Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыБалабақша ашық сабақ "Ертегілер еліне саяхат"

Балабақша ашық сабақ "Ертегілер еліне саяхат"

Скачать материал

Ашық сабақ.

Күні: 14.02.2018 жыл

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Драма, сөйлеуді дамыту.

Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту. Диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Кеңістікте бағдарлану (сахнада, ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу. Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу. Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу. Ым- ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, жұмбақтар шешу, тақпақтар, өтірік өлең оқу, сергіту сәті.

Оқу қызметінің түрі: Аралас оқу қызметі                                                                                    Оқудың типі: Кіріктірілген  ашық оқу қызметі                                                                     Оқу қызметінің барысы:  Балалар қонақтарға амандасады.                                              Қостілді компонент: ертегі – сказка – fairy-tale, көңілді – веселый – merry, қыс-зима-winter,

Тәрбиеші: Балалар міне бүгін бізге көп қонақтар келіпті келген қонақтарға амандасайық 

Балалар: Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Үлкендерге құрметпен,

Бәріңізге ізетпен

Біздер салем береміз.

Всем, всем добрый день!   

Гуд монинг, гоулд сан                                                                                                     Гуд монинг май френдз                                                                                                                                                                                                                                                                                             

Тәрбиеші: Балалар ерте ерте ертеде деп не басталатын еді?

Балалар: Ертегі

Тәрбиеші: Ендеше балалар біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі әлеміне бармас бұрын ондағы кейіпкерлер туралы есімізге түсірейікші.Олардың өздеріне тән мінез құлықтары болады: ашулы, қатал, мейірімді, адал, қайырымды. Сендер қандай кейіпкерлерді ашулы деп елестетесіңдер?

Балалар: мыстан кемпір, қасқыр, арыстан, жолбарыс ашулы.

Тәрбиеші: мейірімді, адал кейіпкерлерді атаңдар.

Балалар: қоян, мысық, әтеш, ит адал кейіпкерлер.

Тәрбиеші: ал енді балалар ертегілер еліне бару үшін ертегідегі бақыт құсына айналып, қанатымызды жайып ұшып көрейік.

Музыка қосылып, балалар әуенмен қимыл жасайды.

Тәрбиеші: Міне, балалар ертегілер еліне келдік. Балалар,біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік.Гүлдер əдемі жəне хош иісті болады.

Кəне, гүлдерді иіскеп көрейікші .

Тамаша! Енді орынымызға отырамыз.

 Ендеше мен сендерге қазір «Қоянның үйшігі»  ертегісін айтып берейін. Олай болса бәріміз теледидарға назар салайық.

Қоянның   үйшігі.

(орыс  халық  ертегісі)

Орманда  түлкі мен қоян өмір сүріпті.  Түлкінің үйшігі мұздан,  ал қоянның үйі ағаштан болыпты.

 Көктем келіп,  күн  жылынғанда түлкінің үйшігі,  әрине бірден еріп кетті.

 

Бойы мұздаған түлкі қоянға келеді.  -Қоян,  қоян!  Мені кіргізші,  жылынып алайын!

Жылпос  түлкі  осылай алдап-сулап, аңқау қоянның  үйшігіне  кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады. 

Қоян жылап келе жатып,  иттерге  кезігеді.

-Қоян, қоян!  Не болды саған?  Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?

-Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп,  менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне,  баспанасыз тентіреп жүргенім...

-Жылама!  Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз. 

Иттер жиналып,  қоянның  үйіне  келеді. 

-Аф, аф, аф!  Әй,  түлкі,  шық қане!  Босат,  қоянның  баспанасын! 

-Аха!  Шықсам шығайын!  Бірақ,  мен  далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой!  Барлығыңды быт-шыт қыламын!-деді түлкі қорқытып.  Иттердің үрейі  ұшып кетті.  Басы аманда қашып құтылуды ойлап,  тайып тұрады.  «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап,  тағыда жылай бастайды. Алдынан аю  шығады. 

-         Қоян-ау,  не  болды.  Сонша неге жылайсың? 

-         Жыламаған да қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп,  менің  жылы ағаш үйімді тартып алды. 

-         Жылама!  Мен оны қуып шығамын.

-         Жо-оқ!   Қуып шыға алмайсың.  Иттерде  қуып  шыға  алмады.

-         Көресің,  қуып  шығамын.

-         Аю үйшіктің алдына келіп: 

-         Түлкі,  шық! Босат қоянның үйін! – деп ақырады.

-         Түлкі болса пеш үстінен: 

-         Шықпаймын.  Шықсам  саған жаман болады.  Быт-шытыңды  шығарамын! – деп қорқытты.  Аюдың үрейі ұшып кетті.  Басы аманда қашып құтылуды ойлады. 

Амалы  құрыған қоян тағыда жылай бастады.  Қараса,  жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады.    Қолында күмістей  жарқыраған шалғысы бар.

 -         Қоян, қоян!  Неге жылап отырсың?- деп сұрады.

-         Жыламай қайтейін?  Түлкінің мұз  үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.

-         Жылама!  Мен оны қазір қуып шығамын!

-         Жо-жоқ!  Қуып шыға алмайсың!  Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады.  Сенде қуа алмайсың! 

-         Жүр,  көрерсің!  Қуамын!

-         Екеуі үйшік жанына келді.  Әтеш  қатты дауыстап өлең айта бастады.

 

-         Шөп шабамын, шөп шабамын!  Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да  шалғынша шабамын!

Түлкі қорқып кетіп: Киініп  жатырмын», - дейді. 

-Шөп шабамын, шабамын!  Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын! -   деп әтеш қайта әндете бастайды. 

Түлкі сасқалақтап:  «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» - дейді. 

Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды.  Түлкінің зәресі ұшып кетеді.

Аман – сауында зыта  жөнеледі.  Сөйтіп,  қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.

 

Тәрбиеші:  Балалар ертегі сендерге ұнады ма?Ендеше балалар тақтадағы тапсырманы орындайық,тақтада ертегі кейіпкерлерінің суреттері ілінген, бірақ олардың көңіл күйлері әр түрлі сияқты, сендер кейіпкерлердің суреттегі көңіл-күйерін  смайлик арқылы сәйкестендіріп, аңды үш тілде атап  беріңдер.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қоян бізді көріп қорқып тұрған сияқты ендеше оның қорыққан түрін көрсетейік.

Тәрбиеші: келесі суретті қараңдаршы нені көріп тұрмыз?

Балалар: Түлкінің суретін көріп тұрмыз.

Тәрбиеші: Иә, түлкі бізді көріп таң қалып тұр. Түлкінің таңқалған түрін көрсетіңдер.

Тәрбиеші: келесі суретті қараңдаршы нені көріп тұрмыз?

Балалар: Аюдың суретін көріп тұрмыз.

Тәрбиеші: иә балалар аюымыз мұңайып тұр екен, ендеше қәне аюдың мұңайған қалпын көрсетіңдер.

 

Тәрбиеші: Жақсы балалар енді мені мұқият тыңдаңдар мен сендерге жұмбақ жасырамы:

 

 

1.     Үйін жинап ертемен,

Мейіз тауып алыпты.

Мысығы келмеген соң,

Ол өкпелеп қалыпты

Бұл қай ертегі ( Мақта қыз бен мысық)

 

2.     Атай өзі салғанын

Көрді өсіп  қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Тарта алмады   ( Шалқан)

 

3.     Апасынан қашып кетті,

Атасынан қашып кетті,

Кездестіріп біраз аңды,

Біраз жолдан асып кетті ( бауырсақ)

 

Тәрбиеші: балалар шаршадыңдар ма ? Кәне сергіту  жаттығуын орындайық:

Мы по лесу гуляли

И зайчонка повстречали

Зайка скачет по дорожке

Быстрые у зайки ножки

И медведья, повстречали,

Мишка по лесу шагает

Ребятишек всех пугает

Мы от страха задражали

И от мишки убежали.

 

Тәрбиеші: Енді балалардың өтірік өлен мен  тақпақтарына берелік.Айша, Асылжан, Сағи .

 

                                                                                                                     

 

Аиша: Жапалақтап ала қар

Жауды күнде қайталап,

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап. 

Асылжан:Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.



Сағи: Құмырсқа көлге шомылып

Құмға  аунады жағада

Жазда қарға көміліп

Аққала соқты далада.

Тәрбиеші: рахмет балалар мен сендерді енді «Қоянның үйшігі» ертегісін сахналауға шақырамын.

Балалар: ертегіні сахналайды.

Тәрбиеші:Балалардың жұмысын мадақтау.

Қорытындылау:Балалар түлкінің істегені дұрыс болды ма? Неге? Ендеше балалар, ертегідегі мейірімді кейіпкерлер сияқты бір-бірімізге жақсылық жасап, жақсы сөздер айтайық.

Балалар: бір-біріне ертегі кейіпкерлері атынан тілек айтады: «Мен Бауырсақпын, сендердің бір-біріңе ыстық ықылас танытып, құрметтеп жүрулеріңе тілектеспін». «Мен Қар ханшайымымын, сендерге қайырымды, сыпайы болуды тілеймін...» «Мен жеті қазынаның бірі итпін, сендерге татулық тілеймін».

Тәрбиеші: Балалар  бүгін  сендер өте жақсы қатысып жақсы жауап бердіндер  сендерге көп рахмет. Осымен оқу қызметіміз  аяқталды сау болыңыздар.

 

 

 

                                                                                                Бекітемін: --------------------

                                                                                    Үржар ауданы әкімдігінің                                                                                                                                                                                                               

                                                                                     «Ер Төстік» балабақшасы КМҚК-ның  меңгерушісі

Г.Д.Кабаева

 

 

 

Ашық сабақ.

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат.»

 

"Ақбота"тобы.

 

 

http://bilim-all.kz/uploads/images/2016/04/18/400x276/193b86ce1bc32c78c3dfcae4f45400b9.jpg

 

 

Тәрбиешілер : Байдаулетова.Г.М.

Башаева.Ж.М.

 

14.02.2018ж

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Балабақша ашық сабақ "Ертегілер еліне саяхат""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2018 36241
    • DOCX 137.7 кбайт
    • 293 скачивания
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Башаева Жулдыз Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Башаева Жулдыз Муратовна
    Башаева Жулдыз Муратовна
    • На сайте: 6 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 66838
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Организация в ДОО «Школы для родителей»: формирование психологической грамотности

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 99 человек

Курс повышения квалификации

Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 164 человека

Курс повышения квалификации

Основы формирования предпосылок функциональной грамотности дошкольников

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов