Скачивание материала началось

Предлагаем Вам установить расширение «Инфоурок» для удобного поиска материалов:

ПЕРЕЙТИ К УСТАНОВКЕ

Новый курс повышения квалификации!

Цифровая грамотность педагога. Дистанционные технологии обучения

Разработан летом 2020 специально для учителей

Успеть записаться

-50% До конца лета

Каждую неделю мы делим 100 000 ₽ среди активных педагогов. Добавьте свои разработки в библиотеку “Инфоурок”
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыБалабақшада танымдық-шығармашылық ойындардың маңызы

Балабақшада танымдық-шығармашылық ойындардың маңызы

библиотека
материалов

Балабақшада танымдық-шығармашылық ойындарды қолдану жолдары

        

Балабақшадағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту,сөздік қорларын молайту,ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Айналадағы әлемді ойын, еңбек,серуен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиешімен,ересектермен,құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші алдында тұрған балаларды ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап,баланың мінез-құлқын,сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі,қабылдауы,ес,ойлау,сөйлеу,зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып,дамуын қадағалап әрі дамытып отыру керек.

         Балалардың таным мүшелерін және де шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында танымдық-шығармашылық ойындар қолданудың маңызы зор.

         Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты,ұқыптылықты,ізденімпаздылықты,іскерлікті,дүниетаным өрісінің көлемділігінің ,көп білуді,сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық,тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытта пайдалану-үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ,содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі,бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып,оны шапшаңдыққа,дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймаймыз,оның ақыл-ойының толысуына , жан дүниенің қалыптасуына, есейіп есуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін оятып,танымдық қасиеттерін дамытады.

         Таным – білім алу және дамыту үрдісі , үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын,нәтижесінде,жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі.

         Таным ол әрекеттің мақсаты мен түрткісін анықтайтын тұлғаның ақпараттық қорын құрайтын қоғамдық-тарихи үдеріс философиялық категория болып табылады. Философиялық сөздікте: таным- заттардың эмоциялық мазмұнын немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін,жағдайын меңгеру болып табылады. Педагогикалық сөздікте таным –әлем туралы шынайы білімдерді алуға деген субъектінің шығармашылық іс-әрекеті деп жазылып, сыртқы орта туралы ақпарат алу тұрғысынан берілген.

         Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда көбіне танымдық ойындар қолданылады. Танымдық ойындар баршамызға белгілі таным мүшелерін дамытуда,қоршаған ортаны,айналадағы дүниені таныстыруда мақсатты түрде пайдаланылады.

         Танымдық-шығармашылық ойындар балаларға қоршаған ортаның,табиғат құбылыстарының өзгерістерін, оның қалай пайда болатынын қызықты да естен шықпайтындай етіп қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға алғаш ойналған ойын керемет бір ғажап дүние сияқты болып көрінеді. Себебі бұл кездегі балалар өздері алғаш көрген жаңа дүниені , затты ешқашан ұмытпайды.

         Балабақшадағы ересек жастағы балалардың танымдық құзыреттілігін ,шығармашылығын,ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететін ойындардан мысал келтірсек, балаларды үй жануарлары мен таныстыруда төрт түлікке , жабайы аңдар,үй құстары және т.б байланысты мынадай танымдық шығармашылық ойындарды қолдана аламыз.

    «Қайсы ненің даусы?»

Мақсаты: баланың есту зейіні,тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құралдар: магнитафон немесе теледидар,жан-жануарлардың дауысы бар диск.

        Бұл ойында балаларға төрт түліктің даусы магнитафоннан немесе теледидардан естіледі. Балалар әр жануардың даусын естіп,оны ажырата бастайды.

        Дәл осылай жабайы аңдардың даусын ести отырып,олардың да даусын ажырата алуы керек.

       Үй құстарының дауысын да ажырата алуы қажет.

Табиғат құбылыстарының дауысын жарата білуі керек.

   «Не екенін тап?»

    Мақсаты: балалардың сипап сезу арқылы таным қабілеттерін дамыту.

     Керекті құрал-жабдықтар: жеміс-жидектер,көкөністер

     Балалардың көздерін байлап, қолдарына жемістерді немесе көкөністерді ұстап, сипап сезу арқылы балалар қолында тұрған заттың атын айтады.

   «Суреттерді дұрыс құрастыр» ойыны

    Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

     Керекті құрал-жабдықтар: құстардың қиылған суреті

     Балалардың алдына үй құстарының қиылған суреттері беріледі. Ол суретте құстың басы,денесі,қанаты және аяқтары бөлек-бөлек қиылған болады. Балаларға берілетін тапсырма суреттерді дұрыс жинастыру.

     «Суреттің жұбын тап» танымдық ойыны.

 Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін ,есте сақтауын және тілін дамыту.

 Қажетті құралдар:Магниттік тақта,магниттер,12 жұп суреттер: анар-алма,шәйнек-кесе,қораз-әтеш,аққу-шағала,шегіртке-құмырсқа,күрек-тырма,қызғалдақ-раушан,ешкі-қой,қасқыр-аю,картоп-сәбіз,кітап-дәптер,қаламсап-қалам.

         Тәрбиеші магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына –фасоль,алма,шәйнек,қораз,аққу,құмырсқа,күрек,қызғалдақ,ешкі,қасқыр,кітап,сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына  горох,анар,кесе,әтеш,шағала,шегіртке,тырна,раушан,қой,картоп,дәптердің суреттерін қояды.

         Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап ,төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенін түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтынын айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуі де асқа жатады.

         Тәрбиеші негізгі дұрыс жауапты алғаннан соң,суреттің орнын ауыстырып жұптарын бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің жұптары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды.

         Суретке қарап сурет пен сөздерді байланыстыр

    «Ауа,су және жарық» шығармашылық ойыны

Мақсаты: Берілген суреттегі сурет пен сөздерді байланыстыра отырып,сөйлем құрастыру. Балалардың ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.

     Ерте,ерте,ертеде,осыдан көп жыл бұрын құстар шөлдеп,қаталапты,ағаштар қурап қалыпты,гүлдер солады. Шөлдеген құстар желден көмек сұрайды. Көмектесуге уәде берген жел күнге келеді. Күн көлдердің,көлшіктердің суын қыздыра бастады. Су тамшылары буға айналып,аспанға көтерілді. Ол жерде тамшылар бір-бірімен қосылып,бұлтқа айналды. Жерге жаңбыр жауды. Жер рақаттана демалды. Жаңбыр суына шөлі қанған өсімдіктер мен құстар қуанды.

    «Кім табады?» танымдық ойын

     Мақсаты: балалардың тез ойлау,тілін дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту

Бұл ойында балаларға ұшатын құстар мен ұшпайтын құстарды ажырату қажет

     Қажетті құралдар: Магниттік тақта,магниттер, сонымен бірге құстардың суреттері:үкі,жапалақ,қарлығаш,қарға,сауысқан,бүркіт,бөдене,қырғауыл,

түйеқұс,тауық,қораз,торғай,шымшық,қаз,үйрек,және т.б

    «Көбелектер «әлемі» жаттығуы

    Мақсаты: релаксация және қиялын дамыту.

    Қажетті құралдар: МР3,баяу орындалатын музыка,кілемшелер (бала санына қарай)

    Жаттығудың өтілу барысы:

    Балалар кілемшеге шалқасынан жатып,аяқ-қолдарын еркін созады.

         Тәрбиеші арнайы релаксацияның әуенін қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып,менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар.Өздеріңді керемет жаздың шуақты күнінде шалғында жүргендеріңді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден-гүлге ұшып жүргенін көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл-қозғалысына қарасаңдаршы! Ол қанаттарын жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларын осы көбелектің ғажайып  үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші!Сендердің қанаттарың төмен-жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқанын сезініңдер!Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаныңдар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнен төмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғынға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып, соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісін сездіңдер!Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған иісінің ортасына отырыңдар! Тағы да оның жұпар иісімен демалыңдар. Енді көздеріңді ашыңдар! Балалар кезекпен өздерінің сезімдері жайлы айтады.

    «Түлкінің балалары мен бүркіт»

     Мақсаты: балалардың зейінін , ерік жігерін дамыту.

     Ойын барысы: Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып , қандай да бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары  анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгермей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласы жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады.

         Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.

         Сонымен,ойынды ұйымдастыру  ойынды өткізуге әзірлік,ойынды өткізу,ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал заттарды даярлау , ойынды өткізуге әзірлік болып саналады.

         Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау,бұл ойынның өз мақсатына жетуі,балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.

          Қорытындылай келе,балалардың шығармашылығын,танымдық қызығушылығын,сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып,ауызша сөйлеу машығын игереді,таным белсенділіктері қалыптаса түсіп,ақыл-ойы өсіп жетіледі,әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

 



Курс профессиональной переподготовки
Воспитатель детей дошкольного возраста
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Воспитание детей дошкольного возраста»
Курс профессиональной переподготовки «Организация воспитательной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Теория и методика развития дошкольника для организации образовательной деятельности в дошкольных образовательных организациях с учетом ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Образовательные ресурсы системы дошкольной образовательной организации в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация работы в ДОО по подготовке детей к школе»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по выявлению профессиональных предпочтений от дошкольного до подросткового возраста»
Курс повышения квалификации «Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Использование декоративно-прикладного искусства в работе с детьми дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Современные методы организации детской игры в ДОУ»
Курс повышения квалификации «Здоровьесберегающие технологии в физическом развитии дошкольников и их применение в условиях ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс повышения квалификации «Внедрение технологии решения изобретательских задач в педагогический процесс дошкольной образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Выстраивание системы психологических взаимодействий дошкольника с компьютером и интернетом»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.