Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыБала тәрбиесіндегі жанұя мен мектеп байланысы

Бала тәрбиесіндегі жанұя мен мектеп байланысы

Скачать материал

 

Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектеп байланысы

 

 

 

«Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты.» Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек иелерін  жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу – ата-ана мен ұстаздың қоғам алдындағы борышы.

Баланың негізгі тәрбиешісі ата-ана екені анық. Бала  тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы -  отбасы. Дүниеге ұрпақ әкеліп, оны өсіріп-бағып, әлпештеп-аялап, керегін тауып беру ғана емес, ата-ана бала тәрбиесі үшін жауапты. Мектеп жасына келіп, бала мектеп табалдырығынан аттаған соң, осы «жауапкершілік түгелімен мұғалімге көшеді» деген ұғым қалыптаспауы керек. Керісінше, баланың Азамат болып қалыптасуына сенімді одақтас табылды деп  қуанған абзал. Мектепте мұғалім жанұяның тәрбиесін толықтырып, үйде ата-ана мектептен алған тәлімді жетілдіріп отырса, ортадағы алтын көпір балаларымыз екі жақты болмай, бірізді, жүйелі тәрбие алары сөзсіз.

Кейбір ата-ана баласын барынша еркелетіп, бар айтқанын қалтқысыз орындап жүріп, өз айтқанын істете алмайтын халге жетеді де, «ертең мектепке барған соң, мұғалім тәрбиелеп береді» немесе «мұғалімге айтып қоямын, сені жақсылап тәртіпке түсіреді» деп мұғалім туралы алдын-ала мүлде теріс пікір қалыптастырып қояды. Сондықтан да мектепке келуден қаймығып, мұғалімді көргенде, жасқанып не анасының шалғайынан жібермей, мектепте қалғысы келмей жылап жататын балаларды кездестіріп жүргеніміз жасырын емес.  Мектеп  туралы қызығушылықтарын оятып, білім нәрімен сусындатар мұғалімі жайлы жағымды пікірлер айтып отыратын жанұяның баласының болашағына деген сенімі артары сөзсіз.

Сенім демекші, бір күні оқушыларға мына бір әңгімеден үзінді айтып бердім: «Мектепте үзіліске шыққан балалар ойнап жүр еді. Бір бала доп алып келіпті. Сынып ішінде алғашында сақ ойнап, допты еденге соғып секіртеді де, қағып алады. Сонан соң ойынға басқа балалар қосылды. Біреуі допты алдымен теуіп қалып еді, екіншісі басқа бір жаққа қарай бағыттады, үшінші бала одан әрі ұзатты, балалар ойынға елігіп алды. Біреуінің қатты тепкен добы терезеге барып тиді. Әйнек сынды. Қоңырау естілді. Сыныпқа қолына доп ұстаған кезекші кірді де:

-                            Әйнекті кім сындырды?- деп сұрады. Бәрі үнсіз. Ешкім мойындар емес. Кезекші:

-                            Мынау кімнің добы?

-                            Менікі.

-                            Үзілісте доппен ойнаған сен бе?

-                            Мен, бірақ доп терезеге тиген кезде, мен ойында жоқ едім.

-                            Онда, доп әкелген саған жауап беруге тура келеді. Ата-анаңды шақырып кел. Кімнің кінәлі екенін сонда анықтаймыз!

Бала үйіне келе жатып: «Мен шындықты қаз-қалпында айтып берсем,ата-анам сенер ме екен, сенбес пе екен?» - деп ойлады...

Әңгімені осы жерден үзіп, әрі қарай не болатынын балалардың өздеріне айтқызып көрдім. Тыңдап отырсам, әр бала өз ата-анасының ойлау тұрғысынан , өзіне деген көзқарас бойынша әңгімелеп жатқаны байқалады.

Әңгімені «ата-анасы сенбейді» деп аяқтаған оқушылардың үйіне қоңырау шалып, баласының бойындағы жақсы  қасиеттерді айтып, мадақтағанымда, таң қалыстарын білдірген ата-аналар кездесті. Сондықтан, мұғалім мен ата-ана баланың тек  қиын тұстарын, сабағының үлгірмейтінін т.с.с. проблемаларды айтып, шағымдану үшін емес, жылт еткен жақсылығы, табысы, ілгерілеушілігі, бойындағы жақсы қасиеттер туралы сұхбаттасып, ол үшін бір-біріне ризашылық сезімдерін айтуға асықса, балалардың бақытты жүзін байқар едік.

Балаға мейірлене қарасаң, ол да сені жанына жақын санап, толық сенімділік білдіреді. Жылы сөз, ұнамды мінез, ыстық мейірім, қуаныш эмоциясы, ашық әңгімелесу арқылы баланың жүрегіне жол тауып, ішкі сырын ашуға болады. Үйде де, мектепте де өзінің проблемалары мен мазалап жүрген сұрақтарына жауап берер жан табылмаса, бала оны сырттан іздейді. Ал ол қандай жан болып кездесері беймәлім. Олай болса, ата-ана мен мұғалім балаларын тыңдай білгені, әр балаға көңіл аударып, уақыт бөле білгені абзал.

Сондай-ақ,, ата-аналар мен мұғалімнің жиі хабарласып, кездесіп, жиналыстарынан қалмай, баланың күнделікті жағдайынан хабардар болу, ата-аналар үшін әңгіме мен лекциялар, мамандар кеңесін ұйымдастыру, түрлі іс шараларды бірігіп өткізу, педагогикалық кеңестерге, сабақтарға қатысу, емтихан комиссиясы жұмысына араласу секілді жұмыстар арқылы мектеп пен отбасы байланысын нығайту бала тәрбиесінде оң нәтижелер берері сөзсіз.

Бұл жұмыстарды ұйымдастырудың формалары да алуан түрлі. Соның бірі – «Балалардың жанұяда қуаныш құшағында дамуы мен тәрбиеленуі» атты ата-аналар жиналысында ата-аналар «Проблемалар ағашынан» сары қағазға жазылған ситуация-жапырақтарды жұлып алып, оны шешудің жолдарын бірлесіп іздеді. Ал кілттерге жазылған «Психолог кеңестерін» ашып оқығанда, ата-аналарымыздың пікірлерімен ұштасып жатты.

Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата – аналармен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата–аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді.

            Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар, отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай, ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда.

Ұстаздардың балаларға мына қағидаларды естеріне салып отырғаны жөн.

 • Ойнауға шақырса бар, шақырмаса ойнауға  рұқсат сұра, бұл ұят  емес;
 • Әділ ойна, өз досыңды сатпа;
 • Біреуді мазалама, сұрақты екі рет қайталама;
 • Ескертулерге ренжіме! Ескертулер үшін мұғаліммен санаспа, көңіліңе алма;
 • Біреуге жала жаппа;
 •Сен қандай болсаң да, ата-ана үшін ең керемет, данышпан, ақылдысың . (Бірақ мұны олар айта бермейді) ;

  • Есте сақта! Сен бәрінен жақсысың, ешкімнен кем емессің; Сен  ата-анаң үшін, өзің үшін, мұғалімдерің үшін, достарың үшін - ең жақсысың.

·                    Өзің де ата-анаңа оны жақсы көретініңді ісіңмен байқатып отыр.

   Бұл ережелерді  ата-аналар көрінетіндей етіп бала бөлмесіне ілсе, өте дұрыс. Мұғалімдер ережелердің іске асу, аспауын бақылауға алуы қажет.

 

Ата-аналарға көмек ретінде:

 Талапты бала өсіргіңіз келсе:
       • Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі  шын  жауап    беріңіз; Сөзбен емес, іспен тәрбиелеңіз;

       • Балаға жоспар құруға көмектесіңіз;
       • Баланың бір нәрсені қалауына, жасап көруіне, қателесуіне кедергі жасамаңыз;
       • Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсетіңіз. Оларға қамқоршы, күтуші керек емес, мейірімді, сенімді дос керек.
       • Достарымен араласуға көмектесіп, қолдаңыз;
        • Балаңызға  басқалардан жамансың деп ешқашан айтпаңыз;
       • Көңіліне тиер сөздермен ұрыспаңыз; Бір нәрсе жайлы ескерту керек болса, тек есіне салатын бір сөз айтсаңыз жеткілікті. Есте сақтаңыз: «мың ақылдан бір сөз тиімд!і»
       • Оны қызықтыратын кітаптар алып беріңіз.  Оған кітап оқып беріңіз;
       • Бала кезінен кітап оқуға үйретіңіз.
       •Әрқашан жылы жүз, әзіл сөз өмірді жеңілдетеді;
       • Қалауын түсіне біліңіз;
       • Баламен жеке араласуға уақыт табыңыз;
       • Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспаңыз;
       • Үлкендермен еркін араласуға үйретіңіз.

·                    Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.

·                    Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

·                    Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.

·                    Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

·                    Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

·                    Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жерде құпиялы әңгімен айтпаңыз.

·                    Балаңызға уәде берсеңіз, орындаңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.

·                    Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұмытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.

·                    Шамамен тыс қатал, керісінше, тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.

Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Қазақта: «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса , есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу керек?» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу - үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп бекер айтпаса керек.

Ата-анаға айтылар ұсыныс:

«Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,

15-ке дейін құлыңдай жұмса,

       15-тен кейін досыңдай сыйла»

                        Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Ал мектеп, ұстаз оны толықтырады.  Ал сол баланы тәрбиелейтін ұстаз қандай болуы тиіс? Осы тұста атақты педагог Шалва Амонашвилидің мына бір әңгімесін назарларыңызға ұсынбақпын: «Жол жиегінде отырған қарт кісі алысқа қарап отырып, бір адамның бала ертіп келе жатқанын көреді. Жақындап келген әлгі кісі қарттан: «Бұл жерде неғып отырсыз?» деді. Сені күтіп отырмын. Саған мына баланың тәрбиесін сеніп тапсырды емес пе? «Солай!» дейді таңқалып мұғалім. Ендеше, мына кеңес әрдайым ойыңда болсын:

·                    Егер ағаш отырғызғың келсе, жеміс ағашын отырғыз!

·                    Егер біреуге ат сыйлағың келсе, сәйгүлік сыйла!

·                    Егер адам тәрбиелеуге бел бусаң, оны қанатты етіп тәрбиеле!

-                            Ал мен өзім ұша алмасам, мұны қалай жасаймын?

-                            Ал сен талаптан!

Жылдар өтті. Қария бұрынғы орнында аспанға қарап отыр. Алда бала ұшып келеді, ал артында - ұстазы. Екеуі де бақытты. Жүздері бал-бұл жанады. Ұстаз қартқа жақындап келіп  мақтанышпен: «Көрдіңіз бе, мен баланы қанатты етіп тәрбиелеп келемін», - деді. Сонда қарт :«Ал маған бәрінен де сенің қанатың ұнап тұр!» -деді.

            Ия, «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп халық бекер айтпайды ғой. Баршаңыздың балаларыңызға шабыттан қанаттанып, балаларды соңына ертіп, биіктерге самғатар қанатты ұстаздар тілеймін.   Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», -дейді. Ендеше сом алтындай ата-аналарымыздың сынықтарындай балаларымыз биік тау бұлағындай ұстаздардың тұнығынан сусындап, ойлы-пайымды, білімді, мәдениетті, ізетті, әдепті, іскер азамат болып өсе берсін!  

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бала тәрбиесіндегі жанұя мен мектеп байланысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 908 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2016 3158
    • DOCX 58 кбайт
    • 22 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есбусинова Ботагоз Кужаковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есбусинова Ботагоз Кужаковна
    Есбусинова Ботагоз Кужаковна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9170
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 142 человека

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 79 человек