335571
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДошкольное образованиеДругие методич. материалы«Бақытты балалақ шақ» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

«Бақытты балалақ шақ» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

«Бақытты балалақ шақ» фильмі» атты ертеңгілік

Музыка залы ертеңгілікке безендірілген. Интерактивті тақтада ертеңгіліктің аты жазылған.

Ата-аналар, қонақтар, балабақша қызметкерлері музыка залында отырады.

Фанфары ойнайды.

Радиостанциядан хабарлама «Армысыздар, құрметті қонақтар! Сіздерге «Гүлдер» сәбилер-балабақшасындағы «бал-бала »атты радиостанциясы сәлем жолдайды. Кеше Шахтинск қаласының «Гүлдер» сәбилер-балабақшасында «Бақытты балалық шақ» атты фильмнің түсірілімінің 1 бөлімінің аяқталғанын хабарлаймыз. Бүгін сағат 11-де фильмнің презентациясы және фильм түсіріліміне қатысқан актерлермен кездесу болады. Барлығыңызда қатысуға шақырамыз».

Тәрбиешілер ортаға шығады.

1 –тәрбиеші:

Біздің бұл фильм бірнеше айлар бойы түсірілді. Фильм атына сай бақытты балалақ шақ туралы. Қуанышты сәттер де реніштерде, әртүрлі келеңсіз жағдайларды болды. Фильм түсірілімінің 1 бөлімі аяқталды. Фильмнің 2 бөлімін түсіру жалғасады. Бүгін біз кейбір фильмге қатысқан актерлермен актрисаларды шығарып салғалы отырмыз.

2 –тәрбиеші:

Ендеше ортаға фильм түсіріліміне қатысқан барлық актерлер мен актрисаларды шақырамыз.

Залға балалар кіреді.

1 –тәрбиеші: Бүгін балабақшамен қоштасып, мектеп табалдырығын аттайтын балаларымызды ортаға құрметпен шақырайық.

«Аққудай өрнек салған көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле,

Бұралып тал шыбықтай тұла бойы,

Шаттық пен күлкі үйрілді келбетіне»- дей отырып Серикпаева Адияны қарсы аламыз.

2 –тәрбиеші: Үндемей бәрін тыңдырған

Салмақты біздің қызымыз,

Ақылды, дана,сымбатты,

Көркем болып өсіңіз» деп Айбат Назираны қарсы алайық.

1 –тәрбиеші: Іс келгенде алдына

Жан салмайтын ұлымыз

Ер мінезді көрікті,

Исаұлы Мансұрды қарсы алайық.

Балалар ортадан өз орнындарына отырады.

2 –тәрбиеші:

Біздің фильм бұл- бақыт, біздің фильм - күннің нұры деп айтуға болады.. Қойылым кезінде режиссерлер де актерлерде ауысып отырды.Түсірілім барысында жеңісте, жеңілісте бәрі болды. Енді, міне, кейбір түсірілімге қатысқан актерлермен қоштасатын сәт келді.

1 –тәрбиеші:

Сіздерді фильмнен үзінді көруге шақырамыз!

2 –тәрбиеші: Бірінші кадр «Настальгия».

Ортаға 3 бала шығады.(Қолдарында доп,қуыршақ,машина бар)

1- бала: Добым менің домалақ

Тоқтамайсын домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тарелканы сындырдың

Тентек болып кетіпсің

Қоштасамын сенімен.

2-бала: Ойыншығым қуыршақ

Не берсем де жемейді,

Еркелігі соншалық

Көтермесем жүрмейді

Қоштасамын сенімен!

3- бала: Үлкенмін ғой міне, мен

Ойыншықтарды жинаймын,

Машинаға мінер ем,

Кабинаға сыймаймын.

Қоштасамын сенімен.

«Қуыршақ биі»

Адия: Ойыншықты жинаймыз.

Бөбектерге сыйлаймыз

Өнер,білім үйреніп

Білімді ұрпақ боламыз.

Рахмет, сендерге,

Сүйікті біздің ойыншықтар.

Сағынамыз сендерді.

Біз сендерді ұмытпаймыз,

Сендерге біз қол бұлғаймыз- деп қолдарынан жетектеп бишілерді шығарып салады.

1 –тәрбиеші: Екінші кадр «Бақытты балалық шақ»

Назира: Алтыға толып бүгін мен.

Әдепті бала боламын.

Қуантып ата-анамды

Мектепке кетіп барамын.

Еділ: Бақшамызды ұмытпай

Келіп кетіп тұрындар,

Сондай кезде апайлар

Қалады ғой қуанып.

Мансұр: Бақшадағы күндерді

Есімізге сақтаймыз,

Апайлардың еңбегін

Бәрімізде ақтаймыз!

Камилла: Қызық күндер өткіздік,

Балабақша бағында

Көп ойнадық, көп күлдік.

Өтті күндер тамаша.


2 –тәрбиеші: Әртүрлі түстер бақытты балалық шақтың әр күні секілді. Мектепте де күндерің қызыл,жасыл, сары түстерге толы болсын.

Мөлдіреп моншақ шашылды,

Аспан шайдай ашылды,

Көкте қызыл жасылды.

Кемпірқосақ асылды.


«Кемпірқосақ» биі.


1 –тәрбиеші: Келесі кадр «Ғажайып сәт»

Береке: Ертегілер туралы

«Жарптица» биі

2 –тәрбиеші: Келесі кадр «Шақырылмаған қонақ»

(Ортаға 2 болып киінген кейіпкер шығады.)

Екілік: Әрең жеттім ғой мұнда.

1 –тәрбиеші: Сіз кімсіз?

Екілік: Мен екілікпін. Мені өздеріңмен бірге 1 сыныпқа аласыңдар ма?

Балалар: Жоқ.

Екілік: Сумкем мені қалдырмай

Кіргізіп ал ішіңе.

Жалқауларға жайлымын

Жалынбаймын үшіне.

Жалқауларын жалдап алам,

Аңқауларын алдап алам.

Көшпей қалса сыныптан,

Досым үшін менде қалам. Сабақты мүлде оқымаймын. Мен мектептегі ең жақсы бағамын. Балалар менімен дос боласыңдар ма?

1 –тәрбиеші: Менің балаларым мектепте өте жақсы оқиды. Олар сенімен дос болмайды.

Екілік: Жақсы оқиды ? Жақсы оқу үшін білім керек қой, балалар түк білмейтін шығар?

1 –тәрбиеші: Балалардың барлығы білімді.

Екілік: Білімді? Ендеше тексерейін бе? Ал, балалар айтыңдаршы 2+2 қосқанда неше болады?

Екілік: білімді болсаңдар басқа тілде тақпақ айтыңдаршы.

1 бала: Милый садик помни нас,
Вот настало расставание,
Воспитатели родные
Мы уходим в первый класс!

2 бала: Ағылшын тілінде

Екілік: Сонда да сендердің білімді екендеріңе сенбеймін. Енді ойын ойнап көрейікші.

1 –тәрбиеші: Келіңдер балалар, өзіміздің тек өте жақсы баға алатынымызды дәлелдейік.

Ойын «Көңілді бестіктер»

Екілік: Енді менімен дос боласындарма?

Балалар: Жоқ.

Екілік: Ендеше, мен басқа балабақшаларға барайын. Мүмкін сол жақтан дос табармын.

(Екілік сахнадан шығады.)

2 –тәрбиеші: Келесі кадр: «Жұмбақ жасыру»

1 –тәрбиеші: Ата-аналар сіздермен ойын ойнап, жұмбақ шешсек қалай қарайсыздар?

Ортаға балалар шығады.

1 жұмбақ: Тілі барда үні жоқ

Сөйлеп тұрар ішінен

Көзбен шалсам бір рет

Не дегенің түсінем. (кітап)

2- жұмбақ: Алуан түрлі із салғанның өзі еді,

Өзінен де пайдалысы өзегі. (қарындаш)


3- жұмбақ: Бір жорға бар шабысты,

Ақ қағазға жабысты.

Жорғаласа тайпалап,

Келтірер көп табысты. (қалам)


2 –тәрбиеші: Енді, «қолғап» ойынын ойнаймыз. Ортаға 8 адамды шақырамыз, 2 командаға бөлінеміз.

Ойын шарты қолдарыңызға киген қолғаптағы әріптерден сөз құру қажет.

1 –тәрбиеші: Келесі кадр «Достық»

Сабина: Тұрғанымда қысылып,

Медет берген достарым,

Өз жұмысын ысырып.

Көмек берген достарым.

Мөлдір: Жырға сені қосумен

Өтсем деймін досым-ау

Сыйлас болып досыммен

Өмірімде осынау.


Екеуі бірге: Дос болам десең,

Досымды сыйла,қымбаттым

Досыңа сонда,

Досыммен ғана қымбатпын!

«Достар» әні.

2 –тәрбиеші: Қандай фильм болсын жарнама жасалады. Жарнама.

1- бала: Егер сіздерге балабақша керек болса,

«Гүлдер» балабақшасына келіңіздер!

Мұнда бәрі бәрін біледі.

Үйретеді, көрсетеді.

Таптырмайтын бау-бақша

Келіңіздер тамаша!

2- бала: Сіздер осы бақшада

Сурет салып,ән салып

Жапсырасыз,қиясыз

Есептейсіз,сызасыз

Тақпақ айтып,би билеп

Дап-дайын боп шығасыз!

3- бала: Тәртіп сақтап әрқашан

Білімге сен талпынсан!

Бір шаңырақ астында

Тату –тәтті тұрамыз

Бірге ішеміз астыда,

Бірге сайран құрамыз.


1 –тәрбиеші: Келесі кадр «Қайран жастық шақ»

(Балалардың кішкентай күндеріндегі фотолардан слайд көрсетіледі.)

2 –тәрбиеші: Келесі кадр «Қоштасу сәті»

Назира: Талай қызық той өткіздік

Бірақ орны ерекше.

Балабақшамызбен қоштасатын

Бүгінгі күн ерекше.

Адия: Ұмытпаймын ешқашан

Білім нәрін еккенің

Қош қымбатты апайым

Қош менің бау- бақшам!

Мансұр: Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде бойым есейді

Мектепке барам мен енді

Балабақшам қош енді.!

1 –тәрбиеші: Айналайын балалар!

Алдында мектеп –ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерлілер, даналар.

Өтті қызық көп күндер,

Бес жасқа да жеттіндер.

Барасындар мектепке

Бір белестен өттіндер.

Өсті міне бойларын

Өсті ақыл ойларын

Қуанышқа ортақпын.

Құтты болсын тойларын!

«Қоштасу вальсі»

2 –тәрбиеші: Келесі кадр «Алғыс айту»

1 –бала: Қағазға сурет салдырып,

Қарайсыз көз талдырып.

Жақсы ісімді мақтайсыз

Ананы таң қалдырып

Тәрбиеші апайларға

Көп рахмет!

2 –бала: Бөлмеміз әрқашан тап-таза,

Ойыншықтар орнында

Тамақ берген уағында

Рахмет Ләйлә апайға!


3 –бала: Есеп-қисап жүргізетін

Бақшаға кіріс кіргізетін

Гүлнара,Гүлден апайларға. Рахмет!


4 –бала: Сайра апайға мың алғыс

Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып психолог апаймен.


5 –бала: Біріншіге барамыз.

Дәрумен жеп қолынын

Өскен сәби баламыз

Дәрігер Альфия апайға

Алғыс айтып барамыз.Рахмет!


6 –бала: Томпиған тәтті тоқашы

Шебер қолды аспазшы

Тәтті тамақ ұсынған

Гүлзат пенен Құралай ,

Ардақ пенен Жұлдызай апайларға Рахмет!


7 –бала: Ақ төсекте жатқызған

Аппақ жуған сүлгісі

Тиянақты бар ісі

Жамиля апайға рахмет!


8 –бала: Тілімізді түзеген

Тәлім берді жүздеген

Бала болып ойнаған

Логопед Ақшолпан апайға Рахмет!


9 –бала: Бойымызды өсірген

Ойнымызды жүргізген

Би үйреткен көптеген

Қарашаш апайға Рахмет!


10 –бала: Ағылшын тілі біз үшін,
Ана тілмен пара пар.
Үйреткен
Шолпан апайға
Алғысымыз мол айтар!

11 –бала: Ән мен әсем биіңді

Үйретесін жалықпай

Сапқа тұрып,ән салып

Үйренеміз, қаймықпай.

Айгерім апайға Рахмет!


12 –бала: Көздің майын тауысып,

Тігесіз сіз көйлекті,

Киімдермен әдемі

Қуантасыз біздерді.

Тігінші Гүлнара апайға Рахмет!


13 –бала: Бізде мұнда әрдайым

Бәрі,бәрі дап-дайын

Қамымызды ойлаған

Оксана апайға Рахмет!


14 –бала: Әр баланың жағдайын

Ойлап жүрген апайым,

Еңбек еткен тынымсыз

Гүлзайра апайға Рахмет!


Бәрі бірге: Балаларға болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Қош болындар!Ұстаздарым қымбатты!


1 –тәрбиеші: Құттықтау үшін ортаға балабақшамыздың директоры Исина Гульзайра Жеңісқызын шақырамыз.

Ата-аналарға және балаларға грамота және алғыс хат беріледі.

2 –тәрбиеші: Бақшадағы күндерді

Ұмытпа сен ешқашан

Аяқталды осымен

Ертеңгілік бүгінгі.

Қош, балалар сәт сапар

Бақытты бәрін болындар.

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік алыңдар.

1 –тәрбиеші: Міне, біздің фильмде осымен аяқталды.Сіздердің бүгін тамашалағандарыңыз балабақша өміріненде ең қызықты сәттер болатын. Мектепке барған соң 1 қыркүйектен бастап «Мектеп өмірі» атты фильмге түсулеріңізге болады.



Общая информация

Номер материала: ДВ-501952

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Воспитание детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Теория и методика развития дошкольника для организации образовательной деятельности в дошкольных образовательных организациях с учетом ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Образовательные ресурсы системы дошкольной образовательной организации в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени педагога-воспитателя с учетом требований ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Инновационные подходы к организации социально-личностного развития детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Укрепление здоровья детей дошкольного возраста как ценностный приоритет воспитательно-образовательной работы ДОО»
Курс повышения квалификации «Эмоциональные нарушения дошкольного возраста. Технологии индивидуальной коррекционно-развивающей работы»
Курс повышения квалификации «Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе ДОО»
Курс повышения квалификации «Здоровьесберегающие технологии в физическом развитии дошкольников и их применение в условиях ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация развивающей образовательной среды в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Методическое обеспечение дошкольного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Проблемы и перспективы в развитии вариативных форм преемственности между детским садом, школой и системой дополнительного образования»
Курс повышения квалификации «Пальчиковая гимнастика как средство развития речи детей дошкольного возраста»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.