Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Рабочие программы / "Балаңызды білесіз бе?" тәрбие сағаты

"Балаңызды білесіз бе?" тәрбие сағаты

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

«Балаңызды білесіз бе?» атты ата –аналар лекториі.

Тақырыбы: Балаңызды білесіз бе?

Мақсаты: 1. Балалардың жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуын ата –аналардың қалай қамтамассыз еткенін анықтау.

2. Ата- аналарға бала тәрбиесінде жақсы қасиеттерді бере білуге көмек көрсету.

3. Ата –ана, бала, ұстаз арасында байланысты нығайту.

Көрнекілік: Бала тәрбиесі туралы нақыл сөздер.

Қатысатындар: ата –аналар, мектеп әкімшілігі, оқушылар, бастауыш сынып мұғалімдері.

Барысы:

Мұғалім: 1. Кіріспе әңгімесі.

2. Тәрбие сағатының тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

3. Бөлімдерімен таныстыру.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар. Бүгінгі біздің «Балаңызды білесіз бе?» деп аталатын ата –аналарымызға арналған лекторинамызға қош келдіңіздер. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты, балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, бала тәрбиесінде ата –аналардың бала бойына жақсы қасиеттерді бере білуге, ата –ана, бала, ұстаз арасындағы қарым –қатынасты, байланысты нығайта түсу. Олай болса тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1 –бөлі. Сәлемдесу

1. Оқушылардың сәлемдесуі:

Қайырлы күн, ұстаздар!

Қайырлы күн, ата –ана!

Қайырлы күн, балалар!

Біздің ұранымыз:

Әрбір адам –туысым- , досым, жұрағат.

Әрбір сабақ –үйрену, оқу, ұлағат.

2. Бір –бірімен сәлемдесуі (жылы лебіз білдіру)

1. Қайырлы күн, Айнұр.

2. Амансың ба Сара!

3. Денсаулығың қалай? Т.с.с

Біздің ұранымыз: Бала –біздің күніміз,

Бала –біздің гүліміз.

Тәрбиелеп, баланы

Аман есен жүріңіз.

2. –бөлім:Балаңызды білесіз бе?

Ата – аналар сұрақтарға жауап береді.

1. Қандай тамақты жақсы көреді?

2. Досы кім?

3. Балаға не қажет?

Балалардың жауаптарымен ата –аналардың жауаптарын салыстырамын.

Қорытындылап келемін. Балаларға тапсырма беріп қоямын «Мен анама не сыйлаймын». Оқушылар сурет салады.

Ата – аналарға арналған сұрақтар .

1. «Толағай» бағдарламасы қай күні, қай сағатта болады?

2. Бала тілі – бал» бағдарламасы

3. Балаңызға қандай пәндер жүреді?

4. Балаңызды қалай ұйықтатасыз?

«Бесік жыры» өлеңі.

Әлди –әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін.

Жілігіңнің басына,

Үкі тағып берейін.

3- бөлім. Оқушылар салған суреттерін айтып, ата –аналарына береді.

Оқушыларға сұрақ қойылады.

1. Әке –шешең не деп еркелетеді? (жақсы сөздерді айтқызу)

2. Жаман сөздерді айтқызып, оны айтуға болмайтынын ескерту.

4- бөлім Оқушылар :

1. Әдеби – музыкалық монтаж «Менің отбасым»

2. Ән –би

5 –бөлім: Қорытындылау

Ата – аналар (ата – аналардың жауаптары тыңдалады)

Мен бүгін----------------- білдім

----------------- үйрендім

------------------ сездім

------------------ ұялдым

Мұғалім:

1 Жиынды қорытындылау.

2. Ең жақсы қатысқан ата –аналарды мадақтау.


Құрметті ата –аналар! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рақмет.

Балалардың тәрбиесі сіздерді бей –жай қалдырмайтынына сенімдімін. Ата – ана, бала, ұстаз арасындағы қарым – қатынас ары –қаратай нығайа түседі деген ойдамын. Назарларыңызға рақмет.



Сіз балаңызды білесіз бе?

Балалардың

аты -жөні

Қандай тамақты жақсы көреді?

Досың кім?

Балаға не қажет?

бала

ата-ана

бала

ата-ана

бала

ата-ана

1

Арсенқызы Айым







2

Ахмет Мадина







3

Болатбек Ақерке







4

Даулет Амина







5

Мейрамбек Мейіржан







6

Мазакова Айдана







7

Мұрат Назым







8

Мыңғазы Аян







9

Серікқызы Аружан







10

Серікқызы Томирис







11

Теміржан Қымбат







12

Төлен Нұрдаулет







13

Уағызхан Бекзат







14

Қияш Махаббат







15

Жанатқызы Гүлжанат







16
























Отбасы туралы тақпақтар

1. Назым

Келбетінде ұлылық ,

Даладай кең пейілі

Ана деген –жылылық,

Ана деген – мейірім.

2. Аружан

Ақыл құйған санама,

Күннен де артық расында.,

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.

3. Айым Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шанымасын ешқашан

Аналардың жүрегі!

4. Бекзат

Аға

«Күнім –менің інім » -дейді,

Күнімдей боп күлімдейді.

Жамандықтан жирентеді,

Жақсылықты үйретеді.

5 Қымбат

Қадағалап әр күнімді,

Қатал қарап тәртібімді,

Ардақтаған, аялаған

Ардақты ағам –аяулы адам!

6. Гүлжанат

Әпке

Әр күн сайын

Маған дәйім

Қамқор болдың,

Әпкетайым.

7. Аян

Менің атам

Аппақ күміс сақалды,

Жақсы көрем атамды.

Шахматтан ол бүгін

Менен тағы мат алды.


8. Нұрдәулет

Сөзімді дұрыстайтын әжем

Айғайлап ұрыспайтын әжем

Қыдырса,ерте келетін әже

Ылғи да еркелететін әже

9. Мейіржан

«Алысқа кетпе» дейтін әже,

Келмесе, өкпелейтін әже,

Ойынға досым шақырып тұр,

Апама айтпай, жібересіңбе, әже!

10. Мадина

Менің әжем, ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем

11. Тамирис

Менің әжем, ақ әжем,

шуағы мол, нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман –есен жүр әжем

12. Ақерке

Алақаны аялы,

Анам бар жаны саялы.

Кешіре білген кінамды,

Әкем бар менің шыдамды

13. Әмина

Шалға тартқан шалғында

Ағам бар менің алдымда

Жақсылыққа толғанған,

Інім бар менің артымнан

14.Айдана

Әже –әкемнің анасы,

Әже –анамның анасы.

Әжеден тарайды сыйластық,

Әже адамға сыйлайды қимастық

15. Ақерке

Әпкем –әжем баласы

Әкем –әже баласы.

Әкемнің бар ағасы,

Ол да әжемнің баласы

Анам дейді мамашым

Әже деген шамасы

Аналардың анасы!


Сен бақытты ұлансың! Хор

Анаң –күнің, жүрегің,

Әкең –өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын!

Әжең –асыл ардағың

Атаң –дана қорғаның.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Ағаң –қамқор асқарың,

Інің мөлдір аспаның.

Сен –бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын.

Қарындасың –қанатың ,

Ел –Отаның жанатың.

Сен –бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын!























Білім беру саласы: Қатынас, әлеуметтік сала

Білім көздері: экология негіздері

Тақырыбы: Көктемгі еңбек

Мақсаты:1. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, адамдардың көктемдегі пайдалы іс –әрекеттері туралы мағлұмат беру

2.Көктемгі еңбек түрлерінің пайдасын түсіндіру.

3. Еңбек сүйгіштікке табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: ұя, егін, бәйшешек

1. Шеңбер болып отыру, қонақтарға сәлемдесу. Бір –біріне шаттық шеңберінде тілек айту.

Бұл қай кезде болады?

  • Төрт мезгілді қою, оларға жеке –жеке тоқталу

2. Көктемдегі ерекшеліктерді атау. Суреттерді зер сала қарап көреді, түсінеді. Ал енді көктемдегі еңбек туралы айтайық.

3.Көктемде адамдар қандай еңбек етеді.

  • Бағыттаушы сұрақтар қою:

1. Суретте не бейнеленген?

2. Адамдар немен айналысып жүр?

3. Олар машинаның қай түрімен жұмыс жасап жатыр?

4. Ойын: «Қайсысы артық»

5. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

Құстай қанат қағайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық

6. Табиғатты қорғайық. Активоит құрылғысы арқылы тест тапсыру

Табиғатты қорғау бағытындағы еңбек түрлеріне, ауланы тазалау, арықты ашу, ағаш түптерін әктеу және т.б. айта аламыз – қылығы ұнамаған б/ң суретін алып тастау. Осы көктемде малдарда төлдейді, жер жаңарады.

7. Ойын: Малдардың төлдерін тап..

8. Ойын: Дымбелмеске көмектксейік.

Ойын шарты: тақтаға көктемге байлансты суреттерді жапсыру, ағаш көктеген, ұя жасау, бәйшешек гүлі, құстар, бұлт, күн.

Сабакты корытындылау.

1. Көктемгі еңбекке не жатады?

Жер жыртады, тұқым себеді, бақша егеді, гүлдерді егеді.

2. Зиян кестерден ағашты қалай корғаймыз.

Сендер барлығың сабаққа жақсы қатыстыңдар.





















Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу іс –әрекеті: сурет салу

Тақырыбы: Алғашқы гүлдер.

Мақсаты: 1. Көктем туралы түсінік беру, бақылап көру арқылы сурет салу.

2. Гүлдер мен жапырақтардың өздеріне тән белгілерін, олардың

пішінін, түсін, көлемін беруге үйрету.

3. Балалардың шығармашылығы мен қиялдарын дамыту.

Керекті құралдар: Көктемнің алғашқы гүлдері салынған сурет, акварель балу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Сабақтың барысы

1Ұйымдастыру кезеңі

Балаларға көктем туралы, көктемде болатын ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.

Сұрақ –жауап

1. Көктемде ағаштар қайтеді?

2. Ең алғашқы гүл қалай аталады?

3. Тағы басқа қандай гүлдер өседі?

Гүлдердің әсемдігі, сұлулығы туралы балаларға айтқызу. Көктемнің алғашқы дала гүлдерінің суретін көрсетіп, балалардан олардың аттарын сұрау.

Әдемі, сұлу гүлдердің иістеріде хош иісті болып келетінін айтып түсіндіру.

Жайнатамын даланы,

Қуантамын ананы.

Қызыл, жасыл гүлмін,

Бақыт сыйлап жүремін.

Осы алғашқы көктемгүлдерін бүгін біз өзімізде суретке салатынымызды айтып ұғындыру.

  • Суреттің салу реттілігін түсіндіріп, үлгі сурет салады

  • Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату ұсынылады.

  • Балалардың жұмысын бақылап, дұрыс жасауларына көмектеседі.

Сергіту жаттығуы

Көбелек –ау, көбелек,

Әдемісің керемет.

Гүлге келіп қонағой,

Өзіңде гүл болағой.

Оқу іс- әрекет соңында балалардан салған суреттерін бір –біріне көрсетіп, талдауларын және достарының еңбектерін бағалап, жақсы салынған суреттерді үлгі етіп тақтаға өздерінің ілулерін сұрау

Сабақты қорытындылау.

1. Көктемде ауа райы қандай болады?

2. Ең алғаш қандай гүл өседі?

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.



























Оқу іс –әрекетінің тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі

Мақсаты: 1. Ө дыбысы және әрпімен таныстыру

2. Сөзді буынға бөлу дағдыларын одан әрі дамыту, ауызша және

жазбаша жазу икемдігін арттыру.

3. Татулыққа , достыққа тәрбиелеу

Оқу іс –әрекетінің әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ –жауап

Көрнекілігі : Суреттер, кеспе- әріп, кітаптар, интербелсенді тақта, әліппе –дәптер.

Оқу іс –әрекетінің барысы

1. Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз,

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Сәлеметсіздер ме, балалар!

  • Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір –біріне жылы лебіздерін білдіреді.

2.Орманға саяхат.

Біз бүгін орманға саяхат жасаймыз. Орманда кімдер өмір сүреді, аңдар, құстар, жәндіктер.

3. Арыстан тапсырмасы

Ө дыбысына байланысты жұмбақтар жасыру.

Сарғайып отсыз піседі,

Үзіліп жерге түседі (өрік)

4. Тоқылдақтың тапсырмасы

Ө дыбысынан басталатын сөздерді табу, айту.

5. Тырнаның тапсырмасы

Тіл ұстарту жаттығуы

Өс-өс-өс,

Құстар бізге дос

6. Сергіту жаттығуы

7. Көбелектің тапсырмасы

Әліппе – дәптермен жұмыс

Ө дыбысының бас әрпін және кіші әрпін жазу.

8. Түлкінің тапсырмасы.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

9. Қасқырдың тапсырмасы

Жаңылпаш жаттау



10. Қарғаның тапсырмасы

Торкөздерге сөздерді тауып жазу

11. Қоянның тапсырмасы

Сөйлем құрату

Сабақты қорытындылау.

1. Біз қандай дыбыспен таныстық?

2. Ол қандай дыбыс.



























М. Мыңбайұлы атындағы орта мектеп











Тақырыбы:

Мектепалды даярлық сынып сабақтарында ойын түрлерін пайдалану жолдары







ОТЖ орынбасары Л. Дулыханова



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Рабочие программы
Просмотров97
Номер материала ДВ-389054
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх