Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Балаларға Сенсорикалық тәрбие беру
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Балаларға Сенсорикалық тәрбие беру

библиотека
материалов





БАЛАЛАР ӨМІРІНДЕ СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ


Балалық шақ – баланың сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі болып табылады.Бұл кезде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын,кеңістік пенуақытты бағдарлауы жетіледі.Заттармен іс-әрекетте бала оның түсін түрін,қасиеттерін біле бастайды.
Баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар:
Біріншісі – заттар мен құбылыстардың әр трүрлі қасиеттері жөніндегі түсініктерді меңгеруі;
Екіншісі – қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға жаңа әрекетін игеруі.
Сенсорлық тәрбие - түйсік пен қабылдаудың бірдей дамуы.Сәбилік шақтың алғашқы күндерінен бастап-ақ өзін қоршаған заттардың қасиетін түсініп,талпыныс пайда болады. Қабылдаудың ерекше қасиеті балалар жақын адамдарды тани алатындығы.Бөтен адам көрсе жатырқап жылайды.Ал заттарды қабылдау дағдысы ұмтылу іс-әрекеттері арқылы жасалады. Сенсорлық тәрбие баланың сезім мүшелерінің дамуына,дүниені түсініп тануына әрекет жасайды.
Сенсорлық тәрбиені ойын арқылы дамыту өте қолайлы.Өйткені ойын – тәрбие құралы.Ол балалардың дүние танымын дамытудағы ең тиімді амалдардың бірі.Ойын арқылы балалар айналасындағы нәрселердің атын,болмысын ғана танып қоймайды, түр түсін, не үшін керектігін білетін болады.Сонымен бірге, ойын арқылы іс-әрекетін іске асырады.Ойын кезінде ғана балалардың өзін қоршаған ортаға қатынасы дамып, танып біледі.
Ойын арқылы заттың қалай пайдаланатынын түсінеді.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп,А.С.Макаренко:«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың маңызы болса, олар үшін ойынның да маңызы бар.Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста да көп жағынан сондай болады.Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.»
Ойынның мазмұны түпкі ниеті – балалардың нені және қалай ойнайтыны, ойын әрекеттері тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі.Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ынтаны қоздырады.Ойын кезінде балалардың білімі мен ұғымы тереңдей түседі.
Ойын – өзінше бір мектеп, сол арқылы бала дүние туралы түсініктерді игереді.Көптеген ойындардың мазмұнына әндер,тақпақтар енгізіледі.Осының бәрі баланың сенсорлық тәрбиесінің әсерленуіне мүмкіндік береді.Бала ойын арқылы күш жігерін жаттықтырып,қоршаған заттар мен құбылыстардың сырын ұғынып,еңбек дағдысына үйрене бастайды.Ойын баланы тек дене жағынан жетілдіретін қимыл-қозғалыс,іс- әрекет қана емес,оларды ой еңбегіне баулу,түсініктерін дамыту құралы болып табылады. Балалар үйіндегі балалардың сенсорлық төрбиесін дамыту үшін біздің міндеттеріміз:мәдени – гигиеналық машықтарға тәрбиелеу, ой – қиялын белгілі дәрежеде өсіру, бастаған ісін аяқтай білуіне жағдай жасау, айналамен таныстыру, ойын, еңбек машықтарына тәрбиелеу.
Мәдени-гигиеналық машықтарға тәрбиелеуде балалардың заттармен іс-әрекет жасауы арқылы сенсорлық дамуы өседі.Оларды не үшін қолданатынын біледі.Мысалы: тамақ ішкен кезде(тарелкеге тамақ құяды, тамақты қасықпен ішеді, шайды кесемен ішеді.) Сонымен бірге жуынған кезде (су суық немесе жылы, су сылдырайды, сабын қатты,төртбұрыш, көпіреді, иісі бар)
Ой қиялын белгілі дәрежеде өсіру үшін балаға көп сөйлеу,әртүрлі тақпақтар,тапсырма беру керек.Әрдайым бос отыруға мұрша бермеу керек,тапсырма беріп,бастаған ісін аяқтай білуге үйрету керек.
«Аюды алып келші, Арай қоянды Еламанға берші, Аян қоянды орындыққа қойшы» Бұдан балалар заттың,ойыншықтың атын,оның орналасу орнын біледі.Айналамен таныстыру, табиғатпен таныстыру баланың сенсорлық дамуының бір құралы.Оны Белинский былай деп айтқан?:»Баланың алғашқы тәрбиешісі табиғат және оның мейірімді әсері...Ағаштың жапырағының сыбдыры, су толқынының тербелісі оның өз тілінде сөйлеп тұрғандай әсер етеді.»
Заттармен жүргізілетін әрекеттерді күннен күнге күрделендіре берген жөн.Әртүрлі қобдишаларды ашып жабуға, біліктен сақиналарды шығарып,қайта салуға, кубиктерді бірінің үстіне бірін жиюға, бір затты екінші заттың ішіне салып,қайтадан шығара білуге үйрету керек. Шариктерді немесе доптарды шашып жинау,ермектікойындар ұста ұста ауа шарларын ұшыру арқылы балалардың кеңістікті бағдарлауы дамиды.
Арайлымға машинаға жіп байлап үстіне бір екі кубик салып, қолынан жетектеп жүрсең қатты қуанады,күліп сүйретіп мәз болады.Затпен қимыл жасағанына қуанады. Қалған балалар Арайлымға қарап үн түнсіз отырып қалады.Содан барып балалардың көру, түсіну қабілеті дамиды. Олар Арайлымның жасағанын көріп, өздері де солай жасауға тырысады. Балалардың ойынын дидактикалық ойыншықтармен, қимылды ойындармен, құрылыс материалдармен жасайтын әрекеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлу керек. Ол үшін қимылды ойындарды көп ойнату керек. Мысалы: Көбелекті ұстаймыз.
Көбелек сияқты ұшамыз.
Көбелек гүлге қонады.
Түрлі-түсті көбелекпен таныстырамыз. Оның қалай қимыл жасайтынын көрсетеміз. Көңіл күйлерін көтеру арқылы ойын ұйымдастырамыз. Көбелек сияқты ұшамыз. Екі қолымызды созып,қолдарымызбен қимыл жасаймыз. Бірнеше рет қалай үшатынын көрсетеміз. Балалардың қолдарынан ұстап қимыл жасатамыз. Бұдан баланың көбелектің қалай қимыл жасайтынын біледі.Сабақты күрделендіре түсеміз. Келесі сабақта түрі -түсі, құрылысы туралы ұғымын қалыптастырамыз.
Балаларға алғаш жекеленген заттарды,жануарларды,құстарды бейнелейтін суреттерді көрсетіп, оларды атай білуге уйрету қажет.Сергіту кезінде бөлменің әр жерінде ілулі тұрған суреттерді «Аю қайда?,көгершін қайда? Әтеш қалай дауыстайды?» деген сөздерді айтсаң балалар көздерімен іздейді.Қолдарын шошайтып көрсетеді.Бұдан балалардың есте сақтау,көру,бақылау қабілеттері дамиды. Заттың формасын,түсін ажыратып,форманы өзіне лайық қуысқа орналастыруда мынандай ойын ұйымдастыруға болады.
Ыдыстың ішіне салынған заттарды сылдырлату.Балалардың назарын,есте сақтау қабілетін тудыру.Шыққан дыбысқа бала назарын аудару,ыдыс ішінен алып көрсету.
Мынау – төртбұрыш,төрт бұрышы бар.Домаламайды.Төртбұрышты өзіне лайық ойылған ыдысқа салып көрсету.3-4 рет қайталау.Балаға салғызу.
Дөңгелекпен таныстыру. Қабырғасы жоқ,доп домалақ,сондықтан домаламайды,сондықтан домаламайды,доп сияқты. Оны да дөңгелеп ойылған ыдысқа салғызу.
Үшбұрышпен таныстыру сабағы да солай өтеді.Енді формаларды бір бірімен салыстыру, заттарды атай білуге, есте сақтау қабілетін дамыту сабағын үйретіп барып, әрекет жасауға үйретеміз.Сабақтың мазмұны қарапайым болуы керек.
Ендігі осы балалармен сенсорлық тәрбиесін дамытудағы алдағы істелетін жұмыстар:
Балаларды бірыңғай заттарды сенсорлық белгілеріне қарай топтауға үйрету.Үлгі бойынша және ауызша берілген тапсырмаларды орындауға үйрету.
Балаларға жеті түсті (қызыл,қоңыр,сары,ақ,көк,жасыл,қара) форманы (дөңгелек, төртбұрыш,үшбұрыш) үйрету қажет.
Жарты дөңгелек,жарты алма,жарты төртбұрыштың екінші жартысын табуға, бірте бірте кішірейе беретін заттарды жинауға үйрету қажет.
Сенсорлық ерекшелігі әр түрлі іс -әрекетте,бейнелеу өнерінде, құрастыруда, түрлі құбылыстарды бақылау кезінде заттардың қасиеттеріне қалай қолдана білуге үйрету.Заттармен құбылыстардың сенсорлық ерекшеліктері мен сапаларын іс- әрекет үстінде бекіту.Құрылыс материалдарын байланыстыра орналастыру білуге
Машықтандыру.Құрастыруды аяқтаған соң матириалдарды ұқыпты түрде орын орынына жинап қоюды үйрету.
Балалардың сенсорлық тәрбиесін ең алдымен бала айтқан сөзіңді,тапсырманы түсіну керек.Сөзіңді түсінбей бала ешқашан айтқаныңды істемейді.
Ата- бабамыз жасаған асыл мұраны меңгерту, айналасына жүрек сезімін оятып,ана тілін түсінуге үйрету,оның музыкалық әуезін санасына ұялатып,зердесіне жеткізудің барлығы - баланың нәрестелік шағынан басталатыны баршаға аян. Ендеше сол нәрестелік шағын ана тілінде сіңіру біздің міндеттіміз.
Сол себепті «Бесік жыры», «Қаз -қаз бас», «Әлди -әлди» сияқты ана жүрегінің жылуын төге жырланатын әлең -жырларды неге осы нәрестелік шағынан бастамасқа.
Әр тәрбиеші сабақтан жеке өзіне бекітілген балалармен тереңдете жұмыс істесе біздің балалардың даму қабілетттері өз жас мөлшерімен сәйкес келеді.
Өз жемісіміздің нәтижесін көру үшін бір топтағы тәрбиешілер бірдей жұмыс істеуі керек.Бала сонда ғана ана тілінің нәрімен қуаттанып өседі.

Мамандардың айтуынша, балалардың сен­сор­лық дамуы – олардың айналасындағы заттарды алдымен сыртқы қасиеттеріне, яғни заттың түсіне, пішініне, көлеміне, дәміне, иісіне қарай қабылдауы. Мектеп жасына дейінгі кезең – бала­лардың сезу мүшелерін дамытуға ең қолайлы шақ. Үш-төрт жастағы баланы сенсорлық тәр­биелеуде оның көру, есту, дәм сезу секілді қабі­леттерін күшейту үшін оның түрлі ақпарат алуына жағдай туғызу қажет. Осылайша сезім мүшелеріне әсер ету арқылы баланың миының жұмысы жақсарады. Сонымен сенсорлық тәрбие барысында сәбидің жалпы әлемді сезіне білуіне, бола­шақта өзін қоршаған орта туралы толыққанды ақпарат алуына оң әсерін тигізеді. Бүгінде педа­гогикалық тәжірибеде сенсорлық тәрбие кеңінен қолданылуда. Айталық, 2-3 жастағы бала түстерді ажырата білуі үшін оған негізгі жеті түстің біріне ғана боялған заттарды көрсету керек. Бала сен­сорлық тәрбиеде біршама жетістікке жете бастаса, жаттығуларды күрделендіре түсуге болады. Жат­тығулардың өте қызықты болуы шарт. Балаларды сенсорлық тәрбиелеуде ата-ананың рөлі өте маңызды.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-258468

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"