бұраң-бұраң етіп ылғи алға, алысқа, арманға жетелеп әкете береді. Төбеңнен төңкеріле мөлдіреген тұп-тынық торғын аспан сенің қиялына толып, толықсып, төгіле жаздап тұрады. Сенің ән салғың келеді. Ол үшін атыңды тек сәл тебініп қал. Атың сар желе жөнелсін. Міне, енді даланы сен тербете бастадың.

Паһ, шіркін, дала, дала... Қасиетті кең дала, жанға сая құт мекен!

Бұрынғылар біліп айтқан: әкем күйеу болған жер, шешем келін болған жер. Ата қоныс, ыстықсың!

(З. Қабдолов, 121 сөз)


Грамматикалық тапсырма:

  1. Берілген зат есімді жай, тәуелді септеңіз.

І нұсқа: адам ІІ нұсқа: келін

  1. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.


І нұсқа: тұп-тұнық, атанды ІІнұсқа: қоңыр салқын, дөңдерін


  1. Бір сөзден бірнеше мағыналы сөз құрастырыңыз.

І нұсқа «атыңды» ІІ нұсқа «тыныс»









7 –сынып

ІІ тоқсан


Мақсаты: оқушылардың II тоқсанда меңгерген білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейін тексеру.


Бүркітші


Күздің таңы баяулап атып келеді екен. Қос аңшы құстарын ұстап шықты да, белдеудегі аттарын кеп шешті.

Мосқал жасты, бурыл сақал қарт бүркітші Бекбол, жуан торыға жақындай бергенде, арт жағынан ат пысқырды. Сұр тонды кеспелтек денесін шапшаң бұрып, сырт айналғанда, Бекбол кезең асып келе жатқан қасқа атты жүргіншіні көрді. Мойнына мылтық асынған, мезгілсіз жүрген жолаушы асығып, жедел келеді екен.

Бекбол ерге қонбай, тор атты сулығынан тартып, жүргінші келе жатқан жаққа бұрды. Ауыр бүркіт ұстаған оң қолын ердің үстіне салып, таңырқап тосып қалды.

Жас аңшы Жәнібек Бекболдың неге аңырғанын байқаған жоқ екен. Ол сырт қарады. Бұл ұзын бойлы, сом денелі жігіттің бет ажарында тау күніне күйген қою қызылы бар. Қысқа мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан, өткір көзді, сұлу жүзді, қара күрең жігіт еді.

(М. Әуезов, 121 сөз)


Грамматикалық тапсырма:


  1. Етістіктерді бұйрық райында жіктеңіз:

І нұсқа: көр

ІІ нұсқа: кел


  1. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз:

І нұсқа:

Күздің таңы баяулап атып келеді екен.

ІІ нұсқа:

Жас аңшы Жәнібек Бекболдың неге аңырғанын байқаған жоқ екен.


  1. «Құсбегілік – ата-баба кәсібі» тақырыбына ой толғау жазыңыз.







7 –сынып

Жартыжылдық бақылау жұмысы


Мақсаты: оқушылардың І жартыжылдықта алған білім, білік, дағдыларын, сауатты жазу деңгейін тексеру.


Қайың


Қайың туралы ән мен жыр да, сурет те көп. Қайың сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік болады. Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара да өседі, дегенмен көп ретте орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөппен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы ғажап сурет. Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында жаңғақ ағашымен таудан кейін гүлдейді. Оның гүлдері сырға тәріздес болып келеді. Қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы туады.

Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірлейді. Бұтақтарынан сыпырғыш, қабығынан саңырауқұлақ пен жеміс-жидектер теретін себет тоқиды. Қайыңнан фанер дайындап, үй жиһазын жасайды.

(Дидактикалық материалдар жинағы, 96 сөз)

Грамматикалық тапсырма:


1) І нұсқа: « жайнаған» есімшесін септеңіз.

ІІ нұсқа: «әзірлейді» көсемшесін жіктеңіз.


  1. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

І нұсқа: Қайың сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік болады.

ІІ нұсқа: Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында жаңғақ ағашымен таудан кейін гүлдейді.


  1. Сөйлем мүшесіне талдаңыз.

І нұсқа: Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады.

ІІ нұсқа: Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірлейді.









7 –сынып

ІІІ тоқсан

Мақсаты: оқушылардың IIІ тоқсанда меңгерген білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейін тексеру.

Бүркіт

Бүркіт. Қазақстан мен Қырғызстанда бүркітті баяғы заманнан-ақ аң аулау үшін баптаған. Ол қоян, түлкі сияқты аңдарды аулауға тез жаттығады.

Бүркіт – мекен-жай ауыстыра бермейтін отырықшы кұс. Ұясын тұрған жерінің жағдайына қарай діңі жуан ағаштардың қуысына, кұз жартастарға, мықты талдарға салады. Бүркіттің ұясы кәдімгідей орнықты кұрылыс. Оның биіктігі кейде екі метрдей болады. Табанына кепкен шөптен, жүн мен қауырсыннан жұмсақ төсеніш салады.

Бүркіттің ұрғашысы еркегінен ірілеу келеді. Екеуінің де қауырсыны қара қошқыл, кей жері сарғыштау болады. Ұясына 1-3 жұмыртқа салады. Оны 45 күн басады. Басты «жылытқыш», әрине, аналық бүркіт. Әйтсе де, еркегі де болашақ ұрпағын аз уақыт та болса бауырына басып жылытады.

Балапандар алғаш ата-анасының тікелей бақылауында болады. Өмір сүрудің алғашқы әліппесін үйренеді. Үш айлығында еркін ұшып-қона алады.

(Дидактикалық материалдар жинағы, 120 сөз)


Грамматикалық тапсырма:


  1. Берілген сөйлемді мүшесіне талдаңыз.

I нұсқа: Балапандар алғаш ата-анасының тікелей бақылауында болады.


ІІ нұсқа: Өмір сүрудің алғашқы әліппесін үйренеді.

  1. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

І нұсқа: Қазақстан мен Қырғыстанда бүркітті баяғы заманнан-ақ аң аулау үшін баптаған.

ІІ нұсқа: Үш айлығында еркін ұшып-қона алады

  1. Тұйық етістікті түрлендіріңіз:

І нұсқа: аулау

ІІ нұсқа: өмір сүру









7 –сынып

ІҮ тоқсан

Мақсаты: Оқушылардың зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің, есімдіктің, етістіктің түрленуінен алған білім, білік дағдыларын, сауатты жазу машығын тексеру.


Біздің ауыл


Біздің ауылды Қызылкесек деп атайды. Ауылды қақ жарып Боғас өзені өтеді. Арқар, елік лақтарын шұбыртып, өзеннен су ішуге келетін. Оны көріп, біз де мәз-мейрам болушы едік. Ал тау етегінде неше түрлі гүлдер өсетін. Әсіресе сасыр айрықша еді. Кәдімгі Африкада өсетін пальмаға ұқсас. Қолшатыр сияқты басымызды күн сәулесінен, жаңбырдан қорғайтын. Бұл жерде түйетабан да бар. Түйетабанның тамырының ұзындығы он сегіз метрге жетеді. Мөлшермен айтқанда есік алдындағы кұдықтың тереңдігінен үш есе артық. Ал, мұндай тереңдікте тіпті шөлді алқапта да жер асты сулары бар.

Кіп-кішкентай ауылдың осындай табиғат байлығы жыл өткен сайын жұтаңдап барады. Сол өкінішті.

(З. Мейірханова, 97 сөз)


Грамматикалық тапсырма:


  1. І нұсқа: Матаса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

ІІ нұсқа: Қабыса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

  1. Берілген етістіктерді шақ категориясы бойынша түрлеңдіріңіз.

І нұсқа: жаз

ІІ нұсқа:кел


  1. «Табиғатым – байлығым ... » тақырыбына ой толғау жазыңыз.











7 –сынып

Жылдық бақылау жұмысы


Мақсаты: Оқушылардың 7-сыныпта «Морфология», «Синтаксис» салалары бойынша алған білім, білік, дағдыларын бақылау


Алатау сұлулығы


Шұбар ауылы кәдімгі жеті өзенді сағалаған басқа елді мекендер сияқты Жоңғар Алатауының етегінде жатыр. Қоғалы мен Текелі тауларының аралығындағы Ешкіөлмес аталатын көк жота осы ауылға ең жақын тұрған тау. Ол барып биік тауға, асқар шыңдарға жалғасады.

Алатау сұлулығын ешкім әлі айтып жеткізе алған жоқ. Оны айтып жеткізу мүмкін емес болар. Алатаудың мына шоқылары да нақ бір сондай тіл жетпес сұлу. Кеші мен таңы тағы тамаша.

Күннің алтын түстес сарғыш сәулесі тау биігіндегі ақша қарға ойнап шыға келді. Аппақ қар басқан биіктен көріңгенде, күннің өзі де алтын түстес болып кетеді.

Күн көтеріле түсті. Екшіөлместің көк жотасына иек артты. Күн сәулесі шашырап барады. Сәуленің астындағы бір тармақтары қалың шыңдарға найзадай шаншыла түсті

(С. Бақбергенов, 108сөз)

Грамматикалық тапсырма:


  1. Мысал жазыңыз.

І нұсқа: Сын есімнің түрленуі

ІІ нұсқа:Етістіктің түрленуі


  1. Сөйлемдегі сөз тіркестерін талдаңыз.

І нұсқа: Алатау сұлулығын ешкім әлі айтып жеткізе алған жоқ.

ІІ нұсқа: Сәуленің астындағы бір тармақтары қалың шыңдарға найзадай шаншыла түсті.


  1. «Туған жер – алтын бесік» атты шағын әңгіме жазыңыз.









8 –сынып

Алғашқы бақылау жұмысы


Мақсаты: оқушылардың 7-сыныпта меңгерген білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау, сауатты жазу деңгейлерін тексеру.

Аттану

Күн ала бұлтты болатын. Махмұт ол-пұлын дәріс берген шәкірт бала Көксегенге жинатып, аттаныс қамына кірісіп жатқан. Аядай есіктен еңгезердей болып біреу кірді. Шағиман шал екен.

-Сіз екенсіз ғой, ақсақал. Төрлетіңіз.

-Немене, жүрмекшімісің?

-Иә, ақсақал, ондай ой бар.

-Ой болғаны – жол болғаны. Сезем, шырағым, жай-күйіңді. Немене, мына шалдың қауқиған бойы деп ойлама. Өзімнің құлай ұнатқан балам едің. Жалғыздық басыңа түскенде қол ұшын бере алмадым.

- О, не дегеніңіз, Шәке. Сізге не деп өкпе айтайын? Тілеуім ақ, көңілім пәк, аунадым, қунадым. Бір қауым шаруамды бітіріп алдым.

-Әй, Махмұт–ай, сипақтатып қайтесің? Маңдайымызға сыйдыра алмадық қой. Білместік. Жә, аттанам дейсің, астында атың да жоқ. Баяғыда Жазатырдан өзім әкеліп едім, енді барар жеріңе апару да міндетім секілді. Атаңның атын мініп кет, Махмұт.

-Жоға, о не дегеніңіз, ақсақал! Жалғыз торыңызды маған түсіп беріп...

-Уа, садағаң кетейін! Сөзді қой, шырақ. Мініп кет! Атаң екі сөйлемейді. (О.Бөжей, 150 сөз)

Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа

1) Сөйлем мүшесіне талдау, сөз тіркестерін анықтап, байланысу түріне, тәсіліне, білдіретін қатынас түріне қарай ажыратыңыздар.

Аядай есіктен еңгезердей болып біреу кірді.

2) Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Тілеуім ақ , көңілім пәк, аунадым, қунадым

3) «Сыйластық – адамгершілік қасиет» атты шағын ой толғау жазыңыздар.

ІІ нұсқа

  1. Сөйлем мүшесіне талдау, сөз тіркестерін анықтап, байланысу түріне, тәсіліне, білдіретін қатынас түріне қарай ажыратыңыздар.

Жалғыздық басыңа түскенде қол ұшын бере алмадым.

  1. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Жалғыз торыңызды маған түсіп беріп...

3. «Сыйластық – адамгершілік қасиет» атты шағын ой толғау жазыңыздар.

8–сынып

І тоқсан

Мақсаты:оқушылардың I тоқсанда меңгерген білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейін және сауатты жазу деңгейлерін тексеру.

Ән құдіреті

Балапанның нәзік қанатындай дірілдеп, нәзік көтерілген ән ырғағы бірте-бірте ширап, қатайып, әуелей берді. Берден ә дегенде елең етіп, қалт бұрылған қалпы серігінен көз алмай қарап қалды. Мұндай әсерлі дауысты бұрын естіген емес-ті. Жүрегі езілердей болып, елтей, елжірей тыңдады. Мына дүниені ұмытып, өзге бір сырлы әлемге еніп кеткендей, өң мен түстей күйде еді. Егіліп, әлденеге ағыл-тегіл жылағысы келеді. Біресе кеудесіне шым-шымдап жылы шуақ құйылып жатқандай, сол шуақтан көңілі шаттыққа толып, қуанышқа бөленгендей. Бар ықыласы сағыныш сазды әнге ауып, ән айтып отырған келіншекке сүйсіне, қызыға қарай берді. Қараған сайын толқыған сезімнің ыстық ағыны тұла бойына тарап, денесін жалын шарпып, діріл биледі.

( Б. Шаханов. 98 сөз)


Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа

1) Берілген сөздерді сөз тұлғасына талдаңыздар.

Көтерілген, құйылып, сезімнің.

2) Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Жүрегі езілердей болып, елтей, елжірей тыңдады.

3. «Ән құдіреті». Ой толғау жазыңыздар.


ІІ нұсқа

1) Берілген сөздерді сөз тұлғасына талдаңыздар.

Қатайып, кеудесіне, толқыған .

2) Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Мұндай әсерлі дауысты бұрын естіген емес-ті.

3. «Ән құдіреті». Ой толғау жазыңыздар.













8 – сынып

Жартыжылдық бақылау жұмысы


Мақсаты: І жартыжылдықта алған білімдерін, сауатты жазу дағдыларын тексеру.

Туған жер

Ол өзінің туған жерінің ой-шұқырын, тау-тасын, өзен-суын, өзі білетін жерлерін түгел аралады. Бұрынғы ескі қала, үлкен қала: Құмкент, Баба-Ата, Қызылкөл, Қызылсеңгір, Қаратас, Қызылтас, Шиліөзен – бәрін бірін қалдырмай аралап шықты. Осы аралауда табиғаттың кәрілік кезін, ұлғайған кезін есіне түсірді. Жер-су қартаяды екен. Қартайғанда кейде, тіпті, бір адамның көз алдында қартаяды, азады, тозады. Мұны Қамбарбек өзінше жер кәрілігі деп ұқты. Кеше ғана шиге тұнып тұрған, сол мол шиі үшін Шиліөзен атанған жердің жүрсе, адам адасатын қалың шиі қайда? Бұл шиді жергілікті жердің өзіндегі адамдары былай қойып, сонау Сарыарқадан, Сарысу, Шу бойынан келіп тартатын. Шиліөзен шиінен тоқылған шилер талай-талай әдемі үйлердің салтанаты болған. Ал ши таусылды, өспей қалды делік. Қысы-жазы арық-арық боп, Үштөбе мен Жартытөбе бауырынан қайнап шығып жататын мөлдір сулы, сылдыр бұлақтар қайда? Бір ғана Үштөбе бауырынан ағатын бұлақ сулары бүкіл өңірді суландырып, атақты тоған арқылы сонау Мәнжі мен Тазшабайдың даласына шығатын.

(С. Бақбергенов, 140 сөз)


Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа

1) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері болып тұрған сөздерді тауып, олар қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқарып тұрғанын анықтаңыздар.

Ол өзінің туған жерінің ой-шұқырын, тау-тасын, өзен-суын, өзі білетін жерлерін түгел аралады.

2. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Бұл шиді жергілікті жердің өзіндегі адамдары былай қойып, сонау Сарыарқадан, Сарысу, Шу бойынан келіп тартатын.

3. «Туған жер – алтын бесік». Ой толғау жазыңыздар.

ІІ нұсқа

1) Мәтіннен айқындауыш мүшелерді тауып, түрін ажыратыңыздар.

Осы аралауда табиғаттың кәрілік кезін, ұлғайған кезін есіне түсірді.

2) Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Бір ғана Үштөбе бауырынан ағатын бұлақ сулары бүкіл өңірді суландырып, атақты тоған арқылы сонау Мәнжі мен Тазшабайдың даласына шығатын.

3) «Туған жер – алтын бесік». Ой толғау жазыңыздар.

8 –сынып

ІІІ тоқсан

Мақсаты: оқушылардың IIІ тоқсанда меңгерген білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейін және сауатты жазу деңгейлерін тексеру.

Аңыз кейіпкері

Қасиетті Қорқыт ата адам ғұмырының соншалық шолақтығына наразы болып мәңгілік өмір іздейді, дүниенің төрт бұрышын шарлайды. Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Қай ойпатқа түспесін, қай қыратқа шықпасын, сарғаймайтын бақша-бау, шөкпейтін асқар тау, қартаймайтын жас кездестіре алмайды. Қай қалаға ат басын тіресе, сол қалада көр қазып жатқандарға тап болады. Ақыр аяғында ажалға қарсы ем таппайды, сондықтан өлмес өмірді іздеп күй шығарады.

Қорқыттан кейінгі әйгілі аталарымыздың бірі – Асан қайғы. Ол желмаяға мініп, жер-көкті шарлайды. Елді жау алмайтын, малды жұт алмайтын, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жер жаннаты Жерұйықты іздейді, алайда сол Жерұйығын таба алмайды. Ұлытауға жеткен кезде дүние салады.

Бұл екі аңыздың кейіпкерлері өмірде болған адамдар делінеді, бірақ халық қиялынан туған кейіпкерлер де болуы мүмкін. аңыз-әңгімелердің ерекшелігі оларда шындық оқиғалар мен қиял-ғажайып оқиғалар аралас келіп отырады және аңыздар халықтың наным-сенімінен, мұрат-мүддесінен туады.

(«Ұлттық саз аспаптары», 124 сөз)


Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа

1) Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, мағыналық түрлеріне ажыратыңыздар.

2) Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Бұл екі аңыздың кейіпкерлері өмірде болған адамдар делінеді, бірақ халық қиялынан туған кейіпкерлер де болуы мүмкін.

3) Туған жеріңлерііздің табиғат тамашалары туралы суреттеп жазыңыздар.

ІІ нұсқа

1) Берілген сөйлемді өздеріңізше өзгертіп, салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Қай қалаға ат басын тіресе, сол қалада көр қазып жатқандарға тап болады.

2) Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Елді жау алмайтын, малды жұт алмайтын, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жер жаннаты Жерұйықты іздейді, алайда сол Жерұйығын таба алмайды.

3) Туған жеріңлеріңіздің табиғат тамашалары туралы суреттеп жазыңыздар.

8 –сынып

ІІІ тоқсан

Мақсаты: оқушылардың IIІ тоқсанда меңгерген білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейін және сауатты жазу деңгейлерін тексеру.

Қарлығаш би


Алдынан Шайхан Тәуір көрінді. Шайхан Тәуір тасасынан күмбезі ісіктеу, биіктігі он бес-он алты метрдей метрдей мазар асқақтайды. Ол әйгілі Төле бидің күмбезі екенін Рысқұлов біледі. Өзінің арғы бабасы екенін де біледі. Баяғы Тәуке ханның тұсында қазақтың үш жүзінің басын қосып, берекелі, бәтуалы ел болуына аянбай қызмет еткен аса ірі қайраткер екенін де біледі. Жоңғар сияқты жауға қарсы тұрарға қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақтарды біріктіруді, бір ел етуді Төле би Рысқұловтан екі жүз жыл бұрын армандаған, әрекет қылған... Ташкентте он екі жыл билік құрып, ақырғы талқаны тоқсан үш жасында таусылып, осы Шайхан Тәуірге қойылып еді ғой.

Рысқұлов Төле бидің күмбезін сонау он бесінші жылы Ташкентке оқу іздеп әдейі барып көріп еді. Күмбездің маңдайшасындағы арабша «Қарлығаш би» дегенді оқып, таң қалған. Сөйтсе, Төле биді мұндағы ел «Қарлығаш би» деп атайды екен. Демек, онда Қарлығаш құстың қасиеті болғаны да. Өрт шалған халқына қарлығаш сияқты қанатымен су себелеп, шырылдап өткен бір сабаз. (Ш. Мұртаза,146 сөз)

Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа

    1. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Ол әйгілі Төле бидің күмбезі екенін Рысқұлов біледі.

Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Баяғы Тәуке ханның тұсында қазақтың үш жүзінің басын қосып, берекелі, бәтуалы ел болуына аянбай қызмет еткен аса ірі қайраткер екенін де біледі.

3) Берілген сөйлем бойынша өз ойыңды жалғастырыңыздар. Қыстың басы аязды күндермен басталғанымен,... .

ІІ нұсқа

  1. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Күмбездің маңдайшасындағы арабша «Қарлығаш би» дегенді оқып, таң қалған.

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Ташкентте он екі жыл билік құрып, ақырғы талқаны тоқсан үш жасында таусылып, осы Шайхан Тәуірге қойылып еді ғой.

3) Берілген сөйлем бойынша өз ойыңды жалғастырыңыздар.

Кенеттен естілген қатты дауысқа жалт қараса, ... .

8 –сынып

IV тоқсан


Мақсаты: оқушылардың IҮ тоқсанда меңгерген білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейін және сауатты жазу деңгейлерін тексеру.


Ұлы достық


Ағыбай мен Төреқұлды табыстырған тағдырдың өзі – жатқан бір тарих. Сонау отызыншы жылдардың басында бұлар үй ішімен қырғыз асып барып, күнгей бетте бір жыл қыстап қайтуға тура келген. Төреқұлдың әкесі Ералыны мұның әкесі Жұмахан бұрын да сырттай біледі екен. Қиыншылық кезде қара тартып барып, соларды паналаған. «Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес» деп, қырғыз ағайындардың сондағы істеген жақсылығы естен, сірә, кетер ме? Ералының бұларға бір бөлмесін босатып беріп, аздаған азық-түлігін бала-шағасының аузынан жырғандай етіп, топты жанды бір қыс асырап шыққанын қалай ғана ұмытарсың?!

Жұмахан оны қашан дүниеден өткенше ұмытқан жоқ, бірақ көзінің тірісінде Ералының сол қарымтасын қайтаруға үлгермей, өлерінің алдында Ағыбайға аманат етіп кетті. Әке аманатын Ағыбайдың қаншалықты орындай алғанын кім білсін, әйтеуір, қырық жылдан бері Төреқұлмен қатынасы үзілген жоқ, заманына қарай екеуінің арасында жорға ауысқан кездер де, дорба ауысқан кездер де болып тұрады. Сол Төреқұл ғой – іздеп бара жатқан адамы.

(Қ. Жұмаділов, 136 сөз)


Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Сонау отызыншы жылдардың басында бұлар үй ішімен қырғыз асып барып, күнгей бетте бір жыл қыстап қайтуға тура келген.

  1. Төл сөзге екі мысал жазыңыздар.

3) Бірлік, татулық, достық туралы мақал-мәтелдер жазыңыздар.

ІІ нұсқа

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Жұмахан оны қашан дүниеден өткенше ұмытқан жоқ, бірақ көзінің тірісінде Ералының сол қарымтасын қайтаруға үлгермей, өлерінің алдында Ағыбайға аманат етіп кетті.

  1. Сөйлемдегі төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыздар.

«Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес» деп, қырғыз ағайындардың сондағы істеген жақсылығы естен, сірә, кетер ме?

3) Туыстық, адамгершілік туралы мақал-мәтелдер жазыңыздар.


8-сынып

Жылдық бақылау жұмысы

Мақсаты: оқушылардың 8-сыныпта жыл бойы алған білімдерін бақылау және сауатты жазу деңгейлерін тексеру.

Жұлдызшы

Қазақтар өз өмірінде, тұрмысында көк жүзіндегі жұлдыздарды көп пайдаланған. Соған байланысты олардың әрқайсына ат қойған. Мысалы: Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Таразы, Шолпан. Міне, осыларға ат қойып, сырын ашқан адамды жұлдызшы деп атаған. Мұндай жұлдызшылар ежелгі түркі тайпалары мен қазақ арасынан көп шыққан. Олар жыл мезгілдерін, мал төлдету, бие байлау, күзем алу, көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшу мерзімдерін көпшілікке айтып отырған.

Жұлдызшылар көшпелілер өмірінде елеулі рөл атқарған. Олар адамның туған немесе белгілі бір жауапты іске кірісер кезінде жұлдыздардың өзара орналасуы бойынша сәуегейлік жасап, оның болашағын болжаған. Жолы болатын адамға: «Жұлдызы оңынан, айы солынан туып тұр», - деген секілді болжамдар айтқан. Жетіқарақшы – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқ жұлдыз. Сырт көзге шөміш сияқты болып көрінеді. «Жетіқарақшы жамбасқа ойысыпты» деген секілді орын ауысуларына сүйеніп, уақыт пен ауа райы туралы болжамдар айтылады. (Н.Қазыбеков,143 сөз)


Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа

1) Айқындауыш мүшесі бар сөйлемді тауып, астын сызыңыздар.

2) Берілген сөйлемді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып, мағыналық түрін ажыратыңыздар, синтаксистік талдау жасаңыздар.

Олар адамның туған немесе белгілі бір жауапты іске кірісер кезінде жұлдыздардың өзара орналасуы бойынша сәуегейлік жасап, оның болашағын болжаған.

3) Ауа райына байланысты тыйым сөздер жазыңыздар.

ІІ нұсқа

1) Бірыңғай сөйлем мүшелері қатысқан сөйлемдердің астын сызыңыздар.

2) Берілген сөйлемді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып, мағыналық түрін ажыратыңыздар, синтаксистік талдау жасаңыздар.

«Жетіқарақшы жамбасқа ойысыпты» деген секілді орын ауысуларына сүйеніп, уақыт пен ауа райы туралы болжамдар айтылады.

3) Табиғат құбылыстарына байланысты тыйым сөздер жазыңыздар.


9 –сынып

Алғашқы бақылау жұмысы


Мақсаты: оқушылардың өткен оқу жылындағы меңгерген білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейін тексеру. Орфография және грамматикалық сауаттылығын бақылау.


Айтыс

Бәйгеге ат қосқанда қай ат озар екен, балуандар күрескенде қайсысы жығар екен деп халық қатты толқымай ма? Ақындар айтысқан кезде де жұрт сондай күй кешеді.

Ақындар айтысы – екі ақынның сөз өнерімен сайысы, жыр мерекесі. Ертеректе қара сөзбен айтысу салты болған. Кейін бірте – бірте шешендік сайыс, ақырында өлең – жырмен айтылатын ақындық айтысқа ұласқан. Ақындар елдің елдігін, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны, әділет пен арамзалықты, арлылық пен абыройсыздықты саралап, ортаға салып отырған.

Екі ақын тек бір-бірінің кемшілігін іздемеген, олар ел ішіндегі жайларды қозғаған. Айтыс елдің жақсы істерін мадақтап, кем – кетіктерін сынап, оның түзелуіне себепкер болатын, тәрбиелік мәні өте күшті өнер түрі саналған.

Халық даналығы тудырған айтыс өнерінің ел арасында кең тарап, тұрмысқа мол сіңіп, осы уақытқа дейін кең сақталып келуінің де себебі осындай. Айтыстың тағы бір ерекшілігі оған жас, кәрі, ер, әйел демей, өнері бар барша қауым қатыса алады. Солардың ішіндегі ойы алғыр, дарындылары кейін сөрелі үлкен айтыстарға түскен. Бұл да қазақ даласындағы сөз еркіндігін, ел теңдігін танытады. («Айтыс» жинағынан, 164 сөз)


Грамматикалық тапсырма:

1) І нұсқа ІІ нұсқа

Төл сөз дегеніміз не? Төлеу сөз дегеніміз не?


2) Синтаксистік талдау жасаңыз:

І нұсқа Кейін бірте – бірте шешендік сайыс, ақырында өлең – жырмен айтылатын ақындық айтысқа ұласқан.

ІІ нұсқа Айтыс елдің жақсы істерін мадақтап, кем – кетіктерін сынап, оның түзелуіне себепкер болатын, тәрбиелік мәні өте күшті өнер түрі саналған.


3) І нұсқа Бірінші буыны батыр сөзінің синонимі, екінші буыны ауыз қуысына қатысты сөздердің бірігуінен жасалған жалқы есімді тап. (Ертіс)

ІІ нұсқа Бірінші түбірі «тағам» сөзінің синонимі, екінші түбірі ыдыс атауынан жасалған біріккен сөзді тап.(Асқазан)



9 –сынып

Жартыжылдық бақылау жұмысы


Мақсаты: оқушылардың І жартыжылдықта алған білімдерін, сауаттылығын тексеру. Теориялық білімдерін қандай дәрежеде меңгергенін анықтау.

Құсбегілік

Біздің елімізде бүркіттің жеті түрі мекендейді.Олардың арасындағы ең бір ерекше ғажабы - қыран бүркіт.Ол - қасқырды да алатын, өте күшті, ірі денелі алып құс. Кавказды, Орта Азия мен Қазақстанды мекендейтін халықтар ежелден бүркіт салып, аң аулайды.

Ең алдымен, бүркітші бүркіттің балапанын ұядан алады. Мұның өзі- өте қауіпті кәсіп. Неге десендер, бүркіт өзінің ұясын жан аяғы баспайтын қия жартасқа салады. Кейде тор, тұзақ құрып та түз құсын ұстайды. Ал енді әрі асау, әрі семіз түз тағысын қолға үйрету, бапқа келтіру – машақаты мол жұмыс. Ол алғашқыда қондырған жерге отырмай, қанатымен жер сабалап тулайды, жер бауырлап жатып алады. Сөйтсе де аяқ-бау тағып, томға кигізіп, ырғаққа отырғызады. Ырғақ – бостау керілген арқан немесе екі басы жіпке байланған жіңішкелеу аспа ағаш. Ол бүркіттің отыруына өте жайсыз, ырғалғыш келеді. Осы ырғаққа отырғызылған бүркіт одан құламауға тырысып әуреленеді. Оның үстіне құсбегі әдейі бірдеңелерді даңғырлатып, балаларды шулатып дегендей құстың көз шырымын алдырмай шаршатады. Осылай әбден қалжырап, ашыққан түз тағысы енді ырыққа көніп, жем тартады; иесіне үйір болып, шақыруға келе бастайды. Қолға әбден үйренген соң мұны да шырға тартып баулиды. Екі айдың шамасында аңға салуға келіп қалады. («Парасат» журналынан, 170 сөз)

Грамматикалық тапсырма

1) І нұсқа ІІ нұсқа ІІ нұсқа

Ресми іс-қағаздар стилі дегеніміз не? Көркем әдебиет стилінің

Түрлерін ата. Бір түріне мысал келтір. ерекшеліктеріне тоқтал.

2) Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашып, сөйлем құраңдар.

І нұсқа Жер жебіріне жету; төбесі көкке жету; түймедейді түйедей ету

ІІ нұсқа Өкпесі қара қазандай болу; көзі ашық, көкірегі ояу; жүрегі зу ету

3) Асты сызылғанға морфологиялық талдау жасаңдар.

І нұсқа Ол алғашқыда қондырған жерге отырмай, қанатымен жер сабалап тулайды, жер бауырлап жатып алады.

ІІ нұсқа Оның үстіне құсбегі әдейі бірдеңелерді даңғырлатып, балаларды шулатып дегендей құстың көз шырымын алдырмай шаршатады.

4) І нұсқа Заңдылықты сүймейтін, кішіреймейтін, иілмейтін, өз тұлғасын сақтайтын қосымшаны тап.(Көмектес септігі)

ІІ нұсқа Енді, Онда, Түрлі деген сөздердің арасынан үш мағынада қолданылатын сөзді тап. (Енді)

9 –сынып

Аралық бақылау жұмысы

Мақсаты: оқушылардың III тоқсанда меңгерген білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейін тексеру.


Домбыра

Қазақ музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішіне кең таралған екі, кейде үш ішекті, шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде ертеден белгілі болған. Қазақ жерінің әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі сияқты ағаштар пайдаланылған. Домбыраның шанағын бөлшек-бөлшек ағаштардан қиыстырып немесе сом ағаштан ойып жасайды. Шаңақтың қақпағына қос ішектен дыбыс беретін тиек орнатылады. Ал ұзынша мойнына иірген ішектен екі немесе үш оралған пернелер тағылады. Алғашқы кезде перне саны 5-7 болса, кейін оның саны 9-19-ға жетті.

Домбыра халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық әндерін сүйемелдеуге және күйлер тартуға қолданылады.

Қазақ халқының көне музыка аспабының бірінен саналатын бұл домбыра күйші-композиторлардың күмбірлеген көмейі, боздаған үні мен сұңқылдаған тіліне айналып отырған.

Қазақ халқының небір ән-күйлері мен жыр-дастандары кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен. Қазір оркестге лайықталып жасалған домбыраның прима, тенор, бас сияқты түрлері өмірге келді. Осы секілді он тоғыз пернелі жетілдірілген жаңа домбырамен нотаға жазылған кез келген, музыкалық шығарманы орындауға болды. («Ұлттық саз аспаптары», 164 сөз).

Грамматикалық тапсырма

  1. І нұсқа ІІ нұсқа

Публицистикалық стильдің Ғылыми стильдің

тілдік ерекшеліктеріне тоқтал. өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама бер.


  1. Берілген сөздерге сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар

І нұсқа «Домбыра» ІІ нұсқа «Музыка»


3) Асты сызылған сөздерге лексикалық талдау жасаңыз

І нұсқа Қазақ халқының небір ән-күйлері мен жыр-дастандары кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен.

ІІ нұсқа Қазақ жерінің әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады.

4) І нұсқа Сөйлем соңында келмейтін етістікті табыңыз.(Көсемше)

ІІ нұсқа «Ата-ана, әке-шеше, келін-кепшік» деген сөздердің арасынан бір сыңары «беташар» дәстүріне қатысты қос сөзді тап. (Келін-кепшік)


9-сынып

Жылдық бақылау жұмысы

Мақсаты: Жыл бойы алған білім сапасын тексеру, пунктуация тарауынан алған білімдерін бақылау, грамматикалық сауаттылықтарын тексеру.


Ән құдіреті

Балапанның нәзік қанатындай дірілдеп, нәзік көтерілген ән ырғағы бірте – бірте ширап, қатайып, әуелей берді. Берден ә дегенде елең етіп, қалт бұрылған қалпы серігінен көз алмай қарап қалды. Мұндай әсерлі, ашық дауысты бұрын естіген емес-ті. Жүрегі езілердей болып, елти, елжірей тындады. Мына дүниені ұмытып, өзге бір сырлы әлемге еніп кеткендей, өң мен түстей күйде еді. Егіліп, әлденеге ағыл-тегіл жылағысы келеді. Біресе кеудесіне шымшымдап жылы шуақ құйылып жатқандай, сол шуақтан көңілі шаттыққа толып, қуанышқа бөленгендей. Бар ықыласы сағыныш сазды әнге ауып, ән айтып отырған келіншекке сүйсіне, қызыға қарай берді. Қараған сайын толқыған сезімнің ыстық ағыны тұла бойына тарап, денесін жалын шарпып, діріл биледі.

Көкке әбден көтеріліп, толысып алған ақ сағым ай алтын шарадай жарқырайды. Ай астында күміс сәулеге малынып, Сортандының жазығы көсіледі. Қара жолдың кең сүрлеуіне маң-маң басқан желмаяның үстінде отырған қағылез келіншек ен даланы мұнда бір әуенге бөлеп, шымырлата ән шырқайды. Төңірек түгел ұйып тыңдап қалған.

Осынау сурет Берденнің көз алдында мәңгі қалыпты. Есіне алса болды, бояуы солғын тартпайтын, көнермейтін әлгі елес, қаз-қалпында тіріліп тұра қалар еді. (М. Шаханов, 170 сөз).

Грамматикалық тапсырма

1) І нұсқа Сөйлем ішінде және соңында келетін тыныс белгілеріне сипаттама беріңіз.

ІІ нұсқа Одағай мен оңашаланған айқындауыштың тыныс белгісіне сипаттама беріңіз.

2) Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз

І нұсқа Ай астында күміс сәулеге малынып, Сортандының жазығы көсіледі.

ІІ нұсқа Бар ықыласы сағыныш сазды әнге ауып, ән айтып отырған келіншекке сүйсіне, қызыға қарай берді.

3) Берілген етістіктерді есімшеге айналдыр, оларды түрлендір, бастауыш, анықтауыш қызметін атқаратындай етіп сөйлем құра:

І нұсқа Гүлде, әңгімеле, сайра

ІІ нұсқа Өсір, ойла, еңбектен




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қ.Р. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік міндетті стандарттары.

Алматы 200 ж.

  1. С. Жүнісов «Ақан сері» Алматы 1995 ж.

  2. Ш. Мұртаза «Таңдамалы шығармалар Алматы 2007 ж.

  3. Ш. Айтыматов «Ерте келген тырналар» Астана 2000ж.

  4. М. Әуезов «Абай жолы» Алматы 1998 ж.

  5. Қ. Жұмаділов «Таңдамалы шығармалар» 2009 ж.

  6. О. Бөкей «Кербұғы» Алматы 2012ж.

  7. «Айтыс» жинағыАлматы 1995 ж.

  8. «Парасат» журналы 2012 жыл № 9

  9. С. Қирабаев «Әдеби сын» Алматы 1990 ж.








36



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

8–сынып

І тоқсан

Мақсаты:оқушылардың I тоқсанда меңгерген білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейінжәне сауатты жазу деңгейлерін тексеру.

Ән құдіреті

Балапанның нәзік қанатындай дірілдеп, нәзік көтерілген ән ырғағы бірте-бірте ширап, қатайып, әуелей берді. Берден ә дегенде елең етіп, қалт бұрылған қалпы серігінен көз алмай қарап қалды. Мұндай әсерлі дауысты бұрын естіген емес-ті. Жүрегі езілердей болып, елтей, елжірей тыңдады. Мына дүниені ұмытып, өзге бір сырлы әлемге еніп кеткендей, өң мен түстей күйде еді. Егіліп, әлденеге ағыл-тегіл жылағысы келеді. Біресе кеудесіне шым-шымдап жылы шуақ құйылып жатқандай, сол шуақтан көңілі шаттыққа толып, қуанышқа бөленгендей. Бар ықыласы сағыныш сазды әнге ауып, ән айтып отырған келіншекке сүйсіне, қызыға қарай берді. Қараған сайын толқыған сезімнің ыстық ағыны тұла бойына тарап, денесін жалын шарпып, діріл биледі.

( Б.Шаханов. 98 сөз)

Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа

1) Берілген сөздерді сөз тұлғасына талдаңыздар.

Көтерілген, құйылып, сезімнің.

2) Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Жүрегі езілердей болып, елтей, елжірей тыңдады.

3. «Ән құдіреті». Ойтолғау жазыңыздар.

ІІ нұсқа

1) Берілген сөздерді сөз тұлғасына талдаңыздар.

Қатайып, кеудесіне, толқыған .

2) Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Мұндай әсерлі дауысты бұрын естіген емес-ті.

3. «Ән құдіреті». Ойтолғау жазыңыздар.

Общая информация

Номер материала: 293995

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG