Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

ӘОК 316.6(075.32)


БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ


Есембекова Құндыз Жуанышқызы

Қарағанды «Болашақ» Университеті


Ғылыми жетекші: Аға оқытушы Искакова Д.М.


Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.Тәрбие жұмысының ең негізгісі - ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да балаларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі.

Елiмiздiң болашақ азаматының жеке басының қалыптасуының маңызды кезеңi оның мектепте болған жылдарында өтедi. Сондықтан оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуында бастауыш мектеп ұжымы ерекше рөл атқарады. Атап, айтқанда, ұжым бұл негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада баланың тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап - тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады. Балалар ұжымы, негiзiнде, жеке сынып және мектеп ұжымына бөлiнедi. Солай болса да, ұжымның ең негiзгi формасы-сынып ұжымы.

«Ұжым» деген ұғым тек көпшілік немесе топ адамдар ретінде айтылмайды, бұл, негізінде, қоғамның ісі, қылығы өзгелеріне байланысты деген мағынаны білдіреді.

«Ұжым – ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нәтижесінде асады».

Бұл анықтама балалар ұжымына да қатысты. Оқушылар сабақта, үйірмеде ортақ қызығушылық бағытта топтасып ұжым құрады. Бір бала отбасындағы, сабақтағы, үйірмедегі, ауладағы, т.б. бірнешеұжымныңмүшесіболуымүмкін.

Балалар ұжымы туралы еңбек жазған ғалымдар - А.В. Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, т.б[1].

Мысалы, А.В.Луначарский: «Адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым», - десе, Н. К. Крупская: «Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы ұжымда өтеді» деген. Олар мектептегі қоғамдық ұйымдарға, балалардың қарым-қатынасына үлкен мән берген. Балаларды ұжымда өмір сүре және қызмет істей алатын дай етіп, тәрбиелеудің қажет екенін ескерткен. Бұл ой бүгінгі күні де өз құндылығын жойған жоқ. Н.К.Крупская мектептегі қоғамдық ұйымдарға көп мән берген.

Бүгін ол заманның қоғамдық ұйымдары болмаса да, бұл күннің ұйымдары бар. Олар - «Балдырған», «Жасұлан», «Ұлан». Сондықтан Н.К.Крупская еңбектері, әсіресе ұйым, ұжым туралы ойлары өз құндылығын жойған жоқ.

А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір іздіт еориясын жасады. Оның «Педагогикалық поэмасы» (1937ж.), «Мұнараның басындағы ту» (1938 ж.) атты еңбектері осы уақытқа дейін өз маңыздылығын сақтауда.

Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымнын педагогакалық теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепеппшский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.

А.С. Макаренко анық та толық айтып берді: ұжым дегеніміз - жеке адамдардың өз алдарына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплексі.

Н.К. Крупская 1926 жылы “Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы” атты еңбегінде: “Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі – балаларды ұжым болып өмір сүруге үйрету”,-деп атап көрсетті.

В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады.

Жалпы ұжым – жасөспiрiм адамның қалыптасуында ерекше роль атқарады.

Балалар ұжымы – тәрбиенiң шешушi факторы және бiздiң қоғам жағдайында бала өмiрiн ұйымдастырудың негiзгi формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшiн ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан - жақты даму мүмкiншiлiгiн ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттi қоғамның өзi бiртұтас ұжым ретiнде өмiр сүретiндiгiнен туындайды.Балалар ұжымы - баланың өмiрiн, оқуын, еңбегiн, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетiн, ойын ұйымдастырудың ең тиiмдi құралы.

Балалар ұжымында жекелеген балалардың өзгелермен араласпай, оқшау жүруi, топ мүшелерiнiң кейбiреулердi жандарына жолатпай жүретiндiгiнiң себептерi де сан алуан: Мұндай оқушылар көбінесе сабақты нашар оқиды, тiптi жақсы оқуға талаптанбайды. Оның осы немқұрайлылығы ұжымнан оқшаулануына себеп болады. Бұлар үстi - басына салақ қарайды, кейде қолайлы қарым-қатынас орнатуға немқұрайлылығы олардың жекеленген тума қасиеттерiмен (тұйықтық, ұялшақтық, енжарлық т.б.) байланысып жатады.

Көбінесе психологтан көмек сұрап келетін балалардың көпшілігі -көпшілікпен қарым-қатынасы нашар, өте тұйық немесе ашушаң және де енжар болып келеді [2].

Қарым-қатынастың бұзылуы мектепке дейінгі және алғашқы мектеп жасында байқалып қана қоймай, соның салдарынан бала өзінің дегеніне жете алмай, айналадағылармен жанжалдасып, үйде, мектепте дұрыс қарым-қатынас түзей алмайды. Осы кері қарым-қатынас баланың танымдық және жеке тұлғалық даму саласына әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде бұл проблемалар көкейкесті болғанымен, оқшауланудың себептерін анықтайтын эксперименттік зерттеулер өте аз.

Дегенмен, психологиялық әдебиеттер негізінде баланың ұжымнан оқшаулану себептерін көрсететін көптеген теориялық зерттеулер кездеседі.

Бұл мәселеге қатысты К. Рубиннің басшылығымен (Канада) американ психологтарының және олардың батыс - европалық әріптестерінің осы салада жүргізген зерттеулері балалардың ұжымнан оқшаулану себептерін түсінуге жол ашаты. Енді сол себептерге тоқтала кетсек.

Баланың ұжымнан оқшаулануыныңбіріншісебебі - бауырбасу.

Бауырбасу баланың алғашқы әлеуметтену ошағы болып табылатын - жанұядағы ең басты мүшесі анасымен қарым-қатынасына, оның тәрбие жағдайына, әлпештеу мен мейріміне байланысты туындайды.

Бауырбасу баланың алғашқы әлеуметтену ошағы болып табылатын - жанұядағы ең басты мүшесі анасымен қарым-қатынасына, оның тәрбие жағдайына, әлпештеу мен мейріміне байланысты туындайды.

Балалардың ұжымнан оқшаулану себебін түсіндірудегі олардың жеке басындағы ерекшеліктермен сипатталынатын қасиеттердің бірі –ұяңдық.

Ұялшақ, көпшіл емес адамдарды ұяң адам деп те атайды.Ұяңдық әр адамда әр түрлі қырынан байқалады. Біреулерде ол дауыстың өзгеруімен, кекештенумен қатар әрекетінің бұзылуымен байқалса, ал енді біреулерінде интеллектуалдық функцияларының: зейін, ес, ойлаудың әлсіреуінен көрініс табады. Үшінші бір түрі адамды жылауға дейін жеткізетін, дауысын жоғалтып алатын, қызарып немесе бозаруымен сипатталады. Бірақ барлық түрінде ұяңдық: қашып кету, тығылып қалу, байқалмай қалу сезімдерін туғызады. Ал қоршаған адамдардың шектен тыс назары ең ауыр жаза болып көрінеді. Осының барлығы ұяң адамның басынан өткізетін эмоционалдық-тәндік көрінісі болып табылады.

Баланың ұжымнан оқшаулануы жайлы ағылшын психологы Д.Боулидің теориясына сәйкес ата-аналық қамқордың жетіспеушілігі баладан оған қажетті сенімділік, қауіпсіздік сезімін айырады және де оқшауланудың себептерінің бірі болып табылады. Ал ол өз кезеңінде ерекше эмоционалды қобалжуды, яғни оқшауланып қалу қорқынышын туғызады. Сонымен қатар жаңа таныстықтар орнатуға кедергі болып, потенциалды адамдардың шеңберін кішірейтуге алып келетін жағдай, ол- қарым-қатынастың төмендігі. Ол қарым-қатынас арқылы жаңа дағдылар мен білімді игеруді керек етпеушілік арқылы сипатталады [3].

Балалардың ұжымнан оқшаулануының тағы бір себебі жалғыздық мәселесі, яғни баланың басынан өткізетін психикалық күйі - оның қарым-қатынасында бірқатар қиыншылықтар тудыру арқылы ұжымнан оқшаулануы.

Мысалға келтіретін болсақ Бертран Рассел жалғыздықты былайша бейнелейді - «Менің балалалық шағымда менімен сөйлесетін бір ғана адам табылса ғой деген жалғыздық және өкініштік сезімі мазалайтын. Кейін келе табиғат, кітаптар және математика мені осы сезімнен құтқарды», -деп жазды философ .

Ал, Ганри Торо жалғыздықты – «Ең жақсы орта да күндердің күнінде шаршатады, дұрыс ойлауға кедергі болады. Мен жалғыз қалғанды ұнатамын. Біз көбіне өзіміздің тыныш бөлмелеріміздің ішінен гөрі адамдардың ортасында жүріп жалғыз боламыз.», - деп жазды американдық жазушы.

Сондай-ақ жалғыздық мәселесі біріншіден, жалғыздық адам үшін біз ойлағандай қорқынышты, екіншіден, бұл сезім жеткіншек және жасөспірім шақтағы балалар үшін уайым ретінде қабылданады.

Жоғарыда атап кеткен мәселлелерді талдай отырып бірнеше мынадай ұсыныстар келтіруге болады:

Бірінішіден, ұжымнан оқшауланған балаларға психологиялық көмек көрсетпес бұрын, оқшауланған баланы анықтап алу, оның ұжымнан шектелу себептерін жан-жақты анықтап алу міндеті тұрады.

Екіншіден, балалар ұжымынан оқшауланған оқушылармен жұмыс жүргізу бастамасы оның себебінен туындаған конфликтіні шешудің психологиялық-педагогикалық жолдарын ашу.

Үшіншіден, мұғалімдер, тәрбиешілер тарапынан құрылған топтағы жағымды климат балалардың өз-өзіне сенімділігін арттырады, басқа балалармен белсенді қарым-қатынас жасауы артады, яғни топта жағымды климат орнату [4].

Олай болса, біз әрбір сабақта, балалармен бірлесе жұмыс жүргізу барысында балаларды тату болуға, бірігуге үйрететін, басқаларды түсінуге, қолдауға көмектесетін ойындар мен жаттығуларды тиімді қолданудың жолдарын білуіміз керек.

Сонымен түйіндей айтқанда, әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды қорғау, дамыту мұғалімнің міндеттері. Ал сынып ұжымы - әр балаға қолайлы ортағы айналуы қажет.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Құрсабаев М. Оқушылар ұжымының пайда болу генезисі. Алматы, // Бастауыш мектеп, 2007. №7

2. Бабанский Ю.К. Педагогика. -М., 1998.

3. Қоянбаев Ж.Б., Педагогика. -А., 1992.

4. Жарықбаев Қ ., Қалиев С., Қазақ тәлім – тәрбиесі. Алматы, 1990.






Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.Тәрбие жұмысының ең негізгісі - ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да балаларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі.

 

Елiмiздiң болашақ азаматының жеке басының қалыптасуының маңызды кезеңi оның мектепте болған жылдарында өтедi. Сондықтан оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуында бастауыш мектеп ұжымы ерекше рөл атқарады. Атап, айтқанда, ұжым бұл негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада баланың тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап - тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады. Балалар ұжымы, негiзiнде, жеке сынып және мектеп ұжымына бөлiнедi. Солай болса да, ұжымның ең негiзгi формасы-сынып ұжымы.

Автор
Дата добавления 31.03.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров630
Номер материала 467878
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх