Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Балабақшамен қоштасу кешіне сценарий: "Жолын болсын, балдырған"

Балабақшамен қоштасу кешіне сценарий: "Жолын болсын, балдырған"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

«Жолын болсын,балдырған!»

Көрініс: «Ертегілер елінде!» (Балалар ертегілер елінде ертегі, мультфильм кейіпкерлерімен ән шырқап, би билеп көңілді жүреді, «Ертегілер» әні ойнап тұрады) С.Айару: Достарым біздің қайтатын уақытымыз болды. Қазір қайтпасақ балабақшамен қоштасу кешіне үлгермей қаламыз.Қанеки тездетіп қайтайық елімізге. Жалмауыз кемпір(Ақнұр): ақ бәлем, сендер не менен оңайлықпен қашпақ болдыңдарма?! Мен сендерді жібермеймін. С.Айару: Әжетай бізді жіберіңізші, бізді балабақшамызда күтіп отыр. Жалмауыз кемпір: Жоқ мен сендерді жібере алмаймын. Сендер менің балаларым болсыңдар, осында ертегілер елінде менімен қаласыңдар. Мия(Райлок): Жалмауыз кемпір жібер балаларды, жібермесең жамандыққа душар болсың. Жалмауыз кемпір: жібермеймін, күшті болсаң құтқарып көр. Сен ілмиген қанаты бар қыз не істей аласың маған. Алдымнан шыға берме..... Мия: мені олай атама менің атым Мия. Мен сен сияқты жауыздардың сазайын беріп, әлемді мына сиқырлы білезігіммен жақсылыққа кеңелтем. Сені сиқырлап тастасын демесен, жібер балаларды. Жалмауыз кемпір: ха-ха көрейік сенің сиқырыңды. Менің сиқырым сенікінен күшті. Қазір сені ұстап алып, отқа пісіріп жеп, қанатыңнан желдеткіш жасап аламын. (сиқырмен Мия мен жалмауыз кемпір төбелесіп, Мия жерге құлайды) Жалмауыз кемпір: Ұсталдыңба?! Мия: Алтын мүйіз күші көмектес. (Мияға көмек келіп,ол жалмауыз кемпірді қатырып тастайды.) Балалар: Рахмет саған,Мия. Мия: оқасы жоқ, қанеки асығыңдар кешігіп қалмаңдар. Сау болыңдар. Балалар: Біздің ұшағымыз жоқ. Енді нестейміз. (осы сәтте оларға көмекке Микки маус пен Томпақ келеді) Томпақ пен Микки Маус: Біз кімбіз балалар?. Әрине дұрыс таптыңдар. Біз сендерге әрқашан көмектесуге келетін достарын боламыз. Томпақ: Қане менің ұшағыма міңіндер, сендерді жеткізіп салайын. Микки Маус(Гуля): Менде сендермен бірге барайын, ата-аналарына өзімнің қызықты тапсырмаларымды беріп,сендердің өнерлеріңді тамашалаймын. (барлығы ұшаққа отырып,балабақша бет алады) Томпақ(Айгерим): Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Томпақ!. Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2015–2016 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Саға ауылы «Мөлдір» балабақшасының «Айгөлек» тобының түлектері менің ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп,дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп,әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.Сіздерге сөйлеп тұрған Томпақ!! (Залға балалар музыка әуенімен кіреді) Мерейлім: Құрметті қонақтар армысыздар Бәріңізде есен – аман бармысыздар? Таусылмайтын ағытып ой арманың Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын Санжар: Ақ тілекті ағытып бір тастайық Қоштасатын кешімізді біз бастайық Жүздерінен көркем шаттық арайлы Болсын солай әрбір күнің , әр айың Мерейлім: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан апайларымызды ортаға шақырамыз. Ақнұр: Өтті қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл- ойларың Қуанышы бүгінгі Құтты болсын тойларың Райля: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектерімізге тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық Ақнұр: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді, Балаларым жүздеріңде нұр тұнды. Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер, Өздеріңмен қоштасатын күн туды. Микки Маус:Айналайын, балалар, Сендерде ой сана бар Өздеріңнен өседі, Өнершілдер даналар. Өсті міне бойларың Өсті міне ойларың. Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың. Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар! Мен мына бүлдіршіндермен ертегі әлемінен келдім. Менің көптеген қызықты ойындарым бар, соларды сіздермен бірге ойнап, қазіргі сәтті күлкіге толтырамын. Ақнұр: Микки Маус сіз бізбен бірге болыңыз. Сізге арнап қыздарымыз би билеп, жігіттеріміз ән шырқағысы келіп тұр. Соны тамашалаңыз.

Би: «Айгөлек»

Біз енді сізді балаларымызбен таныстырайық. Кіп кішкентай болса-да Елді аузына қаратар Сүйкімді қыз Миргуль Көркі оның қөз тартар Райля: Мына біздің Айару Ибалы да, өнерлі Ақылы оның өте көп Сүйкімді боп жүреді Өз тілін қатты жақсы көреді Өнерден кесте өреді Ақнұр: Ән салғанда шырқап бір Шаршамайды, сірә, бір Мерейлім біздің өнерлі Тобымыздың бұлбұлы. Райля: Ойы ұшқыр Нұрсұлтан, Математиканы сүйеді. Қиын есеп болса да, Лезде шешіп береді. Ақнұр: Өлшеу жоқ өнерінің табысына, Болашаққа ойдағыдай барысына. Санжар жігіт бар ортамызда, Көрсеткен үздік өнер сайыстарда. Райля: Қане, М.Айару тобымның, Гүлі болып шыға ғой. Сені көрген адамның Қуанбауы күнә ғой Ақнұр: Инабатты сұлу қыз. Әдемі де түзу қыз. Анель топтың аруы, Еркелетіп жүреміз. Райля: Ортамыздың кішкентай, Ибрахимдай ерке ұл. Әр қылығын көтеріп, Еркелете береміз. Ақнұр: Сабырлы, жайсаң мінезі Адалдықты сүйеді. Бәрі де бәрі сыйлайды Топтас құрбы Ілтипатты. Райля: Биязы мінезімен Мың бұралып билейді. Күлімдеген Жаннұрды Барлық досы қолдайды. Ақнұр: Әрі сұлу, әрі өнерлі Келші Ақжібек қылықты. Он бір ұлы бар үйдің Жалғыз қызы сияқты. Райля:Алдыңдағы балалар Мектепке кетіп барады. Тақпақ айтып бір-бірден, Қимай кетіп барады,-дей келе енді бүлдіршіндерімізге кезек берейік. Анель: Балабақша, балабақша, Шаңырағы шаттықтың. Балабақша қорғаны, Балғын сәби жастықтың. М.Айару: Қуанамыз сыйлаймыз, Қуаныштың мың гүлін. Бақшамызбен қимай біз Қоштасатын күн бүгін. Ақжібек: Оқимыз, білім аламыз, Болашақ жолын саламыз. Бақшамызбен қоштасып, Біз мектепке барамыз. Жаннұр: Алты жасқа толамыз, Әдепті бала боламыз. Қуантып ата-ананы Мектепке кетіп барамыз. Миргуль: Оқимыз білім аламыз, Болашақ жолын саламыз. Бақшаменен қоштасып Біріншіге барамыз. Ибрахим: : Бұл қуаныш себебін Бізге қарап ұғарсың Ер жетті деп бөбегің Туған Отан қуансын

Нұрсұлтан: Қош балалар бақшасы! Естен кетпес есімің, Қош балалар бақшасы! Алғаш ашқан есігім Санжар: Балаларымыз көңілді, Шақырамыз ортаға. Тойымызға сән беріп, Ән шырқайық тамаша. Әнші қыздарымызды ортаға шақырамыз!

Әлтаева М.: ән «Биші болам өскенде»

Райля: Бүгінгі мерекеде құттықтау сөзін осы бүлдіршіндердің ата-аналарына береміз. (ата-аналар сөз сөйлейді)

Микки Маус: Оу неғылғын үнсіздік, қанекимен ортаға ата-аналарымызды шақырып ойын ойнап жіберейін. Ойын:«Екеуміз доспыз!» (ойын ойнатылып болған соң)

Микки Маус: Жарайсыңдар аналар. Енді бәріміз тұрып менімен бірге менің өлеңіме билеп,серігіп алайық.

«Микки Маус» биі

Ақнұр: міне, балалар сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелерің басталып та кетті. Сендерді қуанышты күндеріңмен құттықтауға сәбилер тобынан келіп тұрған бүлдіршіндердің ақ тілегін тыңдасақ Әли: Апатай сендер қайда барасыңдар? Енді балабақшаға келмейсіңдерме?! С.Айару: Біз мектепке барамыз.Оқып білім аламыз. Сендерде өскен соң мектепке келесіңдер. Ойыншықты жинаймыз, Бөбектерге сыйлаймыз. Өнер- білім үйреткен Балабақшаны қимаймыз. Балабақшамыздың нұры,гүлі болып, апайларды ренжітпей үлкен азамат болыңдар, мына ойыншықтарды сендерге сыйлаймыз! Әли: Ааа солай-ма?!Біз тәртіпті боламыз! Қош, балалар, сәт сапар, -Бақытты бәрің болыңдар. Жақсы оқып сабақты Кілең бестік алыңдар Исраил: Бірге ойнап, бірге жүрген Күндерімізді қимаймыз. Естелік болсын біздерден Кітап, дәптер сыйлаймыз. Сау болыңдар!

Мерейлім : Мерекеде сызылтып ән салады Ән айтып би де билеп жан салады Бұл ұлы мерекеде ән салғанда Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады



Ән: «Біз мектепке барамыз!»

Райля: Жарайсыңдар,балалар!Енді біздің бүлдіршіндеріміз апаларыңа алғыстарын айтқысы келіп тұр екен.

Мерейлім:Гүлдендірген бақшаны, Меңгеруші апай жақсы адам. Сондықтан да біз үшін, Артықсыз сіз басқадан. Миргул: Сазгер Лола апайды, Тыңдаймыз, жақсы көреміз. Әнді бірге үйреніп, Биді бірге билейміз. М.Айару: Өзіңді өзің танысаң. Әлемнің сырын білерсің Гүлжайнар апайды тыңдасаң, Әдепті бала боларсың!! Нұрсұлтан: Жазу жазып үйреткен, Әріптерді оқытқан. Санамақты жаттатып, Санауды бізге үйреткен. Жақсы болсақ қуанған, Қате болсақ кешірген Ақнұр, Райля апайларға мың рахмет! С.Айару: Витамин жеп қолынан Өскен сәби баламыз Дәрігер Ғазиза апай сізге де Алғыс айтып барамыз Ілтипат: Ақ төсекке жатқызған Тәтті тамақ жасаған Бала болып ойнаған Күтуші Гүлдана апға мың алғыс! Санжар: Тәтті тағам пісірген Айран сүтін ішкізген Ольга, Раушан, апайлар Сіздерге де мың алғыс Ақжібек: : Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам боп шығамыз. Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс! «Мөлдір» балабақша ұжымына алғысымыз шексіз! Райля: Рахмет бүлдіршіндер!! Құрметті ата-аналар біздің де сіздерге алғысымыз шексіз.Енді құтықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі Жумагалиева Ақмарал апайға береміз!

(ата-аналарды марапаттау)

Райля:Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым Бақшамыздан тәрбие алғандарым Енді міне ер жетіп бәрің бірге Достарыңмен мектепке барғандарың.

Ақнұр:Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар Барлығыңда болашаққа аттаныңдар Аттаныңдар жұптарың жазылмасын Ешқандайда қиындық жолықпасын. Енді бүлдіршіндерімізбен билейтін соңғы биімізді қошеметпен қабыл алыңыздар!

Флешмоб: «Айгөлек!!»

Ақнұр:Қуанышқа ортақпыз Құтты болсын тойларың! Алыңдар терең білімді Сәтті болсын жолдарың. Бойға жиған салт-дәстүр мен мұраны, Ел мүддесі болсын асқақ ұраны Мәртебесін көтеретін биікке Сендерсіңдер - тәуелсіз ел қыраны!- дей келе бүлдіршіндермізге Райля апайы екеуміз арнап жасатқан Балабақшаны бітіру дипломын табыстауға рұқсат етіңіздер! (жеке-жеке табыстау, ортаға тұрып) Барлығы: Талаптанып, Қанаттанып, Өмір сырын ұғамыз Білім алып тұлғаланып Азамат болып шығамыз!





Райля:Бүлдіршіндермізге сәт-сапар тілеп, ақ жолмен шығарып салайық.

Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын! Дендеріңіз сау, аман- есен, мықты болсын Мектеп есігі әрқашан ашық болсын, Мектепке барар қадамдарың құтты болсын- дей келе бүгінгі «Жолын болсын, балдырған!» атты қоштасу кешімізді жабық деп жариялаймыз. Әрқашан бейбіт күнде, тек мерекелерде кездесейік, біздің болашағымыз балалар аман болсын!!













































«Мөлдір балабақшасы» МКҚК





Тексерілді: Бекітемін:

Әдіскер м.а:Толыбаева Л.М Меңгеруші: Жумагалиева А.А

« » « » 2016 жыл « » « » 2016 жыл



«Жолың болсын, Балдырған!»

hello_html_305e8503.jpg

Өткізген: Мералова А.С

Бурхагова Р.Б











2016 жыл

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 24.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров52
Номер материала ДБ-097078
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх