Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Социальному педагогу / Другие методич. материалы / Балалардың бос уақытын жоспарлау
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Социальному педагогу

Балалардың бос уақытын жоспарлау

библиотека
материалов


Балалардың бос уақытын жоспарлау.


Бүгінгі таңда қоғам алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мәселесі тұр. Бос уақытты тиімді өткізу бала тұлғасының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді.  Баланың  бос уақытын  қызықты, пайдалы әрі мазмұнды өткізу міндеті педагогтар мен ата-аналарды да толғандырады. Осы мәселені шешу бағытында балаларға қосымша білім беру мемлекеттік ұйымдары да өз міндеттерін атқаруда

Бейімдеу орталығындағы бастауыш мектеп жасындағы балаларда айналадағы адамдарға деген жаңа көзқарас пайда бола бастайды. Олардың алдында ересектердің сөзсіз беделі біртіндеп жойылып, бастауыш сынып аяқталар кезде өз қатарластарына деген ықылас артып, балалардың шағын топтары қалыптаса бастайды.

Баланың өміріндегі білімге деген талпыныс өз күшін жоймайды. Ол осы жастағы баланың дамуындағы психикалық өзгерістерді анықтайды. Бұл жаста алдағы өмірінің дамуының іргетасын қалыптастырудағы маңызды жетістіктерін көрсететін психологиялық өзгерістер қалыптаса бастайды. Бірақ, бастауыш сынып оқушысы жаңа жетістіктерді игеріп бекітетін бекітетін әрекеттің басқа түрлеріне де белсене араласады.

Бұл жастағы балалармен қарым-қатынас жасауда ересектердің басты міндеті әр баланың даралығы мен қызығушылығын ескеріп, олардың өз мүмкіндігін ашуына толық жағдай туғызу. Әсіресе, бейімдеу орталығы жағдайында тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізуде дара жанасу мен баланың қызығушылығын ескеру өте маңызды. Бейімдеу орталығына келгенге дейін баланың дамуында әртүрлі келеңсіздіктер орын алуы мүмкін.

Баланың дамуына дер кезінде көңіл бөлмеу таным үдерісінің олқылығына әкеліп соғады: тұрақсыз назар, әлсіз зерде, төмен қабілет т. с. с.

Егер отбасында тәрбиеленуші балаға уақытты ұтымды ұйымдастыруға ата-анасы немесе отбасының басқа да мүшелері көмектессе, бейімдеу орталығы немесе балалар үйінде тәрбиеленетін баланың жағдайы педагогтардан балалардың бос уақытын мазмұнды өткізу үшін ерекше жанасуды талап етеді.

Балалар үйінде тәрбиеленетін балалар өздеріне ерекше қамқорлықты қажет етеді. Балалар үйі тәрбиеленушісіне өмірде дұрыс бағыт алуына жәрдемдесетін адам, оның жанын түсінетін дос керек, сондықтан бейімдеу орталығы тәрбиеленушілерімен жұмысты, әсіресе, бос уақытын ұйымдастыруда назарда болуы тиіс.

Бос уақыт – қоғамдық және тұрмыстық еңбектен тыс, адам еңбек әрекеті кезінде жетілдіруіне мүмкіншілігі жетпейтін, өзінің еңбек икемділігі мен басқа да қабілеттерін жетілдіре алатын уақыты.

Бірақ «бос уақыт» ұғымы «не қаласам, соны істеймін» дегенді білдірмейтінін, мәнсіз-мағынасыз уақыт өткізу еместігін түсіну өте маңызды. Бұл адам өзінің алдына қойған мақсаты мен қызығушылығын жүзеге асыруға арналған уақыт. Ол мәдени құндылықтарды игеруге, жаңаны білуге, шығармашылық пен спортқа, туризм мен саяхатқа, адамның сүйікті ісін орындауына арналуы мүмкін. Бос уақытындағы әрекетін жалпы мақсатқа, өзінің өмірлік бағдарламасын жүзеге асыруға бағыттай білу – адамның бос уақытын бағалай білуін көрсетеді.

Жалпы бос уақытты пайдалану үш топқа бөлінеді:

а) ойын-сауықтармен еркін демалыс;

ә) мәдени құндылықтарды меңгеру;

б) шығармашылықпен айналысу.

Бос уақытта:

-         Еркіндік сезімін қанағаттандыру арқылы баланың қызығушылықтарымен қабілеттерін анықтауына;

-         Белсенді іс-әрекет арқылы мүмкіншіліктерін  толықтай көрсете алуына;

-         Өзін-өзі сынау, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі бағалауына ;

-         Белсенді қарым-қатынас арқылы әртүрлі ұйымдармен бірлестіктерде өз мүмкіншіліктерін  жүзеге  асыруға жағдай туындайды.

Қазіргі балалардың өмірі физикалық, психикалық, интеллектуалдық күшті талап ететін жарнамаға толы. Сондықтан баланың бойында жиналған мазасыздық пен шаршауды сейілту мақсатында олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білу өте маңызды. Бос уақыт аясында осыған дейін жұмсалған күшті қалпына келтіруге мүмкіндік туады. Ойын барысында балалар өздерінің іс-тәжірибесінде болған материалдарды шығармашылықпен пайдаланып, өрлей түседі. Зор белсенділікпен атқарылған шығармашылық іс-әрекеті баланың алдағы өміріне де өз ізін қалдырады

Ойын бағдарламалары өзін өзгелермен салыстыруына, кемшіліктері мен жетістіктерін өз көзімен көруіне мүмкіндік береді. Қарым-қатынас нәтижесінде бала әлеуметтік межелер мен эталондардан бағдар ала отырып өзіне баға береді.

Бос уақытты дұрыс пайдалану баланың танымдық әрекетін тереңдетуде маңызды орын алады. Балалар бос уақыттарында кітап оқиды, фильмдер қарайды, телехабарлар мен спектакльдер тамашалайды. Бос уақытта білімнің түрлі салаларынан көптеген жаңалықтар біле алады; көркемдік шеберліктерін кеңейтеді; тарихпен тереңірек таныса алады, қысқасын айтқанда әр саладан мол жаңалықтар жинай алады.

Бейімдеу орталығы жағдайында тәрбиеленушілермен ойын ұйымдастыру барысында ойынға араласқан тәрбиеші баланың қызығушылығын бәсеңдетпеу үшін, қарсылас –серіктес бола тұра кейде жеңіліп, кейде ақыл сұрап отыруына тура келеді. Алдымен балаға қызықты және табысқа жетуге бағытталған, оларды тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ететін, ойынды таңдаған дұрыс.

Баланың бос уақыты әртүрлі қызығушылық түрін – ағарту, шығармашылық, спорттық әрекетті қанағаттандыратындай жан-жақты болумен қатар бала әрекет түрін еркін таңдайтындай ойластырылуы керек.

Әсіресе жаз мезгілі – балалардың айналадағы табиғат дүниесін еркін танып білуіне бірден бір қолайлы, тамаша мезгіл.

Жаз – балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және қимыл белсенділігін арттыруына және рухани өмірдің құндылығын бағалауына зор мүмкіндік туғызады.

Жаз – бүлдіршіннң қауіпсіз және салауатты өмір салтының негізін меңгеру үшін өз қабілетін көрсетуде белсенділік танытып, айналасындағылардың құрметіне ие болуға мол мүмкіндік туғызады.

Біздің айтпағымыз басқа жыл мезгілдерде көре алмайтын қызықты табиғат заттарды жаз мезгілінде толық көрсетілуі қажет. Таза ауа, саябақтың жасылдылығы, ормандар мен жазық жерлері – бұл барлығы балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуге, табиғат құбылыстарына қызығушылығын арттырады. Жаз балаларға табиғат туралы шыңайы көрініс беріп, балаларға логикалық түрде ойлану, бақылау әрекеттерін дамытады. Өсімдіктер мен жануарларға ұзақ уақытта бақылау жұмысы табиғатта барлық заттардың өзара байланысын анықтауға көмектеседі. Табиғат – тәрбие берудің ең негізгі факторы. Балаларға бұл факторды түсінікті етіп көрсету – мектептен тыс тәрбиелеу ошақтарының негізгі мақсаттарының бірі, балалардың өмірлерін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастырады. Күннің көп бөлігі ойындарға берілген. Балалар таңғы ас ішуге дейін, таңғы ас пен түскі ас арасында, кешкі мезгілде ойын ойнайды. Жаз уақытында ойындардың тақырыптары алуан түрі, бірақ бұл ойындардың ең негізгі мақсаттары балалардың денелерін дамыту, жақсы демалыс болып табылады. Тәрбиеші ойын барысында жыл бойы алынған білімдерін қайталатып бекіту, толықтыру жұмыстарын жүргізеді.

Тәрбиешінің мақсаты – балаларды ойын ойнауды үйрету, өз білімдерін пайдалану, ойын материалдарын пайдалана алуын үйрету, ойын барысында дұрыс қарым – қатынас құру. Құм мен сумен ойындар арнайы орынды қажет етеді. Құм жүйелі түрде тазартылып, аптасына бір рет қайнаған сумен құйып, кешке және ойынға дейін су құйылуы қажет: құм таза және пластикалық болады. Сумен ойын ойнау үшін әр түрлі пішінді ыдыстар, ойыншықтар, пластмастан жасалған ыдыстар пайдалануға болады. Бейімдеу орталығы қызметкерлерінің мақсаты - жаз уақытында балалардың денсаулықтарын толық түрде сауықтандыру мен нығайту және әр түрлі қауіптілерден сақтап қалу. Бұл мақсат педагогтық, медициналық және қызмет көрсету қызметкерлермен бірігіп жұмыс жасау барысында жүзеге асады. Тәрбиеші ойындарды ұйымдастыру барысында балалардың іс – әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруы қажет, мысалы: жылдам қозғалыстарды қажет ететін ойындардан кейін байсалды ойындарды ойнау керек. Тәрбиеші балалардың күнге күйіп қалмауын, дене қалпыларын өзгертулерін қадағалап отыруы қажет, өйткені бала көп уақытта бір қалпында отырса, немесе жатса оның бел омыртқасы қисайып, тыныс алу мен қан айналымның қиындауы мүмкін екенін естен шығармауы тиіс.

Меніңше, баламен ұйымдастырылатын көптеген ойындар мен бағдаламалар табысты жүзеге асырылуы үшін оларда танымдық қызықты мазмұн, әртүрлі ойыншықтар, әзілдер, жарыстар, жұмбақтар, музыкалық номерлер, спорттық ойындар жеткілікті болуы қажет. Сондықтан балалармен каникул күндері мынадай бағдарлама ұсынамын.


Бос уақыт баланың да, ересек адамның да танымдық қажеттілігін қанағаттандыратындай мақсатта ұйымдастырылуы және әр баланың қызығушылығы мен қабілеті, икемі, өздігінен шешім шығару мүмкіндігіне жағдау жасалуының ескерілуі керек.

Бос уақытты ұйымдастырушы– педагогтың негізгі міндеттері:

-         Жеке тұлғаның қасиеттерімен дарындылығының дамуына, дүниетанымының кеңуіне, мәдениеттілігінің артуына ықпал ету;

-         Тәрбиеленушілердің психологиялық және  жасерекшеліктерін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау;

-         Тәрбиеленушілердің жан-жақты  дамуына  бағытталған үйірмелер, секциялар, студиялар жұмысын ұйымдастыру;

-         Мерекелер, кештер, саяхаттар, экскурсиялар, ойын-сауық шараларын т.б. сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарды ұйымдастыра отырып балалардың бос уақытының мазмұнды өтуіне ықпал ету;

-         Мәдени орталықтар, спорт т.б. қоғамдық мекемелермен бірлестіктерді балалармен жасөспірімді тәрбиелеу ісіне тарту;

-         Балалардың жазғы демалысын және бос уақыттарын ұйымдастыру, олардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауап  беру.

  Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының алдында тұрған жауапты міндет- күрделі: жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде - тәрбиеленушілердің ұлттық сана-сезімін ояту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастыру, дені сау, рухани ойлау дәрежесі дамыған, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, өмірден өз орынын таба білетін мәдениетті, бойына басқа да игі іс-әрекеттер қалыптасқан тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу.

Сауықтыру жұмыстарын жүйелі өткізу:

-әрбір баланың дара қабілеттері мен мүмкіншілігін ашуға қажетті жағдай жасау;

-бала өмірін қызықты құрдастармен және ересектермен қарым –қатынаста жұмыс жасауға үйрету;

-дене және психикалық денсаулығығын нығайту,

- қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;

-валеологиялық білімін іс-тәжірибеде өздігінен іске асыра және спорттың әртүрлі түрлерімен айналыса білуге мүмкіндік береді.

балалардың бос уақыттарын танымдық қажеттілікті тереңдету мақсатында тақырыптық күндер ұйымдастыруға болады.

1 – күн. «Сыпайылық күні».

Мақсат: Сыпайылық ережелерін еске түсіру, бекіту. Үлкенге ілтипат, кішіге үлгі көрсетуге үйрету. Балалармен күні бойы сыпайы сөйлесе отырып, олардың да өзара және ересектермен «сыпайы» сөйлесулерін ұсыну.

Міндет:

  1. Өзара және ересектермен дұрыс қарым-қатынас жасау ережелерін қалыптастыру.

  2. Адамгершілік әдебіне тәрбиелеу.

  3. Тұлғаның ұнамсыз жақтарын түзету.

Сыпайылық ережелерін естеріне салу мақсатында балалармен «Сыпайы – дөрекі», «Ғажайып сөздер», «Сыпайы сөздер тізбегі» т.б. ойындар ұйымдастыру арқылы қызығушылықтарын ояту. Онда «Жақсы деген немене? Жаман деген немен?» өлеңін тыңдау барысында жақсы және жаман қылықтарды ажыратып отыру, «Мың бір мақал, жүз жұмбақ» сайысына қатысу, «Сөз ойла, тез ойла» ойынында шашылған әріптерден сыпайылық туралы сөз құрастыру, өздері оқитын өлеңді шағын қойылым түрінде көрсету т.б. жарыстарда өзін көрсете білген балаға сыйлық ұсыну жоспарланған.

Күн тәрбиеленушілердің «сыпайылық» ережелерін еске түсіруімен есте сақталатын болады.

2 – күн. 03. Қаланың өрт сөндіру бөліміне саяхатқа бару.

Мақсат: Өрт сөндіру бөлімі мамандарының қызметімен таныстыру, өрт кезінде ереже сақтау, өрт сөндіру машықтарымен таныстыру.

Балалар ауладан тысқары жиі шықпайтындықтан, олар бөгде адамдармен сұхбаттасуға өте зәру, өзге мамандықтың өкілдерімен кездесу ұнайды.

Жолда кездескен ғимараттар мен мекемелер жайлы түсінік беру, айналадаға дамадар мен қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейу.

Саяхаттан оралған соң «су тасимыз», «құм тасимыз», «противогаз киеміз» т.б. ойындарды ұйымдастыру арқылы балалардың ептілігін, икемділігін, батылдығын ойын барысында көрсетулеріне мүмкіндік беруге, сондай-ақ «Оттан сақтан», «Өрт туралы не білеміз?», «Өрт бола қалған жағдайда» т.б. викториналық ойындар өткізуге болады.


3 – күн. Ата-аналармен ашық есік күніне дайындық. Әркімге өз баласы қымбат болатыны сияқты, әр бала өз ата-анасын қуантқысы келеді. Сондықтан бұл қиын мәселені қисынды ұйымдастыру және әр баланың өзін көрсете білуі үшін мүмкіндік беру үшін педагогтардың шеберлігі аса қажет.

Мерекеге арнап тәрбиеленушілер көптеген тақпақтар жаттап, бірнеше билер орындауы мереке көрігін қыздыра түсері сөзсіз.

Бәрінен бұрын балаларға ата-аналары мен туысқандары алдында өздерін көрсете білу, оларға да, өздеріне де қуаныш сыйлау мүмкіндігі туады.

4 – күн. «Отбасы тәжірибесі».

Мақсат:

  • үй жұмысын жүргізуге деген оң көзқарас қалыптастыру;

  • тамақ дайындау туралы икемділіктер мен білімдерін іс жүзінде пайдаға асыру.

  • балаға отбасындағы ер мен әйелдің әлеуметтік рөлін түсіндіру, өз бетінше өмір сүруде кездесетін жауапкершіліктер туралы түсінік беру.

Міндет:

  • үй шаруашылығын жүргізу және тамақ дайындаудың негізгі машықтарына үйрету;

  • бала бойында адамгершілік сапасын: сыпайылық, мейірімділік қалыптастыру;

  • дастархан басында өзін ұстау әдебін, мәдениетті дамыту;

  • эстетикалық талғамды дамыту;

  • тәрбиеленушілерді әлеуметтік ортаға бейімдеу.


Үй жинау, іс тігу, тамақ дайындау, өздерін күтуде ер бала мен қыз балалар арасында кездесетін айырмашылықтар туралы ойындар ұйымдастыру.

Соңында өздері дайындаған тамақтармен сол күннің нүктесін қою.

5 – күн. «Тіл тірегі» ток шоу.

- ұтқырлыққа, ойын тез игеріп берген сұраққа шапшаң жауап беруге жаттықтыру;

- сөздік қорларын молайту.

Міндет:

  • таным белсенділігін дамыту, жолдастарына деген жанашырлық сезім ояту;

  • шығармашылық қабілетті жетілдіру;

  • ынтымақтастық сезімінің іргетасын қалыптастыру.

Жоспарланған ойындар, билер, сайыстарға ертегі персонажы Дымбілместі қатыстыру арқылы балалардың қызығушылықтарын ояту. Балаларға бірнеше дыбыстар ұсынып, берілген сұрақтарға сол дыбыстардан басталатын сөздермен жауап беруді ұсыну. Балалар жауап беруге кідірген кезде Дымбілмес өзі шешімін айтып, өз жауабына өзі мақтанады. Мысалы: «А» дыбысы. Немен тыныстайсың? (ауамен), Далада не бар? (ағаштар), Кім болғың келеді? (аспаз) т.б. «Дастархан» сөзінде кездесетін дыбыстардан сөздер құрау: ас, ар, сана, дара, хан, ана, рас, тар, астар т.б. Таңулы көзімен сөмкеге заттар жинап салу сияқты ойындарды қосуға болады.

6 – күн. «Алтын күз» мерекесі.

Мақсат:

  • Балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту, алған білімдерін іс-жүзінде көрсете білулеріне жағдай жасау.

  • Тұлғалық сапаны тәрбиелеу;

  • Іс-әрекеттің әр алуан түрінде ережеге сәйкес шешім қабылдау икемділігін жетілдіру.

«Кім көп біледі?», «Тамыры мен собығы», «Күн мен жаңбыр» т.б. жарыс-ойындар ұйымдастыру арқылы өздерін көрсете, айналадағылардың назарын өздеріне аудара білулеріне мүмкіндік туғызу.

Жұмыс барысында сан алуан тәсілдер мен жоғарыда аталаған терапияның түрлерін пайдалану мекеменің одан әрі дамуы үшін оңтайлы жағдайлар ұйымдастырады .

Жұмыс жасаушы топ та, ұйымдастырушы топ та шығармашылық қабілеттерін көрсете білгендіктен мақсаттарға қол жеткізу үшін мүмкіндікті қамтамасыз етеді.


Әдебиеттер:

1 . Қазақтың ұлттық ойындары 
2. Рудик Г. А. «Игры и их педагогическое значения» («Значение» 1949-90 стр) 
3. А.Ж.Едігенова «Ойыната отырып тәрбиелеу» 2010ж-40-50 бет 
4. Қазақстан мектебі №7, №8, №9. 5-36бет 
5. Исаева И.Ю. Досуговая педагогика. Москва,  «Флинта»2010


Автор
Дата добавления 25.10.2015
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1579
Номер материала ДВ-094571
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх