Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / "Бақытым - өз қолымда" ашық тәрбие сағаты

"Бақытым - өз қолымда" ашық тәрбие сағаты

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: Тәрбие сағаты

Сынып жетекші: Сейпулла Айымгүл Қайратқызы

Сыныбы: 9 б

Сабақтың тақырыбы: «Бақытың - өз қолыңда!» 

Сабақтың мақсаты: «Бақыт», «қуаныш», «сүйіспеншілік» құндылықтарының мағынасын түсінік беру, оқушылардың ойын ұштап, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Отанының патриот азаматы болуға, еліне, халқына деген сүйіспеншілігін ояту. 

Көрнекі құралдар: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, сурет көрмесі, слайд. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі – оқушылармен амандасу, түгендеу

назарларын аудару «Ән ұран орындалады»

1. Психологиялық дайындық 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Балалар, мейірімділік тақырыбында суреттер салып келуге берген болатынмын. Орындап келдіңіздер ме?

  • Мейірімділік тақырыбында эссе жазып келуге берген болатынмын, орындадық па?

(оқушылардан үй тапсырмасы сұралады)


ІІІ. Қызығушылығын ояту.

  • «Бақыт» дегенді сөзді қалай түсінесіздер?

  • Бақытты болу үшін не істеу керек деп ойлайсыздар?

(балардың өз ойлары тыңдалады, мұғалім қорытындылап шығады)

ІV. Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі: І. Әр адам өз өмірінің бақытты болуын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рақатқа бөленеді. Сол себепті де арман – тілегі орындалған адамның бойына өмірге деген құштарлық пен сүйіспеншілік мол болады. Әр ісінің нәтижесінде қуана білген адамның бағы арта түседі. Бағы жанған адам таусылмас дәулетке, зор байлыққа кенеліп, сәнді де мәнді ғұмыр кешеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады.

Адамдар арасындағы қарым – қатынас шынайы сыйластыққа құрылуы керек. Кейбір пейілі тар, ниеті жаман адамдар өзгенің бақытын көре алмайды. Қызғаныш пен бәсеке жүрген жерде өзімшілдік басым болады. Сондықтан бақталастықтан сақ болу керек. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен әрбір батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді.

Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез – құлқын, іс – әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында. (Әл Фараби)

Бақыт дегеніміз ...

Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп панданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа панданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес...

Бақыт дегеніміз - өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенінше өз заманын түсіне білу, өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілімен адал қызмет істей білу. Өмірде кедір – бұдыр толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Олардан именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін қоғам алдында адал ақтай білумен білетін бақыт. Өз қамын ойлағандар толып жатыр. Олардың онысы жай әурешілік.

Біреу бақытты оттан, біреу судан табады. Күйем – ау, тереңге батып кетем – ау қорықпастан барады.

Ар – намысты қорғау – бақыттың шыңы. Қиыншылдықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындып шығу – ол да бақыттың шыңы. Жеңсең – бақыт.

V. Бақытың өз қолыңда

Бір мүгедек қайыршы жігіт болыпты. Оң қолы иығынан жоқ екен. Сырт киімінің жеңі сол қалпында боп тұрады екен. Бір күні ол бір үйдің есігін қағыпты. Үй ішінен шыққан әйел оған:photo

- Маған көмектесіп анау кірпіштерді үй артына жинасып жіберсеңіз? - депті. Бұл сөзге намыстанып қалған қайыршы:

- Менің қолым жоқ екенін көрмей тұрсыз ба, ақша бергіңіз келмесе мейлі. Тек қорламаңыз бұлай, - дейді.

Әйел үндеместен бір қолын артына ұстап, тек жалғыз қолымен ғана кірпіштерді тасыпты. Мұны көрген қайыршы әлденені түсінгендей, ақырын-ақырын кірпіш тасуға кірісіп кетіпті. Ол барлық кірпішті тасып біткенде қас-қарайып, өне бойын қаратер басқан еді.

Әйел оның қолына 5000 теңге қағаз ақша ұстатыпты. Басын иіп рақмет айқан қайыршыға: «Не үшін рақмет айтасыз, бұл сіздің еңбегіңіздің қарымтасы емес пе?!» депті әйел.

Арада біраз жылдар өткен соң, әлгі үйдің есігінің алдына қымбат бағалы әйгілі автокөлік келіп тоқтайды. Ішінен қара көзілдірік киген, салауатты да салмақты еңгезердей жігіт түсіп келе жатты. Оның оң қолы иығынан жоқ еді. Ол баяғысындай әдеппен есік қақты. Үй ішінен шыққан әйел оны бірден тани қоймады.

- Мен сізге тұңғыш рет жалданып жұмыс істеген мүгедек «қайыршымын». Сіз болмағанда мен бұл күнге жетпес ем. Сізді отбасыңызбен қалаға көшіріп әкетуге келдім. Әуелі үй де алып қойдым, - дейді жігіт. Кішіпейілділікпен бұл ұсыныстан бас тартқан әйел сонда:

- Ол үйді екі қолы да жоқ жандарға тарту еткенім болсын, - депті.

Бұл шағын әңгіме тағдырды өзгерту өз қолыңызда екенін білдіреді. Бәріміздің де қол-аяғымыз бүтін, басымыз аман. Тек талпыныс пен сенім тек қана жеңіске жетелейді.

Әйгілі милиардер Билл Гейтс «Өмірде бақытсыздықтан ешқайда қашып құтылмайсың. Бірақ, бір білерім – ол ерте ме кеш пе, өтеді де кетеді. Уақыт сол күндерден қалған жараны өзі емдейді. Сол үшін де «Бұл қиындық емес. Мен сөзсіз жеңе аламын» деген сөзді үнемі қайталап тұр. Және ешқашан өкінбес үшін орныңнан тұр да, істеуге тиісті ісіңе дәл қазір кіріс» дейді.

Өз өміріңде жасаған әрбір талғам тағдырымызға адам мөлшерлеп жете алмастай әсер етуі мүмкін. Ертеңгі бақытың дәл қазіргі шешіміңнен басталуы мүмкін.

  • Бақытты болу дегенді қалай түсінесіздер?

  • Өмірдегі әр қуанышты сәттің мәні неде?

  • Бақытқа жетуі үшін адам не істеуі керек деп ойлайсыз?

  • Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айтуға болады?

(балалардың жауаптары тыңдалып,тәрбиеші қорытындылайды)

  • Дұрыс айтасыздар! Өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.

  • Оқушылар назарларыңызға «Бақыт деген – бақ құсы» өлең жолдарын Ақботаның назарында тындайық.

«Бақыт деген – бақ құсы»

Бақыт жайлы өмірде

Талайлар пікір таласқан.

Шын бақыт, ол адамның

Рухымен ішкі санасқан.

Бақыт деген – денсаулық,

Тіршілігің жарасқан.

Бақыт деген – уақыт

Тағдырыңмен санасқан.

Бақыт деген – адал жар

Көңілге қаяу салмайтын.

Бақыт деген – ұрпағың

Өміріңді жалғайтын.

Бақыт деген – қуаныш

Көңілің көкке жететін.

Бақыт деген – жұбаныш

Барға шүкір ететін.

Бақыт деген – арманың

Қиял қуып өтетін.

Бақыт деген – ақиқат

Иманды жан ететін.

Бақыт деген – тазалық

Тән рақатын табатын.

Бақыт деген – байлығың

Жоқшылықты жабатын.

Бақыт деген – бақ құсы

Сан сынаққа салатын.

Қонғаның да ұшқанын

Білмей өзі қалатын.

VІ. Бақыт деген...

Балалар жайғасып отырады.Үнтаспадан жайлы әуен ойналады. Әр топ оқушылары «БАҚЫТ» тақырыбына жоба жасайды.

  • Қане, балалар бәріміз өзіміздің ең бақытты, ең қуанышты сәттерімізді елестетіп көрейікші. Бәріміздің көңілдеріміз шаттыққа толы, көтеріңкі болсын.

Бақыт деген ...

Бақыт деген – сенің бала күндерің. Бақыт деген – әркімдерде бір арман,

Бақытсыз – ақ бақытты боп жүргенің. Сол арманның шыққан жері құмардан.

Бақытын да, басқасын да білмеуің, Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір –

Бақытсыз – ақ ойнағаның, күлгенің. Бақыт деген жаза алмаған шығармаң.

Бақыт жайлы менің мынау білгенім. Бақыт іздеп, мал бақ, мейлі тас қала,

Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң. Бірақ, балам, мынаны естен тастама:

Бақыты сол – тәрік етіп түндерін, Бақыттысың, бақыт іздеп сорласаң,

Бақыт іздеп азаптанса, кімде – кім. Бақытты боп сорлап жүрген масқара!

Бақытың – мен, бақытым деп біл мені,

Мені білсең, бақытыңды білгенің.

Ал мен үшін ең бақытты күндерім –

Балам, саған бақыт іздеп жүргенім.

VII. Үйге тапсырма

«Бақытты болғым келеді» тақырыбына ой толғау жазып келіңіздер.

VIII. Қорытындылау

  • Бүгінгі сабақта біз бақыт дегеніміз -  ой - арманның орындалуы, қуанышты сәттің көп болуы, біздің әсем тұрағымыз, деніміздің саулығы екенін білдік.






Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров227
Номер материала ДВ-563501
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх