Инфоурок / Русский язык / Другие методич. материалы / Бағыты: «Ана тіліміз – ұлтымыздың ұйытқысы» Тақырыбы: «Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Бағыты: «Ана тіліміз – ұлтымыздың ұйытқысы» Тақырыбы: «Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт»

библиотека
материалов

награда қағазы


1. Аты-жөні

НУРЖАНОВА ГУЛЬЗАДА АМАНГЕЛЬДИЕВНА

2. Жұмысорны, лауазымы, қызметі (кәсіпорын, мекеме, ұйым, министрлік, мемлекеттік комитет бөлімінің, цехтың және басқа да бөлімшелерінің толық атауын көрсету қажет)

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы

«Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі»

қазақ тілі мне әдебиеті пәнінің оқытушысы


3.Жынысы: Әйел

4. туған жері

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы,

Ақсай ауылы

4.Туған жылы

07.09.1973 ж.


5. Ұлты

қазақ

6. Білімі

1. 1995 жылы Орал педагогикалық колледжі «Бастауыш сынып мұғалімі»;

2. 2003 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті «Жоғары кәсіби білімді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі»;

3. 2012 жылы Батыс Қазақстан Инженерлік-Гумнитарлық Университеті 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы.

7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, арнайы атағы

8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен және қашан наградталған

1. Облыстық Білім Басқармасының ҚҰРМЕТ Грамотасы (2011 ж);

2. Батыс Қазақстан Облыстық мәслихат хатшысы М.И.Құлшардың

АЛҒЫС ХАТЫ (2012 ж);

3. Облыстық ТжКББ әдіскері арасындағы «Үздік жыл әдіскері» байқауының

«Зерттеуші әдіскер» номинациясы (2014 ж);

4. Астана қ. «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығының ІІІ орын жеңімпазы. 2014 ж.

5. «Нұр Отан» партиясының АЛҒЫС ХАТЫ (2013ж., 2014ж., 2015ж.).


9. Мекен – жайы:

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы ,

М.Мәметова 60, 29 пәтер

10. Жалпы жұмыс өтілі

20

11. Саладағы жұмыс өтілі

20

12. Берілген еңбек ұжымындағы еңбек өтілі

8


13. Наградталғанның ерекше сіңірген еңбегін көрсетумен мінездемесі:

Нуржанова Гульзада Амангельдиевна - Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінде 2007 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі – 20 жыл. Аталған оқу орнында - 8 жыл.

Гульзада Амангельдиевна колледжде атқарған лауазымды орындары:

- 2007-2010 ж.ж. сырттай оқу бөлімінің әдіскері;

- 2010-2011 ж.ж. әдістемелік кабинеттің әдіскері;

- 2011-2015 ж.ж. ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың

орынбасары лауазымдық қызметін атқаруда.

Гульзада Амангельдиевна – өз пәнін жетік меңгерген сауатты, өте тәжірибелі оқытушы және әдіскер. Өз жұмысында алдыңғы қатарлы тәжірибемен қатар заманауи технологияларды сауатты қолдана алады. Оқытушы «Кредиттік», «Модульдік» технологиялардың элементтерін меңгерумен қатар, өз тәжірибесін әрқашан жаңартып отырады. Жас жеткіншектердің жеке қабілетін дамытуда оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын қолдана отырып, студенттердің логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін арттыруда, рухани дүниесін жетілдіруде, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыруды негізге алып отырады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді қолдануымен, сабақтың ерекше құрылымымен айқындалады. Студенттерге білімді дайын күйінде емес, өзіндік ізденіске бағыттап, ғылыммен айналысуға баулиды.

Гульзада Амангельдиевнаның «Аударма ісі» мамандығы І курс студенттерімен өткізген «Жалқы және жалпы есімдер» сабағынан ғылыми ізденістің, әдістемелік шеберлікті – ауқымды шығармашылық жұмысын көрсетті. «Аударма ісі» мамандығы ІІ курс студенттерімен өткізген Кәсіби қазақ тілінен «Шет елдерде оқу. Оқшау сөздер» тақырыбына өткізген ашық сабағы, Қазақ әдебиеті пәнінен «М.Дулатов «Бақытсыз Жамал»» тақырыбында өткізген ашық сабақтары әдістемелік жағынан жоғары деңгейде өздырылып, әріптестерімен озат тәжірибесін бөлісті.

Гульзада Амангельдиевнаның еңбектерін бұқаралық ақпараттық басылым беттерінен де көруге болады. «Аударма ісі» мамандығы ІІ курс оқушыларымен өткізген Кәсіби қазақ тілінен «Шет елдерде оқу. Оқшау сөздер» тақырыбына өткізген ашық сабағы «Ұстаз» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының 2012 жылы №3 санында; Қазақ әдебиеті пәнінен «М.Дулатов «Бақытсыз Жамал»» тақырыбында өткізген ашық сабағы «Ұстаз» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының 2014 жылы №1 санында және Кәсіптік қазақ тілінен «Дербес компьютердің құрылғылары» атты сабағы «Ұстаз» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының 2014 жылы №2 (63) санында жарияланды.

Гульзада Амангельдиевнаның колледжде жасаған тынымсыз еңбегінің, үздік жұмыстың нәтижесіндегі еңбектері:

-2009 жылы «Кәсіптік білім беру» мамандығына кәсіптік қазақ тілі пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен;

-2009 жылы «Қазақ тілі» пәні негізгі курсынан аралық, қортынды бақылау тест жинағы;

- 2011 жылы «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу-әдістемелік кешен;

- 2011 жылы «Қазақ әдебиетінен үлестірмелі құралдарды» әдістемелік өнім;

- 2013 жылы «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінен оқу - әдістемелік кешен;

- 2014 жылы «Есеп және аудит» мамандығына кәсіптік қазақ тілі пәнінен оқу - әдістемелік кешендері мен әдістемелік өнімдерінің авторы.

Гульзада Амангельдиевна – шығармашыл ұстаз. Ұстаздың шығармашылық пен жұмыс істеуінің негізгі кепілі әрдайым білімін көтеріп отыруында.

- 2011 жылы «Ұстаздың ұлылығы-тәжірибесі мен іздемпаздығында» атты облыстық семинарда шеберлік-классы;

- 2010 жылы «Мемлекеттік тіл саясаты: жаңа кезең мен жаңа міндеттер» атты ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Студенттерге тіл мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдары» атты баяндамасы;

- 2012 жылы «Инновациялық бағдарламаларды жүзеге асырудағы инженерлік ғылым мен білім берудің ролі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына «Кәсіптік білім беру жүйесіндегі инновациялық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары» баяндамасы;

- 2012 жылы «Мемлекеттік тілді дамытудағы түйіткелді мәселелер» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясына «Оқу процесіндегі жаңа технологиялар мен инновациялық әдістердің тиімділігі» баяндамасы

- 2014 жылы «Еуразиялық өзен аралығы» экономика мен білімнің кластерлік триадасы Ғылым-Білім беру-Тәжірибе» тақырыбында ІҮ-ші халықаралық конгресінде «Мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны» атты баяндамасымен белсенді қатысып, баяндамалары конференция материалдарының жинағына енді.

Оқытушының берген білімінің нақты көрінісі ретінде студенттерінің жетістіктері:

  1. 9п-32 «Аударма ісі» мамандығының ІІІ курс студенті Жанабекова Раушан «Тілдарын-2011» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінен ІІ орын​ (2011 ж);

  2. 9п-21 «Аударма ісі» мамандығының ІІ курс студенті Чирова Любовь, ГС-831 «Кәсіптік білім беру» мамандығының ІІІ курс студенті Плотников Сергей «Тіл-тәуелсіздік тұғыры» атты облыстық «Абай оқулары» байқауынан Алғыс хаттармен марапатталды (2011 ж);

  3. Г-512 «Оптикалық электрондық жабдықтар» мамандығының І курс студенті Султанов Тұрсынбек «Туған өлке тарихи тұлғалары» тақырыбында өткен студенттердің колледжаралық ғылыми-практикалық конференциясының ІІ орын жеңімпазы (2013 ж);

  4. ГП-834 «Кәсіптік білім беру» мамандығының ІІІ курс студенті Зұлхаров Әділгерей «Туған өлке тарихи тұлғалары» тақырыбында өткен студенттердің колледжаралық ғылыми-практикалық конференциясының ІІІ орын жеңімпазы (2013 ж);

  5. Г-512 «Оптикалық электрондық жабдықтар» мамандығының І курс студенті Сағынбай Айбол, ГИ-21 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының ІІ курс студенті Асанов Жасұлан «Туған өлке тарихи тұлғалары» тақырыбында өткен студенттердің колледжаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып АЛҒЫС ХАТтармен марапатталды (2013 ж);

  6. Г-512 «Оптикалық электрондық жабдықтар» мамандығының І курс студенті Сағынбай Айбол Қадыр Мырзалиев шығармашылығына арналған «Болу үшін жаралған туған жердің жырауы» атты байқауының І орын жеңімпазы (2013 ж);

  7. Г-512 «Оптикалық электрондық жабдықтар» мамандығының І курс студенті Мақсотов Айтжан Қадыр Мырзалиев шығармашылығына арналған «Болу үшін жаралған туған жердің жырауы» атты байқауының ІІІ орын жеңімпазы (2013 ж);

  8. Г-522 «Оптикалық электрондық жабдықтар» мамандығының ІІ курс студенті Балқыбаева Назерке «...Жырларым жүрегімнен жаратылған» атты Облыстық колледжаралық жас ақындар байқауының І орын жеңімпазы (2013 ж);

  9. Г-522 «Оптикалық электрондық жабдықтар» мамандығының ІІ курс студенті Мұқас Айткүл «...Жырларым жүрегімнен жаратылған» атты Облыстық колледжаралық жас ақындар байқауына қатысы АЛҒЫС ХАТпен марапатталды (2013 ж);

  10. Г-522 «Оптикалық электрондық жабдықтар» мамандығының ІІ курс студенті Кенжигалиев Миржан ТжКББҰ оқушылары арасындағы «Ел рәміздері – менің мақтанышым» атты облыстық байқауда жүлделі ІІ орын жеңімпазы (2013 ж);

  11. Г-522 «Оптикалық электрондық жабдықтар» мамандығының ІІ курс студенті Балқыбаева Назерке ТжКББҰ оқушылары арасындағы «Біз болашақты бірге құрамыз» атты Облыстық ғылыми-практикалық конференциясының ІІ орын жеңімпазы (2014 ж);

Сонымен қатар, оқытушы өзі дәріс беретін топтардан да дарынды студенттердің қабілеттерін ашуға көп көңіл бөледі. Оған дәлел «Жыр арнадым жүрегімнен...» атты студенттердің өлең жинағы жарық көруі және бұқаралық ақпараттық басылым беттерінен де студенттерінің мақалалары, өлеңдері үнеме басылуы.

Гульзада Амангельдиевнаның тынымсыз еңбегінің арқасында, түбегейлі жетістіктері:

  • БҚО Білім басқармасының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ (2011 ж);

  • «КазИИТУ» ғылыми - білім кешенінің құрылтайшысы А.С.Айтимовтың МАДАҚТАМАСЫ (2012 ж);

  • БҚО маслихаты М.Құлшардың АЛҒЫС ХАТЫ (2013 ж);

  • «Үздік жыл әдіскері» облыстық байқауына қатысып, «Зерттеуші әдіскер» ГРАМОТАСЫ (2014 ж);

  • «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облысының АЛҒЫС ХАТЫ

(2014 ж);

  • «Нұр Отан» ХДП БҚОФ жанындағы «Жас Отан» ЖҚ бірлестігінің АЛҒЫС ХАТЫ (2014 ж);

  • «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облысының АЛҒЫС ХАТЫ

(2015 ж);

Гульзада Амангельдиевна - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы, оқу - әдістемелік жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары қызметін жоғары дәрежеде көрсетіп жүрген тәжірибелі, озат оқытушылардың бірі.

Гульзада Амангельдиевна - әріптестерінің арасында сыйлы, кішіпейіл, іскер де, талапшыл, әдістемелік біліктілігі жоғары, білімді ұстаз, жаңашыл педагог, құзыретті маман иесі.




Колледж директоры: Г.Б.Хайруллина




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-161230

Похожие материалы