Инфоурок Информатика Другие методич. материалы"Бақылаушы және тестілеуші бағдарламалар" тақырыбында сабақ жоспары

"Бақылаушы және тестілеуші бағдарламалар" тақырыбында сабақ жоспары

Скачать материал

Пәні:

Жаңа педагогикалық технологиялар

Тобы:

2 п МК, 3 с КШИ

Уақыты:

12.04.2016

Сабақтың тақырыбы:

«Бақылаушы және тестілеуші бағдарламалар»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

 

 

Бақылаушы және тестілеуші бағдарламалар туралы ақпарат беру,автоматтандырылған тест жасақтау алгоритмін меңгерту

Нәтижеге қол жеткізу үшін топтағылармен топта қарым- қатынас орната білу

Тапсырманы орындау үшін командалардың қайсысын меңгергенін, не меңгермегенін анықтау

Сабақтың типі:

Машық

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологи

А) Педагогикалық қарым-қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру және демократияландырудағы негізделген технологиялар: ынтымақтастық, білім беруді  ізгілендіру

Б) Дамыта оқыту технологиялары: оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту

Сабақтың әдісі:

білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Пәнаралық байланыс:

Педагогика, ағылшын тілі, информатика

Оқыту құралдары:

Техникалық: компьютер, интерактивті тақта, видеопроектор, ACTIVpen электрондық қалам, ACTIVote құрылғысы

Программалық: MS Windows операциялық жүйесі, MS Windows ОЖ стандартты программалар тобы, MS Office пакеті, ActivStudio

Дидактикалық: үлестірме қағаздар, презентациялық материалдар т.б.

 

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру бөлімі

 

1.Амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

1.Сәлемдесу

2.Орындарына отыру

Балалардың сабаққа дайындығы

Өткен материалды тексеру арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

 

·           Жаңа флипчарт қалай құрылады?

 

 

 

 

 

·           Қаламның түсі және оның ұшының қалыңдығын қалай өзгертуге болады?

 

 

·           Объектілерді редакторлеу құралының көмегімен өшіру қалай орындалады?

·  Негізгі құралдар тақтасынан                  батырмасын басып жаңа толық экранмен бірдей флипчарт құрады. Кез келген уақытта осы батырманы басып флипчарт құруға болады. «Флипчарт» батырмасына қайта басып тағы да флипчарт құруға болады.  

·  Негізгі құралдар тақтасында  көк түстің ерекшеленіп тұрғанын байқауға болады. Басқа түске ауыстыру үшін, сол түсті шерту жеткілікті. 

·  Объектілерді редакторлеу құралының ішінде де объектілерді өшіру батырмасы бар.  Бұл тақтаны  іске қосу үшін, объектінің үстінен үздіксіз екі рет шертіп, содан кейін өшіру батырмасына басу керек.

Қойылған сұрақтарға байланысты, жауаптардың берілуі

Машық жұмысы

 

 

  Тест сұрақтарын дайындау.

                Activote тестілеу құрылғыларымен тест қабылдау негізгі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – жалпы тест сұрақтарын дайындау алу. Екінші кезең – Activote құрылғыларын тест қабылдауға дайындау және олардың көмегімен тест жүргізу.

Бірінші кезең.

1.Activstudio бағдарламасын іске қосамыз. Экранда №1 сүрет ашылады.

Бұл стандартты терезе. Командалар орналасуы Activstudio бағдарламасы орнатылған компьютерлерді осы үлгіде болады. Тек Открыть последний флипчарт:  қатарындағы файлдар тізімі сіздің компьютеріңізде өзгеше болуы мүмкін.

2.Осы терезеден батырмасын шертеміз.

3. №2 сүретте көрсетілген Мастер вопросов терезесі ашылады.

Мастер вопросов қосымшасын пайдаланып түрлі үлгідегі тестілерді дайындауымызға болады. Сонымен қатар жауап нұсқасы Ия/Жоқ, Дұрыс/Қате үлгісінде болатын сауалнамаларды да құрастыруымызға болады.

Бірінші қадам:

№2 сүретте көрсетілген терезе. Бұл қадамда біз төмендегі әрекеттерді жасауымызға.  қатарына қанатбелгі (птичка) қою немесе қоймау. Егер қанатбелгі орнатсақ сынып оқушыларынан тест қабылдау алдында интерактивті тақтада тест сұрақтарының титул беті ашылады. Бұл бетте біз Название  (тест аты – қай пәннен, тақырыптан және т.с.с.) және Описание  (түсініктеме - қай сыныптан тест қабылдануда, тест қабылданатын күні және т.с.с.) қатарларына жазған мәліметтеріміз көрініп тұрады.  Ал қанатбелгі орнатылмаған жағдайда – тест сұрақтары сақталған файлды ашсақ экранда бірден тест сұрақтарының біріншісі ашылатын болады.

Осы қатарларды толтырып болған соң Далее батырмасын шертіп екінші қадамға өтеміз.

Екінші қадам:

Екінші қадам терезесі №3 сүретте көрсетілген:

Екінші қадамда біз:

а) Тип вопроса командасының астындағы үшбұрыш белгішені шертіп ашылған нұсқалардан бірін таңдаймыз.Сұрақтарға жауап беру 7 түрде болуы мүмкін. Ия/Жоқ, Дұрыс/Қате 2 нұсқадан дұрысын таңдау, 3 нұсқадан дұрысын таңдау, т.с.с. 6 нұсқаға дейін. Егер біз Множественный выбор 4  қатарын таңдасақ терезенің оң жағындағы жауап нұсқалары қатарынан E және F  нұсқалары алынып тасталады.

б) Правильный ответ командасының астындағы үшбұрышты шертіп енгізіліп жатқан сұрақтың дұрыс жауабы қай нұсқаға жазылатынын немесе жазылғанын көрсетуіміз керек (яғни, бұл әрекетті сұрақты жазбай тұрып та, жазып болған соң да орындауымызға болады).  Ескертіп кететін жайт – сұрақтар терілгенде автоматты түрде Правильный ответ  қатарында Нет жауабы орналасып тұрады. Оны дұрыс нұсқаға өзгертіп қоюды ұмытпаңыз.

в) Тайм-аут қатары. Қанатбелгі орнатылмаған жағдай - ,

қанат белгі орнатылған жағдай –

Тайм-аут  командасы көмегімен сұрақтарға жауап беруге жіберілетін уақытты орнатуымызға болады. Ол үшін қанат белгіні орнатып Сек.  командасының алдына пернетақта көмегімен жауап беруге қанша уақыт берілетінін енгізуіміз керек. Тест алу барысында белгіленген уақыт өткен соң Жауап беріп үлгермеген оқушыларға қосымша уақыт бересіз бе? тақырыбында сұраныс терезесі шығады. Бұл сұранысқа Ия немесе Жоқ деп жауап беруімізге болады. Ия десек тест жалғасады, Жоқ деген жағдайда экранға нәтиже шығарылады. Жауап беріп үлгермеген оқушылардың жауаптары қате деп есептелінеді. Айтып өтетін жайт Тайм-аутты бір рет таңдасақ болды ол барлық сұрақтар үшін сақталынады, әр сұраққа жеке-жеке тайм-аут орнату қажет емес.

г) Компоновка. Сұрақтардың экранда орналасуының схемасы. Сұрақ және жауаптардың орналасу схемасын таңдау үшін  Использовать эту схему расположения для всех вопросов      қатарына қанатбелгі орнатып схемалардың бірін (айналдыру жолағын пайдаланыңыз!) таңдаймыз.

д) Сұрақтарды Вопросы командасындағы 1 саны жазылған қатарға тышқанды бір рет шертіп енгіземіз. Сұрақ енгізіліп болған соң Ответы на вопросы  қатарына жауап нұсқаларын енгіземіз. Естен шығармау керек – дұрыс жауап нұсқасы Правильный ответ  қатарына орнатқан нұсқамен бір болуы керек.

е) Бірінші сұрақты енгізеп болған соң Новый вопрос  батырмасын шертеміз. Бірінші сұрақтың астында 2 цифры пайда болады. Оның қатарын шертіп екінші сұрақты енгізе бастаймыз.

- мына сұретте бірінші сұрақ енгізіліп болып Новый вопрос  батырмасы шертілген жағдай көрсетілген.

ж) Проказать библиотеку батырмасын шерту арқылы компьютер жадында сақталған тестілеріңіз болса оларды көшіруге болады .

№3 сүретте төмендегі параметрлер енгізілген және екінші сұрақ жазылып біткен жағдай көрсетілген:

Тип вопроса – Множественный выбор 4;

Правильный ответ – С;

Тайм-аут 20 сек.

Компоновка – экрандағы бірінші схема таңдалған.

з) Далее батырмасын шертеміз.

Үшінші қадам:

Бұл қадам терезесі №4 сүретте көрсетілген. Үшінші қадамда тест сұрақтары флипчарт түріне аударылып интерактивті тақтада көрсетілу параметрлері тағайындалады.

Бірінші – фондық түс немесе сүрет.

Фондық түс немесе сүретті орнату үшін Стили страницы флипчарт  ішкі бетіндегі Без стиля страницы қатарындағы қанатбелгіні алып тастаймыз.

Қанатбелгі орнатылып тұрса фондық түс ретінде ақ түс таңдалынады. Яғни интерактивті тақтада сұрақтар және жауаптар нұсқасы ақ фон үстінде жазылып көрсетіледі.

Екінші – шрифт, шрифт өлшемдері мен түсі.

Шрифт типін таңдау үшін Шрифт  командасы астындағы үшбұрыш белгішені шертіп қажетті типті таңдаймыз. Түсін Цвет командасы жанындағы қара түспен боялған төртбұрышты шертіп ашылған Палитрадан қажетті түсті орнатамыз. Шрифт өлшемін оң жақ беттегі жоғары және төмен бағытталған стрелкаларды шерту арқылы тағайындаймыз.

Төртінші қадам:

Үшінші қадамды орындап Далее  батырмасын шертсек экранға құжатты сақтау сұқбат тезесі шығады. Бұл терезеде құрастырған тест сұрақтарымызға ат беріп оны сақтап қоямыз. Автоматты түрде бұл құжатқа .flp кеңейтілуі беріліп ол Мой мастер вопросов  қапшығына (бумасына, папкасына) сақталынады. Тест алардан алдын ол құжатты оңай тауып алу үшін Жұмыс үстеліне жарлығын (ярлык) орнатып қойсаңыз өзіңізге қолайлы болады.

 

 

№1 сурет. Добро пожаловать в Activstudio сұқбат терезесі.

 

 

 

№2 сурет. Мастер вопросов терезесі.

 

 

№3 сурет. Мастер вопросов екінші қадам терезесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3 сурет. Мастер вопросов терезесі

 

 

 

 

№4 сурет. Мастер вопросов  қосымшасының 3 қадам терезесі.

 

Жаңа материалды ынтамен меңгеріп, қысқаша материалды дәптерлеріне түртіп алуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Activote тестілеу құрылғыларымен тест өткізудің негізгі кезеңдерімен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Activote тестілеу құрылғысының көмегімен тест жүргізуді меңгереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мастер вопросов терезесінің сұхбат терезелерімен таныс болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімдерін практикалық жұмыста  қолдана  біледі, толықтырады, салыстырады.

Жаңа материалды бекіту

·       Activote тестілеу құрылғыларымен тест қабылдау неше кезеңнен тұрады?

 

 

·        Бірінші кезең – жалпы тест сұрақтарын дайындау алу.

Екінші кезең – Activote құрылғыларын тест қабылдауға дайындау және олардың көмегімен тест жүргізу.

Білімдерін практикалық жұмыста  қолдана  біледі, толықтырады, салыстырады.

Үйге тапсырма

Қорытындылау

 

Білімдерін әрі қарай дамыту және әрі қарай оқуға бағыталған үй тапсырмасын хабарлау, оны орындау әдістемесін түсіндіру.

Үйге: Интерактивті тақта құрылғыларымен танысып,жасаған жұмыстарына сәйкес еркін тақырыпта практикалық тапсырма дайындау.

Үй тапсырмасын жазып алу, оны орындау әдістемесін түсіну.

Үйге берілген тапсырманы ойша айқындайды, қарым-қатынастағы адамның коммуникативті әрекетін қабылдау мәдениеті артады.

 



«Бақылаушы және тестілеуші бағдарламалар»

ACTIVote - постоянная “обратная связь”

ACTIVote тестілеу құралы оқушылардың бір бөлім, тақырып, және т.б бойынша білімін тексеруге мүмкіндік береді. Бұл құрал білім мен ептілікті тексеру кезінде оқытушылардың жұмысына едәуір көмектеседі.

Әрбір қатысушы оқушы ACTIVote тестілеу және дауыс беру құрылғысы арқылы сымсыз радио-пульттегі 6 батырманың бірін басу арқылы берілген сұраққа жауап береді Радио-пульттен қабылданған ақпарат ACTIVboard интерактивті тақтасында қабылданады, өңделеді және экран бетіне шығарылады.

ACTIVote-ті қолдану арқылы:

- ПО ACTIVstudio флипчартында сіз электрондық конспектімен жұмыс жасйсыз.

- «Текстті дайындау шебері» модулінің көмегімен сіз текст күйінде сонымен қатар графикалық бейне түрінде берілген әдемі қызықты сұрақтар дайындай аласыз.

- Тест сұрақтары ары қарай қолданылу үшін кітапханада сақтаулы тұра алады.

- Тест нәтижесі ACTIVboard интерактивтік тақтасына кесте түрінде немесе диаграмма түрінде шығып, автоматты түрде компьютерде сақталып тұрады.

- Тест нәтижесін EXEL немесе WORD-та экспорттауға болады.

- ACTIVote оқытуды сапалы деңгейге көтереді. ACTIVboard интерактивтік тақтасының қолданыс аясын кеңейтеді. Қатысушы оқушыларды оқу процесіне қатысушы белсенді оқушыларға айналдырады.

ACTIVote қамтамасыз етеді :

- Тестті өткізу, дайындалу, ойды сұрау қарапайымдығы.

- «Қарындаш пен қағассыз» тест.

- Оқыту барысында тұрақты «кері қатынас» орнату.

- Оқушылар тарапынан күшейтілген назар аудару.

- Кез-келген тақырып бойынша талқылау.

 

 

 

 

Құрылғыны баптау

 

ACTIVote-пен жұмысты бастаудың 2 тәсілі бар.

1 Пуск®Программа ® ACTIVSOFTWARE ® ACTIVSTUDIO 2

2 ACTIVote aрқылы. ACTIVE Studio 2 ашпай-ақ ACTIVote - та сұрақтарды арнайы сұрақ шебері көмегімен және де арнайы сұрақтар арқылы құруға болады. Екі жағдайда да сұрақ жауаптары экранда көрініс табады.

ACTIVote мүмкіндіктері:

-    Әрбір жауап берушінің сұраққа жауап беру кезіндегі уақытын қарау.

-    Уақыттың үзіліс яғни жұмыс барысында сұрақтарды түсіндіріп талқылауға болады.

Сұрақ шебері

-    Әрбір жауап ресурсында фон стилін таңдау

-    Сұрақтар мен тексттің түсін, стилін шрифтін таңдау.

-    Библиотека ресурсында сұрағы бар флипчарттың ашылуы және сақталуы.

Тіркелу.

ACTIVote құрылғысының тіркелуі туралы

Жұмыс кезінде ACTIVote құрылғылары ACTIVboard тақтасынан радио сигналдарды қабылдап отырады. Сондықтан жұмысты бастамас бұрын ACTIVote құрылғысын тестілеу өтетін орында ACTIVboard тақтасына тіркеу жұмыстарын жүргізу керек.

Тіркелмес бұрын ACTIVote құрылғылары ACTIVboard тақтасына және компьютерге міндетті түрде қосылуы қажет.

Ашылған терезеден төмен бағытталған стрелка арқылы ACTIVote құрылғысын тексеру үшін Меню®ACTIVote®Устройства командасы орындалады. Бізге тіркелу терезесі ашылады. Алғаш сәтте ешқандай мәлімет жоқ бос терезе ашылады.

1. Ашылған терезеден төмен бағытталған стрелка арқылы Елді таңдау.

Елді таңдаған соң программа құрылғыны тексеріп, таңдалған елде қолдануға болатын болмайтынын таңдап береді.

2. Тақтаның иденфикаторлық каналын таңдау

ACTIVote жүйесінде радиосигналдар қолданылатындықтан мәліметтерді ACTIVote-тің басқада жақын маңда орналасқан жүйелерін қабылдай алады

Канал - ACTIVote құрылғыларының таңдамалы 3 каналымен жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды

Тақта иденфикаторы - ACTIVboard құрылғысына таңдамалы 99 иденфикаторды анықтап береді.Сол себепті жақын маңда орналасқан құрылғылар үшін түрлі каналдар мен иденфикаторлар орналастыру қажет.

3. Канал мен иденфикаторды таңдаған соң келесі әрекеттерді орындаймыз.

4. Бірінші құрылғыда тіркеңіз, батырмасын басыңыз ACTIVote және сол қызыл түсті индекатор жанғанша ұстану содан соң ұзақ уақыт жасыл жанғанша ұстаңыз. Құрылғы тіркелген құрылғыладың тізімінде пайда болады.

5. Бұл процедураны басқа да тіркелуі керек құрылғыларға қолданыңыз.

Тіркелгеннен кейін Тоқта            ® Жабу батырмасын басыңыз

6. Пайдаланушылардың мәліметтер базасын құру үшін Меню®ACTIVote® Мәліметтер қоры®Пайдаланушы Қосу®Фамилия®Аты®ОК®Жабу командасын орындау қажет.

 

ACTIVote режимдері

Демонстрациялық режим

1.      Меню®ACTIVote®Сеанс командасын таңдау

2.      Демонстрациялық режимді таңдаймыз

3.      Рұқсат етілген құрылғы саны

4.      ОК батырмасын басамыз.Бұл функцияны орындау үшін жаңа флипчартқа қайта ораламыз немесе ауызша түрде аудиторияға мүи\мкін сұрақтарды қойыңыз немесе мүмкін сұрақтарды ACTIVote көмегімен жаңа флипчарт парағында таңдаңыз.

5.      Сұраққа жауап алуға бәрі дайын болған кезде ACTIVote құрылғысының батырмасын басыңыз. Тайм-аут панелі пайда болады.

 

 

Жасырын режим

1.      Меню®ACTIVOTE®Сеанс командасын таңдау. Сеанс ACTIVote программасының терезесі ашылады.

2.      Анонимный режимді таңдап қолданылатын құрылғы санын көрсетіп, ОК батырмасын басамыз. Сеанс ACTIVote программасының терезесі жабылады.

3.      Өзіңіздің арнайы сұрағыңызды ауызша немесе флипчартта қылқаламқұрылғысының көмегімен құрыңыз.

4.      ACTIVote құрылғысының батырмасын басыңыз. Экранның жоғарғы жақ бөлігінде Тайм – аут панелі бейнеленеді.

 

Атаулы режим

Жұмыс кезінде сұрақтарға байланысты кері байланыс қажет болса атаулы режимге қосылу қажет.

1.      Меню®ACTIVote®Сеанс командасын таңдау. Сеанс ACTIVote программасының терезесі ашылады

2.      Атаулы режимді таңдаңыз. Бұл бөлімнің басында қолданушыларды тіркеу туралы бұйрық болғандықтантізімде ағымдағы қолданушылардың тізімі тұру керек. Егер ағымдағы қолданушылар тізімде көрінбесе құрылғының бөлінуі бөлімін қараңыз.

3.      ОК батырмасын басыңыз.

Жаңа флипчартта өзіңіздің арнайы сұрағыңызды ауызша немесе флипчартта қылқалам құрылғысының көмегімен құрыңыз. Сіз сұрақты қабылдауға дайын болған кезде қолданушыларға ACTIVboard –қа қарап, ACTIVote құрылғысының батырмасын 1 рет шертуді өтініңіз. Экранның жоғарғы жақ бөлігінде Тайм – аут панелі бейнеленеді.

 

Тайм-аут панелі

Сіз аудиториядан жауап алуға дайын болған кезде ACTIVote құрылғысының батырмасын шертіңіз. Ол бізге тайм- аут панелін шығару үшін қажет.Бірнеше секундтан кейін тайм- аут панелінде Жауап беру хабарламасы пайда болады. Ол бірте-бірте көбейе бастайды және қалған уақытты белгілейді. Пауза батырмасы бізге уақытты уақытша тоқтата тұруға қажет. Бұл батырманы басқан кезде алдыңғы еаептеулерді қайта қалпына келтіреді. Тайм- аут панелі төменде көрсетілген нұсқаулардың бірі орындалғанша экранда тұрады.

1.      ACTIVboard тақтасы аудиториядан түгел дерлік жауап алғанша тұрады, содан кейін ғана панель экраннан жоғалады

2.      Таймер- Тайм – аут периодында жауап берушілердің барлығының жауабын қабылдағаннан кейін ғана уақытын тоқтатып, экран бетінен жоғалады.

3.      Құрылғы ешқандай жауап қабылдамайды, содан кейін Жауап қабылдайды хабарламасы көрінеді.

4.      Бүкіл жауаптар қабылданады. Бүкіл жауапты қабылдағаннан кейін ACTIVote автоматты түрде нәтижені таблица түрінде көрсетеді.

-          Демонстрациялық режимдегі таблица нәтижесі

-          Анонимдік режимдегі таблица нәтижесі

-          Атаулы режимдегі таблица нәтижесі.

 

Сұрақтар шебері

 

Флипчартта арнайы сұрақтардан басқа бірнеше сұрақтарды дайындап, оларды флипчартта сақтауға болады. Бұл жағдайда сұрақ шеберін қолдануға болады. Сұрақ шебері программасы ашылады.

1 қадам - Титульдық бетті баптау

Титульдық бетті қосуға да қоспауға да болады.Егер титульдық бет қажет болса

1. Атаулы текстік аймағына ыңғайлы атау береміз

2. Белгіленуі текстік аймағына шертеміз.

 Мұнда пайдаланушыларға қажетті мағлұматтар беру үшін ыңғайлы текст енгізуге болады. Титульдық беттің настройкасы қадамында жалауша пайда болады. Жалаушалармен орындалған қадамдар белгіленіп отырады. Егер титульдық бет қосу қажет болмаса Титульдық бет қосу тексттік аймағынан жалаушаны алып тастаймыз. Аймақ сұр түске боялады, тексттік аймақта жалауша пайда болады бұл оны қадамның орындалғанын білдіреді.

2 қадам - Сұрақтарды баптау

1.  Нұсқағыш көрінсе бұл 1-ші сұрақты енгізе беруге болады. Егер нұсқағыш көрінбесе «Жаңа сұрақ» батырмасын басыңыз.

2.  Сұрақ типін таңдаңыз

2   Төмен бағытталған стрелка арқылы дұрыс жауабына сәйкес келетін әріпті және дұрыс жауабын таңдаңыз.Егер сұрақтың дұрыс жауабы болмаған жағдайда бұл этаптан өтіп кетуге болады.

3   Сәйкес келетін белгішені таңдап, содан кейін пайда болған аймақта секуындтық уақыт енгізіп тайм- аутты көрсетіңіз. Әр түрлі сұрақта бірдей немесе түрлі тайм- аут болуы мүмкін. Егер тайм- аутты қолданбау туралы шешім қабылданса ACTIVote та тоқтату батырмасын басыңыз.

4   Содан соң Компановка элементін таңдаңыз.

Қысқа сұрақ – толық берілген жауап

Ұзақ сұрақ – Қысқа жауап

 

Қысқа сұрақ – сурет қосылған жауаптар

 

Толық берілген сұрақ – Сурет қосылған жауаптар

Қысқа сұрақ – орташа сурет – қысқа жауап

 

Ұзақ сұрақ – үлкен сурет- қысқа жауап

 

5   Егер бір компановканы барлық сұрақтарға қолдану қажет болса «Использовать эту компановку» для всех вопросов аймағына жалауша орнатамыз. Жаңа сұрақ құру үшін «Жаңа сұрақ» батырмасын басып, сұрақтарды енгізе отырып Келесі батырмасын басамыз.

3 қадам - Флипчарт параметрлері

 

Сұрақтарды енгізіп болған соң флипчартқа стиль таңдауымызға болады.

Стиль

Бұл параметр сұрақтар флипчартын қарапайым ақ-қара фоннан күрделі текстувра фонына дейін қолдануға мүмкіндік береді. Стильді қолданбаған жағдайда парақ жалпы ақ фон күйінде болады.

Шрифт

Бағытталған стрелка арқылы тізімнен қаріп түрін таңдауымызға болады.

Түс

Түс аймағын таңдау арқылы мәтін түсін таңдауымызға болады. Түсті санмен қатар Windows палитрасы көмегімен түс таңдауға болады.

Өлшем

Текст көлемін сәйкесінше кішірейтіп немесе үлкейтуге болады. Қаріп өлшемін өзгерту үшін төмен не жоғары бағытталған стрелканы таңдау арқылы өлшемін берурге болады. Диапазон өлшемі - 20/18 ден 28/26 нүктеге дейін.

4 қадам - Флипчарттың құрылуы

Флипчартты құру үшін диалогтық терезесінеи Флипчарттың құрылуы командасын таңдаңыз. Сәйкес келетін файл атауын таңдап, Сақтау батырмасын таңдаңыз. ACTIVote режимінде дайындалған сұрақтар флипчартының қолданылуы туралы оқи аласыз. Шығу батырмасын шерту арқылы сұрақ шебері программасын жаба аламыз. Немесе Сұрақтар кітапханасын ашу үшін Поддерживать библиотеку командасын таңдаймыз. Сұрақ шебері программасын жапқан кезде Файлды сақтау жөнінде мәлімет шығады. Қосымша мәлімет алу үшін Сохранение исходного файла мастер вопросов бөлімін қарайсыз.

 

Сұрақ типі.

Тек мәтіннен құралған сұрақ

Сұрақ шеберінде қолданылуға болатын компановканың 2 түрі бар.

Компановка-1

Қысқа сұрақ-Толық берілген жауап

Бұл сұрақ типі сұраққа егжей- тегжейлі жауап беру үшін қолданылады

Компановка-2

 Ұзақ сұрақ- Қысқа жауап

Бұл сұрақ типі сұраққа толық жауап бермейді.

Сурет қолданылған сұрақ

Сұрақ шеберінде қолдануға болатын сурет қолданылған компановканың 2 түрі бар.

Компановка- 3

 Қысқа сұрақ – Сурет қолданылған жауап

Бұл сұрақ типі сұраққа жауап беру кезінде сурет қажет болған кезде суретті қолдану үшін қолданылады.

Суретті табу үшін Обзор батырмасын шертіңіз. Выбрать файл изображение диалог терезесі ашылады. Қажетті бейнені белгілеп, Открыть батырмасын басыңыз, таңдалған суреттің эскизі шығады.

 Компановка - 4

Толық ашылған сұрақ- Сурет қолданылған жауап

Бұл сұрақ типінде развернутый сұраққа көп орын болғандықтан, сұрақтың жолында бірге орналасады.

Мәтін мен суреттен құралған сұрақ

Оныңда 2 түрі бар.

 Компановка - 5

Қысқа сұрақ- орташа сурет- қысқа жауап

Бұл сұрақ типі жауапқа бейне қосу қажет болғанда қолданылады.

Компановка - 6

Ұзақ сұрақ- Үлкен сурет-Қысқа жауап

Бұл сұрақ типінде сұраққа көп орын қалдырылады. Үлкен сурет қолданылып, жауаптар суреттің төменінде орналасады.

 

Сұрақтар кітапханасы

Сұрақтардың кітапханадан қосылуы

Кітапхана арқылы дайындалған сұрақтар тізімінен тез сұрақтарды алып қосуға болады.

Ағымдағы сұрақтар тізіміне сұрақтардың қосылуы

1.   Показать библиотеку батырмасын басыңыз

Жауаптар бағанасы – Сұрақтар кітапханасына ауыстырылады.

2.   Қажетті сұрақты таңдап, Использовать вопрос командасын таңдаңыз.

Сұрақтардың сұрақтар кітапханасына орналасуы.

1. Сақталуы қажет сұрақты белгілеу үшін шертіңіз;

2. Менюден Вопрос (Сұрақ) командасын таңдаңыз;

3. Контекстік менюден Добавить в библиотеку командасын таңдаңыз.

Сұрақ кітапханада орналасады. Қосымша мәлімет алу үшін Поддержка библиотеки вопросов бөлімін қараңыз

Файлдан сұрақтарды жою үшін

1.  Жою қажет сұрақты шертіңіз;

2.   Вопрос командасын таңдаңыз;

3.   Жанама менюден Удалить вопросы командасын таңдаңыз.

Удалить вопросы диалогтың терезесі ашылады

Да – сұрақты жою

Нет – сұрақты жоймау

Сұрақтардың тәртібін өзгерту.

1.   Орын ауыстыру қажет файлды шертіңіз;

2.      бағытталған батырмалардың біреуін шертіңіз;

-          сұрақ жауабын 1 жолға тізімнен жоғары орналастыру

-          сұрақ жауабын 1 жолға тізімнен төмен ораластыру.

Бірнеше сұрақты бірден орналастыру үшін Shift/Ctrl пернесін болып біреуін таңдаңыз.

Сұрақтар жауабының орын тәртібін өзгерту.

1.        Орын ауыстыру қажет жауапты белгілеңіз;

2.        батырмаларының біреуін таңдаңыз.

ACTIVote баптаулары

ACTIVote жүйесінің баптауының көмегімен дауыс беру және баптау параметрлерін анықтауға болады.

Ол үшін ACTIVote тің сол жағында орналасқан Меню-    Студияларды баптау-шертіңіз

Сипаттау аймағы.

Көп адамдар тізіммен жұмыс кезінде аттас адамдардың есімін бірге жазуға тура келетін жағдайлар болады.

Сипаттау аймағында орналасқан арнайы информация арқылы аттас адамдардың қайсысы жөнінде екендігін ажыраттатын мүмкіндік бар. Аттас адамдарды егер бір группада орналасқан жағдайда ажырату үшін Описание аймағына Жалауша орнатамыз.

Группаны анықтау

Бума мен ішкі бумаларды сіздікі екенін ажыратып белгілеп тұратындай етіп өзгертуіңіз керек.

-   Бума 1 2 рет шертіңіз.

Текстік аймақ ашылады. Мұнда классификация немесе категорияларды енгізе аласыз.

-   Таңдалған категория атын енгізіңіз.

-   ОК батырмасын шертіңіз.

-   2 рет Ішкі бума 1 шертіңіз.

-   Бума мен Ішкі бума атауын өзгертуді жалғастыра беріңіз.

Нәтиже кестесі

Нәтиже кестесінің демонстрациялық ррежимінде арнайы сұрақтардың барлығына дұрыс жауап 3 саны болып келеді. Бірақта қажетті батырманы басу арқылы дұрыс жауап параметрін өзгертуге болады.

Барлық жауаптарды қабылдағаннан кейін ACTIVstudio нәтижелерді графикалық түрде көрсетеді.

A-F жауаптары –Қанша пайдаланушылар мүмкін жауаптарының таңдағанын көрсетеді.

Кім не жауап берді кестесін көрсетуге болады. Мұнда мүмкін жауаптарға қанша адам қалай жауап бергендігі көрініс табады.

Сонымен қатар дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диаграмма түрінде көрсетуге болады.

Анонимдік режимдегі нәтиже кестесі

Арнайы сұрақ

Барлық жауаптар қабылданғаннан кейін нәтиже кесте түрінде көрінеді.

Осыдан кейін арнайы сұрақтың дұрыс жауабын жауап сәйкес келетін батырманы басу арқылы дұрыс жауапты көрсетуге болады. Дұрыс жауап таңдалмайынша ешнәрсе көрініс таппайды.

Егер дұрыс жауап В болып В таңдалатын болса қанша қатысушы дұрыс жауап бергендігі жөнінде информация шығады.

Сонымен қатар бұл нәтижені ағымдағы флипчарт парағында орналастыруға болады. Ол үшін Вставить батырмасын басыңыз.

Дайындалған сұрақ

Нәтиже кестесінде дайындалған сұрақтардың дұрыс жауабы егерде сұрақ дайындалу кезінде көрсетілген жағдайда ғана көқрініс табады.

Атаулы режиміндегі нәтиже кестесі:

Арнайы сұрақ.

Барлық жауап қабылданғаннан кейін нәтиже кесте түрінде көрінеді.

Нәтиже кестесі ACTIVote режимінің қайсысына болмасын бірдей болады. Именнованный режимде тіркелгендер аты және олардың жауаптары көрініс табады. Бұл информация тек кімге жауап берді кестесінде жүзеге асады. Нәтижені сонымен қатар ағымдағы флипчарт бетіне орналастыруға болады. Ол үшін Вставить батырмасын шертеміз.

Дайындалған сұрақ

Нәтиже кестесінде дайындалған сұрақтардың дұрыс жауабы егерде сұрақ дайындалу кезінде көрсетілген жағдайда ғана көқрініс табады.

Сумма баллов кестесінің құрылуы.

1.     Сұрақтың кез келген бетінде кестені көрсетіңіз. Егер көрінбесе тышқанның оң жақ арқылы шертіңіз және таңдаңыз ACTIVote – Результаты, Результаты – ACTIVote.

2.     Сумма баллов батырмасын басыңыз. Нәтиже кесте түрінде көрініс табады. Мұнда демонстрациялық режим, аноним режимде де дұрыс жауап саны көрсетіледі.

Жауап беру уақытын қарау.

Время ответов белгішесін орнату арқылы сіз әрбір жауап беруші сұраққа қанша уақыт кетіргендігін біле аласыз. Уақыт түрінде көрінеді.

Время ответов белгішесін орнатыңыз.

Бос кесте.

Жалпы балл санын қарағаннан кейін бос кестені қарауыңызға болады. Мұнда барлық цифра туралы және де қолдануының жауаптары туралы информация беріледі. әрбір сұрақ астындағы сан таңдалған жауап санын көрсетеді:

·         Зеленый – цвет правильный

·         Красный – неправильный

·         Серый – жауап жоқты білдіреді.


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бақылаушы және тестілеуші бағдарламалар" тақырыбында сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 371 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.04.2016 3854
    • DOCX 1.4 мбайт
    • 24 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабдушева Мейрамгуль Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 52619
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 715 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 192 человека из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 970 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов