Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ

1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРДЫҢ БИРЕСМИ ТҮРДЕГІ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Kіріспеде Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі принциптері және адам құқығына байланысты кейбір пактілер мен декларациялардың негізгі қағидалары атап өтіледі. Онда балалар өздерінің табиғи нәзіктігіне байланысты ерекше қамқорлық пен қорғауды қажет ететіндігі, әсіресе басты қамқорлық пен жауапкершілік от басы иелеріне жүктелетіндігі расталады. Сондай-ақ онда баланы туылғанға дейін және туылғаннан кейін құқықтық және басқалай қорғау қажеттігі, оның туған халқының мәдени құндылықтарын құрметтеу маңыздылығы және бала құқығын қорғау жолында халықаралық ынтымақтастықтың ролі мақұлданады.КіріспеОсы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде бостандықты, әділдікті және бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылады деп есептей отырып, Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің адамның негізгі құқықтарына, жеке адам баласының қадір-қасиеті мен құндылығына деген сенімін қуаттағанын және кең ауқымды бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге бекем бел буғанын назарға ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясында1 және Адам құқықтары туралы халықаралық пактілерде2 жария еткен құқықтар мен бостандықтардың бәріне және әрбір адамның нәсілі, түр-түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге де сенім-нанымдары, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы сияқты белгілері немесе өзге де жағдайлары бойынша қандай да бір айырмасыз ие болуға тиіс екендігіне келіскендігін тани отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқылы екендігін жариялағанын еске ала отырып,отбасына қоғамның негізгі ұясы ретінде және оның барлық мүшелерінің, әсіресе балалардың өсіп-жетілуінің және игілігінің табиғи ортасы ретінде, қоғам шеңберінде өз міндеттерін мойнынатолық ала алатындай қажетті қорғау және жәрдем көрсетілуі тиіс екендігіне кәміл сене отырып,баланың жеке басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат және түсінушілік ахуалында өсуі қажет екендігін тани отырып, бала қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет, төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс деп санай отырып, баланы осындай ерекше қорғауға деген қажеттіліктің 1924 жылғы Бала құқықтарының Женева декларациясында3 және 1959 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблея қабылдаған Бала құқықтары декларациясында қамтылғанын және оның Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 23 және 24-баптарда)2, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 10-бапта)2, сондай-ақ балалардың игілігі мәселесімен айналысушы мамандандырылған мекемелер мен халықаралық ұйымдардың жарғыларында және тиісті құжаттарында танылғанын назарға ала отырып, Бала құқықтарының декларациясында «бала туылғанға дейін, сондай-ақ туылған соң да тиісті құқықтық қорғауды қоса алғанда, оның тәні мен ақыл-есінің жетілмегендігіне байланысты арнайы қорғау мен қамқорлықты қажет етеді»4 деп көрсетілгенін назарға ала отырып, балаларды қорғауға және олардың игілігіне қатысты, әсіресе балаларды ұлттық және халықаралық деңгейлерде тәрбиелеуге және асырап алуға беру кезінде, Әлеуметтік және құқықтық қағидаттар туралы декларацияның ережелеріне5, Біріккен Ұлттар Ұйымының жасы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу жөніндегі («Пекин ережелері»6) Минимальды қалыптық ережелеріне және Төтенше жағдайлар мен қарулы жанжалдар кезінде әйелдер мен балаларды қорғау туралы декларацияның ережелеріне сілтеме жасай отырып, дүниежүзінің барлық елдерінде аса ауыр жағдайларда өмір сүріп жатқан балалар бар екенін және мұндай балалар ерекше көңілбөлуді қажет ететіндігін мойындай отырып, баланы қорғау және оның үйлесімді дамуы үшін әрбір халықтың дәстүрлері мен мәдени құндылықтарының маңыздылығын тиісті түрде ескере отырып, әрбір елде, атап айтқанда, дамушы елдерде балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып, төмендегілер туралы келісті:
І БӨЛІМ

1-бап
Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып
саналады.

2-бап
1. Қатысушы мемлекеттер өздерінің юрисдикциясы шектерінде тұратын әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген, оның ата-анасының немесе қамқоршысының қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан, барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді.2. Қатысушы мемлекеттер баланы кемсітушіліктің немесе баланың, оның ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе отбасының өзге де мүшелерінің мәртебесінің, қызметінің, көзқарасының немесе сенім-нанымдарының негізінде жазалаудың барлық нысандарынан қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды.
3-бап
1. Балаларға қатысты қолданылатын іс-әрекеттердің, оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік немесе жеке мекемелердің, соттардың, әкімшілікнемесе заң шығарушы органдардың қабылдағанына қарамастан, бәрінде де ең бірінші кезекте баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді.2. Қатысушы мемлекеттер заң бойынша бала үшін жауапкершілікті мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатпен барлық тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдайды.3. Қатысушы мемлекеттер балалардың қамқорлығына немесе оларды қорғауға жауапты мекемелердің, қызмет көрсетуші орындар мен органдардың құзыретті органдар белгілегеннормаларға, атап айтқанда қауіпсіздік пен денсаулық сақтау саласында және олардың персоналының саны мен жарамдылығы, сондай-ақ құзыретті қадағалау тұрғысынан да
сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

БАЛА СИПАТТАМАСЫ
18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.

ДИСКРИМИНАЦИЯНЫ, ЯҒНИ ЗОРЛЫҚ- ЗОМБЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ

Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.

БАЛА ҚҰҚЫҒЫН АНАҒҰРЛЫМ ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Балаға қатысты жасалатын барлық іс-әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата-ана, немесе басқа тұлғалар балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.
4-бап
Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияда танылған құқықтарды жүзеге асыру үшін барлық қажетті заң шығарушы, әкімшілік және басқа да шараларды қабылдайды. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарға қатысты қатысушы мемлекеттер мұндай шараларды мүмкіндігінше өздерінде қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, қажет болған жағдайда, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде қабылдайды.
5-бап
Қатысушы мемлекеттер ата-аналардың және тиісті жағдайларда кеңейтілген отбасы немесе қауымдастық мүшелерінің, жергілікті салт-дәстүрімен көзделгендей, қамқоршылардың немесе баланың дамып келе жатқан қабілеттеріне сәйкес және осы Конвенциямен танылған құқықтарды жүзеге асыруда балаға тиісті түрде басшылық жасап және жетекшілік ететін, бала үшін заң бойынша жауапты басқа да адамдардың жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттерін құрметтейді.
6-бап
1. Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өмір сүруге деген ажырамас құқығы бар екенін таниды.2. Қатысушы мемлекеттер барынша мүмкін дәрежеде баланың тірі қалуын және денсаулығының мықты болып өсуін қамтамасыз етеді.
7-бап
1. Бала туылған бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен бастап оның есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар, сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы.2. Қатысушы мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы құқықтардың жүзеге асуын және осы саладағы тиісті халықаралық құжаттарға сәйкес, атап айтқанда, егер өзгеше түрде баланың азаматтығы болмаған жағдайда, өздерінің міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
8-бап
1. Қатысушы мемлекеттер заңмен көзделгеніндей, баланың жеке басының даралығын, бұған азаматтығын, есімін және отбасылық байланыстарын сақтау құқығын қоса алғанда, оған заңсыз араласуға жол бермей, құрметтеуге міндеттенеді.2. Егер бала заңсыз түрде өзінің жеке басының даралығының бір бөлігінен немесе барлық элементтерінен айырылса, қатысушы мемлекеттер оған оның жеке басының даралығын тез арада қалпына келтіру үшін қажетті көмек пен қорғауды қамтамасыз етеді.

ҚҰҚЫҚТЫ ІСКЕ АСЫРУМемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.

ОТ БАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БАЛА ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ.Мемлекет баланың жан-жақты дамып келе жатқан жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата аналар мен кеңейген от басылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.ӨСУ МЕН ДАМУ
Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етугеміндетті.ЕСІМ МЕН АЗАМАТТЫҚ

Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай-ақ азаматтық алуға, және мүмкіндігі барынша, өз ата-анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көругеқұқылы.ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚТЫ САҚТАУМемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердіңқатарына есім, азаматтық және от басылық қарым-қатынас жатады.

9-бап
1. Қатысушы мемлекеттер сот шешіміне сәйкес құзыретті органдар қолданыстағы заңға және рәсімдерге сәйкес баланың ең қажетті мүдделері үшін оны ата-анасынан айыру қажет екендігін анықтаған жағдайларды қоспағанда, баланың өзінің ата-анасымен өздерінің тілегіне қарсы айырылыспауын қамтамасыз етеді. Мұндай анықтама сол немесе өзге бір нақты жағдайда, мысалы, ата-анасы балаға мейрімсіздік танытқан немесе оған қамқорлық жасамаған, не болмаса ата-анасы бөлек тұрып жатқан және баланың тұрып жатқан жеріне қатысты шешім қабылдау қажет болғанда керек болуы мүмкін.2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кез келген іс қарау барысында мүдделі тараптардың бәріне іс қарауға қатысу мүмкіндігі және өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беріледі.3. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының біреуімен немесе екеуінен де айырылысқан баланың құқығын құрметтейді, тұрақты негізде оның ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастарын және тікелей байланыстарын, бұл баланың ең бір қажетті мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, қолдайды.4. Бұлай айыру қатысушы мемлекет қабылдаған қандай да бір шешімнен туындайтын жағдайларда, мысалы, қамауға алынған, түрмеге жабылған, жер аударылған, депортацияланғаннемесе ата-анасының біреуінің не болмаса екеуінің де не баланың қайтыс болған кезінде (бұған осы адамның мемлекет қарауында болған кезіндегі кез келген себептен болған өлімді қоса алғанда) болғанда, мұндай қатысушы мемлекет ата-анаға, балаға немесе, егер қажет болса, отбасының басқа да мүшесіне олардың өтініші бойынша отбасы мүшесінің/мүшелерінің қайжерде жүргеніне қатысты ажетті ақпаратты, егер мұндай ақпарат беру баланың әл-ауқатына нұқсан келтірмейтін болса, беретін болады. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініштің өзі тиісті тұлға/тұлғаларға қатысты жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз етеді.
10-бап
1. Қатысушы мемлекеттердің 9-баптың 1-тармағы бойынша міндеттемелеріне сәйкес отбасымен қосылу мақсатында баланың немесе оның ата-анасының қатысушы мемлекетке келуі немесе одан кетуі туралы өтініштерін қатысушы мемлекеттер оң сипатта, адамгершілік тұрғыда және жедел түрде қарауға тиіс. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініш берудің өтініш берушілер мен олардың отбасы мүшелері үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз етеді.2. Ерекше бір жағдайларды қоспағанда, ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде өмір сүріп жатқн бала тұрақты негізде ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастар және тікелей байланыстар орнатуға құқылы. Осы мақсатта және 9-баптың 2-тармағы бойынша қатысушы мемлекеттердің міндеттемелеріне сәйкес қатысушы мемлекеттер баланың және оның ата-анасының кез келген елден қоныс аударуы, бұған өз елін қоса алғанда, және өз еліне қайта оралу құқығын құрметтейді. Кез келген елден қоныс аудару құқығына қатысты тек қаназаңмен белгіленген және мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті (ordre publiс), халықтың денсаулығын немесе рухани ізгілігін не болмаса басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қажет және осы Конвенциямен танылған басқа да құқықтармен қатар қолданылатын әрі сәйкес келетін шектеулер ғана қолданыста болады.

АТА-АНАДАН АЖЫРАУБала өз мүддесіне қарама-қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата-анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай-ақ бала ата-анасының екеуінен, немесе біреуінен ажыраған жағдайда олармен байланыс жасап тұруға құқылы.

ОТ БАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫБала мен ата-ана от басын біріктіру немесе өзара қарым қатынастарын нығайту мақсатында кез келген елден шығып өз еліне келуге құқылы.
11-бап
1. Қатысушы мемлекеттер балалардың шетелге заңсыз жөнелтілуіне және қайтарылмауына қарсы күрес үшін шаралар қабылдайды.2. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер екі жақты немесе көп жақты келісімдердің жасалуына немесе қолданыстағы келісімдерге қосылуға жәрдемдеседі.
12-бап
1. Қатысушы мемлекеттер өз ой-пікірін жеткізуге қабілетті балаға оған қатысты барлық мәселелер бойынша осы ой-пікірлерді еркін білдіру құқығын қамтамасыз етеді, бұл ретте баланың жасына және өсіп-жетілуіне сәйкес баланың ой-пікіріне тиісті түрде назар аударылады.2. Осы мақсатпен, атап айтқанда, балаға қатысты кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында не тікелей өзі не болмаса өкілі немесе тиісті орган арқылы ұлттық заңнаманыңпроцессуалдық нормаларымен көзделген тәртіпте оны тыңдау мүмкіндігі беріледі.
13-бап
1. Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы; бұл құқыққа шекараларға қарамастан ауызша, жазбаша немесе басылым нысанында, көркемөнер шығармасы нысанында не болмаса баланың өз таңдауы бойынша басқа да құралдардың көмегімен әр түрлі ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және беру еркіндігі кіреді.2. Осы құқықты жүзеге асыру кейбір шектеулерге әкеп соғуы мүмкін, алайда, бұл шектеулер тек заңмен көзделген және:а) басқа да адамдардың құқықтары мен абыройын құрметтеу үшін; немесеә) мемлекеттік қауіпсіздікті немесе қоғамдық тәртіпті (ordre
publiс) не болмаса халықтың рухани ізгілігін қорғау үшінқажет шектеулер ғана болуы мүмкін.
14-бап
1. Қатысушы мемлекеттер баланың ойлау, ар-ұждан және дін бостандығына деген құқығын құрметтейді.2. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының және тиісті жағдайларда заңды қамқоршылардың баланың дамып келе жатқан қабілетіне сәйкес келетін әдісін жүзеге асырудағы балаға басшылық ету құқықтары мен міндеттерін құрметтейді.ЗАҢСЫЗ ОРЫН АЛМАСТЫРУ ЖӘНЕ ОРАЛМАУ

Мемлекет ата-ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.БАЛАНЫҢ КӨЗҚАРАСЫБала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лазым.ПІКІР АЙТУ ЕРКІНДІГІБала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай-ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.ОЙ, АР-НАМЫС ЖӘНЕ ДІН БОСТАНДЫҒЫ

Ата-ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланыңой еркіндігін, ар-ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті.
3. Өз дінін немесе нанымын уағыздау бостандығы заңмен белгіленген және мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың рухани ізгілігі мен денсаулығын қорғау немесе басқа да адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ғана қажетті шектеулерге әкеп соғуы мүмкін.
15-бап
1. Қатысушы мемлекеттер баланың қауымдастыққа бостандық және бейбіт жиналыстарға бостандық құқығын таниды.2. Осы құқықты жүзеге асыруға қатысты заңға сәйкес және демократиялық қоғамда мемлекеттік қауіпсіздік немесе қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп (ordre publiс) мүдделерінде қажетті, халықтың денсаулығы немесе рухани ізгілігін сақтау не болмаса басқа да адамдардың құқықтарымен бостандықтарын қорғау үшін қолданылатын шектеулерден басқа қандай да бір шектеулер қолданылмайды.
16-бап
1. Бірде бір бала оның жеке өміріне, отбасылық өміріне, баспанасына қол сұғылмау немесе хат жазысып-алысу құпиясына не болмаса оның ар-намысы мен абыройына заңсыз араласушылықты болдырмау құқығын жүзеге асыруда ерікті түрде немесе заңсыз араласу объектісі бола алмайды.2. Бала осындай араласу немесе қол сұғушылықтан заңның қорғауына құқылы.
17-бап
Қатысушы мемлекеттер бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін таниды және баланың әр түрлі ұлттық және халықаралық материалдар көзіне, әсіресе баланың әлеуметтік, рухани және моралдық тұрғыдағы рухани ізгілігіне, сондай-ақ тән және психикалық жағынан салауатты дамуына жәрдемдесуге бағытталған материал көздеріне деген бостандығын қамтамасызетеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер:а) бұқаралық ақпарат құралдарының бала үшін әлеуметтік және мәдени тұрғыда және 29-баптың рухында пайдалы ақпараттар мен материалдарды таратуын көтермелейді;ә) әр түрлі мәдени, ұлттық және халықаралық ақпарат көздерінен алынған осындай ақпараттар мен материалдарды даярлау, алмасу және таратуда халықаралық ынтымақтастықты көтермелейді;б) балалар әдебиетін басып шығаруды және таратуды көтермелейді;в) бұқаралық ақпарат құралдарының қайсыбір азшылық тобына немесе жергілікті халыққа тиесілі баланың тілдік қажеттіліктеріне ерекше назар аударуын көтермелейді;г) 13 және 18-баптардың ережелерін ескере отырып, баланың әл- ауқатына залал келтіретін ақпараттардан және материалдардан оны қорғаудың тиісті қағидаттарын әзірлеуді көтермелейді.

АССОЦИАЦИЯ БОСТАНДЫҒЫБала басқа адамдармен кездесуге және aссоциацияларға кіруге, болмаса оны құруға құқылы.

ЖЕКЕ ӨМІР СҮРУ ҚҰҚЫҒЫН САҚТАУБалалар өздерінің жеке, жанұялық және от басылық өміріне қол сұғушылардан, сондай-ақ өзара
хат алмасуларына кедергі болушылардан, және арандатушылардан қорғау құқығына ие.ТИІСТІ АҚПАРАТТАРДЫ АЛУ МҮМКІНДІГІМемлекет балаларға ақпарат алуға және әр түрлі ақпарат көздерінің мәліметтерімен танысуға жағдай жасауға міндетті. Сонымен қатар мемлекет бұқаралық ақпарат құралдарының баланыңәлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін ақпараттар таратуын қолдап қуаттауға, сондай-ақ балаларды зиянды ақпараттардан қорғауы тиіс

.18-бап
1. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының екеуінің де баланың тәрбиесі мен дамуы үшін ортақ және бірдей жауапкершілігін тану қағидаттарын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін күш-жігерлерді қабылдайды. Ата-анасы немесе тиісті жағдайларда заңды қамқоршылары баланың тәрбиесі мен дамуы үшін негізгі жауапкершілікті мойнына алады. Баланың ең қажет мүдделеріолардың негізгі қамқорлығының мәні болып табылады.2. Осы Конвенцияда баяндалған құқықтарды жүзеге асыруға кепілдік беру және жәрдемдесу мақсаттарында қатысушы мемлекеттер ата-аналарға және заңды қамқоршыларға балаларды тәрбиелеу жөніндегі олардың өз міндеттерін орындауына тиісті көмек көрсетеді және балалар мекемелерінің желісін дамытуды қамтамасыз етеді.3. Қатысушы мемлекеттер ата-анасы жұмыс істейтін балалардың оларға күтім жасайтын қызмет орындарын және мекемелерді пайдалану құқығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
19-бап
1. Қатысушы мемлекеттер баланың тәніне жасалатын немесе психологиялық түрдегі зорлық-зомбылықтың, қорлау немесе теріс қылықтардың барлық нысандарынан, қамқорлықтың жоқболуынан немесе немқұрайды қараудан, дөрекі қараудан не болмаса пайдаланудан, ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе балаға қамқорлық жасаушы басқа адамның нәпсіқұмарлық қиянатынан қорғау мақсатында барлық заңды, әкімшілік, әлеуметтік және ағартушы шараларын қабылдайды.2. Мұндай қорғау шаралары, қажет болған жағдайда, балаға және оған қамқорлық жасаушы адамдарға қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік бағдарламаларды жасау үшін, сондай-ақжоғарыда аталғандай балаға мейрімсіздік жасалуына байланысты жағдайлардың алдын алу және анықтау, олар туралы хабарлау, істі қарау, тергеу жүргізу, емдеу және кейін қолданылатын шаралардан басқа да нысандарын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, сот рәсімін қозғау үшін тиісті рәсімдерді қамтиды.

20-бап
1. Отбасы ортасынан уақытша немесе біржола айырылған немесе өзінің ең қажетті мүддесі үшін мұндай ортада қала алмаған бала, мемлекет тарапынан көрсетілетін ерекше қорғау менкөмекті пайдалануға құқылы.2. Қатысушы мемлекеттер осындай баланың күтімін алмастыруды өздерінің ұлттық заңдарына сәйкес қамтамасыз етеді.3. Бұл күтім, ішінара, баланы біреудің тәрбиесіне беруді, ислам заңы бойынша «кафала», асырап алуды, немесе қажет болған жағдайда, балаларға күтім көрсететін тиісті мекемелерге орналастыруды қамтуы мүмкін. Күтімді алмастыру түрлерін қарастырған кезде баланың тәлім-тәрбие сабақтастығын қалауы және оның этникалық тегі, дінге, мәдениетке қатысы және ана тілі тиісті түрде ескерілуге тиіс.АТА-АНАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІАта-ана бала тәрбиелеудің негізгі жауапкершілігін бірге тартады. Ал мемлекет бұл істе олардыбарынша қолдап-қуаттауы керек. Сонымен қатар мемлекет баланы тәрбиелеуде ата-анаға жеткілікті түрде көмек көрсетіп отыруы тиіс.АСЫРА ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ ПЕН ЖАНЫ АШЫМАУШЫЛЫҚТАН САҚТАУМемлекет баланы ата-анасының немесе қамқор болу жауапкершілігін мойнына алған басқа датұлғалар тарапынан жасалған қысым көрсетушіліктің, зорлық-зомбылықтың барлық түріненқорғауға міндетті. Сонымен қатар мемлекет осындай асыра сілтеушілікті болдырмау және
зардап шеккен балаларды емдеу жөніндегі тиісті элеуметтік бағдарламаларды жасауы керек.ОТ БАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН БАЛАНЫ ҚОРҒАУМемлекет жан ұялық ортадан айырылған балаға әлеуметтік қорғау көрсетуге міндетті. Сондай-ақ мемлекет мұндай жағдайда балаға альтернативті, яғни «балама» жан ұялық қамқорлық көрсету, болмаса белгілі бір пәтерді балаларды күтіп қағу мекемесіне айналдыру шарасын қарастыруы тиіс. Мұндай әрекеттер баланың мәдени және ұлттық ортасын ескеруі қажет.
21-бап
Бала асырап алу жүйесі болуын мойындайтын және/немесе оған рұқсат беретін қатысушы мемлекеттер баланың ең қажетті мүдделері бәрінен бұрын ескеріліп отыруын қамтамасыз етеді
және олар:а) бала асырап алудың – қолданылатын заңдар мен рәсімдерге сәйкес және баланың ата-анасы мен заңды қамқоршыларына қатысты мәртебесіне, сондай-ақ, егер қажет болса, мүдделі адамдар қажет болуы мүмкін болатындай консультациялар өткізу негізінде бала асырап алуға өздерінің саналы түрдегі келісімін беруіне байланысты барлық іске қатысты және сенімді ақпараттар негізінде бала асырап алу мүмкін болатынын анықтайтын құзыретті өкіметтің рұқсатымен ғана жүргізілуін қамтамасыз етеді;ә) егер баланы туған елінде біреудің тәрбиесіне беру немесе оны тәрбиелеуді немесе асырап алуды қамтамасыз ететін отбасына орналастыру және лайықты күтімді қамтамасыз етумүмкін болмаған жағдайда, онда баланы басқа елге асырап алуға беруді-балаға күтім берудің баламалы тәсілі ретінде қабылдауға болады деп таниды;б) өз еліндегі асырап алуға қатысты қолданылатын кепілдіктер мен нормалардың бала басқа елге асырап алуға берілген жағдайда да дәл солай қолданылуын қамтамасыз етеді;в) бала өзге бір елде асырап алынған күнде, орналастыруға байланысты адамдардың ақталмаған қаржылық пайда табуына әкеліп соқпауын қамтамасыз ету мақсатында барлық қажеттішаралар қолданылады;г) қажетті жағдайларда, екі жақты және көп жақты уағдаластықтар мен келісімдер жасасу жолымен осы баптың мақсаттарына жетуге жәрдемдеседі және осының негізінде баланы басқаелге орналастыруды құзыретті өкіметтер немесе органдардың жүзеге асыруын қамтамасыз етуге ұмтылыс жасайды.
22-бап
1. Қатысушы мемлекеттер, босқын дәрежесіне ие болғысы келген немесе қолданылып жүрген халықаралық немесе ішкі құқық және рәсімдерге сәйкес босқын болып саналатын балаға, мейлі оны ата-анасы немесе кез келген басқа адам ертіп жүрсе де, немесе оларсыз жүрсе де, осы Конвенцияда және адам құқығы жөніндегі халықаралық басқа да құжаттарда немесе гуманитарлық құжаттарда баян етілген құқықтарды пайдалануда осы құжаттарға қатысушы болып табылатын аталған мемлекеттер тиісті қорғау және гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолданады.2. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер, өздері қажет деп санаған жағдайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының және Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтас құзыретті үкіметаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, мұндай баланы қорғау жөніндегі, оның және кез келген босқын баланың ата-анасын немесе отбасының басқа мүшелерін іздеп табуына, сөйтіп өз отбасымен табысуы үшін қажетті ақпараттарды алуына жәрдемдесу жөніндегі кез келген күш-жігеріне жәрдем көрсетеді. Ата-анасы немесе отбасының басқа да мүшелері табылмаған жағдайда, бұл балаға да осы Конвенцияда қарастырылғандай, әлде бір себеппен өз отбасы ортасынан уақытша немесе біржола айырылған басқа балаларға көрсетілгендей қорғау көрсетіледі.АСЫРАП АЛУБаланы асырап алуға рұқсат етілген мемлекеттерде асырап алу әрекеттері тек баланың мүддесі үшін ғана жасалуы тиіс. Ал бұл үшін тиісті биліктің рұқсатымен қатар баланың өмірі мен құқығының толық сақталуына кепілдік беріліуі керек.БОСҚЫН БАЛАЛАРБосқын балалар, немесе босқын мәртебесін алуға ұмтылған балалар ерекше қорғауға алынуытиіс. Мемлекет балаларды осындай қорғаумен және көмекпен қамтамасыз ететін арнайы
ұжымдармен қарым-қатынас жасауға міндетті.
23-бап
1. Қатысушы мемлекеттер ақыл-есі немесе денсаулығына қатысты жарымжан бала оның қадір-қасиетін қамтамасыз етіп, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесетін жағдайларда толыққанды және лайықты өмір сүруі қажет екенін мойындайды.2. Қатысушы мемлекеттер жарымжан баланың ерекше қамқорлыққа құқылы екенін мойындап, жәрдем сұрап өтініш берген жағдайда және де, егер баланың денсаулығы мен ата-анасы немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететін басқа адамдардың жағдайы өтінішке сәйкес болған күнде бала мен оның қамқоршысына ресурс мүмкіндіктеріне қарай, жәрдемберуді қолдап, қамтамасыз етеді.3. Жарымжан баланың ерекше мұқтаждығы танылып, осы баптың 2-ші тармағына сәйкес, көмек ата-анасының немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететін басқа адамдардың қаржылық ресурстары ескеріліп, мүмкін болғанынша, тегін беріледі және жарымжан баланың білім беру, кәсіби даярлық, медициналық қызмет, денсаулығын қалпына келтіру, еңбек етуге дайындау салаларындағы қызмет көрсетулерге қолы жетуін және баланы мүмкіндігінше, толық, әлеуметтік өмірге тартуға, рухани және мәдени дамуын қамти отырып, тұлғалық іріленуіне септігін тигізетіндей демалу құралдарына қолын жеткізуді мақсат етеді.4. Қатысушы мемлекеттер халықаралық ынтымақтастық рухында профилактикалық денсаулық сақтау және медицина саласында, жарымжан балаларды психологиялық жәнефункционалды емдеу саласына қатысты ақпараттармен алмасуға, соның ішінде, қатысушы мемлекеттердің осы саладағы мүмкіндіктері мен білімін жақсартып, тәжірибесін кеңейту үшін реабилитация, жалпы білім беру және кәсіби даярлық тәсілдері жөніндегі ақпараттарды таратуға және оған қол жеткізуіне ықпал етеді. Осыған байланысты дамушы елдердің сұранысына ерекше көңіл аударылуға тиіс.
24-бап
1. Қатысушы мемлекеттер баланың неғұрлым жетілдірілген денсаулық сақтау жүйелері қызметімен, науқастарынан емдеу мен денсаулығын қалпына келтіру құралдарымен пайдалануқұқығын мойындайды. Қатысушы мемлекеттер бірде-бір бала медицина жүйесінің мұндай қызметіне қол жеткізу құқығынан айырылып қалмауын қамтамасыз етуге ұмтылыс жасайды.2. Қатысушы мемлекеттер осы құқықтың толық жүзеге асуына қол жеткізуге күш салады, соның ішінде:а) нәрестелердің шетінеуі мен бала өлімінің деңгейін төмендету;
ә) алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға баса көңіл аудара отырып, қажетті медициналық жәрдем көрсетуді және барлық балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;МҮГЕДЕК БАЛАЛАРМүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы.

ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУБала нақты түрде қамтамасыз етілген, ең жоғарғы стандарттарға сай медициналық көмек алуға құқылы. Мемлекеттер, әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық көмек, санитарлық насихат және балалар өлімін азайту жұмыстарына баса назар аударуы керек. Олар бұл салада халықаралық ынтымақтастықты барынша қолдап-қуаттауы және ешқандай бала жоғары сапалы
сауықтандыру қызметінен аластатылмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек.б) дертке және ашқұрсақтыққа қарсы күрес, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек шеңберінде, қоршаған ортаның ластану қаупі мен қатерін ескере отырып, оңай қол жететін технологияны пайдалану жолымен барынша құнарлы тағамдарымен және таза ассуымен қамтамасыз ету;в) бала туғанға және босанғаннан кейінгі кезеңдерде аналардың денсаулығын сақтау жөнінде тиісті қызмет көрсету;г) қоғамның барлық топтары, соның ішінде ата-аналар мен балалардың, баланың денсаулығы мен тамақтануы, баланы ана сүтімен емізіп асыраудың артықшылығы, баланы қоршаған ортаның гигиенасы мен тазалығы және келеңсіз оқиғалардан сақтандыру жайлы хабардар болуын, сондай-ақ білім алуға қол жеткізуін және осындай білімді пайдалануына қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;д) профилактикалық медициналық көмек және отбасы мөлшерін жоспарлау саласындағы ағарту жұмыстары мен қызмет көрсетулерді дамыту.3. Қатысушы мемлекеттер баланың денсаулығына теріс ықпал ететін дәстүрлі ем тәжірибесін жою мақсатында кез келген тиімді және қажетті шараларды қабылдайды.4. Қатысушы мемлекеттер осы бапта танылған құқықты толық жүзеге асыруға бірте-бірте қол жеткізу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты ынталандыруға және оны дамытуға міндеттенеді.
25-бап
Қатысушы мемлекеттер құзыретті органдар күтім жасау мақсатында біреудің қамқорлығына берген баланың құқығын мойындайды, оны қорғау немесе денсаулығы немесе психикалықемдеу, балаға берілетін кезендік емдеу бағасы, басқа да балаға қамқорлық жасауға байланысты шарттар туралы құқықты мойындайды.
26-бап
1. Қатысушы мемлекеттер әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, әрбір баланың әлеуметтік қамтамасыз ету игіліктерін пайдалану құқығын таниды және бұл құқықты толық жүзеге асыруға қол жеткізу үшін ұлттық заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылдайды.
2. Бұл игіліктер қажеттігіне қарай баланың және баланы бағуға жауапты адамдардың қолда бар ресурстары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ баланың өзі немесе оның атынан игіліктерді алуға байланысты кез келген әрекеттің мүмкіндіктері ескеріліп беріледі.

ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ТЕКСЕРУ

Арнайы күтім, қорғау немесе емдеу көрсету мақсатында мемлекет арқылы қамқорлыққа бе-рілген бала, мемлекет тарапынан сол қамқорлықтың тұрақты тексеріліп тұруына құқылы.ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУБала әлеуметтік сақтандырумен қоса әлеуметтік қамтамасыз етудің басқа да игіліктерінпайдалануға құқылы.
27-бап
1. Қатысушы мемлекеттер әр баланың дене бітімі, ақыл-есі, рухани, имандылық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір денгейіне құқығын мойындайды.2. Баланы тәрбиелеуші ата-ана (лар) немесе басқа адамдар өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасызетуге негізгі жауапкершілікті алады.3. Қатысушы мемлекеттер ұлттық жағдайларға және өз мүмкіндік шегінде баланы тәрбиелеп отырған ата-ана мен басқа да адамдарға осы құқықты жүзеге асыруға жәрдем көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және қажет болған жағдайда, материалдық жәрдем көрсетіп, түрлі бағдарламаларды, әсіресе тамақтандыру, киім және баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды қолдайды.4. Қатысушы мемлекеттер – қатысушы мемлекеттің өз ішінде де, сондай-ақ шетелде де, бала үшін қаржылық жауапкершілігі бар ата-ана немесе басқа адамдардың баланы бағуды қалпына келтіруін қамтамасыз етуі үшін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Соның ішінде, егер бала үшін қаржылық жауапкершілігі бар адам мен бала әр мемлекетте тұрып жатса, қатысушы мемлекеттер халықаралық келісімдерге қосылуға немесе осындай келісімдерді жасасуға, сондай-ақ тиісті басқа да уағдаластықтарға қол жеткізуге ықпал етеді.
28-бап
1. Қатысушы мемлекеттер баланың білім алу құқығын мойындап, бұл құқықты жүзеге асыруға тең мүмкіндік негізінде біртіндеп қол жеткізу мақсатында, атап айтқанда:а) тегін және міндетті бастауыш білім беруді енгізу;ә) жалпы білім және кәсіби біліммен қатар орта білімнің барлық түрінің дамуын ынталандырып, оған барлық балалардың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді және тегін білім беруді енгізу мен қажет болған жағдайда, қаржылай көмек көрсету сияқты қажетті шараларды қабылдайды;б) әркімнің қабілеті негізінде барлық қажетті құралдар арқылы жоғары білімге баршаның қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді;в) білім беру және кәсіби даярлық салаларына қатысты ақпараттар мен материалдарға барлық баланың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді;г) оқушылардың мектепке тұрақты баруы мен мектепті тастап кетуші оқушылар санын азайту жөнінде шаралар қабылдайды.2. Қатысушы мемлекеттер мектептегі тәртіп баланың адамдық қадір-қасиетін құрметтеуге бағытталған тәсілдер арқылы және осы Конвенцияға сәйкес орнықтырылуын қамтамасыз
ететін шаралардың бәрін қолданады.3. Қатысушы мемлекеттер білімге, соның ішінде бүкіл әлемдегі надандық пен сауатсыздықты жоюға және ғылыми техникалық білімге және қазіргі заманғы оқыту тәсілдеріне қол жеткізудіжеңілдету мақсатындағы мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты қуаттайды және дамытады.ӨМІР ДЕҢГЕЙІӘрбір бала өзінің денелік, ойлық, рухани, және сондай-ақ адамгершілік пен әлеуметтікдамуына лайықты өмір деңгейіне мүдделі және құқылы. Лайықты өмір деңгейін қамтамасыз етудің негізгі жауапкершілігі ата-анаға жүктеледі. Ал мемлекеттің міндеті осы жауапкершіліктіжүзеге асыруға жағдай жасау болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттің міндеті ата-ана
мен балаға материалды көмек көрсетуді де қамтиды.БІЛІМ АЛУБала білім алуға құқылы. Ал міндетті түрдегі алғашқы тегін білім алуды, кез-келгенбала оқи алатын орта білімді қолдауды, және қабілетіне байланысты жоғарғы білім алудықамтатамасыз ету – мемлекеттің міндеті болып табылады. Мектеп бағдарламасы баланың құқығын және ар-намысын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекет осы құқықты іске асыру үшін халықаралық ынтымақтастықты дамытуы керек.
29-бап
1. Қатысушы мемлекеттер білім беру баланың:а) жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға;ә) адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарды құрметтеуге;б) ата-анасын, төл мәдениетінің құндылықтарын, тілін және құндылықтарын, өзі тұрып жатқан мемлекеттің және өзі туған елінің ұлттық құндылықтарын, сондай-ақ басқа өркениеттерді құрмет тұтуға;в) баланы еркін қоғамдағы саналы өмірге түсіністік, бейбітшілік, шыдамдылық, әйел мен ер-азаматтардың құқықтық теңдігі және барлық халықтар, этникалық, ұлттық және діни топтар арасындағы достастық, сондай-ақ жергілікті халықтың өкілдерімен достықта болу рухындадайындауға;
г) қоршаған табиғатты аялауға бағыт беруге тиіс екендігімен келіседі.2. Осы баптың немесе 28-ші баптың ешбір бөлімі, жеке адамдар мен органдардың, осы баптың 1-ші тармағында баян етілген қағидаттар тұрақты сақталған жағдайда, білім беру орындарын құру және басқару еркіндігін шектеу және мұндай оқу орындарында білім беру талаптары мемлекет тарапынан белгіленуге тиісті ең төменгі нормалардың талаптарымен сәйкес болуын орындамау деп пайымдалуы тиіс емес.
30-бап
Этникалық, діни немесе тілі жөнінен немесе жергілікті халық адамдары жөнінен азшылық болған мемлекеттерде, сондай-ақ азшылық топқа немесе жергілікті халыққа жататын бала өз тобының басқа мүшелерімен бірге өз мәдениетін пайдалану, өз дінін тұтынып, оның салт-жораларын ұстану және ана тілінде сөйлеу құқығынан айырылмауға тиіс.
31-бап
1. Қатысушы мемлекеттер баланың тынығуға және мәдени демалуға, өз жас мөлшеріне лайық түрлі ойындар мен көңіл көтеру шараларына қатысуға, мәдени өмірге еркін араласып, өнер мен айналысуға құқығы бар екенін мойындайды.2. Қатысушы мемлекеттер әр баланың мәдени және шығармашылық өмірге жан-жақты қатысу құқығын құрметтеп қолдайды және оның мәдени шығармашылық қызметімен айналасуына, тынығуына, мәдени демалуына тиесілі және тең дәрежелі мүмкіндік туғызуға жәрдемдеседі.БІЛІМ АЛУДЫҢ МАҚСАТЫБілім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек. Білім, баланы азат қоғамдағы ересек әрі белсенді өмірге дайындауы керек. Сондай-ақ ол ата-ананы құрметтеуге, халқының мәдени ерекшелігін, тілін, құндылықтарын, және басқа ұлттардың мәдени салт-дәстүрі мен құндылығын құрметтеуге тәрбиелеуі керек.АЗ ҰЛТТАР МЕН ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ БАЛАЛАРЫ

Аз ұлттың және жергілікті халықтың балалары өз мәдениетін, ана тілін әне өз дінін қолдануғақұқылы.ДЕМАЛЫС, БОС УАҚЫТ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІРБала мәдени және творчествалық, яғни шығармашылық өмірге қатысуға, демалуға және бос уақытқа құқылы.
32-бап
1. Қатысушы мемлекеттер әр баланың экономикалық қанаудан, оның денсаулығына қауіп төндіретін немесе білім алуына кедергі келтіретін немесе денсаулығына зиян, дене бітімінің,ақыл-есінің жетілуіне, рухани және моральдық, әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіретін кез келген жұмыстардан қорғалуға құқығы бар екенін мойындайды.2. Қатысушы мемлекеттер осы бапты жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін заң шығарушылық, әкімшілік және әлеуметтік шаралар, сондай-ақ білім беру саласында шаралар қолданады. Осы мақсатта басқа хаылқаралық құжаттардың тиісті ережелеріне сүйене отырып, қатысушы мемлекеттер ішінара:а) жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жас мөлшерін немесе ең төменгі жастары мөлшерін;ә) жұмыс уақытының ұзақтығы мен еңбек ету жағдайына қажетті талаптарды анықтайды;б) осы баптың тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін жазаның тиісті түрін немесе басқа да санкцияларды қарастырады.
33-бап
Қатысушы мемлекеттер балаларды тиісті халықаралық шарттарда белгіленгендей есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз қабылдаудан қорғау, сондай-ақ осындай заңға қарсы заттарды өндіруге және олардың саудасына балаларды пайдалануға жол бермеу үшін тиісті заң шығарушылық, әкімшілік, әлеуметтік шараларды, сондай-ақ, білім бру саласындағы шараларды қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдайды.
34-бап
Қатысушы мемлекеттер баланы нәпсіқұмарлық қанаудың және нәпсіқұмарлық азғырудың барлық түрінен қорғауға міндеттенеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер, ішінара:а) баланы кез келген нәпсіқұмарлық қатынастарға көндіруге немесе мәжбүр етуге;ә) бала еңбегін жезөкшелік немесе басқа да заңсыз нәпсіқұмарлық тәжірибесіне қанап пайдалану мақсатына;б) бала еңбегін порнография мен порнографиялық басылымдарда қанап пайдалану мақсаттарына жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде барлық қажетті шараларды қабылдайды.БАЛАЛАР ЕҢБЕГІБала өзінің денсаулығына, білімі мен дамуына қауіп төндіретін жұмыс тапсырылған жағдайда
қорғау құқығына ие. Мемлекет жұмысқа алуда бірінші кезекте адамның ең төменгі жас мөлшерімен еңбек жағдайына қатысты талаптарды белгілеуі керек.ЕСІРТКІ ЗАТТАРДЫ ЗАҢСЫЗ ҚОЛДАНУБалалар есірткі және «психотропты» заттарды заңсыз қолданудан, сондай-ақ осындай заттардыөндіру мен сату жұмыстарына тартылудан қорғану құқығына ие.СЕКСУАЛДЫ ҚАНАЛУемлекет баланы жезөкшеліктен, порнографиядан және сексуалды қанау мен зорлаудан қорғауы тиіс.

35-бап
Қатысушы мемлекеттер балаларды ұрлау, бала саудасына немесе балаларды кез келген мақсатпен және кез келген түрде контрабандалау әрекеттеріне жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде шаралар қолданады.
36-бап
Қатысшы мемлекеттер бала әл-ауқаты аспектісіне залал келтіретін қанаудың басқа да барлық нысандарынан қорғайды.
37-бап
Қатысушы мемлекеттер:а) ешбір баланың азапталмауын, немесе оның қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленбеуін немесе жазаланбауын; 18 жасқа толмағанқылмыс жасаған адамдарға өлім жазасы да, түрмеге өмірлік қамауға алу да, босату мүмкіндігін қарастырмайтын жазалар да тағайындалмауын қамтамасыз етеді;ә) ешбір баланың бас бостандығынан заңсыз немесе еріксіз айырмалуын қамтамасыз етеді. Қамауға алу, ұстау немесе түрмеге жабу заңға сәйкес жүргізіледі және соңғы шара ретінде
ғана, неғұрлым тиісті қысқа мерзім ішінде қолданылуды қамтамасыз етеді;б) бас бостандығынан айырылған әр бала өз жасындағылардан талап етулері ескеріле отырып, өз жеке басының ажырамас қадір-қасиеті ретінде адамгершілікті көзқарасты және құрметтеуді пайдаланады. Соның ішінде, бас бостандығынан айырылған бала ересектерден бөлек ұсталуға тиіс, алайда, ішінара оның ең қажетті мүддесі ескеріліп, септігін тигізер деген ниетпен ғана ересектермен бірге ұсталуы мүмкін, сондай-ақ ерекше жағдайтуындамаса өз отбасымен хат
жазысу және жүздесу арқылы байланыс орнатуға құқығын қамтамасыз етеді;в) бас бостандығынан айырылған баланың еш кідіріссіз құқықтық және басқа да тиісті көмекке қол жеткізуге, сондай-ақ сот немесе басқа да құзыретті, тәуелсіз және әділетті органдар алдында өз бас бостандығынан айырылу заңдығына дауласуға құқығын және де олар осындай кез келген іс жүргізу әрекеттерге қатысты шешімін кейінге қалдырмай қабылдауларын талап ету құқығын қамтамасыз етеді;САТУ, КОНТРАБАНДА, ЖӘНЕ ҰРЛАУМемлекеттің негізгі міндеті барлық күш-жігерді балаларды ұрлаудан, сатудан, және олардыконтрабандалаудан сақтауға жұмсау болып табылады.ҚАНАУДЫҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІ

Балалар өздерінің салауатты өміріне зардабын тигізетін және 32, 33, 34 және 35-ші баптардақамтылмаған қанаулардың барлық түрінен қорғануға құқылы.АЗАПТАУ ЖӘНЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУЕшқандай бала зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, жазаға, заңсыз тұтқындалуға және бас бостандығынан айырылу жағдайына ұшырамауы тиіс. 18 жасқа толмаған жеткіншекке
үкім кесу барысында өлім жазасы мен еркіндікке шығу құқығынан толық айырған өмірлік басбостандығынан айыру жазасын қолдануға тыйым салынған. Бас бостандығынан айырылған кез келген бала ересектерден айыру оның мүддесіне қарама-қайшы келмеген жағдайда ғана олардан бөлек ұсталуы тиіс. Қамауға алынған бала құқықтық және басқалай көмек алуға және өзінің жан ұясымен байланыс жасап тұруға құқылы.
38-бап
1. Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде қолданылатын балаларға қатысты халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын құрметтеп, олардың сақталуын қамтамасызетуге міндеттенеді.2. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған балалардың соғыс қимылдарына тікелей қатыспауын қамтамасыз ету үшін қолдан келген шаралардың бәрін қабылдайды.3. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған кез келген баланы өзінің қарулы күштер құрамына шақырмау негіздерін ұстанады. Жасы 15-ке толған, бірақ әлі 18-ге толмаған балаларды әскерге тарту кезінде, қатысушы мемлекеттер олардын ішінен көбіне ересектеулерін алуға тырысады.4. Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде бұқара халыққа қорғау көрсетуге байланысты халықаралық гуманитарлық құқық бойынша өз міндеттемелеріне орай, қарулы қақтығысқа ұшыраған балаларды қорғау мақсатында оларға қамқорлық пен күтім көрсетудін барлық қажетті шараларын қабылдайды.
39-бап
Қатысушы мемлекеттер кез келген кемсітудің, қиянат көрсету мен қанаудың, азаптаудың немесе қадір-қасиетті қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірлеудіңнемесе жазалаудың, сондай-ақ қарулы қақтығыстың құрбаны болған баланың жан-тәні мен психологиясын сауықтыруға, оның әлеуметтік реинтеграциялануына септігін тигізетін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Мұндай сауықтыру мен реинтеграция баланың денсаулығын, өзіне деген құрметті, қадір-қасиетін қамтамасыз ететін жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.
40-бап
1. Қатысушы мемлекеттер қылмыстық заңды бұзды деп саналған, заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған немесе танылған әрбір баланың жас шамасы, оның реинтеграциялануға және қоғамда пайдалы рөл атқаруға ниеті ескеріліп, жеке басының қадір-қасиеттілгі мен маңыздылығына сенім тудыратын, басқа адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарынадеген құрметті арттыратын қатынасқа құқығы бар екендігін мойындайды.2. Осы мақсатта және тиісті халықаралық құжаттардың ережелерін назарға ала отырып, қатысушы мемлекеттер, ішінара:
а) жасаған іс-әрекет немесе әрекетсіздіктің негізінде, егер оларға қылмыс жасалған кезде ұлттық немесе халықаралық құқық бойынша тыйым салынбаған болса, онда ешбір баланың қылмыстық заңды бұзды деп саналмауын, заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталмауын немесе танылмауын қамтамасыз етеді;ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫСТАРҚатысушы мемлекеттер 15 жасқа дейінгі кез келген баланың әскери әрекеттерге қатыспауыүшін мүмкін болған шаралардың барлығын қолдануы тиіс. 15 жасқа толмаған кез келген бала қарулы күштер қатарына қызметке шақырылмауы керек. Мемлекет, халықаралық құқықтың тиістіқағидаларына сәйкес, балаларды қамқорлыққа алуды және әскери қақтығыстардан зардап шеккен балаларды қорғауға алуды қамтамасыз етуі тиіс.ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮТІММемлекет әскери қақтығыстардың, қинаудың, елемеудің, ұрып соғудың, немесе қанаудың құрбаны болған баланың денсаулығын қайта қалпына келтіру және оның әлеуметтік реинтеграциялануы үшін оны қажетті емдік шаралармен қамтамасыз етуі керек.

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЗАҢБҰЗУШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІН ҚОЛДАНУЗаң бұзған бала өзінің ар-намысын, тұлғалығын оятатын және оны дамытатын лайықты ілтипат алуға құқылы. Ол, баланың жасын ескере отырып, оның әлеуметтік қайта қалыптасуына бағытталуы тиіс. Бала соттағы қорғау процесі барысында негізгі кепілдіктерге қол жеткізуге, құқықтық және басқалай көмек алуға құқылы. Мүмкіндігінше сот әрекеті мен түрмеден бойды аулақ ұстаған жөн.ә) қылмыстық заңды бұзды деп саналған немесе заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған әрбір балаға кем дегенде төмендегідей кепілдіктер берілуін қамтамасыз етеді:i) кінәсі заң бойынша дәлелденгенге дейін кінәсіздік презумпциясы;ii) оған қарсы тағылған айып жөнінде жедел түрде және тікелей өзі немесе қажет болған жағдайда ата-аналары не болмаса заңды қамқоршылары арқылы хабардар болуына және өзін қорғау жұмыстарына дайындық жүргізіп, оларды жүзеге асыру үшін құқықтық және басқа да қажет көмекке ие болуы;iii) қаралып жатқан мәселе бойынша құзыретті, тәуелсіз және әділ орган немесе сот органы, заңға сәйкес қорғаушының немесе басқа тиісті адамның, егер бұл баланың жағдайы мен жас мөлшері ескеріліп, баланың қажетті мүддесімен қарама-қайшы келмейтін болса, ата-анасы немесе заңды қамқоршыларының қатысуымен өткен тыңдау кезінде кідіртпей шешім қабылдауы;
iv) куәгерлік жауаптар беруге немесе өзін-өзі кінәлі деп мойындауға мәжбүр етілмеу бостандығын; айыптаушы куәгердің берген жауаптарымен жеке өзі немесе басқа адамдардын көмегімен зерделеуі, қорғау куәгерлерінің тең дәрежеде қатысуы қамтамасыз етіліп, олар берген жауаптарды зерделеуі;v) егер бала қылмыстық заңды бұзды деп саналған болса, осыған орай қабылданған тиісті шешім мен қолданған кез келген шараларды, заң бойынша бір саты жоғары тұрған құзыретті, тәуелсіз және әділ сот органының қайта қарауы;
vi) егер бала, сот жұмысын атқаруда пайдаланылатын тілді түсінбесе немесе сол тілде сөйлей алмаса тілмаштың көмегін ақысыз пайдалануы;
vii) сотта істі қараудың қай сатысында болса да оның жеке басының өміріне құрметпен қарау.3. Қатысушы мемлекеттер қылмыстық заңды бұзды деп саналған немесе қылмыстық заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған немесе танылған балаларға тікелей қатысы бар заңдар
мен рәсімдердің белгіленуіне, органдар мен мекемелердің құрылуына жәрдем көрсетуге тырысады, соның ішінде:а) балалардың ең төменгі, қылмыстық заңды бұзуға қабілетсіз деп саналатын жас мөлшері белгіленуі;ә) қажет болған және қалаған жағдайда, мұндай балалар жөнінде істі соттың қарауына жібермей, адам құқықтары мен құқықтық кепілдіктерді шартты түрде толық сақтай отырып, осындай балалардың өтініштері бойынша шаралар қолданылуы.4. Балаға белгілі мекемелерде көрсетілетін күтімді ауыстыратын, әл-ауқатына жағдайы мен жасаған қылмысына сәйкес қарауды қамтамасыз ету – әр түрлі жұмыс жүргізіліп, шаралар қолданылуын, мысалы, күтім мен қамқорлық көрсету, қадағалау жүргізу жөнінде ережелердің, кеңес беру қызметінің болуын, сынау мерзімі тағайындалуын, тәрбиелеу жұмыстарының оқыту және кәсіби дайындық беру бағдарламаларының болуын қажет етеді.
41-бап
Осы Конвенциядағы ешнәрсе бала құқықтарының жүзеге асырылуына зор үлес қосатын кез келген ережелерді қозғамайды және олар:
а) қатысушы мемлекеттердің заңының; немесеә) осы мемлекетке қатысты атқарылып жатқан халықаралық құқық нормаларының құрамында бола алады.ЕҢ ЖОҒАРҒЫ НОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУЕгер бала құқығына қатысты нормалар, тиісті ұлттық және халықаралық заңдардағы Конвенция бекіткен нормалардан жоғары болса, онда бұл жағдайда ең жоғарғы нормалар қолданылады.
ІІ БӨЛІМ
42-бап
Қатысушы мемлекеттер тиісті және пәрменді құралдарды пайдалана отырып, Конвенцияның қағидаттары мен ережелері жөнінде ересектерді, сондай-ақ балаларды да, кеңінен таныстырып, хабардар етіп отыруға міндеттенеді.
43-бап
1. Осы қабылданған Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттердің міндеттемелерін орындаудағы қол жеткен жетістіктерін қарау мақсатында Бала құқықтары жөніндегі комитет құрылып, ол төмендегі көзделетін функцияларды орындайды.2. Комитет жоғары адамгершілік қасиеттерімен және осы Конвенция қамтитын саладағы біліктілігімен жұртқа танылған он сарапшыдан тұрады. Комитет мүшелерін қатысушымемлекеттер өз азаматтары қатарынан сайлайды және жекелей түрде қатысады, сонымен қатар географиялық әділ бөлінуіне, сондай-ақ басты құқықтық жүйелерге көңіл бөлінеді.3. Комитет мүшелері қатысушы мемлекеттер ұсынған адамдар тізіміне енгізілгендер қатарынан жасырын дауыспен сайланады. Әрбір қатысушы мемлекет өз азаматтары қатарынан бір адамды ұсына алады.4. Комитеттің алғашқы сайлауы осы Конвенция күшіне ену күнінен алты айдан кешіктірмей өткізіледі, бұдан сон-екі жылда бір рет өтеді. Тіпті болмағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы әрбір сайлау күнінен төрт ай бұрын қатысушы мемлекеттерге екі ай ішінде өз кандидатураларын ұсыну жөнінде хат жолдайды. Бұдан соң Бас хатшы қатысушы мемлекеттерді көрсете отырып, олардың ұсынған адамдарын алфавиттік тәртіппен тізімдей отырып, бұл тізімді осы Конвенцияның қатысушы мемлекеттеріне тапсырады.5. Сайлау Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде Бас Хатшының шақыруымен болатын қатысушы мемлекеттердің отырыстарында жүргізіледі. Қатысушы мемлекеттердің үштен екісінің қатысуы кворум болып саналатын осындай отырыстарда, ең көп дауыс алған жәнеқатысып отырғандар санының абсолюттік көпшілік дауысын және дауыс беруге қатыстырылған қатысушы мемлекеттер өкілдері санының басым көпшілік дауысын алған кандидат, Комитет құрамына сайланған болып табылады.6. Комитет мүшелері төртжылдық мерзімге сайланады. Кандидатуралары екінші рет қайта ұсынылған жағдайда, олардың қайта сайлануға құқығы бар. Бірінші сайлауда сайланған бес мүшенің өкілеттік мерзімі екі жылдық кезеңнің аяғында аяқталады; осы бес мүшенің аты-жөнін бірінші сайлаудан кейін, дереу жеребе арқылы отырыстың Төрағасы анықтайды.БҰЛЖЫТПАЙ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ КҮШІНЕ ЕНУ42-54-баптардың негізгі мазмұны мынадай:(i) Мемлекет осы Конвенцияда қамтылған құқықтармен ересектерді де балаларды да кеңінен таныстыруға міндетті.(ii) Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің баяндамаларын талқылау мақсатында құрамында он эксперт бар бала құқығы жөніндегі Комитет құру. Мемлекеттер өз баяндамасын осы Комитетке Конвенцияны қабылдағаннан кейін, яғни ратификациялағаннан кейін екі жылдан соң, кейін, әр бес жыл сайын тапсырып тұруы керек. Ал жалпы Конвенция, оны жиырма мем-лекет ратификациялағаннан кейін күшіне енеді, демек Комитет өз кезегінде осы жиырма мемлекет Конвенцияны ратификациялағаннан кейін құрылады деген сөз.(iii) Қатысушы мемлекеттер өз баяндамаларымен қоғамды кеңінен таныстыруы керек.(iv) Комитет, бала құқығына қатысты нақты мәселелер бойынша арнайы зерттеулер жүргізуді ұсынуы және оның нәтижелерін оған қызығушылық білдірген әрбір қатысушы мемлекеттер мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясына жеткізуі мүмкін.
(v) Конвенцияның ойдағыдай жүзеге асырылуына септігін тигізу және халықаралық ынтымақтастықты қолдау мақсатында БҰҰ-ның мына сияқты арнайы мекемелері - Халықаралық еңбек ұжымы (МОТ), Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Білім, ғылым және
7. Комитеттің қайсыбір мүшесі қайтыс болған немесе жұмысты тастап демалысқа шыққан жағдайда, я болмаса ер немсе әйел адам қандай да бір өзге себеппен Комитет мүшесінің міндеттерін одан әрі орындай алмайтын болса, оны ұсынған қатысушы мемлекет қалған мерзімге Комитет құптаған жағдайында, өз азаматтарының ішінен, басқа сарапшыны тағайындайды.8. Комитет өзінің меншікті рәсім ережелерін белгілейді.9. Комитет өзінің лауазымды тұлғаларын екі жылдық мерзімге сайлайды.10. Комитет сессиялары, әдетінше, Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде, немесе Комитет белгілеген басқа ыңғайлы жерде өтеді. Әдетінше Комитет сессияларын жыл сайын өткізеді. Комитет сессиясының ұзақтығы анықталады және ол қажет деп табылған жағдайда Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің кеңесінде Бас Ассамблея құп көрсе қайта қаралады.11. Комитет өз жұмысын осы Конвенцияға сәйкес тиімді түрде жүзеге асыруы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы қажетті персонал бөліп, материалдық қаражат беріп отырады.12. Осы Конвенцияға сай тағайындалған Комитет мүшелері, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы белгілеген ретпен және шарт бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының қорынын берілетін, Бас Ассамблея бекіткен сыйақы алады.

44-бап
1. Қатысушы мемлекеттер Конвенцияда танылған құқықтардың бекітілуін қалыптастыру бойынша қадағаланған шаралары және осы құқықтарды жүзеге асыру барысында қол жеткізген прогресс туралы баяндамаларын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы арқылы Комитетке:а) тиісті қатысушы мемлекет үшін осы Конвенция күшіне енгеннен кейін екі жыл бойы;
ә) бұдан кейінгі уақытта, әр бес жыл сайын тапсырып отыруға міндеттенеді.2. Осы бапқа сәйкес тапсырылатын баяндамаларда осы Конвенция бойынша міндеттерін орындау дәрежесіне ықпал ететін, әрине егер де олар бар болса, факторлар мен қиындықтар сөз етіледі. Сондай-ақ баяндамаларда Комитет сол елде Конвенцияның іске асып жатқандығын толығымен түсіндіруді қамтамасыз ететін жеткілікті ақпарат болуы тиіс.3. Жан-жақты ең алғашқы баяндамасын Комитетке тапсырған қатысушы мемлекетке осы баптың 1“ә” тармағы бойынша кейін тапсыратын баяндамаларында, ертерек сөз болған негізгі ақпаратты қайталаудың қажеті жоқ.4. Комитет қатысушы мемлекеттерден осы Конвенцияның жүзеге асуына қатысты қосымша ақпаратты сұрата алады. мәдениет мәселесі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) және ЮНИСЕФ, Комитет мәжілісіне қатысуға мүмкіндіктері бар. Олар «құзырлы» деп танылған кезкелген басқа ұйымдармен, сондай-ақ БҰҰ жанында өзінің ақыл-кеңестік мәртебесі бар үкіметтік емес ұйымдармен (НПО) және олардың БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Бас комиссары Басқармасы сияқты органдарымен қосыла отырып Комитетке қажетті мәліметтерді ұсынуы жәнеөз кезегінде Комитеттен Конвенцияның тиімді орындалуына қатысты арнайы сұрау алуы мүмкін.5. Комитеттің қызметі туралы баяндамалар екі жылда бір Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес арқылы Бас Ассамблеяға тапсырылады.6. Қатысушы мемлекеттер өз елдерінде баяндамаларының кеңінен жариялы болуын қамтамасыз етеді.
45-бап
Конвенцияның тиімді түрде жүзеге асуына жәрдем етіп және осы Конвенция қамтитын саладағы халықаралық ынтымақтастықты көтермелеу мақсатында:а) мамандандырылған мекемелер, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа ұйымдары - өз өкілеттілігінің аясына кіретін, осы Конвенцияның ережелерін жүзеге асыру мәселесі қаралғанда оған қатысып отыруға хақысы бар. Комитет өзінің тиісті өкілеттілігі аясындағы салаларда ғана Конвенцияның жүзеге асуына қатысты сарапшылардың қорытындысын өзі дұрыс деп тапқан жағдайда, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға бере алады. Комитет, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да БҰҰ ұйымдарын өзінің қызмет аясына кіретін салаларда Конвенцияның жүзеге асуы жайлы баяндамаларды бере алады;
ә) Комитет, өзі дұрыс деп тапқан жағдайда, техникалық кеңес немесе көмек немесе осындай көмекке мұқтаждық бары көрсетілген, сондай-ақ осы сияқты өтініштер мен нұсқауларға қатысты Комитеттің ескертпелері мен ұсыныстары бар болса сол ескертпелері мен ұсыныстары енген қатысушы мемлекеттердің баяндамларын мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға жібереді.б) Комитет, Бас Ассамблеяға, бала құқықтарына қатысты жеке мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын өзінің атынан Бас Хатшының жүргізуін сұрап ұсыныс жасай алады.в) Комитет, осы Конвенцияның 44 және 45-баптарына сай алынатын ақпараттарға негізделген жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар бере алады. Осы сияқты жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар кез келген мүдделі қатысушы мемлекетке жіберіліп, егер бар бола қалған жағдайда қатысушы мемлекеттердің ескертпелерін оған қоса Бас Ассамблеяға хабарлайды.

ІІІ БӨЛІМ
46-бап
Осы Конвенция барлық мемлекеттердің қол қою үшін ашық.
47-бап
Осы Конвенция ратификациялауға жатады. Ратификациялық грамоталар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.
48-бап
Осы Конвенция кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық. Қосылу туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.
49-бап
1. Осы Конвенция, жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе қосылу туралы құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күнікүшіне енеді.2. Жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе осы Конвенцияға қосылу туралы құжат сақталуға тапсырылғаннан кейін оны ратификациялайтын немесе оған қосылатын әрбір мемлекет үшін осы Конвенция олардың өздерінің ратификациялық грамотасы немесе қосылу туралы құжаты сақталуға тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.
50-бап
1. Кез келген қатысушы мемлекет өзгерту ұсынып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тапсыра алады. Одан кейін Бас хатшы осы ұсыныстарды қарау және олардыдауысқа салу мақсатымен қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақыру қажеттігі жөнінде көзқарастарын білдіруді өтіне отырып, ұсынылған түзетуді қатысушы мемлекеттерге жолдайды. Осы хабар тараған күннен бастап, төрт ай аралығында осындай конференцияның шақырылуынқатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде үштен бірі қолдаса, Бас хатшы конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында өткізеді. Конференцияға қатысып, дауыс берген қатысушы мемлекеттердің көпшілігі қабылдаған кез келген түзету Бас Ассамблеяға бекітуге тапсырылады.2. Осы баптың 1-тармағына сай қабылданған түзету, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекітуі бойынша қатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде үштен екісінің көпшілігі қабылдағаннан кейін күшіне енеді.3. Түзету, күшіне енгеннен кейін, оны қабылдаған мемлекеттер үшін міндетті болады, ал басқа қатысушы мемлекеттер үшін өздері бұрын қабылдаған кез келген түзетулер мен осы Конвенцияның ережелері міндетті болып қала береді.
51-бап
1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы ратификациялау немесе қосылу кезінде мемлекеттер жіберген ескертпелер мәтінін жинап, басқа барлық мемлекеттерге жібереді.2. Осы Конвенцияның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмейтін ескертпеге жол берілмейді.3. Ескертпелер кез келген уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының атына жіберілген тиісті хабарлама арқылы алынып тасталына алады. Бас хатшы бұл жөнінде кейін барлық мемлекеттерді хабардар етеді. Мұндай хабарлама, оны Бас хатшы алған күннен бастап күшіне енеді.
52-бап
Кез келген қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының атына жіберген жазбаша хабарламасы арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады. Күшін жою Бас хатшыныңхабарламаны алғанынан кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.
53-бап
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның депозитарийі болып тағайындалады.
54-бап
Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтінінің мағынасы бірдей осы Конвенцияның түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.
Осыны куәландыру үшін, төменде қолдарын қойған өкілетті өкілдер өздерінің тиісті үкіметтері атынан қажетті түрде алған уәкілеттіктеріне сай осы Конвенцияға қолдарын қойды.


1 217 А (ІІІ) қарар
2 2200 А (ХХІ) қарарға қараңыз, қосымша
3 League of Hations Official Journal, Special Supplement №21, October 1924, 43 б.
4 1386 (Х) қарар, кіріспенің үшінші тармағы
5 41/85 қарар, қосымша
6 40/33 қарар, қосымша
7 3318 (ХХІХ) қарар





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 19.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров5949
Номер материала ДВ-078896
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх