Инфоурок Дошкольное образование Статьи"Балабақша мен отбасының бала тәрбиесіндегі бірыңғай талабы" баяндама

"Балабақша мен отбасының бала тәрбиесіндегі бірыңғай талабы" баяндама

Скачать материал

Баяндама :

 

«Балабақша мен отбасының бала тәрбиесіндегі бірыңғай талабы»

 

 

Балаларды тәрбиелей отырып,

ата-аналар еліміздің болашақ

тарихын, демек, дүниенің де

тарихын тәрбиелейді.    

А.С. Макаренко.

 

 

Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл – қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі – ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат.
Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата – ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы – өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.
Отбасы – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.
Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне – өзі қызмет етуге үйрету.
Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым – қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету.
Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім – тәрбие беріледі
.

сай ұста «Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез – құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба?» деген сауал туады.
Ұлы педагог А. С. Макаренко: «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген.
Отбасы – барлығының басы, жан – жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата – ана мен баланың қарым – қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше – баланың алғашқы тәрбиешілері.
Ата – аналар бала бақытының шынай бағбаны болуы тиіс.
Бала бақыты – білімде. «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы
сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды», - деген А. Байтұрсынов.

 

Балаларымыз болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ , яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды , назар салатын басты мәселенің бірі.

     Біздің мемлекетіміз бүгінгі таңда әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін жаңа заманға сай жасаушы мемлекет .

    Мемлекетіміз келешекте жас ұрпақтың еліміздің азаматы болуы үшін денсаулығына, отбасына, ойынға, білімге деген құқықтарын толығымен қуаттап, қабілеттерін барынша жүзеге асыру және үлкен жетістіктерге жетуде табанды болуын қалайды.

     Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.

      Отбасы адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

      Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.

    Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерін қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке –бірлікті , түсінікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс.  Отбасы –адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.Ол бала үшін бір үлкен әлем,осы әлемде бала алғаш өмірмен қарым –қатынас жасап, өмірді сүюді, қиындыққа көнуді, қуануды, қайғыға ортақ болу керек екенін ұғынып өседі.Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі –отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттілін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттілігін түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешнеді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады.  Сондықтан кез келген педагогикалық тәрбие отбасымен қарым-қатынас жасамай іске аспайды. Сондықтан балабақшадағы оқу-тәрбие ісінде басты мақсаты ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жүргізу болып саналады. Бұл барлық педагогтерге түсінікті жайт, дегенмен әлі күнге дейін балабақша мен ата-аналармен жұмыс жүргізу кәзіргі күннің өзекті мәселерінің бірі болып тұр деп ойлаймын. Сол себебтен балабақша ұжымы , тәжірибелі педагогтердің жұмысының арқасында бүлдіршіндерге ең жақын адамдардың бізбен бірге бірлесе отырып тәрбие ісіне араласуына ат салысып жұмыс жүргізуіміз керек. Біз бірге болуымыз керек екенін ұғындыру біздің басты міндеттеріміздің бірі екенін естен шығармауымыз керек.

    Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады:

·         ынтымақтастық қарым-қатнас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсініктік пен көмекке бағытталады.

·         ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым –қатынас

·         жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас

·         бәсекелестік , барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;

·         түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас;

Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жәбереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым –қатынас болмайды. Ал ,кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай,  отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді. Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімдікке ұмтылу , ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке , баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық –пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Ата-ана және әлеуметтік орта, яғни балабақша болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін , оның тәнінің дұрыс түзеліп қалыптасуына , салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады. Бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше.Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ « Бақытыңды басқадан емес ,балаңнан ізде»-деген даналық сөз бар.Кез келген адам  өзі жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін.Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе,екінші біреу даңқ пен атақтан,маңсап пен қызметтен іздестіреді.Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.Ұлықтан хақім «ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі үлкен тұлға-әже мен ана.Әжелердің ұстамдылығын,төзімділігін, сабырлығын,қиыншылық атаулыға қажырлықпен қарсы тұруы үнемі үлгі.Олар немерелеріне аңыз-әңгімелермен,мақал-мәтелдермен таныстырады.Шоқанның Айғаным,Абайдың Зере,Мұхтардың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған.Ал,көпті көрген қариялар-өз балаларының ғана тәрбиешісі емес, иісі қазақтың ақылшысы,кемеңгерлері.    Баланың айналасындағы бүкіл өмір шындығы-табиғат, қоғамық орта,ең алдымен адамдар,бәрінен бұрын ата-аналар мен тәрбиешілер тәрбиелейді.
    Тәрбиелеу дегеніміз- балаға мақсат қойып,ұйымшылдықпен және жүйелі ықпал жасау деген сөз, осы ықпалдың арқасында бала тәрбиеші талап еткен  мінезге ие болып,мінез-құлық ережелерін бойына сіңіреді.Тәрбие баланың дене және ақыл -ой қабілетін дамытады.,оны алдағы еңбекке даярлайды, сол бойынша қоғамның болашақ белсенді қайраткерлері өсіп шығады.
Отбасының негізгі міндеттері:
1.Баланың өсіп дамуына толық жағдай жасау;
2.Балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;
3.Өз халқының этно- мәдениетінің тәжірибесін ауыстыру;
4.Баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау;
   Отбасы- адам баласының өсіп-өнер,қаз тұрып қанат қағар ұясы,алтын бесігі.Тәрбиеге белгілі бір уақыт бөлуді талап етпейді.Баланың  күні бойы іс-әрекеті толықтыруды,қадағалап отыруды қажет етеді.Бұл мезетте  балаға деген  ата-ана мейірімінің,шапағатының ықпалы ерекше орын алады.

  Ата-анаға мынадай  кеңесті ұсынамын:
1.    Баланың әр күнді бастауы,қарсы алуы сәтті болу керек; ол үшін таңертен баланы оятқанда жайлы,баппен оятыңыз;ол сіздің күлімдеп,мейіріммен өте жақсы көріп  тұрғаныңызды сезуі керек.
2.     Балаға балабақшаға барар алдында сенімділік сәттілік тілеу керек.
3.    Бала балабақшадан келгенде бірден сұрақтар қойып,қарсы алмау керек.
4.    Бала бірдене айтқысы келсе, қарсы болмай тыңдау керек.
5.    Бала ренжіп отырса,себебін өзі айтқанша асықпаңыз.
6.    Балаңызға қатты дауыспен сөйлемеңіз,баланың жүйкесіне әсер етеді.

Түйіндей келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан  жүрек жылуын , мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Балабақша мен отбасының бала тәрбиесіндегі бірыңғай талабы" баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 898 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2016 5845
    • DOCX 19.9 кбайт
    • 36 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мауленова Мөлдір Сағындыққызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мауленова Мөлдір Сағындыққызы
    Мауленова Мөлдір Сағындыққызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17964
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гуманно-личностный подход в воспитании детей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс повышения квалификации

Нормативно-правовые и организационные основы деятельности учреждений дошкольного образования

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс повышения квалификации

Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 27 регионов
Прямой эфир Загрузка...

Прямо сейчас в эфире

Инфофорум: «Всё, что волнует педагогов»