Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Бала тілін тапқан ақын - Музафар Әлімбаев
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Бала тілін тапқан ақын - Музафар Әлімбаев

библиотека
материалов

«Тоқсанға келді Мұзата» атты сынып сағаты туралы ақпарат


Білмесеңдер, балалар,

Біліп алыңдар,

Кәрі де, жас та,

Бала да…жырына құмар

Тоқсанда бүгін Мұзафар аталарың.


Қазақта Мұзафар Әлімбаевты білмейтін жан жоқ. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін десек те, қателеспейтін шығармыз.

Потанин орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары үшін кітапханада аудармашы, әдебиеттанушы, публицист, жерлес ақынымыз Мұзафар Әлімбаевтың 90 жылдығына арналған «Ән өңірінің ұлы» әдеби сағаты өткізілді. Бұл іс шара Облысымыздың 75 жылдық мерей тойының шеңберінде өткізіліп отыр.

   «Ақын Әлімбаев» сұхбатында жүргізуші 1923 жылғы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылында дүниеге келген мерейтой иегерінің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Бүгінде тоқсанға келген Мұзафар аға да – қиындыққа мойымаған, қайта шыңдала түскен ұрпақтың өкілі. Жастай жетімдік пен жоқшылықты көрді, ашаршылықтың ащы дәмін де аяусыз-ақ татты. Жасы жиырмаға жетпей сұм соғысқа аттанды. Ел басына күн туған зұлмат заманды өз көзімен көрді. Мұзафар аға 28 жыл «Балдырған» балалар басылымын басқарды.

3А және 4А сынып оқушылары ақын атамыздың өлеңдерін жатқа оқыса, 2А және 2Б сынып оқушылары ертегілерінен көрініс көрсетіп, көрермендердің қошеметін алды.

Бала біткен Мұзафар атасының мақал-мәтелін майын тамыза айтып, жұмбағын жатқа білетінін көрсетті. «Жұмбақтарын шешейік» атты бөлімде балалар байқампаздық байқатып, ақынның жұмбақтарын және шытырман шарадаларын шешуде тапқырлық көрсетті.

6 сынып оқушылары Жастілек Фатима мен Сагинтаева Дильнура Әлімбаевтың өлеңіне жазылған «Маралдым», 2А сынып оқушылары «Мұғалім ол біздің» әнің орындады. 2Б сынып оқушылары Дильназ, Данайя, Алианна ақынның «Бесік жыры» өлеңіне, ал Бегалимова Жансая «Кел, билейік» өлеңіне тамаша билерін көрсетіп, сыныптастарын қуантты.

Кітапханашы апай ұйымдастырған кітап көрмесіндегі ақынның шығармаларының мазмұнымен таныстырды. «Менің сүйікті ақыным » атты слайд көрсетіліп, оқушылар викториналық сұрақтарға жауап берді. Кеш соңында шашу шашылып, Мұзафар атамыздың ақ батасы оқылды.

Бола білсең, Күндей бол,

Барлық жұртты бірдей көр

Мейіріңді аямай

Жылуыңды бірдей бөл…

Әумин,батаңыз қабыл болсын дей отыра:

Құтты болсын, ата туған күніңіз!

Алдымызда аман-есен жүріңіз,

100 жасқа жетіңіз!- деген жыр жолдарын арнағымыз келеді.


Мектеп кітапханашысы Жабагина Үміт Амирғалиқызы

Қарақала ауылы,Лебяжі ауданы




C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\ШБ доку\Фото библ\SAM_4875.JPG


C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\ШБ доку\Фото библ\SAM_4884.JPG

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\ШБ доку\Фото библ\SAM_4886.JPG C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\ШБ доку\Фото библ\SAM_4888.JPG

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров201
Номер материала ДВ-468038
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх