Инфоурок Начальные классы Рабочие программы«Бақыт гүлін терген күн!» тәрбие сағаты

«Бақыт гүлін терген күн!» тәрбие сағаты

Скачать материал

9 мамыр –ЖЕҢІС күні

«Бақыт гүлін терген күн!» тәрбие сағаты

 

 Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

І жүрг:
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің  72 жылдығына арналған  кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

 2 жүрг: Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 72 жыл болды. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын.

-Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен, бүгінгі «9 мамыр - Жеңіс күні » атты ұйымдастырылған кешіміз, бізге балалық шақ, бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады. Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштерге барады. Олар жауынгерлердің тас   мүсініне айналған бейнелеріне гүлшоғын қойып, батырлар есімін еске алады.

Бүгін біз Үшқарасу ауылымыздың соғыста болған және  соғыс кезінде тылда жұмыс істеген,Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбек армиясында жұмыс істеген,және белгісіз кеткен жауынгер азаматтарды атап өтпекпіз

(аттары аталады)

 

 

 

 

 

 

 

1  жүрг:  Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың

 9 Мамырына қайта оралтады.

 Бастау алып үлгермей тұнған дарын,
Кеткендерді жөн біліп тұрғандарың.
Отандастар, бір минут тоқтап үнсіз
Еске алайық соғыстың құрбандарын!
(Соғыс құрбандарын 1 минут үнсіз еске алып, гүл шоқтарын қояйық)

 ( бір минут үнсіздік)

 

 

2-жүргізуші: Бұл 1418 күге созылған шайқастың әр 6 секунты сайын

1 адам опат болып отырды десек артық айтқан болмас едік.1941 -1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адам аттандырды. Статистикаға сүйенсек жеңіске олардың жартысы ғана аман жеткенін айтады, қалғандары ұрыс даласында көз жұмды. Олар бізге «Жеңіс» атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті.

І-жүргізуші:Келесі кезекте құттықтау тілекті мектеп директоры Касенов А.Н. беріледі.

(Келген қонақтарға сөз беру)

 

2-жүргізуші:

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін 
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. 
І-жүргізуші: Осы орайда Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары, жігіттер,қонақтар ! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс,сәттілік  тілейміз

Келесі кезекте құттықтау  сөз ұстаздарға беріледі.

2-жүргізуші: Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,

Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.

Біз күштіміз күштілердің бәрінен,

Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)

І жүрг.:  Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.

IІ жүрг.:  Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.

1-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.- Монтаж даярлық сыныбы мен бастауыш сынып оқушылары:

 ән «Әрқашан күн сөнбесін»

1-жүргізуші:

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, би билемей

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай- шағын орталық бүлдіршіндерінің

«  Айгөлек »биін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:

Жеңіс, жеңіс!
Бабамыздың –
Қызыл қаны төгілген.
Кеше туған және біздің
Бағымыз боп көрінген.- 5 сынып оқушыларының орындауындағы  «Ән салшы, Сарбазым»әні

2-жүргізуші:

Бұл жеңісті алып келген

Қуанамыз ән сап жұртты

Келе берсін Бақыт таңы

Жеңіс күні болсын құтты- Құрмантай Фаризаның орындауында  «Қазақтың жігіттері» әні қабыл алыңыздар

 

 

 

 

 

 

1 –жүргізуші:

Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті  оқушыларымыздың     орындауындағы «Ұшқыштар » биіне береміз.

2-жүргізуші:

Майданнан хат» (үзінді):

Хат жазамын майданнан,

Мейірімшіл ғазиз-анама

«Жақыным-жарым» дегенмен,

Анаңдай жақын бола ма?

Көңілінде тілек, көзде жас,

Екі қолың жағаңда.

Қасірет шегіп, қан жұтып,

Сарғайдың ба санаға?

Сағынған соң мен ойлап,

жүрегің оттай жана ма?

Ет бауырың елжіреп,

Қайғыра берме балаңа.

Сабырдың суын бере көр,

Жаныңдаға жараңа.

Ажалсыз адам өлмейді.

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып қар төсеп,

Мен жатырмын далада.

1 –жүргізуші:

«Майданға хат» (үзінді):

Құлыншағым аман ба?

Қолыма тиді сенен хат.

Хабарыңды есітіп,

Қуанып қалды ғаламат.

Күніге тоқсан тілеймін,

Құлыным кел деп саламат.

Жүрегім – жалын, ішім у,

Жанымда ауыр жарақат.

Суретің келді хатыңда,

Шекпен киген жалаңқат.

Ерге лайық бес қару,

Асыныпсың автомат.

Суретіңе қарасам,

Емшегім иіп, сүт тамад.

Көзімнің жасы төгіліп,

Ұйқыдан кетті рахат.

Отаның үшін қарағым,

Арың қымбат жаныңнан.

Бөбектерің аман-сау,

Ас жейді әзір қолымнан.

Ербеңдеген ермегім,

Тастамаймын қолымнан.

Лақ-қозы қайырсам,

Қалмайды сүйем соңымнан.

Жағдайсыз емес келінім,

Оны да көрем бағымнан.

Қайырмайды тілімді,

Жібектей майда жамылған.

Көңілімде алаң жоқ,

Жаны сүйген жарынан.

Уһілеп кейде демалып,

Шығады түтін жалыннан.

Хабарыңды жиі жаз.

Өтпесін көп күн арадан.

Талқандап жауды аман қайт,

Бұлт серпіліп көгімде.

Жазылсын жүрек жарадан!

2-жүргізуші:

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.-                                                         -

8 сынып оқушыларының орындауында    « Жойылсын соғыс »- әні.

1-жүргізуші:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты. Алдарыңызда 5 сынып қыздарының орындауында  « Тальяночка» биін  тамашалаңыздар.                                         

 

 

1-жүргізуші: Тыныштық! Жаса тыныштық!

Осы сөз бізге тым ыстық.

Көркейе берсін еліміз,

Көбейе берсін ырыс-құт!-  .-  тамашадан үзінді

«                                            »

2-жүргізуші:

Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аяласын көңілі жақсы үмітпен-дей келе Арайлым мен  Аруананың орындауында «Жеңіс туы желбіреп»  әнін қабыл алыңыздар.

 

1-жүргізуші:

Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 72 жыл.

Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып,Бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде —72 жыл.    Лайым Бейбітшілік мәңгілік болсын!   

   «КАТЮША» биін тамашалаңыздар.

 

2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды олар.

Әсем ән мен  тәтті күй

Әнді сүйсең менше сүй – жеп ақын  Абай атамыз

Жырлағандай келесі  кезекті әнге  берейік

Рахманова Ақботаның орындауында «Қазақ жастары» әнін қабыл алыңыздар

 

1-Жүргізуші:  

Жеңіс тойы  әніміз

Көркем өнер сәніміз

Өлең бимен  той  сәнің

Өрнектейміз бәріміз –

деп   6-7сынып оқушыларының «Жеңіс» биін  тамашалаңыздар

 

 

 

 

 

 

 

1-жүргізуші:

Қаптап көкке абырой мен бақ құсым,
Тыныштықпен ата бер менің ақ таңым.-
Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді.
2-жүргізуші: Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен ата-апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына  біздер тізе бүгіп, бас иеміз.
Міне, біз сол тамаша Жеңістің 72 жылдық  ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды.
(Ең соңында «Мерекем» әні хормен орындалады.)

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Бақыт гүлін терген күн!» тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.06.2017 1803
    • DOCX 29.1 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Умралинова Гульжанат Асимкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7386
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 611 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе