Тақырыбы: Жомарт Күз (ертеңгілік)
Көрнекілігі: Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып
тұрады.( Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.)Балалардың
қолдарында жапырақтар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының
және шағын орталық тобының балалары дайындаған «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіне
қош келдіңіздер.
-Армысыздар,
халайық, Бармысыздар халайық! Күзгі тойды жұп жазбай, Келіңдер қарсы алайық! -
Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен. Қолымызға не
ұстап келдік?
-
Жапырақтар.
-
Осы жапырақтардың түсі қандай?
-
Сары. (Сырттан бір дыбыс естіледі, желдің шуы)
-
Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы
келеді)
Күз
ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар:
Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың, Табиғатым жаны жайсаң тал
мүсін Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр, Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен
– Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлетіңіз!
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл, Түссе – сары. Бұл не? Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды
ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды орындасаңдар,
менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең,
тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жыйланып отырып, балалардың өнерін
тамашалаңыз.
Ән:
«Күзгі жапырақтар» Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар. 1-сұрақ:
Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (Ерте Күз, алтын Күз, қара Күз) 2-сұрақ: Күз
айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )
Тәрбиеші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.
1-бала:
(Қыркүйек) Бірінші қыркүйек Білімге бастады. Мал мен аң жүр билеп, Құс шарлап
аспанды.
2-бала:
(Қазан) Жаңартқан ғаламды Жаңбырлы ғажап ай Осынау заманды Орнатқан қазан ай.
3-бала:
(Қараша) Мол байлық тергені Шаттығы қаншалық. Қарашы, өрледі Қараша ән салып.
Тәрбиеші:
Мінеки, балалар Күз айларымен таныстыңдар. Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды
қараса: Сәбіз, пияз, қияр, картоп, асқабақ, қызылша, Қызанақ, орамжапыраққа
қарашы. Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.
Балалар (хормен): Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз?
5-бала:
(Қызылша) Мен де бір сөз айтайын Мақтанайын сіздерге. Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
6-бала:
(Орамжапырақ) Мақтанғаннан не пайда? Менсіз дәмді щи қайда? Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
7-бала:
(Қияр) Дәмім тілді үйірген Мен тұздалған күйімде! Жаңа піскен кезімде Жейді
бәрі сүйсіне!
9-бала:
(Сәбіз) Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар Кем
болмайды күшке де!
10-бала:
(Асқабақ) Өсем бақша-бауында Қатты ұқсаймын қауынға Жемек болып шикідей Күлкі
болмай қауымға.
11-бала:
(Қызанақ) Піскен кезде қызанақ Көз тартар қызыл түсімен Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?
12-бала:
(Пияз) Боламын мен дәмдеуші Барлық-барлық тағамға Көкөністер ішінен Мен пайдалы
адамға.
13-бала:
(Картоп) Мен ұялшақ картоппын. Мен емеспін мақтанар. Мені жақсы көреді Үлкендер
мен балалар. Бос айтысты қояйық, Дауласуды тоқтатайық! Көкөністер барлығы:
Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға Тиеді көп
пайдамыз?
Тәрбиеші:
Көкөністер бәріде Денсаулыққа пайдалы Мұны жақсы біліңдер, Оларды жақсы
көріңдер Өлең: «Күз келгенде»
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың барлығы өнерлі екен. Тәрбиеші: Қане, балалар,
осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп
аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар
екінші себетке жемістер жинайды. Ойын: «Кім жылдам?»
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз. Күз ханшайымы:
Жарайсыңдар, балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар. Енді
екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу. 2-тапсырма:
1.Жазда
інге тығылып,
Жатқан
қызыл түлкіні
Құйрығынан
суырып,
Әкелді
әжем бір күні.Бұл не?
(Сәбіз)
2.
Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып
өсемін
Қабат-қабат
тоным бар
Қалай
оны шешемін. Бұл не?
(Орамжапырақ)
3.
Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең
жылатады.
Бұл
не? (Пияз)
4.
Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)
Күз
ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!Жұмбақты да шеше аласыңдар. Ал енді қонақтарым
ызды сынап көрейік.
«Ұйқасын
тап» ойыны ойнайық. Ойын: «Ұйқасын тап»
1.
Пісетін кезі дәл Күзде Мезгілсіз оны үзбе. Аузыңнан кетпес бал дәмі Оның
аты-(шабдалы)
2. Кіп-кішкене болса да, Ағаштың басын иеді. Жемістерін айырып,
Танисың ба...?(шиені)
3.
Жапырақты тасалап, Өсетін жері- бақша-бақ. Күрең қызыл шіркін-ай, Оның
аты....(таңқұрай) Ырғақ биі
Тәрбиеші:
Берекесін сыйлауға Өлкемізге Күз келді. Жемістерін жинауға Шақырады біздерді.
Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.)
14-бала: (Алмұрт) Мен алмұртпын, алмұртпын, Аузындамын бар жұрттын. 15-бала:
(Алма) Мен алмамын, алмамын, Таңдай жұлар бар дәмім.
16-бала: (Анар) Бұтақтан үзілген Жарылса анармын Моншақтай тізілген,
Дәндерін аламын.
17-бала:
(Жүзім) Мен жүзіммін, жүзіммін Моншақ болып тізілдім.
18-бала: (Өрік) Өрікпін, мен өрікпін, Бау-бақшаға көрікпін Баптап мені
күткен соң, Талды бойлап өріппін.
19-бала: (Шие) Мен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын
менде бар, Төмен бас иемін.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.