Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Бала құқығы-асыл қазына /Құқықтық материалдар жинағы/

Бала құқығы-асыл қазына /Құқықтық материалдар жинағы/


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:










hello_html_m125ee399.png




«Балам бол, басқа бол, бәріне – заң біреу»


Ж. Баласағұн





















Құрастырушы: бастауыш мұғалімі

С.К Кубашева



Редактор: №19 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Дәрібаева













Ақтөбе қаласы.

№19 орта мектебі







hello_html_6bd66508.jpg








«Бала құқығы – асыл қазына»


Ұсыныстық әдебиеттер тізімі









Ақтөбе – 2014




Оқырман назарына!


Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР-ның Конституциясы - барлық Заңдардың негізгі басты құжаты.

Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын 1989 жылы 20-қарашасында «Балалар құқықтары туралы конвенция» қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Конвенция дегеніміз не?

Конвенция – дүниежүзілік құжат. (балалар құқығының мәселелерін шешуге іс-шаралар қабылдауға шақырады. Біздің елімізде баланың негізгі құқықтары мен міндеттері, бала және жанұя, бала және қоғам, бала құқықтарын қорғау, бала тәрбиесіне әсер ету ерекшеліктері қаралған).

Балалар құқықтары туралы халықаралық конвенциядан.

Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігене құқығы бар. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы.

Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Әрбір Қазақстан оқушыларының міндеттері:

1.Әрбір оқушы ҚР-ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға,

2. Басқа адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін сақтауға,

3. Табиғатты қорғауға,

  1. Тарихи мәдени мұраларды

сақтауға міндетті.

Әдебиеттер:

1. Баланың құқығы туралы балалар мен ата-аналарға арналған жаднама (сұрақтар мен жауаптар). Алматы қ. 2001. – 40 б.

2. Жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтары. Кәсіптік метеп, лицей мен колледждердің оқытушыларына арналған әдістемелік құрал.Алматы, 2007. – 154 б (каз, рус).

3. Мен нені білуім қажет!

4.Балықбаев Т.О., Демеуова М.Е., Молдыбаева Ш.Б., т.б. Бала құқықтары және Қазақстан Республикасының заңдары» Балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. – Алматы, 2008. – 116 б. (қаз, рус)

5. Бала құқықтары туралы конвенция.

6. Шетенова Е. «Баланың құқықтары туралы» заңы. // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2009. - № 6. – 33 – 40 б.

7. Шодыр Н. «Сен және сенің құқығын». // Сарыарқа самалы. – 2012. – 6 наурыз. – 3 б.

8. Жұбатова О. Бала құқығы басты назарда болуы тиіс. // Сарыарқа самалы. – 2012. – 28 ақпан. – 10 б.


9. Нұрмақанова Ж. «Өмірге келген сәттен бастап, сен құқы бар адамсың» // Ұлан. – 2011. - № 35. – 1 -3 б.

10. Ақытегі Н.Балалар бақытты болуға лайық! // Сарыарқа самалы. – 2011. – 29 қараша. – 1 б.

11. «ХХІ ғасырдың балалары: мемлекеттің және қоғамның өміріне қатысуы» атты ІІ республикалық балалар саммиті өтті.

12.Байби Е. Өз құқығыңды білсің бе?// Ұлан. - 2010. -№ 34. – 1 б.

13. Жиенбаева С. Балаға құқықтық тәрбие беру. // Отбасы және балабақша. – 2009. - № 5. – 8 – 9 б.

14. Курашова З.Өз құқығынды білесің бе? // Бастауыш мектеп. – 2009. - № 1. – 59 б.

15. Нұрданбек Қ.Құқығынды қорғай біл. // Ұлан. – 2008. – 23 қыркүйек. – 2 б.

16. Нуршат Т. Мектептегі құқықтық білім. // Ұлан. – 2008. – 26 тамыз. – 2 б.

17. Жарықбаева Д. Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы рөлі мен маңызы. // Бастауыш мектеп. – 2007. - № 7. – 21 – 23 б.

18. Разак Қ. Юнисеф – балалардың құқығын қорғайды. - // Ұлан. – 2007. – 27 қараша. – 3 б.






















Құқық - әділет пен

парасат жолы

























Құрастырушы: бастауыш мұғалімі

С.К Кубашева



Редактор: №19 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Дәрібаева



















Ақтөбе қаласы.

№19 орта мектебі







hello_html_6ead7517.jpg











Құқықтық сауаттылық – заман талабы


Ұсыныстық әдебиеттер тізімі





Ақтөбе 2014




Оқырман назарына!


Адам құқықтарын пайдалана

отырып қана толыққанды

өмір сүре алады.

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттік, оның ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары

Әр адам өзі өмір сүрген ортада қоғамның бір мүшесі болып саналады. Адам құқығын қорғайтын заң - Ата заң болып табылады.

Әрбір азамат өзінің әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білу керек, бірақ оны жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.

Адам құқықтары жайлы құжат, яғни «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ-ның шешімімен қабылданды.

Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтар пайдаланып ғана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.

ҚР-ның азаматтарының міндеттері:

  1. Заңдарға бағыну

  2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу

  3. Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу

  4. Қаржы, салықты төлеу

  5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау

  6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау

  7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы орындауы

  8. Орта мектеп білімін алу

  9. Қазақстан Республикасын қорғау.


Әдебиеттер:

1.Ақымешова Қ Адамдардың құқықтық мәдениеті. //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2007. - № 8. – 6 – 8 б.

2.Биссембаева Сенің құқығын – менің құқығым. //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2008. - № 1. – 51 б.

3. Қошақаева А. «Құқығынды біл!»

// Мектептегі мерекелер. – 2009. - № 4. – 24 – 25 б.

4. Кобиланов Р. Құқық әлемінде.

//Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2010. - № 4. – 45 – 47 б.

5. Молдабекова С. Құқықтық турнир. // Мектептегі мерекелер. – 2011. - № 9. – 30 – 33 б.

6. Ибраева М. К. Қазақстан Республикасының Ата заңы және құқықтары мен бостандықтары. // Тәрбие жұмысы. – 2007. - № 2. – 4 – 6 б.

7. Мусаева С. Заңды білу – заман талабы. //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2011. - № 6. – 35 – 37 б.

8. Мусина Ш. Заңды білу – заман талабы. // Мектептегі мерекелер. – 2012. - № 1. – 6 – 7 б.

9.Жайманова Ж. Өз заңынды білесің бе? // Тәрбие жұмысы. – 2007. - № 1. – 25 б.

10. Нұрнияз Г. Заңым менің. // Тәрбие жұмысы. – 2009. - № 5. – 9 – 11 б.

11. Сәрсенбекова Г. Ата заң – елдігімнің еңсесі. // Мектептегі мерекелер. – 2011. - № 10.– 7б

12. Сауғабаева Т. Ата заңым – айбыным. // Тәрбие сағаты. – 2010. - № 5. – 16 – 17 б.

13. Ата заң – асқақ мақсат, аппақ үміт. / Мектептегі мерекелер. – 2009. - № 4. – 13 – 14 б.

14. Ата заң – ардақ тұтар айбынымыз. // Тәрбие жұмысы. – 2007. - № 6. – 12 – 13 б.

15. Файзуллаева Ә, Казенас Т, Каширцева Е Сенің құқықтарын. Твой права. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 72 б.

16. Адам құқықтары туралы халықаралық билль. – Алматы, 1998

17. Өзбекұлы С. Абай және адам құқы. – Алматы: «Жеті жарғы», 1995. – 112 б.






















hello_html_m15f1f90a.png





«Баланың жақсысы-қызық, жаманы-күйік» Абай

















Құрастырушы: бастауыш мұғалімі

С.К Кубашева



Редактор: №19 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Дәрібаева






















Ақтөбе қаласы.

№19 орта мектебі





hello_html_5a73c1c6.jpg



Сенің құқығың – менің құқығым

(бала құқығы туралы баптар)













Ақтөбе - 2014

Алғы сөз


Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» заңы № 345-ІІ 2002 жылы 8-тамызда қабылданып, 10 тараудан және 53 баптан тұрады.

Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек, ондай болса біз қандай құқықтарымыз бар екенін көрейік.

10-бап

1. Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.

2. Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оның тәнін және жанын жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден, баланы қылмыстық әрекеттерге және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, оның құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлеріне қорғауды жүзеге асырады.

3. 9-бап

Әрбір бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты және азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқылы. Тегіне, нәсіліне, қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне, денсаулығына, ата-анасына қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан барлық бала тең құқыққа ие.

11 – бап

Әрбір бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, өзінің қоғамдық белсенділігін дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

16 - бап

Әрбір бала еңбек құқығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар.

Балалар 14 жастан бастап ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде денмаулығына, дене бітіміне, өсіп-жетілуіне, психикалық жай-күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық еңбекке қатысуға, мамандық алуға құқығы бар.

Баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды немесе еңбек жағдайы қауіпті жұмыстарға қабылдауға тыйым салынады.

Жұмыс істеу оқу үдерісін бұзбауға тиіс.

Өзін өркениетті қоғам деп санайтын кез-келген мемлекет адам мен азамат құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге басты назар аударады. Осының ішіне баланың негізгі құқығы кіреді.

53 – бап

Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-інілерімен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұрыуы баланың құқығына әсер етпейді.

Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әр мемлекеттерде тұрған жағдайда жа баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

54 – бап

Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса ескерілуге міндетті.




















«Заңды білу –

заман талабы»




























Құрастырушы:Бастауыш класс мұғалімі:Кубашева Сима Курмангазиевна















Ақтөбе қаласының №19 орта мектебінің 4ә класс оқушыларына арналған кітапша





hello_html_md04cb3c.jpg










«Құқық дегеніміз не?»


(шағын сұрақ-жауап ойыны)









Ақтөбе-2014





Оқырманға арналған сөз!

hello_html_21f0156d.jpg

Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Н. Назарбаев ҚР-да құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы (21-маусым, 1995 жылы №2347) қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті.

hello_html_78f3afec.jpg


Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың, құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер жиынтығы заң деп аталады. Заң ең жоғары күші бар нормативтік құқықтық акт. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңға негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.


  1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не?

(Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заң арқылы қорғалған тәртіптік шара)

  1. Құқықтың қандай түрлері бар?

Жеке (азаматтық)

Саяси

Экономикалық

Әлеуметтік

Мәдени т.б.)

  1. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?

(Туылғаннан беріледі)

  1. Оларды орындау үшін не қажет?

(Міндеттерін орындау)

  1. Адамның негізгі құқығы

(Өз құқықтарын пайдалану құқығы)

  1. Құқық қашан және қайда пайда болды?

(Азаматтарға құқық керек кезде ол пайда ол пайда болады)

  1. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық деген не?

(Бостандық – бұл таңдау)

8.Бостандықты не шектейді?

(Бостандықты шектеу әр адамның санасына байланысты)



hello_html_mf748d96.jpg
















Адам болам

десеңіз...




























Құрастырушы: Бастауыш класс мұғалімі: Кубашева Сима Курмангазиевна



Редактор: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ж.А.Дәрібаева














Ақтөбе қаласы

№19 орта мектебінің 4ә класс оқушыларына арналған кітапша.






hello_html_m5e2230c3.jpg


Құқық пен заң туралы

ұлағатты сөздер












  1. Тәрбиелі – тәртіптің құлы,

Тәртіпті – елдің ұлы. Б.Момышұлы


  1. Заң адамды бағындырады. Т.Фуллер


  1. Заң адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамзат даналығының ең жоғарғы көрінісі болып табылады.

С.Джонсон


  1. Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды.

Менандр


  1. Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы.

С. Смайлс.


  1. Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан да қатаңырақ.


Сенека


7. Құқықтың ең қас жауы – артықшылық.

М. Эбнер-Эшенбах


8. «Өз мүддесін өзі қолдап, өз есесін өзі түгендеп, атаның алғысын, ананың ақ сүтін ақтай алған перзенттен қатардың азаматы шыға алмақ.

Ә. Кекілбаев


9. «Тәрбиеші тәрбиеленушісін қандай жасағысы келсе, өзі сондай болуы шарт»

В.И.Даль


10. Заң адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамзат даналығының ең жоғары көрінісі болып табылады.

С. Джонсон

11. Құқық дегеніңіз тек идеологиялық бір негіз ғана. Өз құқығыңды қорғап қалуың үшін жеткілікті күш болуы лазым.

Мұстафа Шоқай


12. Заңға, тәртіпке, реттілікке, тұрмыс нормаларына бағына біл.

В.А. Сухомлинский

13. Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды.

Менандр


14. Халық заңды өзінің тірегі, өзін күзететін қабырға – дуал ретінде қорғауға тиіс.

Гераклит


15. Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды.

Б. Момышұлы














Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров213
Номер материала ДВ-344043
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх