Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалы«Бала тәрбиесі баршаға ортақ»

«Бала тәрбиесі баршаға ортақ»

Скачать материал

Тәуекел тобындағы балалалардың ата - аналарымен практикалық жұмыс

 

Тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»

Ата-аналармен тренинг - сабақ

 

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру,  ата - анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:  Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.

Тренинг бағдарламасы:

1.     «Танысу» жаттығуы;

2.     Топқа бөлу;

3.     Ой жинақтау;

4.     «Идеалды отбасы» жаттығуы

5.     «Мақтау мен жазалау» жаттығу

6.     «Байлаулы бала» жаттығу

7.      Миға шабуыл. ( сұрақтарға жауап, өз тәжірбиелерімен алмасу)     

8.     Отбасы заңы  = 1 + 2 + 3 + 4

9.     Рефлексия;

10. Қорытынды.

Тренинг барысы:

Психолог сөзі: 

Қайырлы күн!  Құрметті ата-аналар, бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенемін. Тәрбие беру проблемалары жайында әңгімелесетін боламыз. Әуелі танысып алайық... ( барлығы өздерін таныстырып өтеді). Тәрбие беру үрдісін болжап айту қиын.  Біз тәрбие берудің әр түрлі баррикадасында емес, бір топтамыз. Барлығымыз бірлесе жұмыс атқарғанда ғана, жақсы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткіземіз.Бірігіп жұмылғанда, қолымыздан барлығы келеді. сіздермен бірлесе отырып  бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аударуға, оны шешуге,бала жүрегіне жол табуға, оны түсінуге тырсып көрелік.

 Психологиялық дайындық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден. 

 Психолг: Құрметті ата-аналар біз неге шеңберге тұрып, тренингмізді бастадық?

   Шеңбер -бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.

Шеңбер арқылы - бір - бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер - сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» - әріпіне ұқсайды. Ендеше «О» - әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)

       Отбасы- кішкентай адамның  өміріндегі  алғашқы тұрақты ұжым. Тұлғаның қалыптасуында отбасы ең басты роль атқарады. Нақ  отбасында- мінез-құлықтың негізгі сипаттары, оның әдеттері қалыптасады және де баланың қандай болатындығы- отбасы  мүшелері арасындағы –өз ара қарым-қатынасқа  байланысты. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге      болмайтын баспалдақ. Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесініңең алғашқы ұжымы. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты  негізі.Отбасылық өмір көп қырлы, қиындығы, проблемасы жоқ от басы болмайды.Бірақ сонда да идеалды отбасы деген түсінік бар.

Идеалды отбасы- бұл... ( ата-аналардың жауаптары тыңдалады).

Өзгертілген жұмыс. «Аяқталмаған сөйлемдер әдісі» (ата-аналарға сөйлемдер оқылады, олардың жауаптары тыңдалады, қажет болған жағдайда толықтырылады).  Бала қандай болады...

    Егер:

-   Баланы сынап отырса , ол  ... (жек көруді) - үйренеді

-   Бала өшпенділікпен өмір сүрсе, ол...  (агрессивті болуды) үйренеді

-   Бала кінәлап отыруда  өмір сүрсе, ол... (кінәлі адамдай сезініп өмір сүруді) үйренеді.

-  Бала төзімділікте өссе,  ол.... (басқаларды түсінуге) үйренеді.

-  Баланы қолдап отырса,  ол... (басқаларды түсінуге) үйренеді.

-  Баланы келемеждей берсе, ол... (тұйық) үйренеді.

- Бала түсіністікте және ынтымақтасуда өмір сүрсе, ол... (бұл өмірде сүйіспеншілікті табуға) үйренеді.

- Егер де бала мадақтаулар арасында өмір сүріп жатса.....( ол өзгелердің құнын таниды)

 (өзіңіздің айтылған сөздерге қарым-қатынасыңызды айтып беріңіз, өмірден мысалдар келтіріп ойыңызды растаңыз).

Топтық жұмыс: «Мадақтау мен жазалау» жаттығу (ватман мен маркерді дайындау)

Қазір біз ватманды екі бөлікке бөлеміз де, біреуіне өз балаларымызды мадақтайтын, ынталандыратын сөздерді, екінші жағына- ұрсатын сөздерді жазамыз (қай бағанда көп сөз жазылғандығына талдау жасалынады,  ата-аналарға өздері үшін қорытынды жасау ұсынылады....)

Аталмыш жұмыс (плакатта көрсетеді) әңгімелесуге келесі тақырыпты ашады: мадақтау мен жазалау.

Миға шабуыл.( Сұрақтарға жауап, өз тәжірбиелерімен алмасу)          

   Ата-ана болу бұл қуанышты, сонымен бірге көп күш салуды қажет ететін еңбек. Осы жұмысты атқара отырып, біз бірнеше мәрте тығырыққа тірелеміз. Баланы жазалауға болады ма?, Қашан және мұны қалайша жасау керек?, Баланы мадақтаумен бұзуға бола ма?, Баланы не үшін мадақтауға болады?

Сіздердің назарларыңызға  ұсынылатын нақыл сөздермен таныс болыңыздар және осы нақыл сөздер туралы өз ойларыңызды құрыңыздар.

Ұлы адамдардың, халық даналығының ойларымен келісесіз бе әлде жоқ па?

«Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» (қазақ мақалы)

1.  Кім мені мақтаса- сол менің жауым (корей мақалы)

2.  Өзіңді мақтаған адамға сенбе (жапон мақалы)

3.   «Бала өзін жақсы көрген адамды ғана жақсы көре алады. Және де оны тек сүйіспеншілікпен тәрбиелеуге болады» Ф.Э. Дзержинский.

«Балада еркіндік көп болған сайын, жазалау қажеттілігі де соғұрлым аз. Мадақтау көп болған сайын, жазалау соншалықты аз» Я. Корчак

4.  «Қылмыскерді емес, істеген әрекетін кінәла» жапон мақалы.

    «Адамды емес, оның әдеттерін кінәла» фин мақалы.

5.  «Баланы дүре соғумен емес, ұятпен жазала» орыс мақалы.

6.  «Ашумен берілген жаза мақсатына жетпейді. Оған балалар өздеріне емес, салдарына сияқты қарайды» И.Кант.

7. «Аялаумен ала алмаған, қаталдықпен ала алмайды» А.П. Чехов.

Мадақтау. Сіздің балаңыз сізді таңқалдырды деп елестетіңіз. Сіздің жауабыңыз қандай болады? Оған не деп айтасыз? Қалай қолдайсыз?- мысалы жақсы! Ертегідегідей! Сен ғажапсың! ж/е т.б.

Талқылауға тапсырма: Тақтаға ватманға салынған пияздың суреті ілініп, аңыз оқылады.

«Ащы пияз» қазіргі заман аңызы

     Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды.     Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті.   Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдерМенің түйгенім: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.

 Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.

   Анам кіріп келіп:

- Неге жылап тұрсың? – деді.

- Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім

- «Демек, оны аз суарған шығар» деді анам.  Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.

Тапсырма: ватманда бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген. ата - аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым - қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік.....т.с.с. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыруды ұсынады.

Сұрақ метафора: ата - аналарға: егер де отбасында осындай қарым -қатынас пен сезімдер болмаса бала қандай болып өсуі мүмкін?

Бұл жайында сіздердің ойларыңыз? ( ата-аналарға сұрақ)..........талқылау.........

Психолог: ал енді осы өскіншеге жапсырылған  сөздерді алып  тастасақ жуаның өзі ғана қалғандай, шын мәнінде, адам өмірге келгенде әке мен ана деген қасиетті сөздерді бойына сіңіреді. Құрғақшылық, қолайсыздық жағдайлары болғанда, біздің өсімдікті суарып үлгермейміз... Ол өледі.Ендеше, өсіріп отырған жас өскендерімізді мейіріммен, сезімталдықпен, кішіпейілділікпен суғарайық.

Тапсырма: Ал енді осы аңыздан кейін қазіргі заманның отбасылар формуласын құрайық. Әрқайсыңыз өз формулаңызды құрып көріңіздер           ( тәрбие берудегі оң нәтижелерді назарға алу). Жауаптары тыңдалып  отбасында балаға тәрбие берудің құпия заңдары көрсетілген формула ұсынылады: ( плакатта жазылған схема көрсетіледі).

Отбасы заңы  = 1 + 2 + 3 + 4

1 заң-әке мен ананың балаға қоятын талаптарының бірдей болуы

2 заң- бала үшін мақтаудың маңыздылығы

3 заң- отбасы мүшелерінің әрқайсысының еңбекке араласуы

4 заң- ересектер мен балалар арасында материалдық және моральдық игіліктерді теңдей бөлу.

         Егер де осы заңдардың барлығы отбасында орындалып жатса,егер ата-анасы  өмірге сергек әрі сенімді қарайтын баласының достары  болса, демек, бала адам ретінде, тұлға ретінде қалыптасады. Баланың қандай болып өсетіндігі, ересек өмірге қалайша қадам басатындығы сіздер мен біздерге байланысты. Ең бастысы- баланың тұлға болып қалыптасуына ата-анасының сөздері мен күнделікті ескертпелері емес, олардың шынайы іс-әрекеттері мен мінездері зор ықпал ететіндігін есте ұстаған жөн.                                                          

«Байлаулы бала»  жаттығу

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

1.     Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

2.     Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

3.     Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

4.     Балаңыз басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

5.     Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

Кері байланыс:  «Тілек шамы»
Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.

Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, айтып кетулеріңізге болады.

Қорытынды

Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздермен бірге отырып, бала мен ата-ана арасындағы қарым -қатынасты жақсартуға күш салдық. Олардың денсаулығы мықты, көңіл-күйлері көтеріңкі ақылды, мейірімді, еңбекқор болғанын тілейміз.
Сіздерге  айтар түйін сөзім:
Өмір - өзен тасқындап жататұғын,
Тағдыр - кеме, бұлғаққа салатұғын
Адамдар көп әркімнің сөзіне еріп
Бастауынан адасып қалатұғын..
-өмірдегі өз орындарыңызды, бастауларыңызды адаспай тауып, ағымның арнасында бәріміз де шынайы, бек ләззатты сәттерге көп шомылайық! Көрер қызықтарымыз мол болсын! -дей келе бүгінгі  «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты таным-тренинг сабағымыз аяқталды.

Барлықтарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»

Тәуекел тобындағы балалалардың ата - аналарымен психологиялық

тренинг - сабақ

 

 

 

Орындаған: Акшолакова Гульназия Макатовна

Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының

педагог-психологы

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Бала тәрбиесі баршаға ортақ»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 278 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2018 760
    • DOCX 32.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекмаганбетова Гульбану Карабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6405
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Семейная психология

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 273 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 219 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогика и психология в системе специального образования

Преподаватель специального образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Курс повышения квалификации

Преодоление тревожности, застенчивости и страхов у детей в условиях образовательного процесса

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 234 человека

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе