Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Балабақшадағы ересек тобына арналған ертеңгілік әзірлемесі

Балабақшадағы ересек тобына арналған ертеңгілік әзірлемесі


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Армысың наурыз думан!.

Наурыз қыз: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды,

Қызықтан тыс қалмаңыздар.

Ведущая:  Наурыз — это жизни начало!
Наурыз — это радость и смех!
В Наурыз вся земля расцветает!
Наурыз — это праздник для всех!
Наурыз — это песня весны,
Наурыз — пробужденье природы!

Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.
Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Ведущая: С древних времён у восточных народов существует праздник Наурыз. Наурыз отмечается в день весеннего равноденствия. С этого времени дни становятся длиннее, а ночи — короче. Люди готовятся к встрече этого праздника. Они убирают в домах и на улице. Праздник начинается с приветствия. Люди приветствуют друг друга с пожеланиями успеха. Давайте вместе дружно скажим «Добро пожаловать Наурыз!»
Наурыз қыз: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының Наурыз әнімен ашқымыз келіп отыр
Айналайын тобының «Наурыз» әнін тамашалайық.

Наурыз қыз: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.
Тақпақтар:

Инабат: Сені күттім, Наурызым, Альбина: Жылдың басы – Наурыз,

Көктем боп қашан келер деп. Жырдың басы – Наурыз,

Берекелі мерекең, Мерекеге арналсын

Куанышқа бөлер деп. Бүгінгі жыр - әніміз.

Бану : Кел балалар ойнайық

Наурыз тойын тойлайық,

Баянды болып, мереке

Қыр гүліндей жайнайық.
Наурыз қыз: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.

Ведущая: Домбыра национальный инструмент казахского народа.

Домбырамен қазақ ұлттық әні немесе күйі шырқалады.
Наурыз қыз: Шалқытып мерекеде ән салайық

Би билеп, әз өнерге тамсанайық.

Аңызбен, ертегімен бізге жеткен

Құрметті қонақтарды қарсы алайық.

Балалар ортамызға Наурыз мерекесінің құтты қонақтары, біздің сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері: Батыр мен қаңбақ шалды шақырайық.

Ведущая: Для всех сегодня вход открыт 
Для всех гостей раздолье 
С утра веселый кюй звучит 
На степном приволье.  Позовем на наш праздник Наурыз любимых персанажей сказок Батыра и Қанбақ шала.
Ортаға алпамса денелі батыр сахнаға шыққан кезде қарсы алдынан қаңбақ шал кіреді
Қаңбақ шал: Ассалаумағалейкум, батыр еке! Жолың болсын, қайда шықтың?
Батыр: Әлейкумәссалам, Қаңбақ ата! Наурыз тойына бара жатырмын
«Достық балабақшасындағы» балалар «Батыр ағамыз келсін деп жатыр екен». Ойын тойға қатысып, күш сынасып қайтпақшымын.
Қаңбақ шал: Олай болса, екеуміздің жолымыз бір болып шықты. Олар тойға мені де шақырды. Енді міне, сен сияқты батырмен сапарлас болу бақытына ие болдым. Бірақ менің де саған пайдам тиер. Сен мықты, ержүрек болсаң, мен жеңілмін, әрі кумын.
Осы кезде Жалмауыз кемпір кіріп келеді. Қолында сыпырғышы бар бір нәрседен құр қалғандай жүгіріп шығады.
Жалмауыз кемпір: Ә, бәлем, мен бұлардың қайда жиналғанын біліп алдым. Мені неге шақырмаған. Егер бұлар мені тойына өздерімен бірге ертіп кетпесе, өз обалдары өздеріне, екеуін жолдан адастыру мен үшін түк емес.
Жалмауыз кемпір сыпырғышымен жолды оңды солды сиқырлай бастайды: «Адасып кетіңдер, балабақшаға жете алмай қалыңдар»
Батыр: Сіз мұнда не істеп жүрсіз, әжеке?
Жалмауыз кемпір: Сендер тойға бара алмай қалсын деп жолдарыңды дуалап жатырмын. Ал егер мені алып кететін болсаңдар, ең қысқа жолды көрсетемін.
Батыр: Жарайды, ертіп барайық, бірақ онда қалу қалмауыңды балалар шешеді.
Қонақтар балалармен амандасады, балаларды мерекемен құттықтайды
Қаңбақ шал: Кішкентай достар, сендердің шақыруларыңа қуанып келе жатыр едік. Жалмауыз кемпір ілесіп «тойға менде барамын деп» қалмай қойды. Біз оны ертіп келуге мәжбүр болдық. Бірақ бәрі сендердің қалауларың бойынша шешіледі. Адамға қастандық ойлап, зиян шектіргеннен басқа түк білмейтін Жалмауыз кемпір тойға қаттысынба, әлде қайтарып жіберейік пе?
Наурыз қыз: Балалар, қонақтар бүгін қасиетті күн. Бұл мейрамда ерекше қалыптасқан салтдәстүр бар. Ұлыстың ұлы күні бір бірімен араз адамдар татуласып, бір біріне деген өкпесін кешіреді. Қатал, қайырымсыз адамдар мейірімді болып, арам адамдар шыншылға айналады. Оның айқын дәлелі осы күні адамдар бір бірімен құшақтасып, көрісіп амандасуы. Олай болса Батыр, Қаңбақ шал бүгінгі қасиетті мейрамда Жалмауыз кемпірді кешіріп, өткен кеткенді ұмытып көрісіп амандасайық.

Ведущая: В ночь на 22 наурыза, люди обнимаются друг с другом, прощают обиды и ссоры: из дома выносят старые вещи, чтобы в доме было чисто и накрывают стол из зерновых и молочных продуктов, чтобы год был урожайным и был достаток, зажигают две свечи, означающие, что одна свеча это не свет, накрытый стол означает, чтобы в этом доме был достаток.

Так давайте и мы простим баба ягу за все ее поступки, забудем о всем плохом.
Музыка ырғағымен Батыр, Қаңбақ шал, Жалмауыз кемпір бір - бірімен көрісіп амандасады.
Наурыз қыз:
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан төлдей
Жамырасып өріскен
Шалдар баға беріскен
Жалмауыз кемпір: Ой ой, маған не боп барады? Менің түрім өзгеріп барады. Жүрегім біртүрлі жылып кетті. Денем де нәзіктеніп, сұлуланып бара жатқандай. Ой, алақай мен мейірімді болдым - деп иығындағы ақ орамалын басына байлап әдемі әжеге айналады. Айналайын құлыншақтарым, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Наурыз қыз: Міне, Наурыз мейрамының ерекше мейрам екеніне тағы бір көзіміз жетті. Жалмауыз кемпір мейірімді әжеге айналды. «Наурыз» біздің Қазақстанда тұратын көп ұлттар өкілдері үшін ортақ. Ал енді біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Ведущая: Наурыз великий праздник нашего народа, вот тому докозательство злая баба яга превратилась в добрую и милую бабушку. Наурыз единый шанырақ всех народов, проживающих в Казахстане.Этот праздник стал праздником объединяющим и призывающим к дружбе и взаимопониманию всех народов.
Песня в исполнений группы «Еркетай» «Хорошо у нас в саду!»

Танец: «Матрешки»

Батыр: Бәрекелді балалар. Өлеңді сондай жақсы айтады екенсіңдер. Ал енді Күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.

Как вы хорошо поете и танцуете. А теперь пришло время измерить ваши силы и посмотреть на сколько вы сильный.
Ойын: « Арқан тарту»

Наурыз қыз: Құрметті қонақтар,балалар өздерің білетіндей Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде әр үйді, әр елді аралап өзінің жақсы тілегімен Қыдыр ата келеді. Біздің балабақшамызға да бүгін бізге жақсы тілекпен, ақ ниетімен, шын пейілімен, дарқан көңілімен, ақ батасын беруге Қыдыр атамыз келді, қол соғып қарсы алайық.

2-ведущий Как многие народные праздники, праздник наурыз имеет свои традиции и обряды
В народе существует поверье, что эту ночь землю посещает Қыдыр ата тот, кто с ним встретится, того ждет удача и счастье. А қыдыр ата может увидеть только те, кто чист душой и сердцем, предан своей земле и народу.

Қыдыр ата: Армысыңдар балалар!

Ұлыс бақытты болсын!

Әр күніміз жақсы болсын!

Достығымыз берік болсын!

Білім-өнер берік болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Наурыз қыз: Қыдыр ата төрлетіңіз, наурыз құтты болсын. Біздің балалардың бүгінгі наурыз мерекесіне арналған өнерлерін тамашалаңыз!

Олай болса «Болашақ» тобының балаларын ортаға шақырамыз.

Тақпақтар:

Күн менен түн теңелді, Сәнді көктем нұрымен

Жер шуаққа кенелді, Наурыз тойы-жырымен

Соны тойлар ел енді. Көңіл гүлдей жайнасын

Өлең: «Наурыз келді»

Би: «Топни ношка моя»

Ойын: «Көкпар»

«Теңге алу»


Наурыз қыз: Балалар наурыз мерекесіне қандай ұлттық тағамдар әзірлейді?

Балалар: бауырсақ, бес бармақ, құрт көже, наурыз көже, қымыз, шұбат т.б.

Наурыз қыз: Ал наурыз көжені бізге кім дайындайды?

Балалар: Әже

Жания: Жылынсын деп бар әлем

Жылы көже береді.

Әжемнің Наурыз көжесін,

Іше бергім келеді.

Бүгін біздің наурыз мерекемізге дәмді наурыз көжені әжеміз дайындады.

Әже: Ау аталар, аналар.

Айналайын балалар.

Жеп-ішсін деп тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып,

Наурыз көже пісірдім

Көжеге жас-кәріңді,

Шақырамын бәріңді!

(Ұлттық киім киген қыздар Наурыз көже таратады).

Наурыз көже ішіп болған соң Қыдыр ата бата береді.

Бата

Наурыз қыз: Әже төрге шығып балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

Қаңбақ шал: Ал, балалар тағы да қандай өнерлерің бар?

Қарлығаш тобының орындауында «Наурыз» әні.

Өлең: «Наурыз»

Айналайын тобы: Би «Гүлдер ».

Қаңбақ шал: жарайсыңдар балалар , тақпақ, ән айтып, би биледіңдер енді ойын ойнайық.

Ойын: «Орамал тастау»

«Қыз қуу»

Қарлығаш тобының балалары:


Медина: Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсан жол болсын!

Жансая: Ұлыс бақытты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Арнұр: Ұлыс береке берсін,

Пәле-жала жерге енсін!

Мұхамет: Қайғы –уайым жоқ болсын,

Қуаныштарын көп болсын!


Наурыз қыз: Наурыз келсеқұт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел болып қарсы алайық!

(Қыздар шашу шашады


Наурыз қыз: Хош болыңыз, Наурызым ардақты

Халқым саған бар үмітін арнапты!

Жылда осылай келе берін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлем аймақты!

2-ведущий
«Наурыз ты праздник дружбы и добра»
«Наурыз ты праздник мира
Пусть будет вечным этот день
Пришедший и унесенный на века


(Балалар музыка әуенімен залдан шығады)



























Наурыз – это праздник веселья

               Наурыз – это праздник Весны.

               Наурыз – это праздник цветения

               Наурыз – это праздник любви.

 

 С Наурызом поздравляем

                Мы сегодня всех людей.

                Счастья, радости желаем

                И весенних тёплых дней.

 

Пришел Наурыз, весна пришла,

                 И сразу  наша  земля  расцвела.

                 Все рады празднику вокруг,

                 И каждый здесь и брат и друг,

                 Согретые  солнцем и теплом,

                 О  Наурызе  песню мы поем.

















Автор
Дата добавления 26.11.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров54
Номер материала ДБ-391889
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх