Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / БАЛАБАҚШАМЕН АТА-АНАНЫҢ АРАСЫНДА ТАБЫСТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАЙ ОТЫРЫП ЖАС ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

БАЛАБАҚШАМЕН АТА-АНАНЫҢ АРАСЫНДА ТАБЫСТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАЙ ОТЫРЫП ЖАС ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ

библиотека
материалов

Балабақшамен ата-ананың арасында табысты қарым-қатынас жасай отырып жас ұрпақты тәрбиелеу


Жунусова Алуа Сериковна

ЖММ «Ақ ерке» балабақшасы, тәрбиеші

Қарағанды қаласы


«Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, бала бәріміздің болашағымыз. Демек, жас ұрпақтың тәрбиесінен аяйтын ешнәрсе жоқ. Ұрпақ тәрбиесі – үлкен іс. Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі ұлт айнасы. Олай болса оған қатысты кез келген мәселеге салғырт атүсті қарауға болмайды.

Отбасының балаларға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты баланың жасын, жеке ерекшелігін психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.Ұлы педогог А.С.Макаренко «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата-ана жоқ. Бірақ қалай,қай бағытта өнеге беріп,өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата-ана баршылық. Мұндай жолмен келген бедел баланың санасы жетілгенде өздігімен жойылады» деген.

Отбасы –барлығының басы, жан-жақты дамудың негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынас нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің алғашқы үлгілері қалыптасады.Әсіресе бұл жерде тәрбиеші мен отбасының бірлігі керек. Өйткені, бала тәрбиесінде отбасы басты роль атқаратыны белгілі. Кішкентай бала отбасына өте жақын да тәуелді және ата-анамен тығыз байланыста өмір сүреді. Сондықтан осы оқыту – тәрбие жұмысымда отбасылардың тікелей қатысып, атсалысуын қамтамасыз етуге тырыстық.

Бүгінгі таңда болып жатқан өмірдегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек.Әрбір ұстаз ата-анамен қарым-қатынас жасауда түрлі

әдістерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса ата-ананың балабақшаға,

ұстазға деген көзқарасы өзгеріп және баланың жан-жақты болып өсуіне ықпалын тигізер еді.

Баланы тәрбиелеу, дамыту мен білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы өзара тығыз байланыста болуы қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бала тәрбиелеуді іске асырушылар – балабақша мен отбасы. Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым-қатынасын талап етеді. Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерін түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруларына ықпал етеміз. Ата-аналардың өз балаларының балабақшадағы өмірін, қалай өсіп жетілетіндігі интеллектуалдық жеке қабілетінің қалыптасатынын көріп, біліп отырғаны абзал. Ата-ана мен балабақша атқаратын істер әрқилы болады да, бірінің жұмысын екіншісі атқара алмайды, сондықтан олардың қарым-қатынасы бірін-бірі толықтыруы, бір-бірімен түсінісуі, бір-бірінің бағытында құрылуы тиіс.

Мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу-оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, оларды қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік бере отыра, ата-аналарға «Ашық есік» күн өткізіп, топтарға саяхат жасап, балабақша жұмысынан көрініс көрсетіп, ата-аналармен әңгімелесіп, олардың алған әсерлерімен бөлісе отырып, туындаған сұрақтарға жауап бердік. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде өткізілетін жиналыс ата-аналар қатынасының бірлігінің міндетті түрі. Мұндай жиналыстарда жалпы талаптар ұсынылады, балалармен отбасында: еңбек, адамгершілік, дене тәрбиесін ұйымдастыруға, балабақша өміріне бейімделуіне нұсқау беріледі. Балабақшаның ата-аналармен жұмыс жоспарында оларға психологиялық-педагогикалық білімді дамыту жағы көзделуі қажет. Олар үшін сұрақ-жауап кештері, «дөңгелек үстелдер», іскерлік ойындарды өткізу жұмыстары ұйымдастырылады. Ата-аналарға кеңес беру баланың даму мен тәрбиеленуінің, денсаулығын сақтауының нақты жағдайларын талдауға көмектеседі. Кеңес беруді өткізгенде сенімді мағлұматтар жинап, белгілі бір отбасының баланы тәрбиелеудегі тәжірибесін пайдалануға болады. Кеңес беруді ұйымдастыруда ата-аналардың дайындық деңгейін ескеру маңызды. Бұл кеңес берудің түрін анықтайды. Жекелей кеңес беру екі жақтың да белсенділігіне байланысты болу керек. Мұндай кеңес ақыл, тілек, нұсқау беру түрінде өткізіледі. Топтық кеңес беру ата-аналармен арналған жұмыстардың түрі. Олар бірнеше отбасында бірдей қиыншылықтар туындаса немесе бірдей кызығушылықтары болса жүргізіледі. Топтық кеңес берудің мынадай тақырыптарын алуға болады: «Балалар ойынына талаптар», «Баланың дамуынын көрсеткіштері», «Тіл дамыту негіздері». Жыл бойына жүргізілетін жоспарларды ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі заман талабына сай ата-аналар өзекті мәселелерді, әртүрлі тақырыптарды өздері ұсына алады.

Бүгінгі жас отбасылар - еліміздің ертеңгі - рухани кемелдену дәрежесіне жету үшін ұлттық тәрбиенің де алар орны ерекше. Қазақстан мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарап ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халқының тарихын, діні мен мәдениетін, жеке тұлға тәрбиелеу - жалпы жұртшылық, әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына арналған жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға тиіспіз және оларды қалыптастыру басты міндеттеріміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, балабақшада ата-аналардың катысуымен «Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты ұлттық тәрбие жұмысын жүргіздік. Мұндай шаралар аналардың және баланың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырады.

Отбасында өсіп келе жатқан ұл-қызға тәлім-тәрбие беру мақсатымен арнайы ата-аналарды балаларымен балабақша ауласын көгалдандыру іс-шараларына қатыстыра отырып, қоршаған ортаға, табиғатты сүюге, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттырдық.

Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген мақсатымен ата-аналарды балаларымен спорттық ойындар кешендеріне қатысуы жиі жоспарланып отырады. Себебі, ойындардың басты тәжірибелік мәні - болашақ ұрпақты жан-жақты дамытып, ой-өрісін өрбітеді. «Әкем анам және мен» атты спорттық жарыс өткізіліп, ата-аналармен балабақшаны бір-біріне жақындастырып, қиыншылықты бірге жеңіп, табысқа жетуге баулиды. 
Отбасы педагогикалық процесске тарту, тәрбиеші жеке басына құрметпен, сеніммен қарауға итермелейді. Тәрбиешінің отбасына баруы, ата-аналарда тәрбиешінің жеке басы туралы көзқарастарын, оның балаларының қарым-қатынас тәсілдері мен әдістері жайлы түсініктерін қалыптастырады. Тәрбиеші сонымен қатар ата-аналардың нені қадірлейтінін, өмір жағдайы, психологиялық ахуалы туралы мәлімет алады. Осы мақсатта ата-аналарды топ өміріне тартып, әртүрлі бірлескен іс-әрекеттер түрлерін, мерекелер мен сауық кештерінің ұйымдастырылуы қажет.

Толық емес отбасында тәрбиеленіп жаткан балаларға ата-аналардың толық мүмкіншіліктері жетпей жатқанда, қаржы мәселесін тұрмыстық мәселенің шешуін таба алмай, еңселері түсіп жүрген ата-аналарға психологиялық тұрғыдан көмек болатындай баяндамалар, кеңестер ұсынамыз. Бұл отбасылардың өмірдің бастарына түсірген тауқыметіне қарсы тұра алатындай өмірге тез бейімделіп кетуіне себеп болады. Отбасы мен балабақша - бұл екі тәрбиелік феномен. Әрқайсының әлеуметтік тәжірибесі балаға берері бөлек. Алайда, екеуінің үйлесімділігі кішкентай баланың үлкен өмірге енуіне ыңғайлы ықпал жасайды. Ата-аналар және балабақшаның өзара қарым-қатынасының бірден қалыптасуы сирек кездеседі. Бұл ұзақ мерзімді процесс, таңдалған мақсатты ұдайы зерттеуі, шыдамдылықты талап етуші, ұзақ еңбекті қажет ететін еңбек. Сондықтан ұйымның өзара қарым-қатынасы өте қиын жұмыс. Оның нәтижесі педагогтің шыдамдылығы және талапшылдығымен оның отбасында кәсіби көмекші болу іскерлігімен анықталады. Барлық бұл әрекеттер әрбір баланың ойлау және танымдық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, ең басты, оны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталады.



Қолданылған әдебиеттер: 
1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989. 
2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991. 
3. Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. 
4. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -А.
5. Әбілова З. Этнопедагогика. -А., 1997. 
6. Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз. мем. 1-1996. 
7. Богословский В. т. б. Жалпы психология -А., Мектеп, 1980,
8. Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. -Алматы, 1973. 
9. Бабанский Ю. Педагогика. -Москва, 1988. 23-тарау. 



Автор
Дата добавления 30.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров490
Номер материала ДВ-569751
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх