Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Балабақшамен қоштасуға арналған ертеңгілік "Жолың болсын, бүлдіршін!"

Балабақшамен қоштасуға арналған ертеңгілік "Жолың болсын, бүлдіршін!"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Жолың болсын, бүлдіршін!

Зал іші әсем безендірілген, көңілді әуен ойнап тұр.

Жүргізуші: -Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен қадірменді қонақтар! Бүгін біз бірнеше жылдан бері мәпелеп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұядан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.

Бүгінгі біздің қимаста, қызықты бал күндерімізбен қоштасуға арналған мерекелік салтанатты кешімізді тамашалауға қош келдіңіздер.Бүлдіршіндерімізді қошеметпен қарсы алыңыздар!

Балалар вальс би ырғағымен залға кіріп, композиция жасайды.

Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқада жеттіңдер.

Барсыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл ойларың,

Өсті міне бойларың.

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

Балаларға сәт-сапар тілеу үшін сөз кезегін балалабақша меңгерушісі

Лиза Ержанқызына береміз.

Құттықтау сөз.

Жүргізуші: Қазір мынау мереке,

Бәрінен де ерекше.

Өйткені біздің балалар,

Барады ертең мектепке

Хор: «Біз мектепке барамыз»

Саят: Балабақша бесігім,

Тағы бір той жасайық.

Ашып мектеп есігін,

Өзіңмен қоштасайық!

Айғаным: Алты жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-ананы,

Мектепке кетіп барамыз!

Ән: «Когда мои друзья со мной» Орындайтын: Саят, Алдияр

Сиқыршы: -Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Ертегілер елінен Еркін ханша келе жатыр.

Еркін ханша: -Мен қайда келдім? Бұл не жиын? Тоқтатыңдар тойды!

Жүргізуші: -Еркін ханша қош келдіңіздер! Бүгін ерекше күн. «Бәйтерек» тобының балалары алтын ұясымен қоштасып, мектепке аттанғалы жатыр.


Еркін ханша: -Той жалғасады, егерде балалар менің бұйрығымды орындаса.

Жүргізуші: -Бұйрығыңызды бере беріңіз. Біздің балалар өте ақылды, өнерлі, бұйрығыңызды орындауға әзір!

1 бұйрық: -Менің көңіл күйім болмай тұр, бишілерің көңілімді көтерсін!

Би: Кәріс биі

Ислам: Қош бол, балабақшамыз,

Естен кетпес есімің.

Қош бол, балабақшамыз,

Алғаш ашқан есігің.

Аружан: Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше.

Бақшамызбен қоштасатын,

Бүгінгі той ерекше.

Ерасыл: Қуантып әрі қинайды,

Бақшамнан алыс кеткенім.

Қажет қой бірақ білімнің,

Теңізінен өткенім.

Еркін ханша: -Тоқтатыңдар тақпақтарыңды! Менің ән тыңдағым келіп тұр, бұл менің 2 бұйрығым.

Хор: «Чему учат в школе»

Еркін ханша: -Жоқ, маған балалардың барлығы айтқаны керек емес.Көрейін енді жеке өлең қалай айтатындарыңды.

Ән: «Қоштасу әні» Орындайтын: Ислам,Данил

Жүргізуші: -Еркін ханша, сіздің бұйрықтарыңыз менің балаларыма өте жеңіл.Мен айттым ғой сізге менің балаларым өнерлі деп.

Еркін ханша: - Солай де, менің бұйрықтарым сендерге оңай ма? Олай болса маған 3 бала шығып тақпақ айтсын, тақпақтар жаттамаған боларсыңдар.

Мардан: Үлкендердей тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

Данил: Сенен біліп шығармын,

Аспан барын, күн барын.

Сен арқылы ұғармын,

Жұмбақ әлем сырларын.

Ұлдана: Мектепке биыл барамын,

Қолыма кітап аламын.

Дайын тұр менің портфелім,

Дайын тұр жазар қаламым.

Жүргізуші: -Еркін ханша, айттық қой сізге менің балаларым барлық бұйрықтарыңызды орындайды деп.

Еркін ханша: - Олай болса менің ертегі көргім келіп тұр.Ал, енді балаларыңды көрейін ертегіні қалай көрсететінін.

«Түймеқыз» ертегісін сахналайды.

Еркін ханша: -Жарайсыңдар, шыныменде балаларың өте ақылды, өнерлі екен.Мен енді қайтайын,сендер өте ақылды екенсіңдер.Біз сендерге сыйлық акелдік.

Сиқыршы: -Мынау сиқырлы гүл. Оның 7 түрлі күлтешесі бар.Күлтешелер армандарыңды орындайды.Күлтені жұлып, дауыстап арманыңды айтсаң, сол арманың орындалады.Қош, сау болыңдар балалар!

Жүргізуші: -Сау брлыңыздар! Ал, енді мына сиқырлы гүлдің күлшелерін жұлып, арманымызды айтайық.

1 күлтешені балабақша меңгерушісі жұлып, тілегін айтады.

2 күлтешені балабақша әдіскері жұлып, сәт сапар тілейді.

3 күлтешені ән-әуез жетекшілері жұлып, ақ баталарын береді.

4 күлтешесін балабақша аспазшылары жұлып, ақ тілектерін айтады.

5 күлтешесін балабақша медбикелері жұлып, тілектерін айтады.

6 күлтешесін ата-аналар жұлып, батасын береді.

7 күлтешесін тәрбиешілері жұлып, ақ жол тілейді.

Жүргізуші: -Айтқан арман, тілектеріміздің барлығы орындала берсін, деген тілекпен ортаға Сымбат қыздарыңызды шақырамыз.

Ән: «Ертегілер» Орындайтын: Сымбат

Тақпақтар:

Ерлан: Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Үлкен болып өссекте,

Бақшамызды қимаймыз.

Д.Кәусар: Ән салайық бас қоса,

Бақшаменен қоштаса.

Қалам, дәптер, қарандаш,

Кітаптармен достаса.

Ақсүнбе: Сүйген өз қыз, өз ұлын,

Бөбегім деп аяндай.

Балабақша өз үйім,

Апай болды анамдай.

А.Кәусар: Баулып, баптап өсірген,

Бұзықтық етсек кешірген.

Ұмытпаймыз өзіңді,

Ұмытпаймыз сөзіңді.

Хор: «Елімнің ертеңгі иесі біз!»

Тақпақтар:

Әділет: Бүгін қызық, бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.

Әнге салып, би билеп,

Жалғастырсын ойды-ой.

Ән: «Балдырғандар әні» Орындайтындар: Ұлдана, Аружан, Гүлмариям, Д.Кәусар, Алдияр.

Би: «Сыған»

Жүргізуші: -Ал, балалар сендер мектепке дайынсыңдар ма?Дайындықтарыңды білу үшін мен сендермен «Иә жоқ» ойынын ойнатқым келіп тұр.Біз сендерге сұрақтар қоямыз сендер егер келіссеңдер «Иә» деп, келіспесеңдер «Жоқ» деп жауап бересіңдер.

  1. Мектепке біз барамыз ба?

  2. Кілең бестік аламыз ба?

  3. Айтқан тілді аламыз ба?

  4. Ақылды бала боламыз ба?

  5. Нан жемеймін деп жылаймыз ба?

  6. Азанда ерте тұрамызба?

  7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

  8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

  9. Екі алғанда жылаймыз ба?

  10. Оқушы біз боламыз ба?

Ән: «Бейбітшілік» Орындайтындар: Айша, Аружан

Тақпақтар:

Алдияр: Жағдайымызды жасаған,

Меңгеруші Лиза апай жақсы адам.

Сондықтан да сіз үшін,

Алғысымыз көп біздің.

Айша: Жайдары жүз, ай қабақ,

Жүреді бізді аймалап.

Тобымызға жиі кеп,

Білгеніңді сұрайтын.

Ақыл айтып тұратын,

Әдіскер Лида апайға көп рахмет.

Гүлмариям: Витамин жеп қолынан,

Өскен сәби баламыз.

Дәрігер апайлар сіздерге де,

Алғыс айтып барамыз.


Саят: Үйренгенбіз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Бал татыған әндерді,

Мың бұралған билерді,

Үйреткен апайларға мың алғыс.

Сымбат: Тәтті тағам пісірген,

Қатық, сүтін ішкізген.

Аспазшы апайлар,

Сіздерге де мың алғыс.

Аружан: Бізді баптап қараған,

Күлімдеген жақсы адам.

Ақ төсекке жатқызған,

Басымыздан сипаған.

Қарлығаш апайымызға көп рахмет.

Ұлдана: Ән салғызып, билетіп,

Ылғи бізбен жүреді.

Тақпақты да үйретіп,

Ойнатады, күледі.

Қызық, қызық ертектер,

Біздерге оқып береді.

Жылауық та, тентек те.

Сол апайларға көнеді.

Тәрбиеші апайларға мың алғыс!

Ән: «Туристы» Орындайтындар: Айша, Ерлан, Гүлмариям

Жүргізуші: Балалар, бізге оңды-солдарыңды танымай бөбек болып келіп едіңдер, енді бүгін міне оқушы атанғалы отырсыңдар. Енді кішкентай бүлдіршіндердің, өздеріңе арналған тілектері бар екен.Қанеки ортаға бүлдіршіндерді шақырайық.

Көркем: Балабақша базарлы үй,

Көшедегі ажарлы үй.

Шаттығы бар шуақта,

Өз үйіміз сияқты.

Расул: Сыңғыр, сыңғыр қоңырау,

Тәтті әуені ән думан.

Мектепке кетіп барады,

Білім алған бақшадан.

Ақерке: Қош, балалар, сәт сапар,
Бақытты бәрің болыңдар.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар

Жания:   Балабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіреді бақшамыз

Сымбат: Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

Жүргізуші: -Рахмет бүлдіршіндерім, енді аға-әпкелеріңнің өздеріңе арналған сыйлықтарыңды қабыл алыңдар.

Айналайын гүлдерім,

Ақ шуақты күндерім.

Ерекше қызық тілдерің,

Естен кетпес үндерің.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Жүргізуші: -Балалардың партфолиосы мен венеткасын тапсыру үшін, балабақшамыздың меңгерушісі Лиза Ержанқызына сөз беріледі.

Жүргізуші: -Енді,бүгінгі балалардың өнеріне үнемі куә болып жүретін ата-аналарымызға сөз берейік.

Хор: «До свидания детский сад»

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,

Тілектермен нығайсын берекеміз.

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осыменен аяқталды мерекеміз.

Менің кішкентай балапандарым оқуда озат болыңдар, дендерің сау болып, ата-аналарыңның үмітін ақтаңдар.Ал, енді далаға шығып, балаларыңыздың балабақшамен қоштасуға арналған шар ұшыру сәтін тамашалаңыздар.

















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-073152
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>