Инфоурок Дошкольное образование СтатьиБалабақшада тіл дамыту мәселесі.

Балабақшада тіл дамыту мәселесі.

Скачать материал

Тіл дамыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері

               Тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым.

Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі , оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті,мазмұны бар.

             Әдістеменің басты міндеті – балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс – тәсілдерін жинақтау, жасау. Курстың басты мазмұны баланың ауызекі тілін қалыптастыру, қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.

Тұжырымда бекітілгендей мектеп алды даярлықта білім алу тіл дамыту ана тіліндегі ауызша сөздің дағдыларын, сөздік этикетін бойына сіңіру. Бағдарлама бойынша 2 тілді оқу міндетті.

Тіл дамыту әдістемесі барлық әдістемелер сияқты мына негізгі сұрақтарға жауап береді:

- Немен оқытамыз?

- Қалай оқытамыз?

- Неліктен тура осылай оқыту керек?

         Е.И.Тихеева көрсеткендей, бұл ана тілі оның кедергісіз, жан – жақты дамуы тәрбиенің негізі болып табылады.

Тіл дамыту әдістемесі барлық педагогикалық ғылым сияқты жалпы ғылымға енеді.

Оның методологиялық негізі тіл және ойлауға үйрену болып табылады.

Тіл – басты қарым – қатынас құралы болып табылады. Ойлау – тіл сияқты қалыптасып дамиды. Адамдардың еңбек әрекеті барысында дамиды, қоршаған адамдар мен тұрмысының көрінісі болып табылады.

Тіл дамыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысты, әсіресе тіл туралы ғылымдармен: тіл білімі (тіл білімдері бөлімі – фонетика, орфоэпия, лексикология, грамматика, морфология, синтаксис): психолингвистика. Тіл функциялары туралы білім, тіл білімі және психологияда жасалған.

Әдістеменің басты тараулары:

- байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру

- сөздің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу

- балалардың ауызекі сөзінде сөз қорының және грамматикалық дағдыларының дамуы

- балаларды сауатты оқуға дайындау

- балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.

Тіл дамыту әдістемесі барлық мазмұны іс – жүзінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге арналған.

          Тіл дамыту әдістемесі ғылыми зерттеу әдістері. Ғылыми зерттеу – осы аймақта жаңа теория және іс – тәжірибе енгізу.

Зерттеу:

1) Тарихи жайлар. Өткеннің қорытындыларын осы кезеңде тексеру және бағалау.

2) Тәжірибелік – балабақшада педагогикалық тәжірибе жүргізу.

3) Тәрбиешінің озық тәжірибесін талдап қорыту.

4) Тәрбиешілермен балалармен әңгіме.

5) Құжаттармен танысу.

Мектеп алды даярлықтың мақсаты мен талабы – ақыл – ой дамыту, тіл дамыту және ана тілін таным, оқу және ойлау іс - әрекетінің негізі болып табылады.

Мектепке дейінгі балаларды оқытудағы тіл дамыту мақсаттары:

 1) Әр жас топтарында тіл дамыту бағдарламаға сай орындалуынқадағалау және қамтамасыз ету.

2) Балаларды оқыту мен тәрбиелеуді дұрыс жолға қою.

3) Қызметкерлерге бағыт беру жәнебақылау жасау.

4) Жағдай жасау (медициналық, гигиеналық, профилакториялық).

5) тіл дамыту бойынша озық тәжірибелерді жинақтап қорыту. Педагогикалық жаңа инновациялық техниканы енгізу, педагогикалық өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.

6) Мамандардың дәреже деңгейіне және білім жетілдіруіне сай квалификациясын көтеру.

7) Балабақша мен отбасы арасында өзара педагогикалық білімді насихаттайтын жұмыстар ұйымдастыру. Ата–аналарды жалпы жиналыстарда оқу – тәрбие процестерімен таныстыру

К.Д. Ушинский балаларға ана тілін оқытудың негізін қалаушы.

          19 ғ. Екінші жартысында прогрессивтік бағыттағы педагогиканың бірі К.Д.Ушинский мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінді. Оның философиялық көзқарасы материалистік бағытта болды. Ол ана тілінің балаларда қалыптастыруды ерекше атап көрсетті.

          Балаларға ана тілін меңгерту керек деп пікір айтты. Ол сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеуді халық ауыз әдебиетінің басты роль атқаратындығын, балалардың жас ерекшелігіне қарай ертегі, жұмбақ, оларға патриоттық және адамгершілік тәрбиесін берудің қайнар көзі болып табылады. Ушинскийдің баланы өз ана тілінде оқытудың қажеттігі туралы пікірді меңзейді. Ол тілдібалалардың меңгеру мақсатқа негізделген басшылықтың болуы үлкендердің көмегімен екендігін айтты. Бұл мектепке дейін басталуы керек. Ушинский өзінің пікірлерін баланы тәрбиелеудегі көркем сөздің рольін мынадай оқулықтарда “Балалар әлемі және хрестоматия” 1861 ж “Ана тілі” 1864 ж деген оқулықтарында көрсетті.

Ушинский ана тіліне оқытудың алғашқы бастамасында 3 мақсатты көздеді:

1. Сөз қабілетін дамыту, яғни өз ойын анық жеткізу.

2. Баланың өз ойын ең бір оңай түрде жеткізуіне үйрету. Көркем шығармаларды таңдап алу керек.

3. Грамматиканы тәжірибе жүзінде игеру.

Осы 3 мақсат бір мезгілде қолдануы тиіс. Ушинскийдің пікірлері мектеп жасына дейінгі тәрбие беруде тәжірибе жүзінде қолданылады. Ушинскийдің ізбасарлары А.С.Симанович, Е.Н.Водовозова.

А.С.Симанович сабақтарды ойын түрлері арқылы өткізу керектігін айтты. Е.Н.Водовозова 1871 ж өзінің педагогикалық тәжірибесінің нәтижесінде білдіріп кеткен болатын. Балаларды тәрбиелеуде тәрбиешінің басты құралы халықауыз әдебиеті деп ұғады.

Е.И.Тихееваның педагогикалық теориясының ішіндегі Россия – италияда балалар бақшасында тәжірибе жинақтады. 1913 ж балабақша меңгерушісі болды. Тихеева тіл дамыту әдістемесіне көп көңіл бөлді. Ол балабақшада сабақ жүргізу үшін сабақ жоспары, бағдарламасы болу керек деді. Ана тілін оқытудың методикасын жасады. Ол мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке оқуға дайындау балабақшада басталады. Ол дене және ақыл – ой тәрбиесін берудің негізгі құрал ретінде ойынның тәрбиелік мәнін аса жоғары бағалады.

Ушинскийдің көзқарастары:

1. Ана тілінде баланың тілін дамытуда белсенді басшылық жасау.

2. Шет тіліне оқыту ана тілін меңгергеннен кейін игерту.

3. Балалардың ауызша сөйлеуге дамуы. Ауызша сөйлеуді дамыту жазбаша сөйлеуді дамытудың негізі.

4. Көрнекілік әдістерді қолдану.

5. Ана тілін оқытуда ақыл – ой мен сөйлеу дамуының байланыстылығы.

6. Балаларды тәрбиелеуде, ана тілін дамытуда халықтық өнер мен ұлттық әдебиеттің ролі.

7. Оқуға арналған әдебиеттерді іріктеу.

8. Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту.

Балабақшада тіл дамыту мәселесі.

Халық байлығының сарқылмас мұрасы, келер ұрпақтың рухани азығы, тәрбие тірегі – ана тілі. Осындай халық қазынасын меңгерту бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен басталатыны белгілі. Тіл үйрету мектепке дей, тәр мен білім беру жұмыстарының негізі болып табылады. Өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, ол көкжиегін кеңейтеді. Бала ана тілінде сөйлеуге үйренеді, табиғат тамашаларын танып, қабылдайды. Көрген – білген басқаларға, сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім-дағдысының молайып, күнделікті өмірден алған әсері нығая түсуіне себепші болады.

Тіл баланың жеке басын қалыптастыру, өзіндік дербес іс-әрекетін дамыту, ой-парасатын жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.

Республикамыздың егеменді туралы қабылдаған Декларациясында халқымыздың тіл мәдениетін, әдет-тұрлы мен тұрмыс-салтын, ана тілімізді дамытумен қатар, ұлттық қадір-қасиетімізді нығайту аса маңызды міндеттердің бірі екені атап көрсетіледі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеуін қалыптастыруда 7 түрлі міндет қойылады.

1. Сөздік қорын дамыту.

Мектепке дейінгікезеңде балалар негізгі сөздерді айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста қоршаған ортаға байланысты. Әсіресе қоршаған орта.

2. Грамматикалық дағдыларын қалыптастыру.

Сөздік қор – тілдің құрылымдық материалы болып табылады. Грамматика – сөйлемдегі сөздердің өзгеруін қалыптастырады. Сонымен бірге, тілдің сындарлы үлгісін анықтайды.

Бала айналадағы адамдардан грамматикалық дұрыс құрылған сөйлемдерді естілді, осы арқылы ол тілдегі сөздердің үлгісін менгереді. Тәрбиеші баланың өмірден алған сөйлеу қабілетін, оқыту арқылы адам әрі жаттықтырады. Сонымен бірге, балаларға жаңа сөздер үйретеді, грамматикалық дұрыс байланыстқан сөйлемдер құрып сөйлеуге тәрбиелейді.

3. Тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу.

Бала дыбыстарды дұрыс дыбыстауды керек. Сөйлем сөздегі дыбыстардың дұрыстығымен жұмыс жасауда, тәрбиеші фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарына сүйенеді.

Бала озінің ана тілінде сөйлеп, сөйлемдердегі екпінді айыра білуге тиіс. Баланы бір-бірімен сөйлескенде, әдепті, тәртіпті бояуға үйретудің маңызы зор. Оған: амандасу, сөйлесіп тұрған адамына жылы қабақпен қарау назар аудару көпшілік жерде өзін-өзі ұстау білу жатады. Баланы мәнерлер сөйлеуге үйрету керек.

4. Диалог түрінде, әңгемелесу дағдысын қалыптастыру.

Бұған баланың тыңдау қабілеті мен түсінуі, әңгімеге араласуы, сұраққа жауап беруі мен сұрақ қоя білуі жатады. Бұдан, баланың қаншалықты грамматикалық сөздерді дұрыс сөйлегені, сөздік қорының молайғанын білүге болады. Әңгімелесу кезінде, бала өзін-өзі мәдениетті түрде ұстай білу керек.

5. Әңгімелеп сөйлеуге үйрету – монолог түрінде.

Баланың өзінің көрген-білгенін әңгімелеп беруі – мектепке барғанында өте қажет. Мектепте осы қабілеті одан әрі қалай бекиді. Баланың әңгімесінен біз сөйлем немесе сөз құрап сөйлей алуын, сөзінің мазмұнын сөздік қорын қаншалықты меңгергенен анықтаймыз. Балаларды ауызша әңгімелерді таңдай білуге, оны сосын қайталап айтып беруге үйретеміз.

Сонымен қатар, әңгіме құрап айтуға, шығармашылық белсенділігін қалыптастырамыз. Баланың бұл белсенділігі – бала бақшадағы мейрамдарда, үлкендердің алдына шығып тақпақ айтуға немесе басқа топтың алдына шығып сөйлеуіне деген қабілетін арттырады.

6. Көркем әдебиетпен таныстыру.

Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда балалар әдебиетіндегі ең үздік шығармалар оқылып, топтастырылады.

Тәрбиеші балаларды көркем шығарманы тыңдауға түсінуге, шығармадағы кейіпкерлерді суреттеп айтуға үйретеді. Балалар жатталатын тақпақтың мазмұнын ұғып, оны мәнерлеп айта білу керек. Олардың оқуға деген қызығушылықтарын, кітаптың ішіндегі түрлі – түсті суреттерді қарап шығуын, кітаппен жұмысты ұқыпты да дұрыс қолдануларын қадағалау маңызды болып табылады.

7. Балаларды сауат ашуға дайындау. Балабақшадағы тіл дамыту жұмысы – баланы мектепке әзірлейді, бала ауызекі жақсы сөйлеуі тиіс, басқа адамды тыңдай білуі қажет. Мектепке жақсы әзірлікпен келген балада мынадай қасиеттер болуы керек:

1) Мұғалім педагогтың айтқанын тыңдау.

2) Өзінің ойын, пікірін грамматикалық түрде дұрыс сөйлеммен жеткізу, оны дұрыс сөйлеу. Бұл қасиеттер мектеп алды даярлық тобында немесе ересектер тобында қалыптасады. Бұл кезде балалар 2 - 4 сөздерден сөйлем құрап, сөйлей алады. Осы 7 міндет балалардың тілін дамытуда зор роль атқарады. Әрбір міндетте – оқыту мен тәрбиелік жағы жатыр, ақыл – ой тәрбиесі дамиды деп те айта аламыз.

Тіл дамыту бағдарламасының жоспары мен әдіс – тәсілдері.

1. Ана тілінде оқыту, белсенді тіл қызметін талап ету.

2. Бала мен үлкен арасындағы байланыс. Тіл дамыту қызметіне басшылық жасау.

3. Көркем әдеби шығармалармен танысу. Тіл дамыту қызметіне балалар әдебиетін қолдану.

4. Балалардың тілін дамытуда тәрбиешінің сөйлеу мәнері тиімді құрал болып табылады.

Сөйлеу мәнерін қарастыруда – оқыту басты әдіс болып табылады. Мектеп жасына дейінгі ұйымда – сабақ ең негізгі форма болып қолданылады.

Дидактикалық мақсаты бар мынадай сабақ түрлерін атап көрсетуге болады.

1. Жаңа материалдарды оқыту сабағы.

2. Білім, дағды, іскерліктерін бекіту.

3. Қорытындылау, тұжырымдау.

4. Білімдердің қорытындысын бақылау.

5. Аралас сабақ.

3. Педагогикалық ғылым ретінде әдістеменің психологиялық-педагогикалық зарттеу әдістері бар. Зерттеу әдістерін теориялық және эмпирикалық (практикалық) деп бөлуге болады.

Теориялық әдістерге: зерттеу мәселесі бойынша теориялық әдебиеттерді талдау және оқу, эксперимент, әңгімелесу, бақылау барысында алынған материалды қорытындылау, талдау, модельдеу жатады.

      Эмпирикалық әдістерге: бақылау, әңгімелесу, рейтинг, тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесін игеру, тәжірибелі-педагогикалық жұмыс, педагогикалық эксперимент жатады.

Әрбір әдіске қысқаша тоқталар болсақ:

Сөйлеуді қалыптастыру мәселесі бойынша кез-келген зерттеуге психологиялық, психолингвистикалық, лингвистикалық, дидактикалық, әдістемелік жақын келу тән. Осыған байланысты тіл дамытудың әдістемелік, психологиялық, лингвистикалық негізі ашылатын әдебиеттер оқылады.

           Зерттеушіні қызықтыратын теориядағы сұрақтардың жағдайы, оқығандығының дәрежесі анықталатын педагогикалық әдебиеттерді талдау және оқудың маңызы зор (отандық, шетел, қазіргі және бұрыннан, ежелден қалған әдебиеттер).

Модельдеу әдісі – бұл әдістің негізінде аналогия принципі жатыр. Оны жұмыстық болжамды өңдегенде, оқу-тәрбие процесін және оның фрагменттерін жобалауда қолданылады. «Модельдер» көмегімен оқу-тәрбие процестерінің элементтерінің арасында байланыс ашылады.

Қорытындылау және талдау әдісі – зерттеудің әр түрлі кезеңдерінде және әр қайсысының нәтижесі және тұтас жұмыс бойынша қорытынды шығаруда қолданылады.

Бақылау – балалардың сөйлеуіне, тіліне, тәрбиешінің әрекетіне жүргізіледі. Ол қарым-қатынастың әр түрлі ситуацияларында балалардың тілінің ерекшеліктерін, сөйлеу іскерлігі мен дағдысын игеру дәрежесін анықтауға көмектеседі.

Мектепке дейінгі мекемелерде педагогикалық құжаттарды талдау және оқу- ата-аналармен тәрбиешілерді анкеталау арқылы қызықтыратын мәселесі бойынша жұмыс жағдайын анықтауға көмектеседі.

Әңгімелесу – (балалармен, ата-аналармен, педагогтармен) зерттеу барысында мәселені талдау, анықтау үшін қолданылады. Әңгімелесуге анкеталау және интервью әдістері де қатыстырылады.

Тәжірибелі-педагогикалық жұмыс – оқу және тәрбие процесіне өзгертулер енгізу әдісі. Бұл әдіс эксперименттің бір бөлігі болып табылады.

Осымен қатар, әдістеме дидактикада өңделген әдістерді қолданады. Әдістердің үш тобын бөліп көрсетеді: көрнекілік, сөздік және практикалық. Бұл әдістер бір-бірімен тығыз байланысты. Көрнекілік әдістер сөздік арқылы түсіндіріледі, ал сөздікте көрнекілік тәсілдер қолданылады.

Көрнекілік әдістер – балабақшада жиі қолданылады. Тікелей және жанама әдістер ретінде қолданыс табады. Тікелей көрнекілік әдісі және оның түрлеріне: саяхат, натуралды заттарды қарау, мекемені бқылау жатады.

Жанама әдістер бейнелік құралдарды қолдануға негізделген. Бұл ойыншықтарды, картиналарды, фотосуреттерді қарау, ойыншық және картинаны суреттеу, әңгімелеу жатады. Ол білімді, сөздік қорды бекіту үшін, байланыстырып сөйлеуге оқытуға, сөздің жалпы функциясын дамытуға көмектеседі. Бұл әдіс сонымен қатар тікелей танысуға келмейтін құбылыстар мен объектілермен танысу үшін де қолданылады.

Сөздік әдістер – бұл көркем шығармаларды әңгімелеу, оқу, жаттау, мазмұндау, көрнекілік материалға сүйенбей әңгімелеу. Барлық сөздік әдісте көрнекілік тәсілдер қолданылады: заттарды, ойыншықтарды, картиналарды көрсету, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты иллюстрацияларды қарау.

Практикалық әдістер – сөйлеу дағдылары мен іскерліктерін қолдануға бағытталған. Бұған әр түрлі дидактикалық ойындар, драматизациялық ойындар, көріністер, дидактикалық жаттығулар, хороводтық ойындар жатады. Олар барлық сөйлеу міндеттерін шешу үшін қолданылады.

           Тіл дамыту әдістемесі де басқа ғылымдар секілді қоғамдық ғылымдарға жатады. Адамның қоғамда өмір сүруі қанша қажет болса, олардың бірінің бірімен қарым-қатынас жасауы, пікір алысуы, түсінісуі соншалықты қажет болып табылады. Адамдардың бір-бірімен пікір алысу құралы болмаса, табиғаттың жасырын сырын ашып оны меңгеруден күресі, тұрмысқа қажетті материалдық игіліктерді өндірудегі іс-әрекеті де жолға қойылмаған болар еді. Сондықтан да тіл түсінісудің, алысудың құралы бола отырып, қоғамның барлық мүшелеріне түсінікті болуы керек. Яғни қоғамнан тыс тіл болмайды. Тіл сонымен қатар оймен тікелей байланысты. Адамның ойы қоғамның, өмірдегі адамдарды қоршаған айналадағы заттардың, құбылыстардың адам санасындағы көрінісі, сәулесі болып саналады. Яғни сол заттар, құбылыстар туралы адам санасында пайда болған ой тіл арқылы сыртқа шығады. Адам өз өмірінде таныған, түсінген, білген, сезген, терген нәрселерін тіл арқылы баяндайды. Сол себепті де “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шыңдығы”. Бала туғаннан-ақ дайын тілді пайдаланады. Сондықтан да: Ы.Алтынсарин “Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша қай тілде болса да еркін сөйлеу мүмкін емес” – деп көрсетеді. Сондықтанда “Білім беру Заңының” 5 бабына сәйкес балабақшада тәрбиеленушілердің тіліміздегі сөздердің айтылу нормаларын дұрыс меңгерулеріне, өз ойын жүйелі түрде байланыстырып айта білуіне тіліміздегі дыбыстарды қатесіз, анық меңгеру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

         Бақшада бала әрбір тіл дамыту оқу іс-әрекетінде үйренген жаңа сөздердің мағынасын толық түсінетіндей, ол сөздерді тәуелдеп, жіктеп, септеп айта білетіндей қарама-қарсы мағыналы, мағыналас, теңеу сөздер арқылы түсіндіретіндей дәрежеде жеткізілуі қажет. Бұл аталған бағдарламалық талаптар балабақшада әр топта өткізілетін тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен одан тыс кездегі ойын, еңбек жұмыстары арқылы іске асырылады.

         Тіл дамыту оқу іс-әрекеттерінде тәрбиешінің тағы бір ескеретін жағдайы әр топтағы балалардың өздерінің жас ерекшеліктеріне сай сөздік қорларын молайту болып табылады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Балабақшада тіл дамыту мәселесі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 264 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.09.2020 5430
    • DOCX 37.9 кбайт
    • 101 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухаметказы Мадина Асетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мухаметказы Мадина Асетовна
    Мухаметказы Мадина Асетовна
    • На сайте: 3 года и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8856
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной адаптированной образовательной программы дошкольного образования для обучающихся с умственной отсталостью

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Специфика художественно-изобразительной деятельности в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 332 человека

Курс повышения квалификации

Влияние социально-психологических факторов на задержку речевого развития ребенка дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек