Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Балабақшадағы ашық тәрбие сағаты

Балабақшадағы ашық тәрбие сағаты

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Бекітемін:

Ясли-бақша әдіскері: А.Әбдірахманова



Тақырыбы: «Балабақша көшбасшысы»

Мақсаты : Балалардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалдық балалардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар, слайдтар, интерактивті тақта, балдық жүйе, шарлар, сыйлықтар, мадақтамалар.

Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап, баяндау, ой қозғау, түсіндіру, үйрету, көрсету.

Барысы:

Тәрбиеші: Армысыңдар, құрметті қонақтар

Ағайын мен халайық

Көпшіл болған ер дана

Достары көп ер бала

Өнерліден үлгі алып,

Салдырар сәнді мол қамал

Өнерлімен дос болсаң,

Қиялыңды қорғайды - демекші, бүгінгі «Балабақша көшбасшысы» атты интелектуалдық ойынымызды бастаймыз!

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Қатты білім, терең- ой саналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты,

Білім мен тапқырлардың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- деп әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Әділқазы төрайымы: Ясли-бақша басшысы Марина Нұрдәулетқызы

  2. Әділқазы мүшесі: Ясли-бақша әдіскері: Ақмарал Рысбекқызы

  3. Әділқазы мүшесі: Ясли-бақша тәрбиешісі:

- Бүгінгі интелектуалдық ойынымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз екі бала шығып отырады.

1 - кезең: «Бәйге»

2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»

4 - кезең: «Жорға»


Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие - тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қатысушы сайыскерлермен таныс болыңыздар!




1 – ойыншы Сағат Мирас – өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.

2 – ойыншы Мүталова Айзада — болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді.

3 – ойыншы Әбушәкім Әбибулла — әлемге әйгілі ғарышкер болғысы келеді.

4 – ойыншы Нұрлан Айша — болашақта ұстаз болуды армандайды.

5 – ойыншы Зұлпхаров Махмут — заң қызметкері болуды армандайды.

6 – ойыншы Өмірова Гүлнәзік – болашақта ақ халатты абзал жан дәрігер болғысы келеді.

7 – ойыншы Жақыпбеков Нұрдаулет- өскенде өрт сөндіру қызметкері болуды армандайды.

8 – ойыншы Жанболатұлы Дінислам - өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.


«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші барлықтарыңа сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастаймыз.

1-кезең: «Бәйге»

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп бәйге кезеңі.

Ойын шарты: Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, әр ойыншының қолында нөмірленген карточка болады. Қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі бала жауап бере алады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Ең төмен ұпай жинаған екі ойыншы ойыннан шығады.


Сұрақтар:

1. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)

2.Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)

3. Сиырдың пірі (Зеңгібаба)

4. Жылдан құр қалған жануар (Түйе)

5. Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіліп түсірілген бейнесі (Карта)

6. ҚР президенті (Н.Ә.Назарбаев)

7.Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)

8.Күз мезгілінің екінші айы (қазан)

9.А әрпі қандай дыбыс? (Дауысты)

10. Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)


Қазылардан ойынның нәтижесін жариялап, ойыннан шығатын екі баланы атауын

сұраймыз.

(Ойыннан шыққан ойыншыларға сертификаттар беріледі).


2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

Айыра біл, жақсы менен жаманды,

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағында өмірдің,

Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».

Шарты: Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Ең төмен ұпай жинаған екі ойыншы ойыннан шығады. Барлықтарыңа табыс тілеймін!

Жұмбақтар:

  1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама (Кітап,книга, воок)

  1. Футболшының алаңдағы ойын заты (Доп - мяч - ball)

  2. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы (Ит - сабака - dog)

  3. Қалқиып ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян - заяц - carrot)

  1. Алыстан қарасаң, аппақ,

Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar )

  1. Жұдырықтай қызыл шар,

Тілді үйірген шырын бал (Алма – яблоко - аpple )

  1. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады (Қар - снег – snow)

  1. Жылт – жылт еткен

Жылғадан өткен (Су – вода - water )


Қазылардан ойынның нәтижесін жариялап, ойыннан шығатын екі баланы атауын

сұраймыз.

(Ойыннан шыққан ойыншыларға сертификаттар беріледі).


Музыкалық үзіліс тәрбиеленушілердің орындауында «Мен бақытты баламын» әні


3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»

Шарты: Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе 3 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 5 ұпай жинақтауға болады. Сандар түрлі түспен боялған. Қандай түс таңдайсың сол сұраққа жауап бересіңдер. Ең төмен ұпай жинаған екі ойыншы ойыннан шығады.

3 ұпай: Геометриялық пішіндерді ата (үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы., дөңгелек)

3 ұпай: Дәм сезу мүшесі (Тіл)

3 ұпай: Астанамыз қай қала? (Астана)


4 ұпай: Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)

4 ұпай: Астана қаласының символы (Бәйтерек)

4 ұпай: Жаздан кейін не келеді? (күз)


5 ұпай: Жер серігі (Ай)

5 ұпай: Шай тәтті болуы үшін не қосады? (Қант)

5 ұпай: Қазақстан туының түсі? (Көк)

Қазылардан ойынның нәтижесін жариялап, ойыннан шығатын екі баланы атауын

сұраймыз.

(Ойыннан шыққан ойыншыларға сертификаттар беріледі).


4 - кезең: «Жорға»

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын,- деп біз енді ойынымыздыңсоңғы кезеңіне келдік.

Шарты: Бұл кезеңде әр бала 5 мақал-мәтелдің жалғасын табу керек. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 5 ұпай болып есептеледі. Ұпай саны көп ойыншыдан бастаймыз.


1.Ойыншы: 1. Оқу - білім азығы, ...(Білім – ырыс – қазығы).

2. Күш – білімде,... (білім - кітапта).

3.Қына тасқа бітеді,... (Білім басқа бітеді).

4. Білім арзан, ...(білу қымбат).

5.Ақыл азбайды, ...(Білім тозбайды).


2.Ойыншы: 1.Білім таппай мақтанба,... (Өнер таппай баптанба).

2.Оқу – білім бұлағы, ...(Білім – өмір шырағы).

3.Көп жасаған білмейді,... (көп көрген біледі).

4.Алтын алма, ...(білім ал).

5.Оқу инемен... (құдық қазғандай).

Қорытынды: Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі Ойынға қатысқан балалардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық балаларды белсенді қатысқаны үшін мадақтау.




































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-423486
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>