Инфоурок Дошкольное образование КонспектыБала бақыт, бала базар, бала өмір

Бала бақыт, бала базар, бала өмір

Скачать материал

 

Бала бақыт, бала базар, бала өмір.

Балалардың шат үнімен шат өмір. Ата-бабаларымыздың бала тәрбиесі туралы жиған-түйгені ғасырлардан-ғасыр өтіп сұрыпталып, осы күнге дейін өз мәнін жоймаса, келешек ұрпаққа да талай ғасыр азық болары сөзсіз. Кемеңгер ата-әжелеріміз ұрпағына ұсынар ұлағатты баланың ұғымы мен зеректігіне сай санасына құйып отырған: «Батыр бол!»-деп астына шыбықтан ат міңгізсе, «Ақын бол!»-деп құстаңдай оюлы тақия кигізген. Тіпті бесік жырын айта отырып, бөлеулі жатқан нәрестенің өзіне үлкен үміт артқан. Сондай ұлағатты сөздерді естіген баланың қиялы қалайша шарықтамасын, аққанат армандары аспанда қалықтамасын. Әр нәрсеге ақылмен қарайтын аталарымыздың сабырлы ойлары баланы ұдайы төзімділікке, ерінбей еңбек етуге тәрбиелеп отырған.  Әжелеріміз: «Ми жеген мидай былжыр болады, ал желке жеген қыз баланың шашы ұзын болады»- дегенге дәл ертең қолаң бұрымға ие болатындай таласа-тармаса желкені бөлісетінбіз. Сол кездегі ой түбі мидай былжыр болуда емес, кішкентайынан жылы – жұмсаққа үйір болмай, ішер тамағына еңбектенсін деген ақылда, қайсарлыққа, төзімділікке тәрбиелеуде жатқанын, әрі тістің түбі бекитінін ақыл тоқтата келе түсіндік. «Бауыр жесең бауырмал боласың, өкпе жеген өкпешіл болады» дегенді ести отырып, жеуге сүйкімсіз болса да бауыр жеуге талпынатынбыз. Ал сол бауырда қанша пайдалы дәрумендер бары бәрімізге белгілі.

Ауыл балалары жиі еститін: «Көкті жұлма!», «Қолыңды шошайтпа!», «Суға түкірме!», «Босаға керме!»т.б. ырым-тиым сөздерде әдепке бастар әдеттер жетерлік.

Бұрын баланы ауыл болып тәрбиелесе, қазіргі заманда да тәрбие ошақтары аз емес. Бірақ қазіргі бала «айналайыннан» гөрі ақыруды жиі еститін тәрізді. Ата-ана: «Осы бала бақша, мектеп не үйретеді?» десе, балалар бақшасы мен мектеп  «Ата-аналар қайда қарайды?» деп бір-біріне түсінбестікпен қарайтын кездері аз емес. Екі ортада кімнің сөзін сөйлерін білмей жаутаңдап сәби тұрады.  Орыстың психолог маманы Наталья Правдина «Адамның өзіне деген санадан тыс сенімсіз түйсігінен, өзгелерге деген зорлық пен жеккөрушілік пайда болады. Тек әлсіз адам ғана өзгелерді басыну арқылы өзін нығайтады!»-деген пікір айтады. Біз неге бір-бірімізден кінә іздеп баламыздың ойын онға, санасын санға бөлеміз? Онсыз да ойсыздардың от басқан адымының нәтижелері, қаншама ұлдар мен қыздар балалар үйлерінде тәрбиеленуде. Олардың алаңсыз балалығы толықтай мемлекет қамқорлығында десек те, ол ананың «айналайын» деген жалғыз ауыз сөзіне тати ма? Ендеше, сабырсыз мінезімізбен қатігездіктің іргетасын өз қолымызбен құюдан сақтанайық.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бала бақыт, бала базар, бала өмір"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.10.2015 674
    • DOCX 15.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мубаракова Санди Макаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мубаракова Санди Макаровна
    Мубаракова Санди Макаровна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84421
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие ребенка до трех лет: познавательные, коммуникативные и социальные аспекты

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Курс повышения квалификации

Развитие креативности у детей дошкольного возраста (на примере использования разнообразных материалов)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя по реализации программы воспитания в образовательной организации

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 480 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе