Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Балабақшаға арналған "Жылдық жоспар 2014-2015 жыл"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Балабақшаға арналған "Жылдық жоспар 2014-2015 жыл"

библиотека
материалов

«Бекітемін»:

Катонқарағай ауылдық «Айгөлек»

балалар бақшасының КМҚК

меңгерушісі

_____________ Р.Е. Балтабаева

«____» _______________ 2014 ж.

















03-02



2014 – 2015 оқу жылына арналған

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарының


ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ







Тұрақты 299.2 тармақ







Мазмұны

  1. Катонқарағай ауылдық КМҚК «Айгөлекбалалар бақшасының 2013-2014 оқу жылына арналған тәрбие беру және оқыту іс-әрекеттерін талдау нәтижелері.

  2. Балабақша жайлы қысқаша мәлімет.

  3. Жұмысты жоспарлау

  4. Жоспарлау кезінде қолданылатын негізгі құжаттар

  5. 2014-2015  оқу жылына міндеттер 

  6. Жұмысты жоспарлау қолданылатын негізгі құжаттар

  7. Педагог маманның сапалық құрамы

  8. Мамандармен жұмыс

  9. Әдістемелік жұмыс

  10. Ақыл-кеңестер

  11. Тренингтер

  12. Семинарлар

  13. Ашық көрсетілімдер

  14. Өндірістік жиналыстар

  15. Бақылау және басқару

  16. Ұйымдастыру-педагогикалық жұмысы

  17. Ата-аналармен жұмыс

  18. Мектеппен байланыс

  19. Балалардың денсаулығын қорғау және нығайту

  20. Санитарлық-ағарту жұмыстары

  21. Әкімшілік-шаруашылық жұмыс

  22. ҚР «Тіл туралы»Заңның орындалысы № 1 қосымша

  23. Психолог жұмысы №2 қосымша

  24. Шығармашылық топ жұмысы №3 қосымша

  25. Жас маманмен жұмыс №4 қосымша

  26. 25.Жазғы-сауықтыру жұмыстары №5 қосымша

  27. 26.Мәдени іс-шаралар жоспары №6 қосымша













Катонқарағай ауылдық КМҚК «Айгөлек»балалар бақшасының

2013-2014 оқу жылына арналған тәрбие беру және оқыту іс-әрекеттерін талдау нәтижелері.


Катонқарағай ауылдық КМҚК «Айгөлек» балалар бақшасы екі қабатты, жылу жүйесімен қамтамасыз етілген. Асхана, кір жуатын орын және басқа шаруашылық бөлмелер бар. Балабақшада 3 топ жұмыс істейді, олар: «Бөбек» «Күншуақ», «Тұлпар» барлығы 75 бүлдіршін тәрбиеленуде. Барлық топтар жиһаздармен, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай көрнекі құралдармен жабдықталған. Ән-күй және дене шынықтыру залы бар. Оқу-тәрбие жұмысын 6 тәрбиеші, 1 музыка жетекшісі атқарады. Олардың 5 жоғары білімді, 2 арнаулы орта білімді. Педогогтардың барлығы кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтынан курстан өтті.

Оқыту мен тәрбиелеу үрдісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың» негізгі ережелеріне сүйеніп жүргізіледі. Оқу жылының басында мақсат-міндеттер айқындалып, 1-ші, 2-ші кіші сәбилер, естиярлар тобы болғандықтан «Алғашқы қадам», «Зерек бала» бағдарламасы басшылыққа алынып, оқу жоспарында білім саласының мазмұнын меңгеруге бөлінген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспары базалық оқу жоспарында белгіленген ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің санымен сәйкестендірілді.

Күнделікті ас мәзірі санитарлық нормаға сәйкес жасалып, оның дәлдігі тексеріліп, медбике қадағалап отырады.

Биылғы жылы жылдық жоспарды «Ойын- баланың ақыл-ойын дамытудың қайнар көзі» атты прблемалық тақырыпты ала отырып 2013-2014 оқу жылына қойылған жылдық міндеттер:

  1. Салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру арқылы баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту.

  2. Ойын арқылы балалардың тіл байлықтарын дамыту.

  3. Балалардың психофизикалық дамуындағы дамытушы ортаның маңызы.

Балабақшада осы алға қойған мақсат-міндеттерді орындау барысында жұмыстар атқарылды. Педагогикалық кеңесте 2013-2014 оқу жылының жылдық жоспары бекітілді, топтардың оқу жылына дайындығы сарапталды., әр топтың тақырыптық-перспективтік жоспарлары бекітілді және күн тәртібі, ата-аналармен жұмыс жоспары бекітілді.



Әр айда күн тәртібіндегі бала өмірі іс-әрекеттің ұйымдастырылуын қадағалап, бақылау жүргізіліп отырды және оған талдау жасалды.

Балабақшадағы өзекті мәселе бойынша атқарылған жұмыстарға төмендегідей талдау жасалынды:

«Бөбек» тобының тәрбиешілері: Абаканова Г. К., Сабырбаева Д.А. Бұл топқа 1,2 жастан 2,5 жастағы балалар жыл бойы қабылданып, «Алғашқы қадам» бағдарламасы бойынша жұмыс атқарды.. Бағдарламаға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Қ.Р.М.Ж.М.Б.С. сәйкес бес білім саласы бойынша: «Денсаулық, «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» енгізілді. Бұл топта күн тәртібі сақталып, күн тәртібінде шынықтыру шаралары ұйымдастырылып отырды. Бұл топтың тәрбиешілірінің алға қойған мақсаты: балаларды балабақшаға бейімдеу, мәдени-гигиеналық дағдыларды меңгеру, қалыптастыру, ойын арқылы балалардың тілін шығару. Жыл бойында кезекті ойын- сауықтар өткізілді. Үстел үсті, қуыршақ театры, шағын сахналауды көрсету ұйымдастырылды. Жыл көлемінде мереке қарсаңында ойын-сауықтар ұйымдастырылып, халық ауыз әдебиеті мен көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру мақсатында фланеграфта «Шалқан» ертегісін «Бауырсақ», «Үйшік» ертегілерін қазіргі заман талабына сай өткізді, балаларға жыл мезгілдерді ажырату , табиғаттқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында «Күзгі орманға қонаққа бару», «Гүлдерді күтіп баптау» секілді ашық байқаулар өткізді және мереке қарсаңында «Жаңа жыл кешінде» , «Аналар күні» атты ойын- сауық өткізілді.

Тәрбиешілерге ұсыныс:

  1. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалардың қызығушылығын арттыру.

  2. Ой-белсенділіктерін арттыру

  3. Рефлекциялық іс-әрекеттерін дамыту



«Күншуақ» тобында биыл 25 бала қабылданды оның 11 ұл, 14 қыз бала. Балалардың жас ерекшеліктері 2,6- 4 жас аралығы. Тәрбиешілері. Курмушева Г.К., Узембаева Р.М.

Осы жылына қойған мақсаттары: мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыруды дамыту, тілдерін жетілдіру, достыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Балалар «Зерек бала» бағдарламасындағы бес сала бойынша өз жастарына сәйкес білімдерін алды. Бұл топта ертеңгіліктер: «Күз сыйы», «Жаңа жыл кешінде», «Ана- күннің шуағынан жаралған», «Наурыз жыл басы» өткізілді.

«Қатынас» саласы бойынша ертегілердің атауын, ондағы кейіпкерлердің қасиетін ажыратып, рөлдерге кіріп ойнай білді мысалы: «Үш аю» қуыршақ қойылымы қазіргі заман талабына сай өткізді.Осы топта өткізілген іс-шаралар арқылы балалар өлең-тақпақтарды тез жаттауға, жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды шешуге үйренді.

«Таным» білім беру саласы бойынша балалар негізгі түстерді, геометриялық пішіндерді ажыратып, салыстыра алады. 1-3-ке дейін санап және кері санауды игерді

«Денсаулық» білім беру саласы бойынша балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді. «Дене тәрбиесі» атты ашық байқауды Узембаева Р.М. өткізе отырып, денсаулық сақтаудың тиімді тәсілдерін шынықтырды.Күнделікті күн тәртібі сақталды, күн тәртібінде шынықтыру шаралары үзбей ұйымдастырылып отырды.

«Шығармашылық» білім саласы бойынша түстерді ажыратып, кеңістікті бағдарлап, ермексазбен, раскраскамен жұмыс жасай алды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатныда домбыра үйірмесі ұйымдастырылып, домбыраны қалай ұстап, қалай қолдана білу керектігін үйренді.

Балаларға экологиялық тәрбие беру мақсатында маусымдық экскурссиялар ұйымдастырылды. ұлттық парктің мұражайынан балалардың қолынан жасалған бұйымдарды көріп, тамашалауға барды. Жыл сайын Ұлттық паркпен бірлесе өтетін «Парктер шеруі» акциясына қатысты. Балалар тірі табиғатпен танысып, жыл мезгілдерінің ерекшеліктері туралы білді. Курмушева Г.К., Узембаева Р.М. ұйымдастырылуымен топта желелі –рөлдік ойындар ойната бастады, балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырып, мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту мақсатында желелі-рөлдік ойын «Шаштараз», «Өрт-тілсіз жау» өткізілді. «Күншуақ» тобының тәрбиешілері жыл көлемінде өткізген іс-шаралары, ашық байқаулары өте үлкен іденіспен туындағаны байқалып тұр. Тәрбиешілерге ұсыныс:

1.Тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіру.

2. Өз білімдерін жетілдіру.

«Тұлпар» тобының тәрбиешілері Смагулова А.С. және Ашимханова С.К. Тәрбиешілер 4-5 жас аралығындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасын қолданды. Балалардың мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған білім берудің бес саласы бойынша («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Әлеумкенттік орта», «Шығармашылық») жүзеге асты. Топта 25 бала тәрбиеленді. Осы топтың алға қойған мақсаты: балаларды сөйлеу мәдениеттілігіне, ойын арқылы сөздерді байланыстыруға, ересектермен, құрдастармен еркін қатынас жасауға, қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктерді меңгеруге, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыруға , мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.

«Қатынас» саласы бойынша дауысты, дауыссыз дыбыстарды анық, дұрыс айтуға және де сол әріпті тануға үйренді. Жаңылтпаш, тақпақтар, жұмбақтар жаттауда сурет сызбаларын қолданып, баланың тез жаттап, ойлау белсенділігін арттырды. Сыпайы сәлемдесу, қоштасу, досын есіммен атау тәрбиешілердің аты-жөнімен атау дағдылары дамыды.

«Таным» саласы бойынша пішін, түстерді ажырату, пішіндердің көлемін салыстыру (ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, биік-аласа, кең-тар) ұғымдарымен және де 1-5-ке дейін тура санау және кері санауды үйретті. 1-5-ке дейінгі сан құрамдарымен танысты. Кеше-ертең-бүгін сөздерін қолдана отырып, тәулік мерзімдерін ажырата алуға дағдыланды.

«Денсаулық» саласы бойынша салауатты өмір салтын ұстану, қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл-қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалыстарын жетілдіру мақсатында тәрбиешілер Смагулова А.С. және Ашимханова С.Қ. аянбай еңбек етті.

«Шығармашылық» білім саласы бойынша музыкалық әрекеттерде домбыра үйірмесі жұмасына екі рет өткізді, балалар ноталарды айтып, домбырада ноталарды тере білді, домбыраны ұстап, шертуді үйренді. Ұсақ қол моторикасы дамыған мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың сурет салғанда, мүсіндеуде, жапсыруда пішіндерді және бейнелерді әр түрлі қырынан таныды.

Жыл бойында кезекті ертеңгіліктер өтіп отырды: «Қош келдің, ырысы мол алтын күз», «Жасыл шырша жарқыра», «Ана-гүл, Ана-жыр, Ана-өмірдің шуағы», Парктер шеруі акциясы қарсаңында өткізілген «Ақбас үйрек», «Татулық, достық, ынтымақ», «Алтын ұя-балабақшам» атты ертеңгіліктер өтті. Балаларды кіші кездерінен патриоттық сезімге тәрбиелеуде күнделікті гимн айтылады. Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік-ел тілегі» атты ашық байқауды С.К. Ашимханова өте үлкен ізденіспен өткізді.

Экологиялық тәрбие берудеде балаларды кішкене кездерінен табиғатты сүюге, аялауға, табиғат сырларын аша білу мақсатында маусымдық серуендер ұйымдастырылды «Су- тіршілік көзі» атты ашық байқауды Ұлттық Табиғи парк қызметкері Сарсекова А.С мен тәрбиеші Смагулова А.С. бірігіп өткізді.

Салауатты өмір салтын сақтауда отбасылық эстафеталық «Әкем, шешем және мен, спортшымыз шетінен» атты сайыс өтті.

Заттық даму ортасын дамыта отырып, балаларды қоршаған ортаға деген көзқарастарын кеңейте отырып, мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтті, осы мақсатта « Супермаркет-Нұр» атты ашық байқау өткізді.

Жыл басында ата-аналармен жұмыс жоспары бекітіліп, әр-түрлі тәрбие жұмыстары мәдени шаралар сай жүргізіліп отырды. Ата-аналар барлық ашық байқауларға, ертеңгіліктерге, Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында әр топтан Әжелер сайысына қатысты.Жоспар бойынша ата-аналар жиналысы әр топта өткізіліп отырды.Жылдың басында және жыл соңында ата-аналардан сауалнамалар алынды.

«Тұлпар тобының» тәрбиешілері Смагулова А.С. және Ашимханова С.К. жыл көлемінде «Зерек» балабағдарламасын басшылыққа ала отырып, атқарған жұмыстарын «қанағаттанарлық» деп бағаланды.

Ұсыныс:

1.Балалармен жекелей жұмыс жүргізу.

2. Балалардың ұсақ қол, саусақ моторикасын дамыту.

Педагогикалық ұжым әр дайым ізденісте, инновациялық жаңалықтарға құмар, өз тәжірбиелерінде жаңа технологияларды қолдана отырып, заман талабына сай интернет желісімен жұмыс жасап,балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, санала да сапалы білім берді.

Тәрбиеленушілердің білім сапасын бағалау

2011-2012, 2012-2013,2013-2014 оқу жылдарында мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттың 10 бөлімнің оқу жүктемесінің бес саласы бойынша оқу- тәрбие жұмысының мониторингісі өткізілді. Мониторингте балалардың білімі «өте жақсы-қолданады», «орташа-түсінеді», «төмен-қабылдайды» деп бағаланып, пайыздық көрсеткіштері көрсетілген.

«Қатынас» құзіреттілік бөлімінің мониторингісі



«Қатынас» білім саласы бойынша тәрбиеленушілердің қолдану, яғни жоғары деңгейі соңғы үш жылда төмендеген (42%-дан 27%-ға дейін), ал орташа деңгейдегі тәрбиеленушілер саны артқан, төменгі деңгейдегі тәрбиеленушілер саны төмендеген (33%-дан 16%-ға дейін)

«Таным» құзіреттілік бөлімінің мониторингісі



«Таным» білім саласы бойынша тәрбиеленушілердің қолдану, яғни жоғары деңгейі соңғы үш жылда тұрақты, ал орташа деңгейдегі тәрбиеленушілер саны артқан (29%-дан 36%-ға дейін), төменгі деңгейдегі тәрбиеленушілер саны 10%- ға төмендеген.











«Шығармашылық» құзіреттілік бөлімінің мониторингісі



«Шығармашылық» білім саласы бойынша тәрбиеленушілердің қолдану, яғни жоғары деңгейі соңғы үш жылда 9 %–ға төмендеген, ал орташа деңгейдегі тәрбиелердің саны артқан (34%-дан 47%-ға дейін), төменгі деңгейдегі тәрбиеленушілер саны 4%-ға төмендеген.

«Денсаулық» құзіреттілік бөлімінің мониторингісі



«Денсаулық» білім саласы бойынша тәрбиеленушілердің қолдану, яғни жоғары деңгейі соңғы үш жылда 5% –ға төмендеген, ал орташа деңгейдегі тәрбиеленушілер саны артқан (40%-дан 43%-ға дейін), төменгі деңгейдегі тәрбиеленушілер саны тұрақты.

«Әлеуметтік орта» құзіреттілік бөлімінің мониторингісі



«Әлеуметтік орта»

Білім саласы бойынша тәрбиеленушілердің қолдану, яғни жоғары деңгейі соңғы үш жылда 2%-ға төмендеген, ал орташа деңгейдегі тәрбиеленушілер саны артқан (38%-дан 50%-ға дейін), төменгі деңгейдегі тәрбиеленушілер саны 9%-ға төмендеген (25%-дан 16%-ға дейін).

Балабақша жайлы қысқаша мәліметтер

КМҚК «Айгөлек» балалар бақшасы 1979 жылы іске қосылған. 2008 жылы күрделі жөндеуден өткен. 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап балабақша өз жұмысын бастады. Мектепке дейінгі мекемеде 3 реттік тамақтану, ата-аналардың 100/ төлем ақылары арқылы қамтамасыз етіледі. Балабқшада білім беру қызметі, іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақшаның жұмыс уақыты 10 сағат, сағат 7.30-дан кешкі 17.30-ға дейін. Тәрбиеленушілердің саны 75 бала.

 

р/с

Топтың атауы

Жас ерекшелігі

Топ

Бала саны

Оқыту тілі

1

«Бөбек» тобы

1,5-2,5жас

І сәбилер

25

мемлекеттік

2

«Күншуақ» тобы

3 – 4 жас

ІІ сәбилер

25

мемлекеттік

3

«Тұлпар»тобы

4-5 жас

естиярлар

25

мемлекеттік

 

 

 

 

75

 

Балабақшада жабдықталған спорт залы, ән-саз залдары, меңгеруші , шараушылық меңгерушісі, әдіскер кабинеттері жұмыс істеуге қолайланып жабдықталған. Балабақша аумағында көк жасыл саяжайлар, гүл бақтары, ойын алаңдары  және спорт алаңы бар.

            Жұмысты жоспарлау

2014-2015 оқу жылының жылдық жоспарына «Ойын арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» атты проблемалық тақырыпты ала отырып, 2014-2015 оқу жылына қойылған жылдық міндеттер:

  1. Баланың денсаулығы мен өмірін қорғау жағдайын құру.

  2. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы дамыту

  3. Топта заттық-кеңістік және даму ортасын құрудағы педагогикалық ұжымның қолайлы жағдай жасау жұмыстары

Катонқарағай ауылдық КМҚК «Айгөлек» балалар бақшасы ұжымының әдістемелік проблемасы:

«Балаларды тәрбиелеу және оқыту барысындағы жеке тұлғаға бағытталған көзқарас».
Мақсаты: баланың қажеттілігін қанағаттандыру және қабілетін анықтау мақсатында, оның жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына қолайлы жағдайлар туғызу



Жұмыс бағыты


Жуық кезеңге  міндеттер

Білім саласы бойынша оқу жұмысы


«Социум»

Қоршаған әлеммен танысу

Экология

Көркем әдебиет


Әртүрлі іс әрекетте баланың өзінің ашылуына жағдай жасау

«Коммуникация»

Тіл дамыту

Көркем әдебиет

Қоршаған ортамен танысу


Мемлекеттік, орыс тілдерінде қарым-қатынас жолдау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Шығармашылық жағынан қалыптастыру үшін көмек беру

«Танып білу»

Сенсорика

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Экология негіздері

Қоршаған ортамен танысу


Әлем бейнесін толық түсіне алатын, танымдық дағдыға ие мектепке дейінгі баланың жеке тұлғасын қалыптастыру

«Денсаулық»

Өзін-өзі тану

Денешынықтыру


Өзінің денсаулығына деген көзқарасты тәрбиелеу

«Шығармашылық»

Сурет салу

Жапсыру

Құрастыру

Музыка


Шығармашылық ойлау мәдениеті, эстетикалық талғамды дамыту

  


Жоспарлау кезінде қолданылатын негізгі құжаттар

Құжат атауы

Көрсетілген құжаттардан шығатын нұсқаулар

1

«Қазақстан Республикасының Білім туралы» заңы.


Естиярлар тобы

2

Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие. Астана 2009 ж.


Дамытушы ортаны ұйымдастыру. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының базалық мазмұнына негізгі талаптарды белгілейді.

3

Бала құқығы туралы конфенция.


Әрбір баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеру, әрбір баланы жеке тұлға ретінде құрметтеу.

4

«Балбөбек» бағдарламасы.


Тақырыптар бойынша жоспарлауда апталық әдістеме.

5

«Қарлығаш » бағдарламасы.


Тақырып бойынша көркем әдебиетті  жоспарлау.

6

«МДҰ-да бала өмірін және денсаулығын қорғау» нұсқаулығы (ҚР БжҒМ-нің 13.01.1998 жылғы №14 бұйрығы).


Бала өмірін және денсаулығын қорғау бойынша жұмысты, баланың дене бітімінің дамуын, эмоционалдық және психикалық дамуын қамтамасыз ету.

7

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.

Ұжымдағы өзара қарым-қатынасты реттейді.

Қызметкерлердің еңбегін қорғау бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.

8

«Алғашқы қадам» бағдарламасы. Астана-2010ж.


Баланың құзырлылығын жалпы білім беру іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптастыруға бағытталған мектепке дейін тәрбие және оқытудың базалық мазмұнын анықтайды: денсаулық сақтау, құзырлық-тілдік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік іс-әрекеттер.

9

«Зерек бала» бағдарламасы. Астана-2010



10

Қазақстан Республикасының МДҰ-ның қызметін ұйымдастыру тәртібі.


Балабақша ұжымының іс-әрекетінің міндеттерін және оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың міндеттерін анықтайды.

 



 2014-2015  оқу жылына міндеттер 

Міндеттер

Күтілетін нәтиже

1

 

Ойын арқылы тәрбиеленушілердің парасаттылық-шығармашылық және тілдік қабілеттерін дамыту

 

Балалардың шығармашылық қабілеттерін және тілін дамыту.

2

Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру арқылы балалардың денсаулығын нығайтужәне өмірін қорғау жұмыстарының тиімділін арттыру.

 

Балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту.

 









Педагог мамандардың сапалық құрамы


 

 

Аты - жөні

 

лауазымы

 

білімі

Қандай оқу орнын және қашан бітірді?

 

Маман-дығы

сана-ты

еңбек өтілі

жалпы

Пед

.

1

Балтабаева Роза Есенғозықызы

меңгеруші

жоғары

КАСУ 2009жыл

Кәсіптік білім

2

7.2

7.2


2

Ахмадиева Айгуль Қадылханқызы

әдіскер

жоғары

 ШҚМУ 2007

 

қаз тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі 

2

14

14




3

Абаканова гульсунь Қамзақызы

тәрбиеші

жоғары

 Павладар Пед институт

Биология пәнінің мұғалімі


2

22.4

22.4

4

Курмушева Гульмира Құдайбер-генқызы

тәрбиеші

жоғары

Алматы Қазақ Ұлттық Педагог. Университет 2007жыл

Бастауыш сынып мұғалімі


2

6

6

5

Ашимханова Сауле Қасымжо-мартқызы

тәрбиеші

жоғары

ШҚМУ 2006жыл

Бастауыш сынып мұғалімі


2

6.4

4.2

6

Узембаева Риза Мамыржанқызы

тәрбиеші

жоғары

ШҚМУ 2013жыл

Педагог-психолог


2

6.2

6.2

7

Смагулова Арай Сағынға-нқыз

тәрбишіі

арнаулы орта

ШҚГК 2005жыл

Бастауыш сын мұғалім


2

6.4

6.4

8

Сабырбаева Динара Абуталиковна

тәрбиеші

арнаулы орта

ШҚГК 2012 жыл

Бастауыш сын мұғалімі



7

1

9

Айтказина Альбина Ерікқызы

ән жетекші

Арнаулы орта

ШҚӨК

Ән сабағынан мұғалімі



5.5

5.5





Мамандармен жұмыс 



р/р

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

ҚР нормативтік құжаттарымен және  елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қаулыларымен танысу.

үнемі

меңгеруші

2

Елімізде және шет елде болып жатқан маңызды оқиғалармен танысып отыру.

үнемі

әдіскер

3

Білім жетілдіру курстары  және жетістіктер апталығына қатысу арқылы педагогтардың оқып білімін жетілдіруін қамтамасыз ету.

 

үнемі

әдіскер

4

Қалалық, облыстық курстарға, семинарларға, жарыстарға жүйелі түрде қатысып отыру.

үнемі

әдіскер

5

Әрбір тәрбиешіге бағдарламаны терең талдап танысуына көмектесу. Жылдық жоспардың әдіс-тәсілдерін таңдау бойынша жиналыс өткізу.

қазан

меңгеруші

әдіскер

6

«Үздік топ - 2014» атты көрме-жарыс.

 

әр тоқсан сайын

ұйымдастыру комитеті

7

Балабақша әкімшілігінің және еңбекші ұжымының біріккен мәжілісі.

 

қажеттілігіне қарай

меңгеруші

8

Жаңа әдістемелік әдебиеттерге және баспаларға шолу.

 

ай сайын

әдіскер

10

Өндірістік кеңестер.

 

әр тоқсан сайын

меңгеруші ӘШБ-ң меңгерушісі

11

Медициналық және өндірістік мәжілістер.

 

әр тоқсан сайын

меңгеруші

, медбике

Әдістемелік жұмыс

Әдістемелік жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда іске асырылатын бағдарламаға сәйкес жоғары деңгейде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету.

р/р

Педагогикалық кеңестер тақырыбы

Өткізілу түрі

Мерзі мі

Жауапты

I


Педагогикалық кеңес №1

Тақырыбы:

«Жаңа оқу жылындағы балабақша қызметінің негізгі бағыттары»

1. Жазғы сауықтыру кезеңдегіжұмыстарды қорытындылау (сауықтыру жұмысының сараптамасы)

2. Педагогикалық ұжымды 2014-2015 оқу жылының жұмыс жоспарымен таныстыру.

3. Тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кестесі және баламен жұмыс жоспарларын бекіту.

4. Топтардағы ағымдық құжаттарды бекіту.

5. Педкеңес қорытындысы, шешім қабылдау.

дөңгелек үстел

тамыз

меңгеруші

әдіскер

II

Педагогикалық кеңес №2

Тақырыбы:

«Баланың денсаулығы мен өмірін қорғау жағдайын құру»

1. Педкеңестің шешімдерін орындау.

2. Баланың денсаулығын нығайту және өмірін қорғауда бірегей кеңістіктің құрылуы.Әдіскер: Ахмадиева А.К.

«Баланың қауіпсіз жағдайда болуы» рейд жүргізу Медбике: Жанабилова Ж.М.

3. Барлық топ тәрбиешілері сауықтыру шаралары туралы жүргізілетін жұмыстары жөнінде есеп беру.

4.Әр топта сақталатын қауіпсіздік ережелері қандай?

5. Балабақшадағы балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру тақырыбындағы тақырыптық тексеру қорытындылары.

6.Педкеңес қорытындысы, шешім қабылдау.

кеңес

қараша

 







меңгеруші

әдіскер

 медбике



III


Педагогикалық кеңес №3

Тақырыбы:

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы дамыту

1.Балалардың эстетикалық санасын бейнелеу өнері арқылы дамыту. Әдіскер: Ахмадиева А.К.

2. «Сырлы бояу сыр шертеді» ашық байқау «Тұлпар»тобы

3. «Сиқырлы қарлар» ашық байқау «Күншуақ»тобы

4. «Шығармашылық» білім саласы бойынша балалардың қабілетін аша білу «Бөбек» тобының тәрбиешілерінің өткізуімен тәжірибелік әрекет

5. Кроссворд шешу

кеңес

ақпан

 

меңгеруші

әдіскер

медбике

тәрбие

шілер

 



IV


Педагогикалық кеңес№4

Тақырыбы:

Топта заттық-кеңістік және даму ортасын құрудағы педагогикалық ұжымның қолайлы жағдай жасау жұмыстары

Жұмыстың нәтижелігін, қиыншылықтарын анықтау және оны шеше білу тәсілдері.

Заттық-кеңістік және даму ортасын құру жағдайы бойынша әдеттегі қиыншылықтарды анықтау.

«Даму ортасын құру» тақырыбында тематикалық тексерулер нәтижелері бойынша

Әдіскер: Ахмадиева А.К.

Сайыс «Балабақшадағы ең жақсы даму ортасы»


кеңес

сәуір



меңгеруші

әдіскер

тәрбие

шілер

V

Педагогикалық кеңес №5

Тақырыбы:

«2014-2015 оқу жылының қорытындылары».

Мақсаты: балабақшаның оқу-тәрбие жұмысының жағдайын анықтау, келесі оқу жылының жұмыс бағытын белгілеу.

1. Өткен педкеңестің шешімдерінің орындалысы туралы қорытынды.

2.Топтар бойынша қорытынды ашық байқауларға қатысу.

3. ҚР Мемлкеттік стандартының орындалысы бойынша тәрбиешілердің есебі.

4. Жылдық жоспарды орындалысы бойынша мониторинг , диагностика, портфолио, технологиялық карта, циклограмма нәтижелерінің қорытындылары.

5.Балалардың науқастық нәтижелері.

6. Ән жетекшінің жылдық есебі.

7. Жазғы-сауықтыру кезеңдегі жұмыстар жоспарын бекіту.

дөңгелек үстел

мамыр

тәрбиешілер

меңгеруші

әдіскер

медбике

 







































  Аттестаттау комиссиясының жұмыс жоспары



р/с

Іс-шаралар мазмұны

Мерзімі 

Жауаптылыр

1

Аттестациядан өтетін педагог-тәрбиешілердің тізімін дайындап, бекіту.

қыркүйек

Аттестаттау комиссиясының төрайымы

2

2014-2015 оқу жылына аттестаттау комиссияларының мүшелерін бекіту.

IX

меңгеруші

3

Аттестатталатын педагог-тәрбиешілерді аттестаттау ережесімен таныстыру


6 қазан

Аттестаттау комиссиясы

4

Аттестаттау комиссиясының жұмысы:

а) аттестатталатын педагог-тәрбиешілермен әңгіме өткізу;

б)педагогтардың портфолиосының таныстыру рәсімін ұйымдастыру

в) шығармашылық есеп

Педагог-тәрбиешінің диагностикалық картасын толтыру.

Қорытынды: Аттестатталатын педагог-тәрбиешінің шығармашылық папкасы



X-XI

Аттестаттау комиссиясы

5

Аттестаттау комиссиясының жұмысы:

-         Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысу ;

-          Құжаттармен танысу;

-          Диагностикалық картаның жүргізілуі;

-          Аттестаттау парағын толтыру;

-          Аттестатталатын педагог-тәрбиешілерді аттестаттау мәліметтерімен таныстыру;

-         Комиссияның қорытынды отырысы (аттестатталатын педагог-тәрбиешілердің қорытынды шешімінің қабылдануы) 

XIІ-ІІІ

 

 

.

Аттестаттау комиссясы







Ақыл-кеңестер

п/п

Ақыл-кеңестер тақырыбы

Қызметкерлер категориясы

Мерзімі

Жауапты

1

Оқу – тәрбие барысын жоспарлау

тәрбиешілер

ән жетекші

 

IX

әдіскер

 

2

Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық-тілдік дамуы.

тәрбиешілер

X

әдіскер

3

 

«Тұлпар» тобына арналған баланың танымын дамытатын дидактикалық ойындар.

 

тәрбиешілер

XI

әдіскер

4

Мектеп жасына дейінгі балалармен дене шынықтыру -сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

 

тәрбиешілер

I

әдіскер

5

Сахналық ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.

 

тәрбиешілер

IIІ

әдіскер

6

 Балаларды мектепке психологиялық-педагогикалық тұрғыда дайындау.

 

тәрбиешілер

ән жетекші


V

психолог

 

 

Тренингтер


1

Шағын-тренинг «Сәлеметсіз бе-бұл мен! Келіңіз танысайық!»

педагогтар

IX

әдіскер

2.

Тренинг «Баланың сезім аясын дамыту»

тәрбиешілер

XI

психолог

3.

Ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнату және өзара әрекеттесу

педагогтар

II

психолог

4.

Тренинг «Мен қандаймын!»

тәрбиешілер

IV

әдіскер





Семинарлар 


р/с

Семинар тақырыбы

Мерзімі

Жауапты

1

Танымдық-зерттеу іс-әрекеті баланың жеке тұлғасын дамытудың негізгі бағыты

XI

әдіскер

2

Тәрбиешілердің құзіреттілігін көтеру

II

әдіскер

3.

Табиғат-біздің досымыз

IV

әдіскер


Ашық көрсетілімдер


р/с

Тақырыбы


Мерзімі

Жауапты

1

Математика әлемінде

қазан

тәрбиеші

Курмушева Г.Қ..

2

Шымыр болса денеміз, сау болады денеміз

қараша

тәрбиеші

Ашимханова С.К.

3

Біз тәуелсіз ел ұланымыз

желтоқсан

тәрбиеші Смагулова А.С.

4

Сазды, сырлы аспаптар

қаңтар

ән жетекші

5.

Қыс қызығы

ақпан

тәрбиеші Узембаева Р.М.

6.

Ертегі еліне саяхат

ақпан

Тәрбиеші-Сабырбаева Д.А.

7.

Көктемдегі бақ

сәуір

Тәрбиеші:Абаканова Г.К.

 

р/с

Семинарға

Мерзімі

Жауапты

1

«Апельсинмен іс-тәжірибе жүргізу» тақырыбына танымдық іс-әрекет


XI



Курмушева Г.К.

2

«Сумен іс-тәжірибе жүргізу» тақырыбына танымдық іс-әрекет


XI

Смагулова А.С.

3

«Қағазбен іс- тәжірибемен жүргізу» тақырыбына танымдық іс-әрекет

XI

УзембаеваР.М.

 


Меңгеруші жанындағы оперативтік жиналыстар


Өндірістік жиналыстар

Тақырыбы

өткізу түрі

мерзімі

жауаптылар

1

1. Жазғы сауықтыру жұмыстарының қорытындылары.

2. Педагогикалық ұжымды 2014-2015 оқу жылының жұмыс жоспарымен таныстыру, бекіту.

3. ҚР Білім және ғылым министрлігінің  13.01.1999 жылғы  №14 бұйрығының орындалысы («Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау»)

нұсқаулық

ІX

Меңгеруші

әдіскер




медбике

2

1. Ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуы.

2. Балаларды тамақтандырудың ұйымдастырылуы.

3. Жаңа жыл мерекесіне дайындық. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы.

4. Күн тәртібінің орындалуы.

5. Тәулік бойындағы балалардың қимыл-қозғалысының  ұйымдастырылуы.

дөңгелек  үстел

XІІ

Меңгеруші

әдіскер

медбике

3

1. Топтардағы санитарлық эпидемиологиялық нормалардың орындалысы

дөңгелек  үстел

ІІІ

Меңеруші

әдіскер

медбике шаруашылық меңгерушісі

 

1. «Жазғы сауықтыру шараларын» талқылау және бекіту.

2. Жазғы мезгілде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаулық.

3. Қызметкерлердің демалыс кестесін талқылау және бекіту.

 

дөңгелек  үстел

 

V

Меңгеруші

әдіскер

медбике





 

Медициналық-педагогикалық кеңес


р/с

Жұмыстың мазмұны

Өткізілетін уақыт

Жауапты

1

 1.   Тәрбиелеу және оқыту жұмысының есебі I квартал.

2.    Квартал бойынша перспективтік жоспарды бекіту.

3.    Бейімделу кезеңіндегі балалардың ауруына талдау.

XI


меңгеруші әдіскер

Тәрбиеші

медбике

2

1.    Балалардың ауруына талдау  II квартал.

2.    Балалардың жүйке-психикасының дамуының карта бойынша ойын әрекетіндегі есебі.

3.    Педагогикалық жабдықтау барысы

II


медбике

тәрбиешілер


меңгеруші әдіскер


3

 1.    Балалардың ауруына талдау   III квартал.

2.    Барлық бөлім бойынша меңгеру барысы.

3.    Жазғы іс-шаралар жұмысына дайындық

V


медбике

тәрбиешілер

меңгеруші

әдіскер

4

1.    Жазғы-сауықтыру шараларының есебі

2.   Отбасылық тәрбиедегі өз-тәжірибесімен бөлісуде ата-аналармен жасалатын жұмыс. 

3.    Шынықтыру шараларының жоспарын бекіту.

VIII

тәрбиешілер


медбике

әдіскер

меңгеруші

 











Бақылау және басқару

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінің сапасын жақсарту, педагог-тәрбиешілердің білім-білік деңгейлерін көтеру

Мерзімі

Бақылаудың мазмұны

Бақылаудың мақсаты

Бақылаудың түрі

Бақылаудың әдісі

Кім бақылайды

Қайда және қашан қортындыланады

ІX

Күнтізбелік және ілгерілемелі жоспарлар

Педагогтардың іс-әрекетін мемлекеттік стандартқа сәйкестендіру

Жыл бойына

Балалардың бағдарламаны меңгеру деңгейі

меңгеруші

әдіскер

 

Оперативтік жиын

Оқу іс-әрекетіне дайындық

Заттық дамытушы орта, құжаттарды ресімдеу сапасы

Тақырыптық

 

Жас ерекшеліктеріне сәйкестігі

меңгеруші

әдіскер

 

педкеңесте

X

Балаларды тамақтандырудың ұйымдастырылуы

Үстел жасақтау, мәдени-гигиеналық машықтар

Ескерту

Балалардың іс –әрекетін бақылау және талдау

меңгеруші

әдіскер

 

өндіріс жиында

Ертеңгілік жаттығу өткізілуі, дене тәрбиесі сабақтары

Сауықтыруға жағдайлардың жасалуы

Оперативтік

 

Бақылау және талдау

меңгеруші

әдіскер

 

педкеңесте

Күн тәртібі

Жас мамандармен жұмыстың ұйымдастырылуы

Жыл бойына

Тәрбиешінің кәсіптік біліктілігін бағалау

меңгеруші

әдіскер

 

жеке әңгімелесу

Жас ерекшеліктері әр-түрлі топтардағы мәдени-гигиеналық машықтар

Жас мамандармен жұмыстың ұйымдастырылуы

Жыл бойына

Бақылау және талдау

өзара қатысу

дөңгелек  үстел

XІІ

Танымдық зерттеу іс-әрекеті

Өз бетімен зерттеу және құрылымдық іс-әрекетті ұйымдастыру машықтары

Оперативтік

 

Ашық көрсетілімдер

меңгеруші

әдіскер

 

педкеңесте

І

Диагностика

Мемлекеттік стандарттың білім салаларына сәйкес бағдарламалық материалдардың меңгерілуі

 

Оперативтік

 

Индикаторларға сәйкес

балалардың құзырлы дамуының нәтижелерінің дұрыстығы

меңгеруші

әдіскер

 

әдістемелік кеңесте

ІІ

Ата-анамен жұмыс

 

Жанұяның және балабақшаның әлеуметтік серіктестігінің қалыптасуы

 

тақырыптық

Ата-аналар бұрышын және ата-аналар жиналысының хаттамаларын талдау

меңгеруші

әдіскер

 

педкеңесте

ІІІ

Балалардың мемлекеттік тілді меңгеруі

Пәннің берілу деңгейі, балалардың  тілді меңгеруі

 

Оперативтік

 

Пән мұғалімдерінің оқу-тәрбие іс-әрекеті

меңгеруші

әдіскер

 

өндіріс жиында

ІV








Мемлекеттік стандарттың білім салалары бойынша мониторинг



Мемлекеттік стандарттың білім салаларына сәйкес бағдарламалық материалдардың меңгерілуі

 

қорытынды






Топтардағы қорытынды сабақтарды қарау, балаламен әңгімелесу

меңгеруші

әдіскер

педкеңесте

V

Балаларды сауықтыру бойынша жұмыстың жағдайы

Сауықтыру жұмыстарының қорытындылары

қорытынды

Топтардағы балалардың ауырып қалуы бойынша талдау

меңгеруші

әдіскер

медбике

дөңгелек  үстел



Әдістемелік кабинеттің жұмысы

р/с

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Кабинетті конспектілермен, әдістемелік жоспарлар, әдебиеттер, сценарийлармен жабдықтауды жалғастыру.

жыл бойына

әдіскер

 

2

Кабинетті жаңа оқу жылына дайындау.

VIII, IX

әдіскер

 

3

Жасақтау:

а) –топтардағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кестесін бекіту.

- «Оқу жылына ең жақсы дайындық» байкауының шарты

- сауықтыру жұмысы бойынша ұсыныстар

IX

әдіскер

 

б) тәрбиешілерге арналған жаднама:

- кешенді сауықтыру;

- оқу аймағын жабдықтау.


X

әдіскер

 

  Ұйымдастыру- педагогикалық жұмысы

Ертеңгілектер, ойындар, мерекелер:

мерзімі

жауапты

 

 

«Білім күні»

IX

ән жетекші, тәрбиешілер

Күз мерекесі

X

ән жетекш,тәрбиеш.

Тәуелсіздік күні    

XII

ән жетекш,тәрбиеш.

Жаңа жыл мерекесі

XII

ән жетекш,тәрбиеш

Аналар күні

III

ән жетекш,тәрбиеш.

Наурыз мейрамы

III

ән жетекш,тәрбиеш.

«Парктер шеруі акциясы аясында» өткізілетін іс-шара

IV

ән жетекш,тәрбиеш.

Достықмерекесі

V

ән жетекш,тәрбиеш

Балабақшамен қоштасу «Біз мектепке барамыз»

V

ән жетекш. тәрбиеш

Балаларды қорғау күні

VI

ән жетекш,тәрбиеш.

 

Ата-аналармен жұмыс

р/с

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

 

«Балабақшамен отбасының бала тәрбиесіндегі бірыңғай талабы» тақырыбындағы жалпы ата-аналар жиналысы.

 

IX

меңгеруші

2

 

 

Топтық ата-аналар жиналысы: «Жаңа оқу жылының міндеттері»:

а) жаңа оқу жылының міндеттері;

б) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысу.

 

IX

тәрбиешілер

3

 

Ашық есік күндері:

Фото стенд: «Балабақшада біз не істейміз?»

  − «Балалардың тамақтауын ұйымдастыру».

I

әдіскер

тәрбиешілер

медбике

 

4

 

Топтық ата-аналар жиналысы: «Балалардың дене тәрбиесі»:

ауру түрлерін талдау;

қорытындысы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу;

   − «Әкелер бізде қонақта»

 

II

тәрбиешілер

 медбике

5

 Жалпы ата-аналар жиналысы: «Оқу жылының қорытындысы»:

жылдық жұмыс қорытындысы;

отбасы тәрбиесінен тәжірибе;

   − жазғы мезгілге міндеттер.

 

V

меңгеруші





әдіскер

   Мектеппен байланыс

р/с

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

« Е.П.Рыков »атындағы орта мектептің даярлық сынып сабақтарына қатысу

жыл бойына

тәрбиешілер

2

«Баланы мектепке дайындау» тақырыбына ата-аналар жиналысын өткізу.

XI

тәрбиешілер

3

Мектепке саяхат: мектеппен танысу;

IX

әдіскер

кіітапханаға, мектеп мұражайына;

 

XI

әдіскер

мерекелерге.

жыл бойына

әдіскер

4

8 Наурыз мерекесіне мектеп мұғалімдеріне концерт.

 

III

Ән жетекшісі

5.

Бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілерінің кездесуі:

 - түлектердің мектепке дайындық деңгейі;

- түлектердің мектептегі жетістектері

V

меңгеруші

әдіскер

 

Балалардың денсаулығын қорғау және нығайту

р/с

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Барлық топта жас ерекшеліктеріне сай күн тәртібінің орындалуы.

 

жыл бойына

Тәрбиешілер

медбике

2

Әр баланың жеке бас ерекшеліктері ескеріле отырып, дене тәрбиесі мен сауықтыру – шынықтыру шараларының сапалы орындалуын қамтамасыз ету.

жыл бойына

тәрбиешілер

3

Балаларды диспансерлік қарау жұмыстарын уақытымен жүргізу.

 

жыл бойына

медбике

4

Дене тәрбиесі мен сауықтыру – шынықтыру шараларының жүргізілуіне сапалы дәрігерлік-педагогикалық бақылауды жүргізуді қамтамасыз ету.

 

жыл бойына

әдіскер

медбике

5

Тәрбиешілердің фильтрді өткізуге жауапкершілігін арттыру, ауырып қалған балаларды дер кезінде анықтап отыру.


жыл бойына

медбике

тәрбиешілер

6

Спорттық мерекелердің, денсаулық күндерінің, ойын-сауықтардың жүргізілуі.

 

жоспарға сай

әдіскер

7

Денсаулық парағының ауруды көрсету экранын дайындау.

 

тоқсан сайын

медбике

8

Қызметкерлердің жеке бас тазалығының сақталуын қадағалау.

 

жыл бойына

медбике

9

Бала денсаулығын қадағалау бойынша бақылауды күшейту.

 

жыл бойына

медбике

  

Санитарлық-ағарту жұмыстары

р/с

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Ата-аналарға ақыл-кеңестер:

- балабақшадағы және үйдегі күн тәртібі

IX

тәрбиешілер




- балаларды тұмаудан сақтаңыздар

XI

медбике

- ауыз қуысы гигиенасы

XII

медбике

- баланың киім киісі

I

медбике

- іш-асқазан аурулары профилактикасы

III

медбике

- егу не үшін қажет?

IV

медбике

2

Тәрбиешілерге ақыл-кеңестер:

- «Ауырма» мектебі

X



медбике

- карантин шараларының орындалуы ережесі

XI

медбике

- балабақшаның таза ауа тәртібінің сақталуы

I

медбике

3

Кіші қызмет көрсетуші персоналмен:

- карантин кезіндегі дезинфиция тәртібі

X

медбике

- балабақшаның бөлмелеріне және құралдарына қойылатын тазалық талаптары

үнемі

медбике

- қызметкерлердің жеке бас тазалығы

жыл бойына

медбике

- ас үйіне қойылатын тазалық талаптары

жыл бойына

меңгеруші, медбике

4

Сан бюллетендер:

іш-асқазан аурулары профилактикасы

тұмау

дәрумендер

сары ауру профилактикасы

тоқсан сайын

 

 

медбике

  

Әкімшілік – шаруашылық жұмыс

р/с

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Материалды-жауапты адамдардың жұмысын, топтардағы мүліктердің бүтіндігін бақылау.

 

үнемі

меңгеруші

2

Қызметкерлердің еңбек демалысы кестесін құрастыру.

 

XI

меңгеруші

3

Азық-түліктердің сапасын бақылау.

 

үнемі

мейірбике

4

Нұсқаулық: - техника және өрт қауіпсіздігі;

 

үнемі

шаруашылық меңгерушісі

Бала өмірін және денсаулығын қорғау.

 

үнемі

әдіскер, медбике

5

Балабақша аумағын көгалдандыру сенбіліктерін ұйымдастыру.

 

қажеттілігіне қарай

меңгеруші

шаруашылық меңгерушісі

6

Балабақшаны жабдықтау және безендіру жұмыстарын бақылау.

 

үнемі

меңгеруші

шаруашылық меңгерушісі

7

Балабақшаның көгалдандырылған саяжайларының, қоршаудың, құмның жағдайын қадағалау.

 

қажеттілігіне қарай

меңгеруші

шаруашылық меңгерушісі

8

Қыс мезгіліне дайындық:

жылу;

әйнектеу;

терезелерді жылылау.

X

меңгеруші



шаруашылық меңгерушісі

 















1 қосымша

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының орындалысы

р/с

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Қазақ жазушыларының, ақындарының, композиторларының, суретшілерінің шығармаларымен танысу.

 

үнемі

тәрбиешілер

2

Қазақтың ұлттық ойындарын және әндерін мерекелік ертеңгіліктерде және спорттық сайыстарда, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде пайдалануы.

 

жыл ішінде

тәрбиешілер

ән жетекшісі

3

«Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрлері» атты альбомдар дайындау

 

III

тәрбиешілер

4

«Қазақ өрнектері» атты альбомдар дайындау.

 

XI

тәрбиешілер



2 қосымша

Психолог жұмысы

  І. Балалармен жұмыс

Р/с

Жұмыстың мазмұны

Нысан


Жұмыстың мақсаты

Әдістемелер

Мерзімі

1.

Ұйымдастырушы

лық кезең

Жаңадан келген балалармен жұмыс

Балаларға жекелеген психологиялық карта бастау, мәлімет жинау.

 

Психологиялық карта

 

тамыз-қыркүйек

2.

Балабақшаға психологиялық дайындығы

4-5 жастағы балалар

4-5 жастағы балалардың мектепке психологиялық дайындығын анықтау

Керн-Йиарисек тесті

қыркүйек

3.

Психологиялық

адаптация

2-5 жас аралығындағы

жаңадан келгендер

Жаңа жағдайға тез бейімделуіне жағдай жасау, көмек көрсету

Проективтік әдіс /сөйлесу, әңгімелесу, сабақтарға қатысу/

 

Қазан

4.

Мінезі ауыр балалармен жұмыс

4-5 жастағы балалар

Өтпелі кезең дағдарысынан оңтайлы өтулеріне жағдай жасау, психопрофилактикалық шаралар өткізу

Тренингтер, тестер

Қараша, ақпан

5.

«Қатынас»

білім саласы бойынша балалрдың білімін тексеру

3-4 жас аралығы

ойлау деңгейін анықтау, интеллект деңгейін байқау

IQ тестері

желтоқсан, наурыз

6.

балалардың таным процестерін зерттеу, дамыту

3-5 жас аралығы

Балалардың есте сақтау, ойлау, зейін, қиял, қабылдау ерекшеліктерін анықтау, дамыту.

Ойлау икемділігін зерттеу” әдістемесі, “Логикалық ойлау” әдістемесі

Қаңтар, сәуір

ІІ. Бағыттар бойынша жұмыс



Р/с

Жұмыстың мазмұны

 

нысан

Жұмыстың мақсаты

әдістемелер

Мерзімі

1.

Балалардың әлеуметтік ортасы

3-5 жас

топтағы, жанұядағы қарым-қатынастарын, балабақшаға көзқарастарын анықтау

 «Жанұядағы қарым -қатынас»

Қыркүйек-қазан

2.

Дарынды балалармен жұмыс

1.Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау

2.Дарынды балалардың тұлға ретінде қалыптасуларына жағдай жасау

Тестер, тренингтер, әңгімелесулер, сабақтарға, сабақтан тыс шараларға қатысу

Қараша-ақпан

3.

Психологиялық диагностика

2-5 жас

Тұлғаның жеке жас және тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу

Оқу іс-әрекетіне катысу

жыл бойы

5.

Психологиялық профилактика

2-5 жас

Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін дағдарыстардың алдын алу

Тренингтер

Наурыз-мамыр





 

ІІІ. Тәрбиешілермен  жұмыс

Жұмыстың мазмұны

нысан

Жұмыстың мақсаты

әдістемелер

Мерзімі

1.

Психологиялық кеңестер беру

Жекелеген тәрбиешілер, топтар

1.Психологиялық мәселелерді шешуде белгілі бір көмек беру

2.Жекелеген балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы сұранысқа ақпарат беру

ПП карталар, жеке есеп парақтары

Жыл бойы

2.

Педагогикалық іс-әрекеттегі кедергілерді зерттеу

Жекелеген тәрбиешілер

тәрбиешілердің жұмысына кедергі жасайтын немесе ұйтқы болатын факторларды анықтау

Тәрбиешінің коммуникативтік қызметінің тестілік картасы” әдістемесі

Желтоқсан, наурыз

4.

Диагностикалық зерттеме жұмыстары

Балабақша ұжымы

Балабақшадағы оқу-тәрбие және басқару процесіне оңтайлы жағдай туғызу үшін ұжымдағы қарым-қатынас, өзара көмек деңгейлерін зерттеу, анықтау

Сырттай бақылау, “Педагогтың қарым-қатынас моделі” тестісі

әр тоқсанда

1 рет

5.

Психологиялық ағарту жұмыстары

Тәрбиешілер, балабақша әкімшілігі

Психологиялық әдебиеттерге сүйене отырып, соңғы жаңалықтармен таныстыру, балалардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты түсініктер беру, психологиялық сауаттану жұмыстарын жүргізу

Баяндама, дәрістер, пікір алысу.

әр тоқсанда

1 рет

6.

Психоэмоционалдық жағдайларына көмек көрсету

Балабақша ұжымы

Ұжымда қалыпты психоэмоционалдық жағдай қалыптастыру

Тәрбиешінің конфликтогендігі” тестісі, тренингтер

Жыл бойы


IV. Ата – аналармен жұмыс



 

Р/с

 

 

Жұмыстың мазмұны

 

нысан

 

Жұмыстың мақсаты

 

әдістемелер

 

Мерзімі

1.

Ата-аналарға психологиялық кеңестер беру

1,5-5 жас

Ата-аналарға кеңестер беру арқылы профилактикалық шаралар жүргізу, психологиялық сауаттандыру

Психологиялық әдебиеттер,  тестер, сауалнамалар

 

Жыл бойы

2.

Психологиялық ағарту жұмыстары

Ата-аналар жиналыстары

 

 

Ата-аналар арасында психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу арқылы балаларға оңтайлы орта орнату, адамгершілік қарым-қатынас қалыптастыру, өзара түсінушілік жағдайын жасау.

Баяндамалар, дәрістер, ғылыми әдебиеттерге шолулар, зерттеу нәтижелері т.б.

 

әр тоқсанда

1 рет

3.

Балабқшада, оқу-тәрбие процесіне, тәрбиешілерге қарым-қатынастары

Тәрбие сағаттары

Ата-аналардың балабақшаға , оқу-тәрбие процесіне, тәрбиешіге қарым-қатынастарын анықтау арқылы кикілжіңдердің алдын алу, психологиялық қалыпты жағдай жасау

Тестер.тренингтер, сауалнамалар, әңгімелесу, тәрбие сағаттарына қатысу

 

Жыл бойы







  



3 қосымша


Шығармашылық топ жұмысы


р/с

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Шығармашылық топ мүшелерін және жетекшісін сайлау

IX


меңгеруші

2

Шығармашылық топ жұмысының жоспарын құрастыру және бекіту

IX

Шығармашылық топ жетекшісі

3

Топтарды безендіруге және «Ең жақсы жасақталған топ» сайысын өткізуге көмек

IX

Шығармашылық топ

4

Қабырғалар (стендтер) және фотокөрмелер дайындау

жыл бойына


Шығармашылық топ

5

Жаңа технологиялар енгізу бойынша жұмыстар

жыл бойына


Шығармашылық топ

6

Жас мамандарға көмек: тәлімгерлік

жыл бойына


Шығармашылық топ

7

Барлық ұйымдастыру-педагогикалық шараларға қатысу

жылдық жоспар бойынша

Шығармашылық топ

















4 қосымша


Жас мамандармен жұмыс 


р/с

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Топтардағы құжаттарды рәсімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету

IX

Шығармашылық топ

2

Жаңа бағдарламаларды енгізу бойынша кеңестер

IX

 

әдіскер

3

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындық бойынша кеңестер

жыл бойына

 

Шығармашылық топ

4

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне және күн тәртібіндегі сәттерге өзара қатысу

жыл бойына

 

әдіскер

5

Озық іс-тәжірибені зерттеу, өз білімін жетілдіру

тоқсан сайын

әдіскер

6

Ата-аналармен жұмыс жүргізу бойынша кеңестер

тоқсан сайын

 

Шығармашылық топ

7

Ұйымдастыру-педагогикалық шараларды жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсету

жылдық жоспар бойынша

Шығармашылық топ

 















5 қосымша


Жазғы сауықтыру жұмыстары 


Шаралар

Мерзімі

Жауапты

І

«Балаларды қорғау» күніне арналған қуыршақ театры, ойын-сауық.

«Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында суреттер сайысы.

«Ертегілер апталығы» - ең қызықты сахналауға сайыс.

 

VI

 

әдіскер

 

 тәрбиешілер 

тәрбиешілер

ІІ

Денсаулық күні «Жеңімпаздар ортамызда».

Сурет сайысы « Астана-әсем қала»

 

VII

 

тәрбиешілер




ІІІ

Ойын-сауық: «Күн, су, таза ауа – достарымыз жан дауа»

МҰТП мұражайына саяхат.

Ойын-сауық: «Қош бол, көңілді Жаз!»

 

VIII

 

тәрбиешілер

ән жетекші

 

  

















6 Қосымша


 Мәдени  іс-шаралар жоспары 


р/с

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Суреттер көрмесін ұйымдастыру «Менің ауылым әр жыл мезгілінде»

   (ортаңғы топ, 2-кіші топ)

IX

әдіскер

тәрбиешілер

2

 

Ауылдағы Оралхан Бөкейдің ескерткішіне саяхат

2-кіші топ

X

әдіскер

тәрбиешілер

3

Ауылдың табиғи байлықтарына саяхат жасау

МҰТП-ның қорығына саяхат (ортаңғы топ)

XI

әдіскер

тәрбиешілер

4

Ауылдық кітапханаға саяхат (2-ші кіші топ)

XII

әдіскер

тәрбиешілер

5

Е.П. Рыков атындағы орта мектептің мұражайына саяхат 2-ші кіші топ

I

әдіскер

тәрбиешілер

6

Катонқарағай ауылыңың құрметті азаматтарымен кездесу өткізу (ортаңғы топ)

ІІ

әдіскер

ән-саз жетекшісі

7

Музыкалық қойылым «Біз өмірдің гүліміз!»

IV

әдіскер ән-саз жетекшісі

 



40


Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров19987
Номер материала ДВ-525940
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх