Инфоурок / Музыка / Рабочие программы / Балалардың музыкалық дидактикалық ойындарға деген қызығушылықтары

Балалардың музыкалық дидактикалық ойындарға деген қызығушылықтары

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Ән жұмбақ» Музыкалық сайыс.


Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Түрі: Сайыс.


Барысы: Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар!Сәлем достар! Бүгінгі «Ән жұмбақ» музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер! «Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұлама - композитор Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер. Ендеше, достар бүгінгі сайысымыздың қатысушы жастарын ортаға шақырайық.


Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!

1.Күлаш Қойбағарқызы

2.Динара Егеубайқызы

3.Роза Оразбекқызы


Жүргізуші: Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз.

І. Айналым: (Ән көңілдің ажары)

Ережесі: Бұл айналымда сайыскерлеріміз алдымен өз топтарын таныстырып, топ мүшелерінің есімдерін де атап өтеді. Мұнда бес тақырып беріледі. Тақырыптарды таңдап, сол тақырыптар бойынша берілген әндерді табу керек. Бұл жерде тек әннің музыкасы жасырылады.(Әнді тапса бірге шырқайды)

І айналым тақырыптары:

1.«Туған жер» («Қазақтай ел қайда?» әні, «Өз елім» әні, «Атамекен» әні)

2. «Сезімдердің ұлысы» («Ауырмайды жүрек» әні, «Қызыл гүлім - ай» әні, «Тәттім – ау» әні)

3. «Той жыры» («Ғашықтар жыры» әні, «Жұбайлар жыры» әні, «Құдалар» әні)

4. «Анама» («Ана туралы жыр» әні, «Абзал ана» әні, «Анашым» әні)

5. «Мектеп – кеме...» («Ұстазым» әні, «Мектебім» әні, «Қош бол, мектебім» әні)


Жүргізуші: Алғашқы айналым өз мәресіне жетті. Осы айналымның бағаларын білсек.

Оқушылар, әуен мен сөздің байланысы бір-бірімен өте жақын, тығыз байланысып жатырғанын білеміз. Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызды басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады

Келесі бөлімде сіздер қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді ортаға саласыздар. Екінші айналым ережесіне құлақ түріңіздер!


ІІ айналым. (Өлең – сөздің патшасы)

Ережесі: Келесі бөлімде төрт жол өлең беріледі. Сол өлеңдегі асты сызылған сөздерге синоним яғни, мағыналас сөздер айтасыздар.

Сіздерге берілетін өлең А.Құнанбаев. «Жазғытұры»

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, (Суық, ызғар)

Масатыдай құлпырар (Жайнар, әдеміленер) жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер (Шуақтанар, жадырар) күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып (Қуанып, мәз болысып) жас күлер ќұрбысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп,(Амандасып, қал-жағдай сұрасып) құшақтасып

Жүргізуші: Балалар, сіздер осы кезеңге дейінгі бөлімдердің барлығынан да сүрінбей өтіп келе жатырсыздар. Бәрекелді!

Екінші айналымда өздерін қалай таныта білді екен сайыскерлеріміз? Оны әділқазылар алқасының бағаларынан білейік

Жүргізуші: Қазақ халқы ән мен жырға бай халық. Сонымен қатар, атадан балаға жетіп мұра болып келе жатырған қанатты сөздеріміз бен мақал-мәтелдерімізде баршылық. Келесі бөлімде мақал-мәтелдерден сайыс.


ІІІ. Айналым. (Мақал – сөздің мәйегі)

Бұл кезеңде белгілі тақырыптар беріледі. Сол тақырыптарға мақал-мәтелдер құрайсыздар. Әр топқа қазаз бен қалам беріледі, аталған тақырыпта қанша мақал біледі соны қағаз бетіне түсіреді. (Достық, әдептілік, ата-ана, еңбек, білім, өнер). (Мақал жазылып болғанша ән орындалады )

Жүргізуші: Бұл айналым мақал мәтел сайысы бойынша сайыскерлеріміз өте белсенділікпен, ұйымшылдықпен жарыса жауап берді.

Осы айналым бағасына назар аударайық!

Жүргізуші:

Құр айқай бақырған

Құлаққа ән бе екен?

Өнерсіз шатылған,

Кісіге сән бе екен?- деп Ұлы ойшыл ақын А.Құнанбаев атамыз айтқандай келесі бөлімде нағыз тапқырлықтарыңыз бен музыкалық білімдеріңіз сынға түседі.


ІV айналым. Ғажайып алаң деп аталады.

Ережесі: Бұл айналымда экранда көрсетілген барабанды айналдыру арқылы сан таңдаймыз, ол санның артында музыкалық сұрақ жасырылған. Сол сұраққа жауап берулеріңіз керек.

Жүргізуші. Жарайсыңдар, достар! Енді осы сайысты әділқазылар қалай бағалады екен. Біліп көрейік!


Ақтық мәре. (Бұл қай ән?)

Екі топ бір – бірлеріне кезекпен кезек 3 реттен әртүрлі тақырыптағы әндердің сөздерінің орындарын ауыстырып айту керек. Ал қарсы команда сол әнді тауып алу керек.


Қорытынды: Сөз кезегі әділқазылар алқасында.

Марапаттау:

Жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.

Ән аманат сіздер үшін.

Бар болыңыздар,

Сау болыңыздар!


Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-222695

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG