Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / "Бақытым да, байлығым да денсаулығым"

"Бақытым да, байлығым да денсаулығым"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тәрбие сағатының тақырыбы: «бақытым да, байлығым да-денсаулығым»

Мақсаты: білімділік-оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, олардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру.

Дамытушылық- оқушылардың жеке басының гигиеналық тазалағын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттың ағзаға тигізетін әсерін, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік- оқушыларды денсаулықты сақтауға, тазалыққа , ұқыптылыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, құқықтық, адамгершілік тәрбие беру.

Көрнекілігі: денсаулық бұрышы, тазалық, денсаулық туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер, нақыл сөздер, діәрумендер, бүктемелер, дәрілер,

Д- Дұрыс дем алу

Е-ерінбеу керек

Н-ниеттену

С-спортпен шұғылдану

А-ағзаны шынықтыру

У-уақытты дұрыс ұйымдастыру

Л-лайықты өмір сүру

Ы-ынта-ықылас алға жетелейді

Қ-қозғалыс ағзаны шынықтырады.

Барысы:

М: Құрметті ұстаздар.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдасытырылып отырған «Бақытым да, байлығым да-денсаулығым» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер.

Музыка ойналады.Тренинг жасалады.

1-жүргізуші: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың денің сауда.

«Денсаулық-терең байлық» деген сөзді

Құр айтпаған кешегі бабамыз да.

2-жүргізуші: Салауатты өмір салтын біздер қолдаймыз.

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне.

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.



1-жүргізуші

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал ахуалы жақсы болуы тиіс деп атап көрсеткен.

2-жүргізуші

Сол бағдарламаға сай «бақатым да, байлығым да-денсаулығым» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер.Мен сөзімді Сара Назарбаеваның сәби-әрбір отбасының қуанышы, бақыты.Ал денсаулығы мықты сәби-халықтың болашағы, Отанның сенімді тірегі деген екен.

М.Иә, балалар денсаулық ең қасиетті де, құнды жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазына.Сол қазынамызды

Бүгінгі тәрбие сағатымыз 6 бөлімнен тұрады.

І –бөлім «Тазалық -денсаулық кепілі» (Оқушылардың тазалық туралы өлеңдері)

1-оқушы

Жақсы бала құлақ сап

Айтқаныңды ұғады.

Төсегінен тұра сап

Таза ауаға шығады.

2-оқушы

Жақсы бала ол анық

Істемейді шалалық.

Тап-таза боп жуынып,

Алады ол таранып.

3-оқушы

Жаман бала құрысып,

Өз-өзімен ұрысып.

Түске дейін жатады,

Шешесімен ұрысып.

4-оқушы

Аяқ қолың болмай кір,

Тырнағыңды алып жүр.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

Салдыр салақ болмағын

Саусағыңды сормағын.

5-оқушы Сабындаған кезіңде

Ашытады көзіңді

Бала болсаң төзімді

Тап-таза етер өзіңді.

Тазалықтың досы

Сабын деген осы.

6-оқушы

Үстін көрсең кірлеген

Айғыз-айғыз түр деген

Таралмаған шашы да

Барғың келмес қасына

Бара қалсам кетуге

Жиналамын асыға.

7-оқушы Таза бала мұнтаздай

Сүйсінеді қараған

Ұқыпты бала бұл қандай.

Жақсы көрер бар дама.

8-оқушы Сылдырайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолың жу.

Тазалықтың досы,

Су деген осы.

Міне балалар деніміз сау болу үшін таза жүруіміз керек.

Хор: Бұл не?



hello_html_m54e51d67.jpghello_html_m1a3d835c.jpg

ІІ-бөлім «Денсаулық-зор байлық»

Жаңабек бірінші байлық сен үшін не?

Мен үшін бірінші байлық-денсаулық.Денсаулық-зор байлық.Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.

Келесі кезекті оқушыларға берейік

Ахмади: Тіс болмаса асты қалай шайнарсың

Тісті күнде екі рет тазартуды ойларсың

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

Кішкене де ыңғайлы

Тіс щеткасын пайдалан.

Тазалауға болмайды

Щеткасымен басқа адам.

1-оқушы: Есірткі жойылсын

Ішімдік құрысын

Дені сау қазақтың

Ұрпағы көбейсін.

Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейсін

Қазақтың сымбатты.

Ұл қызы көбейсін.

2-оқушы: Денсаулық -ол күлуің

Көңіл күйің жадырай

Денсаулық -ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

3-оқушы Өмір тәтті бал екен

Ұрпағы балғын тал екен

Денсаулық бұл пни де,

Алтыннан да қымбат-ақ екен.

Біз өмірді таңдаймыз

Біз өмір қалаймыз.

Әрқашан бар ынтамен

Салауатты қолдаймыз.

4-оқушы Жас жеткіншек

Өздеріңе айтып кету борышым

Ауырсаң ауыр кеселмен

Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.

ІІІ бөлім

«Менің байлығым» Денсаулық туралы көрініс

Ән: .«Мен қазақ ұлдарына қайран қалам»



hello_html_m6d1e6b5c.png





























Көрініс1. «Байлық пен ақыл»

2.Тіс ауруы

3. «Атасы мен баласы»

Міне балалар денсаулық адамның басты байлығы.Дені сау адам бақытты.

ІҮ-бөлім. «Тәні саудың, жаны сау» Денсаулық, тазалық туралы мақал-мәтелдер.

1-жүргізуші

Салаутты өмір салтын қолдаймыз,

Әдеттен жаман-әманда аулақ болайық.

2-жүргізуші

Өз өмірің өз қолыңда ей жастар

Су ішпеген гүлдей боып солмайық.

1-оқушы 1.Сақ жүрсең, ау жүресің

2.Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

3.Денің сау болса жарлымын деме,

Жолдасың көп болса жалғызбын деме.

2-оқушы Тыста ұзақ жүргенің

Ұзақ өмір сүргенің.

2.Тазалық саулық негізі.

Саулық байлық негізі.

3.Дәрі шөптен шығады,

Дана көптен шығады.

3-оқушы 1.Жалқаулық жаман ауру.

2.Жан ауырса тән азады.

Қайғы басса жан азады.

3.Ауырып ем іздегенше

Ауырмайтын жол ізде.

4-оқушы 1.Темекі тартып ерікпе,

Өкпеңді алар демікпе.

2.Ұзартқың келсе ғұмырды,

Таста арақ пен шылымды.

3.Шылымды жерге тастама

Айналаңды ластама.

Ү-бөлім

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»

Пайдалы жарнамалар

Лимон: Лимон қосылған суды «Денсаулық « суы деп атайды.Лимон склероз, анемия, жүрек және жүйке жүйесін жақсартады.Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.Пртық салмақтан арылуға жол береді.Ол үшін 1стақан лимон қосылған суды 3 мәрте қабылдау керек.

Қарақұмық-қарақұмық ботқасы.Оны көпшілігіміз ұната бермейміз.Дегенмен қарақұмық беттегі әжімді кетіреді және терінің жасаңдығын сақтайды.

Қырыққабат- оны адамдар ас ретінде де, ем ретінде де пайдаланады.Қырыққабат қант диабетімен ауыратын адамдарға ұсынады.Шырынымен ангина, жөтел, кезінде, баланың тілі уылғанда шырынымен шайыңыз.

Тіс күтімі-тіс күтімін адамдар 2-3 жастан бастаған жөн.Әр адамның жеке тіс щеткасы болуы қажет.Оны 3-4 ай сайын ауыстырып отыру қажет.Тісіті астан кейін, ертеңгісігн тазалау керек.Ерте заманда адамдар ас тұзымен шайған.

Шаш күтімі-Аттың көркі жалы, қыздың көркі шашы деп шашқа көп көңіл бөлген.Егер шаш майлы болса онда оны 5-6 күнде, ол құрғақ болса 7-10күнде бір рет жуады.басты ыстық сумен жууға болмайды.Бұрын шашты айранмен, қымызбен жуған.Себебі ащы сүт шаштың кірін кетірсе, сүт қышқылы қан айналамын жақсартады.

Шаш қалың және ұзын болып өседі.

1-оқушы Айран сүттен жасалады.Оның денсаулыққа пайдасы зор.Себебі, оның құрамындағы сүт табиғи өнім.»Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып іш.Өзі арзан, өзі дәмді.

Құрт- сиырдың сүтінен жасалады.Оның тіске көп пайдасы бар.Ол тісті қатайтады. «Орбит» сатып алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.

Мынау Денсаулық сабыны.Семей қаласында шығарылады.Бұл сабына денедегі микробтарды жояды.Бетті шаңнан тазартады.

ҮІ-бөлім «Білгенге маржан» Дәрумендер сөйлейді.

1-жүргізуші: Айбат витамин дегеніміз не білесің бе?

2-жүргізуші: Витамин адам ағзасына қажетті зат.Егер адамға витамин жетіспесе ауырып қалады.

1-оқушы- Балалар, дұрыс өсіп, жақсы кқру үшін және тістерің мықты болсын десеңдер А витамині керек.Ол сәбізде, балық етінде, қызанақта кездеседі.

2-оқушы: Сендер мықты болу үшін, болмашы нәрсеге көңілсіз жүрмеу үшін В витамині өте қажет.Оны күріштен, бұршақтан, сыр мен наннан алуға болады.

3-оқушы Егер суық тимесін десеңдер үнемі сергек жүру үшін С витамині қажет.С витамині қарақатта, итмұрында, шиеде, капустада болады.

4-оқушы дәрумендер тірегің

А,В,С,Д,Е -деп аласың

Жетіспесе бірі оның

Ауырып сен қаласың

А қажет көзіңе,

В-жүйкені тоғайтар

С- дан микроб безінер,

Д-сүйекті нығайтар.

М.Міне балалар дәрумендер жетіспесе адам түрлі ауруларға шалдығады.Сондықтан дәрумені мол тағамдар жеу қажет.

5-оқушы

Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадаай сұрақ қойылыпты. «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?».Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та» адамды шын бақытты ете алмайды.Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ.Адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек.Ал денсаулықтың кепілі-салауаттылық.

Көрініс: «Дәрілер айтысы»

1-жүргізуші Ата-анамыз, ұстазымыз.

Бір тілек айтарымыз.

Берекелі заман болсын,

Балаларымыз аман болсын.

2-жүргізуші : Жиырма бірінші ғасырда

Ашық аспан астында.

Денсаулықтарыңыз мықты болсын,

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын.

Бата: Көп ішетін қазақтан сақта,

Ішкіш деген мазақтан сақта!

Ішуден болатын апаттан сақта!

Ішкіштің үйіндегі тозақтан сақта!

Арақтан азбайық!

Темекіден тозбайық!

Осы бір сұмдықты,

Баланың баласына

Құя жүр санасына.

Әумин.

Міне балалар біз денсаулықтың қандай қымбат екенін білдік Денсаулықтың достарымен және қастарымен таныстық.Денсаулықтың қадірін білейік.Деніміз сау болсын.

Тәрбие сағытының соңында денсаулық бұрышымен танстыру.Көрнекіліктермен таныстыру.Тәрбие сағатын аяқтау.



























































Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы 2 класс оқушыларының ІІ тоқсан бойынша білім сапасының көрсеткіштері

Оқушының аты-жөні





































































1

2

3

4

5

Категория: Начальная школа | Добавил: kairasul

Просмотров: 223 | Загрузок: 11

Палеолит

Палеолит дәуірі (ежелгі тас) 05 октября 2014 | 2817 Палеолит дәуірі (ежелгі тас) адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Біздің ілкідегі ата-бабаларымыздың тік жүруге көшуі және қолдарының еңбек ету үшін босауы, алғашқы дөрекі өңделген еңбек құралдарының жасалуы адамзат қоғамының қалыптасуының бастамасы еді. Кейінгі бірнеше мыңжылдықтар дәуірі адамның биологиялық түр ретінде (Homo sapiens) біртіндеп қалыптасу, оның еңбек құралдары мен өмір сүру салтының жетілу, қоғамдық ұйымдасуының үдейі дами түсуінің уақыты болды. Жердің әрқилы түкпірлерінде адамның қалыптасуы мен даму тарихында, оның еңбек қызметінде ұқсастықтар өте көп және олар өзара тығыз байланысты болып келеді. Бұған қарағанда, Қазақстан аумағындағы адам эволюциясын әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі деп қарастыруға болады. Қазіргі кезде біздің арғы бабаларымыздың тұрмыс туралы осы заманғы түсініктер олардың тұрған жерлеріне, адам еңбектерінің қалдықтары - тас құралдарына, оларды жасағанда қалған өндіріс қалдықтарына, жан-жануарлар сүйектері түріндегі тағам қалдықтарына негізделеді. Сондай-ақ, бүгінде даму деңгейі артта қалған деп аталатын халықтар өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де маңызы аз емес. Бұлар ежелгі адамзаттың заттай және рухани мәдениетінің кейбір қырларын мейлінше нақты түсінуге мүмкіндік береді. Бірақ, ең басты ақпаратты алғашқы қоғамның негізгі материалы болып табылатын – тастан жасалған еңбек құралдары береді. Ежелгі адам өзінің дамуында бірінен соң бірі келген бірнеше кезеңдерден өтті. Бұлардың негізінде тасты өңдеу техникасының жетілуі және осыған байланысты еңбек өнімділігінің, заттай және рухани мәдениеттің өсуі жатыр. Ғылымдағы қазіргі классификацияға бойынша, ежелгі тас ғасыры ұзақ-ұзақ үш хронологиялық дәуірлерді: ерте (төменгі), орта және кейінгі (жоғарғы) палеолитті қамтиды. Батыс Еуропа материалдарына негізделген ежелгі палеолит классикалық үлгі бойынша үш кезеңге: ерте - олдувэй, ашель; орта палеолит – кейінгі ашель мен мустье; кейінгі палеолит – ориньяк, солютре мен мадлен болып бөлінеді. Соңғы жылдары бұл үлгіге бірқатар түзетулер енгізілді. Бірқатар авторлар мустье мен кейінгі палеолитті межеге алып, палеолитті ежелгі және кейінгі деп бөледі. Көбінесе Африкадан табылған жаңа мағлұматтар негізінде, дошелльді қамтитын адамзат өмірінің ерте кезі бұл күнде олдувэй дәуірі деп белгіленеді. Төменгі палеолиттің дошелль немесе олдувэй мәдениеті деп аталатын ең ежелгі кезі шамамен 2,5 млн. жылдардан 800 мыңжылдықтарға дейін созылды. Ежелгі палеолиттің кейінгі екі дәуірі – шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (кейінгі ашель мен мустье) б.з.б. 140-40 мыңжылдықтарға жатқызады. Кейінгі палеолит шамамен 40-10 мыңжылдықтарға сай келеді. Ежелгі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасу уақыты өндіргіш күштердің төмен деңгейімен сипатталады. Долбарлы шаруашылық мәні табиғаттан дайын өнім алу: жабайы дәнді-дақылдарды, жемістер мен жидектерді жинау, аңдарды аулау сынды іс-әрекеттерден тұрды. Адамдардың қарым-қатынасы ұжым мүшелерінің экономикалық теңдестігіне, еңбектің табиғи түрде жыныс-жас жағына қарай бөлінуіне қарай құрылды және өзіндік бір сипаты жағынан ұжымшылдықта болды. Адамдардың палеолит дәуіріндегі қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі - бірігіп қорғану мен шабуылдау, аң аулау мен терімшілікпен айналысу үшін құрылған – тобыр болды.



Мәнжазба











Пәні Қазақстан тарихы



























Орындаған Жангелді Алтай





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-023476
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>