Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыБалабақшадағы сергіту сәттерін өткізу

Балабақшадағы сергіту сәттерін өткізу

Скачать материал

Сергіту сәттерінің

маңыздылығы.


Ұрпақ тәрбиесі адамзат баласының асыл мұрасы. Үшінші мыңжылдықта жастар қандай болу керек деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Сондықтан да елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың алдына XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты; мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек-деп жауапты міндет қойып отыр.

Баланың өнегелі, тәрбиелі болуы алдымен отбасына байланысты болса, содан кейін оған ықпал жасайтын ортаға байланысты екені белгілі.

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығы бойынша Қазақстан халықының денсаулығын жақсарту, денсаулық жүйесін қолдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсулық» бағдарламасы қабылданды. Мұның өзі елімізде халықтың денсаулығын жақсарту бағытында қадамдар жасалды деген үміт бар.

Мектептегі оқудың басталуы- бала өміріндегі әлеуметтік-психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан қиын әрі жауапкершілігі мол кезең. Осы кезеңде мектепке бірінші күннен бастап талаптар қойыла бастайды. Сондықтан баланың ойынға деген қажетін ескермей оны бірден ой еңбегіне көшіруге болмайды. Дер кезінде өткізілген сергіту сәттері баланың денсаулығына оң әсерін тигізеді, нерв жүйесі мен бұлшық еттің физиологиялық күш- қуатын жақсартып, сабақты тез игеруге көмектеседі.

Сергіту сәттері баланың жұмысқа қабілеттігін арттырып, шаршауды ысырады. Қимыл- қозғалыс арқылы жаттаған тақпақ баланың ойында тез жатталып, көпке дейін естерінде сақтайды.

Сергіту сәттері кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, іс-әрекеттегі амал-тәсілдері ой-сананың дамуына ықпал етеді, мінез- құлық әдеттерін бекітуге әсер етеді.

Ал, сабақ тақырыбының мазмұнына лайық сергіту сәттері оқушыларды сергітумен қатар, сөйлем мағынасын жете түсінуге көмектесіп, олардың ойлау қабілетін жетілдіре түседі.

Сергіту сәті- бастауыш мектеп оқушыларының дене бітімін, ой өрісін, миын тынықтыру, мүсінін қалыптастыру, сымбаттау, шаршағандықты басу т.б. экологиялық адам ағзасына жайсыз әсерінің алу құралы ретінде әр түрлі физиологиялық жаттығулар және ол әсерлердің зардаптарын болдырмау, жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімдеу.









Сергіту сәттерінің басты міндеттері:


  • Дене жаттығуларымен шұғылданудың мәдени-тарихи, физиологиялық негіздері туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.

  • Саналы түрде қимыл- қозғалыстар орындауға, оларды дене мүшелеріне нақтылы ықпал ету жолдарына үйрету.

  • Таныс жаттығуларды күрделендіріп, жаңа жаттығуларды үйрету арқылы қимыл-қозғалыс тәжірибесін жинақтап, қимыл әрекетін дамыту.

  • Дене жаттығуларын орындау біліктілігін арттыру арқылы дене бітімін қалыптастырып, қимыл -қозғалыс мәдениетін, қабілетін жетілдіру.

  • Дене жаттығулармен өз беттерімен еркін шұғылдандыру жағдай жасап, ұйымдастырушылық біліктілігін қалыптстыру.


Сергіту сәті әрбір сабақтың 4 мин. пайдаланылады.


I. Жыл мезгілдеріне.

II. Денсаулық және экология.

III. Математикалық сергіту.



Мақсаты:

Сергіту сәті арқылы сабақта алған білімдерін қимылдау арқылы ұштастыру, бекіту.


















ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ


Тәулік бойы тынбайтын,

Болайықшы, «Ақ жаңбыр»

Астан-кестен жауатын,

Өткінші енді біз жаңбыр. /сөзіне қарай қимыл/


Қырау қатып жағаға,

Аяз беттен өбеді.

Бірі мініп шанаға,

Бірі шаңғы тебеді. /қатты тоңады/



Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Біп-биік боп өседі. /тербеледі, отырады, тұрады/


Жел улейді: у-у

Құйын келіп зулейді: зу-зу

Қатты- қатты жел соқты: гу-гу,

Жапырақтар қол соқты: ду-ду. /қолмен оңға, солға шапалақтау/


Таң атты, күн шықты,

Аспанды бұлт жапты.

Жел тұрды, жаңбыр жауды,

Найзағай сарт-сұрт етті

Біз бұға қалдық. /қолмен, саусақпен соғу, отыра қалу/


Қар астында сығалап,

Күлімдейді жауқазын.

Қар шытса қабақ, бұға тап

Дірілдейді жауқазын. /жауқазын дірілдейді/


Жел соқты ағаштар теңселді,

күн бұлттанып жаңбыр жуды.

Жаңбыр басылды күн ашылды. /қолмен күнді көрсету/


Жеткілдеген желменен

Жерде егін тербелген

Өсірген диқандар,

Тамшылаған терменен. /қолмен көрсету/




Тербеледі ағаштар,

Жылы-жылы жел соқты.

күлімдеген балалар,

Шуылдасып қол соқты. /қол соғу/


Қыста келіп қатты аяз

Екі бетті мұздатты.

Шаңғы теуіп бар бала,

Қыр үстінен заулатты.

/екі қолмен бетті уқалау, шаңғы тебу, таудан түсу/


Қоюланып тағы бұлт

Жаңбыр жауды себелеп?.

Жапырақты жамылып,

бұға қалды көбелек. /Саусақты тарсылдату, бұға қалу, көрсету/


Жел еседі, еседі,

Теңіз толқиды, толқиды.

Кіп-ішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі. /жерге отыру, толқу, біртіндеп тұру/


Жаңбыр-жаңбыр себелесе,

Тырс-тырс етіп төбеме.

Найзағай, жарқылда,

Сырт-сырт етіп сыртылда. /саусақпен соғу, тарсылдату/


Таң атқанда күн шығып,

Гүл ашады қауызын.

Желмен бірге тербеліп,

Теңселеді ақырын. /гүл ашады, тербеледі, оңға, солға қозғалады/


Күн жарқырап тұрады,

Кеннет бұлттар пайда болды. /аспандағы бұлтты көрсету/


Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жжем шашайын, тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың. /торғайдың бейнесін көрсету/


Тырна келді тыраулап,

Тіліп өтіп аспанды.

Қыздар көлде жүр ойнап,

Көктем айы басталды. /қимылмен көрсету/



тас төбеден күн күлді,

Қошеметтеп оларды.

Қараторғай былтырғы,

Ұясына оралды. /қимылмен күн көрсету/


Бері келші, кең дала,

Гүліңді мен терейін.

Жапырағыңмен жасыршы,

Құшағыңа енейін. /гүл теруді көрсету/


Қыста пальто киемін,

Мұзда коньки тебемін.

Жазда барамын лагерьге,

Суға шомыламын. /коньки тебу, суға шомылу/



Аппақ болып таң атты,

Түтін тікке шығады.

Қарлығаштар қанатын,

Самғап биік ұшады. /түтінді, құсты, желді көрсету/


Жел соғып, жаңбыр жауды,

Жауын ақырын жауды.

Қатты жауды, тамшылай бастап,

Тоқтап қалды.

/жаңбыр ақырын, бәсең тоқтау/


Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді. /екі қолды жоғары, төмен, алдыға, артқа көтеру/


Күміс қанат шағала,

Ұшып жүрсің жағада.

Қармағың жоқ, ауың жоқ,

Шабақ алдың бағана. /құс боп ұшу/


Отырайық, жүрелеп,

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан түрегеп,

Басқа гүлге барайық /отыру, гүлді үзу, тұру/





Біз кшкентай балдырған,

Сескенбейміз жаңбырдан.

Төбемізге қол шатыр,

Алдымызда жол жатыр. /дөңгелеп тұру, қооды жоғары созу/


Қарлығашқы ұқсайық,

Қане, қанат қағайық.

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық. /қолды жаю, қағу, ұшу/


Бүгін ерте тұрайық,

Сауық сайран құрайық.

Зообаққа барайық

Тамашалап қайтайық. /қимылмен жаттығу/


Түн болып, таң атты

Жел соғып, боран соқты.

Кеннет тына қалды. /қол соғу/



Төбемнен қар жауады,

Боран бетке соғады.

Ойнап жүрген балалар,

Қызарып беті тоңады.

/қардың жаууы, алақанмен қимыл, тоңғанын көрсету/


Тұрмайды бұл құс бұл жақта,

Тұрады ол тек мұз жақта.

Тонуды сірә білмейді,

Талтаңдап мұзда билейді. /сол жақты көрсету, мұзда билеу/
















ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ


Қолды созып алдыңа,

Қайшылашы беріліп.

Ұста мұны жадыңда,

Кеудең тұрсын керіліп. /қолды созып, қайшылау, керілу/


Бүйір таян сол қолмен,

Көтер қанат оң жақтан.

Қайталашы сол жолмен,

Иіліп тез, сол сақтан. /бүйір таяну, оңды, солды иілу/


Алмастырып қолыңды,

Серме енді қаттырақ.

Қимылдатар жаныңды,

Қозға иықты, сақ бірақ. /иықты қозғау, қимылдау/


Тірей бүйір тағы да,

Қолың тұрсын оңаша.

Алды-артына жаныңа,

Керілші кең доғаша. /керілу, доға жасау/


Қозғалт қолды иықтан,

Әрі-бері сермелеп.

Жауырыныңа ұйып қан.

Қалмас үшін, терлеп кеп. /қолды артқа қою, алды-артқа айнал/


Шалқай артқа барынша,

Қос құлашты керіп кеп.

Қинағаны бармұнша

Деме, жаса, сергек тек. /артқа шалқаю, қолды керу/


Тіп-тіке ғып бойыңды

Мықыныңнан ұсташы

Күтірлетіп мойныңды

Айналдыршы, қысқасы. /қолды мықынға қойып, мойныңды айналдыру/


Еңкей төмен тізеден,

Бостау ұстап беліңді.

Серпіл, қайта үзе дем,

Көтер қолды сенімді. /демалу, қол көтер/





Қимылдасаң дұрыстап,

Күш өседі еселеп.

Бойың жүрмей құрыстап,

Жуымайды кесел тек. /қимылмен көрсету/


Бірін тіреп біреуін,

Серпіп аяқ қиғаштап.

Бүйірдегі тіреуің,

«Ф» әрпі тұрған тап. /ф-әрпін көрсету/


Ішке тартып ауаны,

Деміңді алшы тереңнен.

Денсаулықтың жауабы,

Қайталасаң, сенем мен. /терең дем алу/


Күнде жасап жаттығу,

Қан жүгіртіп алалық.

Керек мұны қатты ұғу,

Жасап биік саналық. /қимылмен көрсету/


Орманның біз елшісіміз,

Тоқ-тоқ-тоқ.

Құрт біткенді жоқ етеміз,

Жоқ-жоқ-жоқ.

Тоқ-тоқ-тоқ,

Жоқ-жоқ-жоқ. /тоқылдақша қимыл/


Тік ұстап денеңді,

Сапқа тұр, сен, енді.

Жанға сен шынығу,

Жаттығып тынығу.

Сымбатты болу да,

Өзіңнің қолында. /сөзіне қарай қимыл/



Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салады,

Желге ырғалып шайқалған. /гүлше қимыл жасау/


Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз дем алып алайық. /отырып, тұрып қимыл жасау/


Жаңбыр неге жауасың?

Гүлді шайып сүртемін.

Қайдан сабын аласың?

Күннің нұрын бүркемін.

Суды неге шашасың?

Настың бетін жуамын.

Кірін қалай ашасың?

Суға малып тұрамын.

Бұлт қайда көшеді?

Жер іздейді шөлдеген.

Самал неге еседі?

Табысқаны елменен.

Ана от не жалт еткен?

Найзағайдың шақпағы.

Кім ұшқынын ап кеткен?

Бұлт қойнына сақтады.

Мекенің бе көк аспан?

Туған үйіне іргелі.

Қайтамысың, таң ассаң?

Күтсең келем, шын мені.

Кеше қайда түнедің?

Жатпай, тұрмай жүремін.

Тынып, талар қанатың?

Жерлерім көп баратын. /кезекпен айту/


Желкілдеген терекпіз,

Біз саямыз, керекпіз,

Өзен бойлап өсеміз.

Өзен біздің көшеміз.

Көшемізге қараймыз,

Кемелерді санаймыз. /екі қолды көтеру, ырғау, беске дейін санау/



Кейде өсеміз сайда біз,

Сайдың суы айнамыз.

Айналамызға қараймыз,

Шашымызды тараймыз.

/шашты тарау, жан-жаққа қарау/








Тыныстайық тереңнен,

Жүгірдің де қарғыдың.

Жардыңдар барлығың,

Шаршадыңдар, дегенмен,

Тыныстаңдар тереңнен.

Қане «У-п» деп айтайық,

Демді ішке тартайық.

Енді «У-п» деп айтайық,

Демді шығар қайтарып. /терең демал/


Босаңсытып денеңді,

Бей-жай күйге ен енді.

Басты көтер, тік ұста.

Емін еркін тыныста.

Қане, «У-п» деп айтайық,

Демді ішке тартайық.

Енді «У-п» деп айтайық.

Дем шығар қайтарып. /қимыл/


Бә-ре-кел-ді, алтындар,

Суға жуын, салқында.

Тазаланып, таранып,

Ертеңгі асқа баралық. /мағынасына қарай қимыл көрсету/


Тыныш-тыныш, балалар,

Қуыршағым Ақмарал.

Ұйықтап жатыр дамылдап,

Ән айтайық ыңылдап,

Әлди-әлди, әлди-ай,

Уақыт болды тұратын,

Би-билейді Ақмарал,

Қол соғыңдар, балалар. /ән айту, қол соғу/


Жылы, таза суда,

Балық жүзіп ойнауда.

Біресе керіледі,

Біресе жиырылады.

Ал енді бірде құмға тығылады. /жүзу, тығылу/



Топ-топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса, жарқын күн,

Жаса-жаса, алтын күн. /күнді бейнелеу/


Отырайық жүрелеп,

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан түрегеп,

Басқа гүлге барайық /гүл үзу, жүрелеп отыр, тұру/


Қане, қанат жазайық

Қарлығашқа ұқсайық.

Қарлығашқа ұқсап-ап,

Ұшып-ұшып алайық.


Етігін тапса, байпағы жоқ,

Байпағын тапса, қалпағы жоқ.

Салаққа мұндай айтарым жоқ /қимылмен көрсету/


Там-там, тамшы там,

Тамшы там нөсерлет

Тамшыдан өсер көк. /саусақпен тамшы көрсету/


Отырып-ақ орнымда,

Айдын көлді кешемін.

Сен білмесең егер де,

Былай ескек есемін. /ескекті қайықты көрсету/


Боп, боп пыш-ту,

Мен ең күштімін.

Менен күшті кім бар,

Пыш-ту. /пойыз болып жүру/


Вагондарды тіркеп бәрін,

Жүкті артып кеттім тартып.

Темір жолшы, Абай болшы.

Жол ашып қой, жер қашық қой.

Бө-бө-бө бөгеме.


Ұшты-ұшты қаңбақ ұшты,

Қармақ ұшты, қаңбақ ұшты,

Үйрек ұшты,үлек ұшты,

Бүркіт ұшты, бір кит ұшты.

Аққу ұшты. /құстар болып қимылау/


Ұсталардай тарсылдатып,

Шегені де қағамыз.

Әшекейлеп, әдемілеп,

Қағазды да қиямыз. /шеге қағу, қайшымен қию/


Орманның біз емшісіміз,

Тоқ-тоқ-тоқ.

Құрт біткенді жоқ етеміз,

Жоқ-жоқ.

/партаны тоқылдату, қимыл/


Ойыншықпен безендіріп,

Айналамыз шыршаны.

Бет пердені киіп алып.

Айналамыз шыршаны.

Қуанатын баршаны.

Айналамыз шыршаны. /орнында айналу/


Батыс пенен Солтүстік,

Шығыс пенен Оңтүстік.

Әлемнің төрт бағдары, ұқ.

Қалма жолдан дағдарып. /төрт бағытты көрсету/


Ду, ду, ду, дук, дук,

Поезд келеді.

Ду, ду, дук, дук,

Бәрі жол береді.

Ду, ду, дук, дук, дук,

Жүгіріп өтпе.

Ду, ду, дук, дук, дук,

Тұра тұр шетте.

Ду, ду, дук, дук.

Поезды өткіз,

Қол бұлғап қалайық:

Жол болсын – деп біз.


Кел, балалар, кел бері.

Қыздырайық денені.

Орнымызда тұрып-ақ.

Жүгірейік бір уақ.

Бір, екі, үш.

Бір, екі, үш

Екпіндей түс.




Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық.

Алға және озбайық. /аяқты қозғау, созу/


Еркін ұста, денеңді,

Тарсылдатпа, енді.

Қиқаңдатпай бөксеңді,

Көтере түс, өкшеңді ... /өкшені көтеру/


Болмас бірден бөгелген,

Дем ал, іштен тереңнен.

Ентігіміз басылсын,

Тынысымыз ашылсын. /дем алу/


Бәрекелді, балғындар,

Дүр сілкініп алыңдар.

Қане, бәрін қазірден,

Жаттығуға әзірлен. /түрлі жаттығулар жасау/


Екі қолды жоғары,

Сәл көтерсек болғаны.

Енді оны бөгелмей,

Түсірейік төменге.

Міне, былай ... қарайық.

Құстай қанат қағайық,

Б-і-р, е-к-і.

Б-і-р, е-к-і.

Жаттығайық бір келкі. /құс болып қанат қағу/


Қайталайық тағы да,

Қимылыңнан жаңылма.

Бүгілмесін қолдарың,

Жылдам-жылдам қозғағын.

Міне, былай, қарайық.

Құстай қанат қағайық. /қолды жоғары, төмен, оңға, солға көтеру/


Қутың-қутың, қутыңдап,

Тықылдатып тұяқты.

Жүгіргені бұлтыңдап,

Би билеген сияқты.

Биле, биле, биле сен.

Кірем дейсің үйге сен.

Қамап сен қоймас ем,

Гүлдеріме тимесең.

Шеберін ай аяздың,

Әйнектерді қағаз-ғып.

Әшекейлеп қойыпты,

Бірнеше ою ойыпты,

Жапырақтың, гүлдердің,

Сан алуан түрлерін

Өркештердің әр таудың,

Мүйіздерін арқардың.

Бәрін-бәрін анық қып,

Айнытпай – ақ салыпты.

Суреттері әр үйге,

Әйнектердің бәріне,

Түнде салып береді

Көзі қалай көреді. /сөзіне қарай қимыл/


Біз қандаймыз, қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз. /екі қолды кеудеге қою, жаю, айналаны көрсету/



Бір уыс дән шашып қап,

Шолып едім қашықтан.

Ұшып келіп әрбайдан,

Жапырласты торғайлар.

Қалғандай-ақ ашығып

Шоқып-шоқып асығып

Сілкініп те алады.

Қанаттарын қағады,

Секіріп те ойнайды.

Өздерінше тойлайды.

Қарасады айнала,

Қайырымды қай бала?


Екі әтеш кірісті, секірісті төністі,

Кекілдерін жұлысты, қауырсынын қырқысты.

Біреуінің көзі істі, екеуі де төністі.

Ақсап қалды біреуі, құйрықтары жалбырап.

Қанаттары салбырап, қашты екі «батырың»,

Екі жаққа ақырын.


Биік таудың мұнартақан

Бауырында әсем бұлағы.

Су ішеді бұлақтан,

Бір еліктің лағы.

Оймақ көзі сүйікті,

Едірейген құлағы.

Орығып шығып биікке,

Одырайып тұрады. /еліктің бейнесі/


Жаза, жаза саусағым,

Әлсіредің, шаршадым.

Азырақ дем алайық.

Сосын тағы жазайық. /саусақпен қимыл жасау/


Азамат боп ақылды

Өсе бер деп тілейік.

Әрқашанда атыңды.

Мақтан етіп жүрейік. /сөзіне қарай қимыл жасау/




































МАТЕМАТИКА


Бір, екі, үш –

Шебер бала біз.

Төрт, бес, алты –

Жалқаулық артта қалды.

Жеті, сегіз, -

Білім мен еңбек егіз.

Тоғыз, он –

Тапсырманы орындау жөн. /қолмен қимыл көрсету/


Отырайық, тұрайық

Ал, балалар, бір ауық.

Әріп сырын ұғылық

«А» - дегенде, отырып.

«Б» - дегенде тұрады.

А-а ....

Б-б ....

А-а ...

Б-б ...

Отырып тұр тағы.

«А» десе, отыр, тосылып,

Қарап қалма, осыны ұқ.

Қайталайық тағы да,

Барлығымыз қосылып:

А-а ...Б-б ...

А-а ...Б-б ...

Отырып, тұр тағы.



Қақпаға туралап,

Теп топты оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Теп допты сол аяқ.

Он аяқ, сол аяқ.

Жаттығу оңай-ақ. /оң, сол аяқпен тебу/


Көжектерім тұршы,

Беттеріңді жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Киіміңді киші,

Мектепке қарай жүрші,

Орныңа отырша,

Сабағыңды қарашы. /сөзіне қарай қимыл/


Маң, маң басқан,

Маң, маң, басқан.

Шудаларын шаң басқан

Түйелердің соңынан

Жүгіреміз қалмастан. /аяқпен қимыл/


Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тояды?


Секең-секең-ей, лақ,

Жүрмін саған кейіп-ақ.

Тыным тапсаң болмай ма

Секірмей-ақ кей уақ. /секіру/


Қырғауылдай болып ұшамыз

Ұамыз, ұшамыз /қимылмен көрсету/

Түлкі болып қашамыз

Қашамыз, қашамыз. /қимыл ұшу/

Қырғауылдай тапқыр боп,

Тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз, қонамыз.



Доп безек қағады,

Секіріп еденде.

Біресе жоғары,

Біресе төменге,

Секіру сондай-ақ,

Жаттығу оңай-ай /қимылмен көрсету/


Күнде өсіп келеміз,

Әлі өсіп келеміз.

Адымдай жүреміз.

Тез жүріп ерінбей,

Жүгіріп кетеміз,

Мектепке жетеміз. /адымдай жүру/


Ерте, ерте, ертеде

Жалқау бала болыпты.

Жасы төртке жетсе де,

Емізікті емімті.

Атасының мойнына,

Мініп алып түспепті,

Нан алып жатып қойнына,

Тұрып тамақ ішпепті

Өзі жаяу жүрмепті,

Айтқан сөзді ұқпапты.

Ойнамапты, күлмепті.

Отбасынан шықпапты,

Айта берсең ұятты,

Семірпті, толыпты,

Үрген қарын сияқты,

Дөп дөңгелек болыпты. /сөзіне қарай жаттығу/


Қане, сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік.

Ыршып алға түсейік,

Ыршып артқа түсейік

Бір-екі-үш-төрт,

Бір-екі-үш-төрт,

Шегірткедей ыршиық,

Ыршып-ыршып,

Тыншиық.

Бойды тікте, дұрыста,

Белді бүкпе, құрыспа.

Екі аяқты бір ұста,

Тез жасауға тырыспа. /қимылына қарай жаттығу/


Сорпа, көже, кеспені іш,

Сорпылдатпай еппен іш.

Алып жаймен алдыңа,

Үгітпей же нанды да.

Асты шашпай төкпей іш,

Алақ-жұлақ етпей іш.

Жаман әдет білгенге,

Шәйді ыстық деп үрлеме.

Келген асты алдыңа,

Тауысып іш, қалдырма. /сөзіне қарай қимыл/


Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті. /он саусақ, алақан/





Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ. /үш саусақ, алақан/


Мені келсе білгің,

Мен таяқша бірімін.

Барлық санға жол бастап,

Ең бірінші тұрмын.


Бірден кейін тұрамын,

Бірден кейін тұрағым.

Бірге бірді қосқанда,

Мен шығамын, шырағым.

Мен шығамын, шырағым.


Он қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда,

Болып шықты он саусақ.


Он аяқта бес башпай,

Сол аяқта бес башпай.

Бесті беске қосқанда,

Болып қалды он башпай.

Онға онды қосып ем,

Жиырма болды осымен.

Санадым мен санадым,

Мен санауға жарадым. /қимылмен көрсету, санау/


Есепшоттың тастары,

Математикаға бастады.

Бір, екі, үш.

Демаламыз жинап күш,

Қолға қалам аламыз.

Әдемі етіп жазамыз.


Бас бармақ, қойды баға ғой,

Сұқ саусақ шөпті шаба ғой.

Ортан қол, суға бара ғой,

Аты жоқ, қолға жұмыс жоқ.

Шынашақ, ұйықтап қала ғой. /бес саусақ, алақан/




Оңға, оңға түзу тұр

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары – төмен қарайық.

Орнымызды табайық. /қимылдау/


Кел, балалар, ойнайық,

Тектен-текке тұрмайық.

Жемістерді жинайық,

Үзіп алып бақтардан,

Жолдастарға сыйлайық. /үзу қимылы/


Кел, санайық екеуміз,

Бас бармағым - әкем.

Балаң үйрек – анам.

Ортан Терек – ағам.

Шылдыр шүмек – мен.

Титтей бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз үшеуміз. /қимылмен көрсету/


10, 20, 90, 100 ...

Тойлаймыз ата тойын біз.

Ғабит ата өзіңдей

Біз жазушы боламыз

Жазған аңыз, ертегіңді

Ынта қоя оқимыз. /ауада жазу, кітап оқыған қимылдар/

Ерінбей, қояным,

Ертемен оянған.

Секеңдеп сен енді

Шынықтыр денеңді

Секір ал бір, екі,

Боласың жүректі.

Жүк көтер үш, төрт деп

Қорықпай күш көрсет,

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Тартынба, үдет күш.

Шынықсаң, оңасың,

Шын батыр боласың. /сөзіне қарай қимыл көрсету/





Биік-биік таулар деп,

Қызыл жасыл баулар деп.

Қаһармен ел қазақ деп,

Болашағы ғажап деп,

Жан-жағымызға қараймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес деп санаймыз. /сөзіне қарай қимыл/


Алдымен жел еседі,

Тербеледі ағаштар.

Кіп-кішкентай өскіндер.

Біп-биік боп өседі. /ағаш, жел болып қимылдау/


Бас бармағым – алғашқы,

Балаң үйрек – жағасы

Ортан Терек – ағасы

Шылдыр шүмек – нағашы

Кішкентай бөбек-балақан

Бәріне ортақ – алақан. /алақанмен көрсету/


Теңіз толқиды, бір

Теңіз толқиды екі.

Теңіз толқиы үш.

Буырқанады, буырқанады

Одан соң қайта тына қалады. /толқын, қимыл/


Соз оң қолды оң жаққа,

Соз сол қолды сол жаққа.

Қолды айналдыр бұлданбай,

Шеңбер жасап тұрғандай. /шеңбер жасау, қимылдау/


Бойды сергек тік ұста,

Емін – еркін тыныста,

Деміңді ішке тез ал да,

Оң қолыңды соз алға

Қол ұшына қара да

Үшбұрыш сыз ауа да

Сол қол босқа тұрмасын

Шеңбер жасап тынбасын. /сөзіне қарай қимыл жасау/


Екі қанат қазды бар,

Сайрандайды сазда олар

Екі қанат құрда бар,

Құр ауласаң қырға бар. /қимыл көрсету/



Тау басында төрт бала,

Кезек-кезек ойнаған.

Төрт баланың қолына

Төрт айды әкеп байлаған.


Қаздың да екеу аяғы,

Құрдың да екеу аяғы.

Екеуінің аяғы,

Төрт болады баяғы. /қимылмен көрсету/


Мен бұрышпын, бұрышпын,

Негізгі тікбұрышпын.

Доғал, сүйір, жазыңқы,

Тік түрлері бұрыштың. /қолмен көрсету/


Алты алманы алды Алма,

Алды алманы Алдан да

Алдан, Алма алды алма

Айтшы қанша алды алма.


Доп, доп добым, домалақ

Қайда кеттің домалап?

Бір, екі деп екі ұрдым

Шатырға сен секірдің

3, 4, 5 деп үлгердім.

Ішіне ендің гүлдердің.

6, 7 дегенде

Жаттың шаршап еденде

8, 9 дегенде,

Сайға сырғып жөнелдің.

Доп, доп, добым домалап,

Қайда кеттің домалап? /доп тебудің қимылы/


Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю, бір арыстан,

Үш қоян, бір мәлін бар,

Бәрі нешеу табыңдар. /сөзіне қарай қимылда/


Алты жерге қолайлы,

Қаз екіден қолады.

Бәрі қанша болады?





Аққу сейіл құрады,

Шарлап көлдің қақ төрін

Алты аққудай тұрады

Қанатынан дәптердің. /сөзіне қарай қимылда/


Гүлде бес күлте жапырақ,

Өседі күнде жарқырап.

Бес бұрышты жұлдыздар,

Тағады батыр-ұл қыздар.


Бір мен екі лмаңдар,

Үшке алданып қалмаңдар.

Кілең төрттік алғандар,

Мені ғана армандар. /сөзіне қарай қимыл/


Тәулік бойы тынбайтын,

Болйықшы ақ жаңбыр.

Астан кестен жауатын,

Өкінішке енді бз жаңбыр. /жауын тырсылдатып жауу/


Қатты нөсер басылды,

Күн жарқырай ашылды.

Неше түлі әдемі,

Кемпірқосақ жасалды. /жарты доға, қолдарымен күн жасау/.


Оқымап ем, бір алдым,

Кейіп қалды мұғалім.

Әкеп едім екілік –

Мамам шықты жекіріп /саусақпен сан көрсету, қимыл/


Үш алғанда байқадым,

Папам басын шайқады.

Бес деп едім бүгін мен.

Қалды бәрі күлімдеп. /санды көрсету, қимыл/



Ал, балалар, тұрыңдар,

Оңға басты бұрыңдар.

Солға басты бұрыңдар,

Орнымыздан тұрып ап.

Жүгірейік бір уақ.

Бір, екі, бір, екі,

Қимылдайық бір келкі.

Бәрекелді достарым

Екі қолды белге ұста,

Бостау болсын сәл қыспа,

Кеудемізде бұрайық

Жайлап, қане, оң жаққа.

Жайлап, қане, сол жаққа.

Бір, екі, бір, екі,

Қимылдайық біркелкі. / сөзіне қарай қимылы/


Әй-әй-әй …

Деп қынжылған баладай

Басты қисайт солға бір,

Басты қисайт оңға бір.

Бір, екі, үш, төрт.

Жаттығудан денеміз

Шымырлана түспек.

Ал, қанекей жасұлан

Қайталайық басынан

Иығыңды көтерме

Кең тыныста жөтелме. /сөзіне қарай қимыл/


Жоқ – жоқ деген баладай,

Сұраққа сөз таба алмай.

Жоқ, жоқ деген баладай,

Басты оңға бұрайық.

Міне, былай,

Балалар.

Қане, байқап қарап ал.


Бойыңа күш тарасын,

Аш аяқтың арасын.

Екі қолды белде ұста.

Бостау болсын сәл қыспа

Ктерме түс кеудеңді,

Кең тыныстап ал демді. /сөзіне қарай қимыл/


Әр қолда саусақ бес бестен,

Шықпас тегін о лестен.

Біліп соның шамасын.

Мысал ойлап табасың /екі алақан қимыл/


Екі қанат құстарда,

Қағады шапшаң ұшқанда.

Қос аяқты адамдар

Ылғи алға қадамдар /сөзіне қарай қимылы/



Оң қолымда бес алма,

Сол қолымда бес алма

Қосындысы алманың,

Болып шықты неше алма? /екі алақан қимыл/










































ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


Әліппе серігі. О. Байқуатова

Сергіту жаттығуы. С. Елубаев.

Өлеңдер жинағы. М. Әлімбаев

Қыздырайық денені. Ө.Ақылбеков.

Өлеңдер жинағы. м.Жаманбалинов.

Балақай. С. Сауытбеков.

Өлеңдер жинағы. Ә. Дүйсенбиев.

«Балдырған» журналдары.

Математикалық әдістеме.

Хрестоматия жинағы.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Балабақшадағы сергіту сәттерін өткізу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 513 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.03.2016 7466
    • DOCX 134 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тайоразова Шынар Айтбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тайоразова Шынар Айтбайқызы
    Тайоразова Шынар Айтбайқызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19385
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация деятельности школьного театра в условиях реализации обновленного ФГОС НОО и ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Курс повышения квалификации

Подготовка к школе. Нейропсихологический подход

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 885 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 621 человек

Курс повышения квалификации

Выстраивание системы психологических взаимодействий дошкольника с компьютером и интернетом

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов