Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Балабақша ертеңгіліктері "Аспан әлемі".
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Балабақша ертеңгіліктері "Аспан әлемі".

библиотека
материалов

Аспан әлемі.

Мақсаты:
Білімділік - қазақ халқының тұңғыш ғарышкері, батыр азаматы Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Оқушыларды ғарышкерлермен таныстыру, үлгі ету, батыр ғарышкерлер ерлігіне тереңірек үңіле отырып оқушылардың ой - өрісін, білімін жетілдіру.
Дамытушылық: Өлеңдер оқу, би билеу, әндер айту арқылы ойын дамыту.
Тәрбиелік: Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға баулу, ерлікке, батыл болуға тәрбиелеу. Өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Қолданылған әдіс - тәсілдер: өз бетімен жұмыс, мадақтау әдісі, шығармашылық ізденіс.
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі, әдебиет, Қазақстан тарихы
Танымдық бағыты: Оқушының ойлауын, қабылдау, түйсіну әрекеттерін жеткізу, шығармашылық қабілеттерін арттыру, патриоттық әнді жүрегімен сезіне отырып, нақышына келтіре орындау, ғарышкерлерге деген жас ұрпақтың еліктеушілігі мен елге деген қамқорлық сезімін арттыру.
Өтілетін формасы: жарыс
Көрнекілігі: Плакаттар, суреттер, қанатты сөздер, шарлар
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеті дамыған болашақ тұлға. Елін, жерін сүйетін, елжанды тұлға қалыптастыру, әнді жүрегімен сүйетін тыңдарманды даярлау.

Барысы
(Бірінші оқушылар бастайды)
Нұр: Самат сен болашақта кім болғың келеді?
Самат: Тоқтар ағам секілді ғарышкер болғым келеді. Сен ше?
Нұр: Мен де аспанға өрлеген алып ғарышкер болғым келеді
Самат: бізге ғарышкер жайлы көп мағлұмат білу қажет
Нұр: әрине ендеше аспан әлеміне саяхат жасайық
Самат: Жарайды.
Екеуі қосылып: Ғарышкерлер мерекесі құтты болсын!
Би: Полька

Мұғалім: Армысыздар құрметті жиналған қауым! Ғарышкерлер күні құтты болсын! Біздің бүгінгі «Аспан әлеміне саяхат» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім өлеңдер мен ән биден құралса 2 - бөлім жарыс түрінде өткізіледі. 1991 жыл 2 – қазан 70 жылдан астам уақыт бойы Кеңес өкіметінің қарамағында болып, бір азаматын ғарышқа ұшыруға зар болған қазақ халқының арманы орындалып, ақ түйенің қарыны жарылған күн еді. Отыз жылдан астам мерзім ішінде миллиондаған Алаш азаматының арасынан бір ғарышкерді ұшыра алмаған халықтың еңсесі түзеліп, жүзіне қан жүгірді, жүрегіндегі үміт сәулесі жарқырай түсті. Қазақ халқынан алғаш рет ұшырылған Тоқтар Әубәкіров болатын.

1 - оқушы
Қазақтың тұңғыш ғарышкері, КСРО - ның 71 - ғарышкері әлемнің 256 - ғарышкері. Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 - шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Бірінші май ауылында туған. Сарытаудың етегін мекен еткен әкесі Оңғарбай, шешесі Қамия бірінен соң бірі шетіней берген тоғыз ұлының Алла жаратқан жалғасына үміт артып, азан шақырып «Тоқтар» деп ат қойыпты.

2 - оқушы
КСРО - д тұңғыш рет 1988 жылы Т. Әубәкіров «Миг - 31» самолетімен Солтүстік полюс ауданына ұшып, қайтар жолда самолетіне жанармайды ауада құйғызып оралды. Сол үшін оған «Кеңес Одағының батыры»атағы берілді.
3 - оқушы: «Жаным бірге сенімен»
Аруақ!- деп айқай салдық қуанып,
Ұшқанда Тоқтар батыр ту алып.
Отыз жылдан кеткен сәтім келгенде
Кеш болса да мәз болып қалдым қуанып.
Жүрген жері ұлы ойшыл Қаныштың,
Тоқтарым жүр құшағында ғарыштың,
Елмен ел боп қатарласып бұл күні,
Қазақ халқы бар әлеммен таныстың.
Татөлеу Асқар
Мұғалім:
Көмейінен ән төгілген,
Жырға бөлеп даланы.
Қызымыз шықты сахнаға,
Тамсандырып баршаны.
Ән: «Қанеки тілім сөйлеші»

4 - оқушы
Сайра бұлбұл көмейден ән төгілсін,
Жырға бөле даланың әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан Тоқтар ағам
Көтерді қазағымның мәртебесін.
Ән: «Сәлем саған туған ел»

Сөзжұмбақ
1) Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (Талғат)
2) Қазақстандағы космодромның аты. (Байқоңыр)
3) Тоқтардың анасының есімі. (Қамия)
4) Жұлдыздар жүйесінің аталуы (Галактика)
5) Тоқтардың жарының есімі (Татьяна)
6) Тоқтардың әкесінің аты. (Оңғарбай)
Мұғалім
Би билейтін өнерлі,
Жігіттер бар біздерде.
Таң қалдырып баршаны.
Көтереді көңілді.
Би биленеді
Мұғалім: Жарайсыңдар оқушылар ендігі екінші бөлімге кезек берейік. Екінші бөлім аты Кім жүйрік? Деп аталады. Жарыс түрінде өтіледі. Үш команда жарысады. Алға озып шыққан жүйріктерімізге әділ қазылар алқасының шешімі бойынша мақтау қағаздары беріледі. Ендеше іске сәт оқушылар!
Бірінші бөлім. «Танысайық қанекей» деп аталады әр команда өздерін таныстырып өтеді.
1 - топ «Ойшылдар» 2 - топ «Алғырлар» 3 - топ «Тапқырлар»командасы
Екінші бөлім «Ойлан да біл сөз сырын» деп аталады. Еш қаймықпастан аспанға өрлеген батыр ғарышкерлер құрметіне нақыл сөздер мақал - мәтелдер айтамын сіздер жалғастырасыздар
1 - топ. Ойшылдарға
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
..................................
.................................

Ердің ерлгі ерінен танылар,
..............................................
2 - топ.
Ерлік - елдің қасиеті,
................................

Ердің атағы туырлықтай,
........................................
3 - топ. Тапқырлар
Алыстан ердің дәрпі бар,
Қасына келсең баладай.
........................................
Бақ - бақ еткен текені,
Қар жауғанда көрерміз
Батырсынған жігітті
.................................
Үшінші бөлім «Өзіңе ұпай ал жинап» деп аталады. Тақтада ілініп тұрған ұяшықтардың біреуін ашасыңдар сұрақтар деңгейі көрсетілген балл бойынша болады. Ашқан ұяшықтарға жауап бересіңдер. Ұяшық балы өз қоржындарыңда сақталады.
20 ұпай: Тоқтар Әубәкіров қандай орденмен марапатталды? Қандай атақтар берілді?
20 ұпай: Тоқтар Әубәкіров әйгілі фирмада 14 жыл бойы сынақшы - ұшқыш болады. Сұрақ: Тоқтар қай фирмада жұмыс жасаған?
30 ұпай: Тоқтар Әубәкіровты екі жылдың ішінде неше рет «Кеңес Одағының батыры» атағына ұсынған?
30 ұпай: Жер мен айдың ара қашықтығы шамамен қанша?
40 ұпай: Ғарышкерлерді ашық ғарышқа шыққанда күн көзінен бөлінетін зиянды сәулелерден шаң тозаңдардан бірнеше қабат тігілген скафандр сақтап қалады. Сұрақ: Скафандрды қандай жасанды матадан тігіледі? және неше түрлі?
40 ұпай: Ең әйгілі ғарыштық «Хаббл» телескобын жер маңындағы орбитаға ғарыш қайығы арқылы нешінші жылы шығарған?
Төртінші бөлім «Ойлан қане балақай»деп аталады.
Тақтада ілініп тұрған шарларды жару арқылы ішіндегі тапсырманы орындауларыңыз қажет.
1 - шар
Марат еш оқудан сүймейтін еді.
Марат: Түу осы оқу дегенді кім шығарды екен, оданда тез өсіп ғарышкер болсам екен,- деді де қолындағы кітапты лақтырып жіберді.
Оны естіген Тоқтар аға оған қарап:
Өз арманыңа қол жеткізгің келсе білім ал, оқу үйрен деді де басынан сипап қолына кітап ұсынды. Оны оқып қызыққан Марат: Кітапқа үңіле қарап кітапты құшақтап
- Расымен де маған жол сілтейтін осы кітаптар екен деді. Осы айтылған іс - әрекетті орындай отырып көрініс қойыңыздар.
2 - шар
Ғарышкерге байланысты 1 шумақ өлең шығарыңдар. Әнді топ болып орындаңдар.
3 - шар
Ғарышкерлерге байланысты сөзді құрастыр
Ааиквтнарост және анықтамасын айт.
Мұғалім: Мінеки, балалар көзді ашып жұмғанша сайысымыз да өз мәресіне жетті. Жүйріктерді саралар әділ - қазы алқаларына сөз кезегін ұсынамыз.
Мұғалім: Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, кешімізге қатысқан қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз. Қош сау болыңыздар!




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров410
Номер материала ДВ-272393
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх