Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Дошкольное образование СтатьиБалалардың шығармашылығын дамытуда дәстүрдең тыс сурет салу әдістерін қолдану

Балалардың шығармашылығын дамытуда дәстүрдең тыс сурет салу әдістерін қолдану

Скачать материал
библиотека
материалов

Сурет салу – балалардың шығармашылық белсенділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін өнердің бір түрі. Сурет салу арқылы балаларды адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа, өнер түрлерінің құндылықтарын бағалауға тәрбиелейміз.

Сурет салу баланың тіл байлығын арттырады. Өзі бейнелеген бейнені ойынша суреттеген бала қағаз бетіне түсірегенде өз ойын ашық айта алады. Бала шығармашылығын дамытуда сурет салудың дәстүрлі дәстүрінен дәстүрден тыс тәсілдерді қолдану қазіргі заманауи балаларымыздың қызығушылығын арттырады. Қазіргі кезде оларды қоршаған орта, қоғам бәрі қызықтырады. Осы сәтте біз олардың қызығушылығын артыратын тәрбие беру міндетіміз. Дәстүрден тыс сурет салу баланың бойында өзгешелікке, жаңа тәсілдер ойлап табуға, қазіргі озық технологиялар заманында тың дүниелер ойлап табуға жол ашатын тәсіл болып табылады. Іскерлікті дамытатын, бастамашыл тұлға болып қалыптасуына септігін тигізетін негізгі құрал десе де болады.

Балалардың шығармашылығын дамытуда дәстүрден тыс сурет салу әдістері мынадай тәрбиелік және дамыту мақсаттарында қолданылады:

·         Саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту. Бас миы мен ұсақ қол моторикасының өзара байланысы бас миының қабығы әрқайсысы бір денеге жауапты бірнеше бөліктен тұрады. Бас миының қабығында қозғалыстық сипатты анықтайтын бөлік бар. Бас миы қабығының үштен бір бөлігі қол мойнының қозғалыстық қабілетімен байланысты және мидың сөйлеу зонасы бір – біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан егер баланың саусағы нашар дамыған болса, ол баланың сөйлеу қабілетіне әсер етеді. Осыған байланысты ғалымдар қол мойнының буынын артикуляциялық аппарат сияқты «сөйлеу органы» деп те атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органы ғана емес сондай –ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет;

·         Қоршаған орта әлемін, ондағы құбылыстар мен заттарды біліп қабылдау, түсіну. Бала сурет салмас бұрын ойша елестетіп, белгілі бір бөлшектерге бөліп, қандай да бір заттарға, геометриялық фигураларға ұқсатып салады.

·         Әртүрлі материалдармен жұмыс жасау. Сабақта балалар суретті дәстүрлі қарындаш пен бояулармен бейнелемей, сондай-ақ тұрмыстық заттарды пайдалана отырып, шығармашылықпен айналысу ерекшеліктерін түсінеді.

·         Ойлау жүйесін белсендіру мен тың идеялар шығаруға белсенділік арттыру. Балаларғаөзойынжеткізуге, өзінешығармашылықбелсенділігін танытуға қажетті бұйымдар алуға, еркін тақырыпта сурет салуға мүмкіндік беріледі. Бұл баланың тұлға болып қалыптасуының алғашқы қадамы десек те болады.

·         Балаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, өзіне деген сенімін арттыру, қорқыныштан арылту. Дәстүрлі емес тәсілдермен сурет салу ойын түрінде өткізіледі, сондай-ақ, суреттер салу арқылы бала бойында мақтаныш сезімін ұялатуға, жетістікке жетуге деген құлшынысын арттыруға мүмкіндік береді.

·         Топпен жұмыс жасауға қызығушылықты қалыптастыру. Балалар топ болып жұмыс жасай алмайды, бірақ қарапайым тапсырмаларды қуана бірге орындайды. Тәрбиеші топқа бөліп тапсырма береді, балалар обьектілерді бөліп ала отырып орындайды. Тәрбиеші балалар еңбегін бағалағанда әдемі суреттегі әрбір баланың еңбегін атап өтеді.

·         Эстетикалық талғамды қалыптастырады. Балалар дәстүрлі емес тәсілдермен сурет салуда қарапайым заттардың сұлулығын көреді, түстерді үйлестіре біледі. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзуге асыруда дәстүрден тыс сурет салудың мынадай тәсілдерін пайдалану ұтымды:

·         Құммен сурет салу әдісі. Балалар құммен ойнағанды жақсы көреді.  Саусаққа тиген құмның түйіршіктері бойдағы ұйықтап жатқан әрбір жасушаны оятып, жүйке жүйесін де тыныштандырады екен. Мамандардың айтуынша, құм терапиясы баланың  өзіне деген сенімділігін арттыруға, мінезінің ашылуы­на, бойындағы  қиындықпен күре­суге де көмектеседі және ойлау қабілетін дамытып, зейінін арттырады.

·         Саусақпен сурет салу әдісі. Саусақпен сызу баланың қызығушылығын арттырады. Саусақпен сурет салуда арнайы құрал сатып алмай да, денсаулыққа зиян келмейтін жолдармен ұйымдастыруға болады. Ол үшін кез-келген тамақ бояуына арналған, қауіпсіз немесе тіпті жеуге жарамды кремді дәйектілікке қосылады. Негізі белгілі бір пропорцияда су мен өсімдік майымен араласқан йогурт, жарма, ұн немесе крахмал болуы мүмкін. Мұндай қарапайым ингредиенттер әрбір иесінің ас үйінде. Сонымен қатар, саусақ сызуды жарқын шырыны бар, мысалы, қызылша немесе шырыны бар тағамдарды қолдану арқылы жасауға болады.

·         Нүктелер арқылы сурет салу әдісі. Нүктелерді қосу арқылы шыққан сурет балалар үшін үлкен жетістік болып табылады. Нүктелердіқосуда баланың бойына талпыныс, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, нәтижеге жету сияқты қасиеттер дарытады. Шығармашылыққа деген ұмтылысқа қажетті тәсіл деп білемін.

·         Алақан арқылы сурет салу әдісі. Алақанды баса отырып, алақан суреттерін жануарлар бейнесіне айналдырады. Бұл жерде бала өз алақанының ерекшелігіне мақтана отырып, аса қызығушылықпен туындыны ерекшелейді. Өзініңойлаужүйесінарттырып, өзгеше болуға талпынады.

·         Сан арқылы сурет салу әдісі. Балалар сан арқылы сурет салуда сандарды есте сақтайды. Бейнелеумен қатар санасын дамытады. Тәрбиешілер сандардан аң-құстардың суретін ойлап тапқан баланың суретін көрсетіп, балалардан қандай сандар көріп тұрғанын сұруына да болады. Топтық жұмыс жасауға да мүмкіндік береді. Эстетикалық тәрбие алған балалар ашық-жарқын, әсем атаулының бәріне жай ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан-дүниесімен қабылдайтын болады. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Дәстүрден тыс әдістермен сурет салу балалардың шығармашылық қабілеттерін жақсы дамытады, көңілдерін көтереді, шығармашылыққа талпындырады. Ол қиял деңгейлерін дамытуға, ой…ұшқырлығына, танымдық белсенділігі мен ізденгіштік қабілеттерін жетілдіруге көп әсерін тигізеді.

Мен өз тобымның балаларымен ортаңғы топтан бастап жұмыс істеп келе жатырмын, сондықтан осы жастан бастап балаларға дәстүрден тыс әдістері үйрете бастадым. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты әр топта белгілі бір әдістерді үйрету керек. Мысалы:  сәбилер тобында балалар алақанмен, бастырмамен, саусақпен сурет салуды үйренсе, ересек топтарда қағазды екіге бүктеу арқылы, түтікшемен үрлеу, шашырату әдісімен, далаппен салуды және жіпті, жапырақтарды пайдалану арқылы, балауызды қолданып сурет салуды үйретеміз. Осы әдістердің бірнеше түріне тоқтала кетейік.

Монотопия әдісі бойынша салынған сурет

 

 «Бастыру әдісі» әр түрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балаларда жағымды эмоция, қызығушылық тудырады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы:Жапырақ, алақан, поролон, өсімдіктер.

Осындай сабақтар арқылы балалардың іскерлік қабілеті дамып, эстетикалық талғамы артады, шығармашылығы дамиды. Балалардың қоршаған ортаға, табиғатқа зер сала қарап, түрлі құбылыстар мен бейнелерді қиялда елестету арқылы ойлау және сөйлеу әрекетін белсенділендіреді. Ал қызығушылық пен танымдық белсенділік білім меңгеруге, еңбектенуге бейімдеп, қабілеттерді дамытуға ықпал жасайды. Сондықтан әр педагог өз әрекетін саралай отырып, шығармашылықпен және шеберлікпен ұйымдастыруға, балаларды оқуға ынталандыратын жұмыс түрлерін, ойындар мен тапсырмаларды жоспарлап өткізуі өте маңызды. Мұны жүзеге асыру үшін тәрбиеші үнемі іздену арқылы, инновациялық технологияларды меңгеру арқылы өзінің кәсіби құзыреттілігін шыңдап отыруы қажет, жаңалықтардан хабардар болып, озық тәжірибелерден үйренуден жалықпағаны дұрыс.

Педагогикалық әрекетінің үздіксіз жетілуі мен өсуіне ерекше көңіл бөліп, шығармашылық әлеуметін дамытуға, білімі мен білігін тереңдетуге тырысқаны абзал. Сабақты бір сарынды әдістермен өткізу балаларды жалықтырып, қызығушылықтарын сөндіреді, аз күшіне сенімсіздік тудырып, білім меңгеру қабілеттерін әлсіретеді, тәрбие мен оқытудың сапасы мен нәтижесін төмендетеді. Сондықтан баланың жас ерекшелігін ескере отырып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданудың  маңызы зор.

Қорыта айтсамқазіргі таңда дәстүрден тыс сурет салу бала тәрбиесінде маңызды орын алып отыр. Дәстүрден тыс сурет салу баланың шығармашылығын дамытумен қатар бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттырып, психологиялық тұрғыда өскелең ұрпаққа септігін тигізеді. Бұл балаларға өздерін еркін сезінуге, тың идеялар ашу, қиялды дамытады, өзін-өзі көрсету үшін толық еркіндік беретінін айқындадым.

 

  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Курс профессиональной переподготовки
Воспитатель детей дошкольного возраста
Курс профессиональной переподготовки
Учитель-наставник
Курс повышения квалификации
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Скачать материал
Похожие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Воспитание детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Теория и методика развития дошкольника для организации образовательной деятельности в дошкольных образовательных организациях с учетом ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация работы в ДОО по подготовке детей к школе»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов»
Курс повышения квалификации «Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Эмоциональные нарушения у детей дошкольного возраста. Технологии индивидуальной коррекционно-развивающей работы»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс повышения квалификации «Педагогическая деятельность мини-музея как культурно-просветительского центра дошкольной организации»
Курс повышения квалификации «Художественно-эстетическое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация развивающей образовательной среды в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Пальчиковая гимнастика как средство развития речи детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Система сопровождения ребенка с ОВЗ в общеразвивающем детском саду»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.