Инфоурок Другое Рабочие программыБалабақшаларға арналған ертеңгілік жоспары

Балабақшаларға арналған ертеңгілік жоспары

Скачать материал

Тақырыбы: «Қош келдің , Алтын күз!»

 

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.

Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру.

Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.

Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Құрметті «Алтын күз» мерекесіне жиналған қонақтар, ата-аналар, әріптестер! Дәстүрге айналған «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер! Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз – байлық, күз – молшылық, күз – қуаныш, күз – шаттық дей отырып, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!

 

Көргенде қуанасыз таза әуелі,
Құлаққа естілгендей күз әуені.
Жыл сайын тойланатын төл мерекең,
Құтты болсын алтын күз қазақ елі!
Бүгін біздің балабақшада дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылып, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз, халайық, сергісін бой. – дей келе ортаға бүлдіршіндерімізді шақырамыз .
Би: Күзгі жапырақтар
Жыр шумақтар

Ерсін

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Дамира

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Әлиомар

Берекелі   мерекелі

Келді  міне   алтын   күз

Қалада     да   далада    да

Жанның   бәрі  жарқын  жүз


Тәрбиеші: Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз деп баға берген. Алтын, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары бояуға малынған, екіншіден, алтын – байлықтың белгісі. Екеуін астастырып Алтын күз деп атаған. Күзде  егінді жинап болған ата-бабаларымыз «Сабан той» деп күз берекесін тойлаған. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған.
Ән салыңдар күліндер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік, ойнайық,-дей отырып «Алтын күз» әнің қабыл алыңыздар.
Ән: Алтын күз

(Балалар отырады)
Жүргізуші: 
Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін.

- Бұл кім балақайлар? Әрине (Күз) дұрыс айтасындар.

Жүргізуші:
Дұрыс балалар, енді мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға «Күз ханшайымын» шақырайық.
Балалар бірге: (хормен барлығы дауыстап айтады)
Келші, келші алтын күз,
Келші, келші жарқын күз.
Мерекені жалғастырып,
Ойнап күлші Алтын күз!
Осы кезде мерекелік көңіл күймен залға «күз ханшайымы» жәшігін арқалап кіріп келеді.жәшіктің ішінде күзгі базарлық жемістер, көкөністер салынған.
Күз ханшайымы:
Армысындар ма балдырғандар?!
Күзгі бақтағы қонақтар.
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
Жүргізуші: Алтын күз, мына сыйлы қонақтарға таратып берсек бола ма?
Күз: Жоқ бұл сыйды қонақтар еңбек етіп, тер төгіп, жеңіп алулары қажет. Өйткені күздің сыйлары: жемістерде, көкөкністерде тек адамның еңбегінің арқасында болады.
Сондықтан қонақтар мен бір ойын ойнайын, егер ойын шартын ойнай білсе, ептілік көрсетсе осы сыйлықты алуларына болады.

 (Осы кезде, қол шатыр ұстаған аю музыка әуенімен келеді).
Аю: Сәлеметсіздер ме, балалар! Күн суып, тоңып кеттім. Көмектесіңдерші?
Жүргізуші: Күз ханшайымы сіздің сиқырлы табиғат берген ғажайыптарыңызбен дауыл мен жаңбырды тоқтатып аюға көмектесіп жіберсеңіз.
Күз ханшайымы таяғымен сиқырлайды.

 Аю: Алақай! Күн ашылды.

Жүргізуші: - Бірақ аю тоңғаның басылмай тұрған сияқты.
Олай болса аю сен балалармен бірге бой сергітіп би билеп көрсең, бойың сергіп жылынып қаларсың.

Би: Аю мен аралар
Жүргізуші: Балалар осылай жасауға болады ма?

Жыр шумақтар

Асылназ

Жетті желмен Алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып теріп болған соң

Той жасайды халқымыз

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз

 

С Айзере

Жанерке

Мейірімді мырза күз

Сыйлығыңа ризамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз

Кәусар

Алақай – алақай
Шаттанды балақай
Береке – салты күз
Мереке – Алтын күз

 

Мадина

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

 

Дарина

 Жомарт көңіл, жарқын күз,
Берекесі халқымның.
Қош келіпсің, алтын күз,
Құт қонағы төрімнің

Жүргізуші: Балалар күзде егінді жақсы жинау үшін, оны жақсылап күту керек, су құйю керек. Ал жаңбыр жауса тіпті жақсы болады.

Ән: «Кап, кап жаңбыр»

Жүргізуші: Балалар жаңбыр жауғанда біз су болмас үшін қолымызға не ұстаймыз?

Балалар:Қолшатыр

Жүргізуші: Олай болса балалар, біз бір көңілді ойын ойнайық.

Шарты: Көңілді әуен қойылады. Балалар бәріміз би блейміз ойнаймыз. Кенет жауын басталады.Жауында қалмас үшін біз қолшатырдың астына кеп тұра қаламыз.

Ойын: Күн мен жаңбыр

(Балалар орнына отырады)

Кірпінің келуі. Көрініс

Алма ағашының жанында бір әдемі әуен естіледі. Ол жерде кірпі алма жинап жүреді. Ыңылдап ән айтып жүреді.

Жүргізуші: Балалар тыңдаңдаршы, бір ән естіледі. Ол кім болды екен?

Балалар: Кірпі жүр екен.

Кірпі: -Таңырқап- «ау» деп жан-жағына қарайды.

Жүргізуші: Кірпі сен біздің бақшамызда не істеп жүрсің?

Балалар: Кірпі біздің бақшамыздан алма ұрлап жүрген сияқты.

Кірпі: -Жооқ мен ұры емеспін, өзіме азық жинап жүрмін.

Жүргізуші: -Ал сұраусыз алуға болады ма?

Кірпі: -Мен білмедім, егер менің кішкентай достарым би билеп берсем мені кешіресіңдерме?

Балалар: -иә.

Би: Кірпілер

Ал кірпілеріміздің Алтын күзге арнаған жыр шумақтары да бар екен. Кезекті жыр шумақтарға берейік.

 

Жахангер

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап

Ж. Мансұр

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті

Әнге бөлеп жастарды

Дәурен

Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ

О, алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ

Ерасыл

Тоңазып атырап

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ

Саудырап түседі

Байырхан

 Астық, жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс.
Алдық өнім сыйымды

М.Мансұр

Келді  міне  күз

Айнала  сары  түс

Керемет  тамаша

 Қандай   әсем  күз!

Жүргізуші: Рахмет сендерге кірпілер

Күз ханшайымы: Балалар,сендер ауырмасын деп мен көптеген жемістер пен көкөністерді ала келдім.Сендерге бір шартым бар:маған ән салып ,би-билеп бересіңдер,ал мен сендерге себет толы жемістермен көкөністерімді беремін.

Менің көкөністерімде  өздерін таныстыруға осында келді. (көкөністер макетін киген балалар ортаға шығады)

 Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
 Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында шақырайық!
Бұршақ  Өмірәлі

Кішкене түймедеймін мен

Ұнаймын мен бәріне

Дәмді тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріңе

Пияз      Е.Аянат

Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

 

Қияр Әділхан

 Бақшада көп өсетін

Мен кәдімгі қиярмын

Жұлып алып жесеңіз

Қырт-қырт етіп тұрамын

 Картоп  Ж Аянат

 Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар

Сәбіз Имош

 Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

 

Қызанақ Мариям
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.

 

Қырыққабат Ернұр

Мақтанғаннан не пайда

Менсіз дәмді щи қайда

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана

М.Айзере

 Қызылша: Көкөністің ішінде

Менің атым қызылша

Денсаулығын нығайтып

Қызмет етем адамға

Би: Көкөністер

Жүргізуші: Күз ханшайымы, енді қыздардың сізге арнаған биін тамашалаңыз.

Сабина Айша

 Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуанышты күн біліп қой!
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой

 

Айлин

Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала – бай дала
Алтын астық айнала

Жүргізуші:Рахмет қыздар. Өнерлерің өрге жүзсін.

Жүргізуші: Күз тойын осыменен тамамдайық
 Енді біз бақшамызға ән арнайық!

Ән:  Балабақша

 Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,ата-аналар!
Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып.
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып - дей келе бүгінгі «жомарт күз келді бақшама» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын.

 



 

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Балабақшаларға арналған ертеңгілік жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 767 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.04.2020 310
    • DOCX 22.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дихан Жансая Дидарқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дихан Жансая Дидарқызы
    Дихан Жансая Дидарқызы
    • На сайте: 3 года и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2070
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе