Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Социальному педагогу / Другие методич. материалы / "Балалықтың бал бақытын - татып өссін балалар" Өзін -өзі тану пәні
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Социальному педагогу

"Балалықтың бал бақытын - татып өссін балалар" Өзін -өзі тану пәні

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Балалықтың бал бақытын татып өссін балалар.

Сабақтың мақсаты: Балалар өз құқықтарын біліп, Отанын, елін ата-

анасын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты

Сабақтың көрнекілігі: Безендірілген сахна, ҚР Конституциясы

кітапшасы,Бала құқықтары туралы

Конвенция,Бала құқығын қорғау туралы

тұжырымдама,халыққа құқықтық көмек. «Бала

құқығы жаднамасы».

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,суреттеу,салыстыру,сұрақ-жауап,қорытындылау.

Өту барысы:

Кіріспе.

Мұғалім: Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассаң «Адамның бақыты балада»деген екен.Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегіне айтылмаса керек.Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын үлкен қоғамдық міндет тұрады.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі «Балалық шақтың бал бақытын-татып өссін балалар» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Баршаңызды бал тілімен баурайтын,

Бала деген бір бақыт ғой самғайтын.

Ата-ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал бұлақтай жалғайтын.

Бала еңбегін пайдалану атам заманнан көк жиегі кең проблема болып келеді.Қазіргі заманда да дүниежүзілік қоғамда білікті маман қажет етпейтін жұмыстарға еңбек ақысын аз төлеу мақсатында,жас балаларды жұмысқа тарту тоқтатылмай тұр.Әсіресе 7-14 жас аралығындағы жасөспірімдер денсаулығына зиянды еңбектерді атқаруда кезекті оқушыларға береміз.

1-оқушы:

Жас өмір жайқалтады жапырағын,

Жас өмір жардай ыстық жақсы әнің.

Жас өмір толған мақсат шексіз арман,

Батыл ой,ұшқыр қиял,батыл адым.

Жас өмір жалынды өмір,думанды өмір,

Жазира дарқанды өмір,дарынды өмір,

Көтеріп-ақ тілегін таудай көкке.

Алдыңа жайып салар барын өмір.

2-оқушы.

Баларды қорғаңыздар сұмдықтан,

Қол үзбесін жақсылықтан,шындықтан.

Сақтау керек келешегін Адамның,

Қорлықтардан,зорлықтардан,құлдықтан.

Сақтау керек балаларды соғыстан,

Оттан судан,мылтықтардан оқ ұшқан.

Ата,Бала,Немере деп аталған

Асыл тізбек ұрпақтармен тоғысқан.

Балаларды қорғау керек кеселден.

Қандай жақсы саламат болып есейген,

Данышпандар,Азаматтар көп шығар.

Денсаулығы мықты,көңлі қош елден.

3-оқушы.

Надандықтан қорғаңыздар баланы

Наша,арақ жауламасын сананы

Тереңдетіп білім алсын ұл-қызың,

Білімділер биіктерді алады.

Ана тілін жақсы біліп өссін де.

Жалтақтаумен қол жаймасын ешкімге

Бәйтеректе өсері ғой шыбықтан,

Гүл боп өсер кіп-кішкентай өскін де.

Балаларды қорғаңыздар,қорғайық

Жалғасайық өмірлерді қолдайық,

Егеменді Қазақстан-жас бала.

Баба болып бәйтеректей орнайық!

4-оқушы

Кім келеді?-арба итеріп қарақсыз

Арлы-берлі сүйретіліп балаңыз

Күндіз күлкіден түнде ұйқыдан қалып

Жұмыс күнде өршіп барады,қарақсыз.

5-оқушы.

Өркениет орнасада әлемде,

Құқық деген әртүрлі ғой әр елде.

Кейбір елде жастар құқығы тапталып,

Армандарын тартып жатыр,тереңге.

Ал бір жерде өмір сүру азап-ақ,

Жастарының жанын жүрер мазалап.

Тоғыз жасар бала отыр щеткамен,

Мырзалардың туфлиін тазалап.

6-оқушы

Байлығымыз бастан асып жатса да,

Мақта теріп ақша табар жас бала.

Басы айналып ми қайнаған ыстықта,

Базарда арба айдап,жүр масқара.

Көбейгенде тойхана мен асхана,

Даяшы боп мұнда да жүр жас бала.

Жұмысында уақыт пен мезгіл жоқ,

Құл секілді,мейлі қоспа қостама.

Қожайындар сөздері де тұрақсыз,

Қол күші деп,іздеусізде,тұрақсыз.

Кәмелетке толмағанын білсе де,

Жұмыс берер балаларға аяусыз.

Жүргізуші:

Қазіргі таңда дүниежүзінде 215 млн бала жан бағу үшін жұмыс істеуге мәжбүр.Олар үшін оқу мен ойын қол жетпейтін құндылықтар.Әлемде бала еңбегін жою қарқыны баяулап қалды және саған сәйкес 2016 жылға дейін оның ең сорақы түрлерін мүлдем жайып жіберу мүмкін болмай қалады да ғажап емес.Біз бұрынғы қарқынды жандандыруымыз қажет.Олай болса сол үшін дұрыс стратегияны таңдап,өзіміздің осы мақсатқа қол жеткізуді көздейтінімізді көрсете отырып,бала еңбегін жоюға ат салысайық.

Көрініс тамашалаңыздар.

Анасы,әкесі,баласы,автор.

Көп балалы жанұя қолдарында дипломы болсада жұмыссыз қалған ата-ана амалсыздан бір күндік жұмысқа шығуға мәжбүр,ұлына қарап қалған әкесі сол күні баласына

Әкесі:-Сен меніңорныма бүгін жұмысқа бар-дейді.Ауырып жатқан ұлы анасына

Ұлы:-Анашым бүгін мен жұмысқа шықпайыншы мазам болмай тұр-дейді.

Оны естіген әкесі

-Қыңыр бала күнде бір сылтау айтасың бүгін менің шаруам бар,тұр орныңнан,жұмысқа бар,-деп кетіп қалады.

Денсаулығы нашар болып тұрса да ештеңе деместен анасына қайта-қайта қарап үнсіз шығып кетеді.Кеш қарайта жүре алмай келген ұлы басын көтерместен жатып қалады.

Денсаулығына қарай алмай,дәрі-дәрмекке ақша жеткізе алмай жүрген ата-анасын аяп,ұлы өзінің ауруын жасырып өмірден сол мезетте көз жұмады.

-Сондағы ұлының жұмысы,арба итеру,егіс егу,машина жуу,суық күнде темір жинау,саудаға шығу деген сияқты жұмыс,ол жұмыстар ауыр болсада қожайындар сен кәмелетке толмағансын жалақыны жартылай аласын,деп жарты ақшасын төлеп жүрген.Сол ақшаны отбасы үшін қанағат еткен бала келмеске кетеді...

Анасы:

Неге,неге әкелдім дүниеге бұл баланы,

Ойласам мен өзегімді жалын өртеп барады,

Қу дүниенің жетер жетпес жолынан

Ұлым менің о дүниелік болып барады.

Жо-жоқ!аллам перзентімді алып қал,

Кінәлі емес тағдырына зарыққан.

Мен дайынмын,керек емес жанымды ал!

Қайта келем,аруақ болып перзентімді алып қал.

Кешір мені,кешіре гөр-Ботақаным.

Сақтамадым,қорғамадым,қошақаным қарағым!

Әкең сенің жақсы адам налымағын.

Тағдырың сол тар екен өмірде қала алмадың

Енді міне,ұлым маған қарайды

Көп қателік,жіберіппін амал не,

Кешір ұлым,кешір мені,кешір жаным!

Ұлым кетті!

Мәңгілік кетті,қасымнан

Көрмейміз енді,періштемдіжасынан,

Көңіліңе сенің бас ұрған

Айырылып қалдық,

Айырылып қалдық асылдан,

Жас болып күліп жадырап тұрған шуақтан.

Ол кетті енді,ол кетті енді мәңгілікке қасымнан.

Ән:«Ана»орындайтын дуэт

Жүргізуші: Халықаралық еңбек ұйымының 1999 жылғы №182 конвенцияның «Бала еңбегінің ең сорақы түрлері»туралы 2-ші бабында 18 жасқа дейінгі кез-келген тұлға бала деп танылады.Бала еңбегі деп-балалардың жағдайына зиян келтіретін,оның білімі,дамуы мен келешек өміріне кедергі келтіретін жұмыс аталады.Бала еңбегі-бұл өзінің табиғатына және атқарылу тәсіліне қарай балаға зиян келтіретін,оған зорлық-зомбылық көрсететін және қанайтын,оның мүмкіндігінен айыратын жұмыс.Осындай қорлық көрген балалар әлемге хат жазу мүмкіндігін немесе,не жазар еді?Бір сәт құлақ түріп көрелік. Балалардың хатынан.

1-хат

«Лаңкестік жасамаңыздаршы!...

Осыдан бір жыл бұрын Норвегияның Утайя арасында жазғы лагерьде демалып жатқан замандастарымызды бір түнде қырып салды 77 адам ғана қаныпезердің қолынан қаза табады деп кім ойлаған? Осло қаласының 33 жастағы тұрғыны Андерс Беринг Брейвик елдгі жастарды мустеман дініне бет бұрып,христандықтан,дәстүрліктен алыстап бара жатқанына наразылығын қолына қару алып білдірген.Брейвиктің лаңкестік әрекеті ешқандай ақтауға келмейді.

Ғаламторда балаларды қалай қырып салғанын мақтана жеткізгенін көре тұра,кейбір еуропалықтар оны «Ұлттық батыр» санайды.Мұны қалай түсінуге болады?Брейвиктің кесірінен қаншама ана баласын жоқтап қалған жоқ па?Брейвик ойлағандай,елдегі тұрғындардың бәрі християн болуы шарт емес қой.Қай дінде болса да, адамзаттың жүрегі ізгілікке толы болуы керек.Норвег соты Брейвикті психологиялық ауытқуы бар деген диагнозбен 21 жылға соттауға үкім шығарыпты...

Норвегиядағы жағдайдан соң біздің Тарауда да қарашада қайғылы жағдай болды.Мақсат Қариев есімді азамат жаудырған оқтан 8 адам қаза тапты.Тағы да аңырап ана,көз жасын сүрте-сүрте қатайған жетім бала қалды.Мұндай сұмдықтың соңы осы болсыншы.Енді данасын дала болмасын ана жоқтамасыншы.

2-хат

«Жұмысқа жегіп,қоймаңыздаршы!...»

Қамқорлық еңбек ұйымының дерегі бойынша бүгінде жер шарында 5-14 жас аралығында 250 миллион жеткіншек түрлі ауыр жұмыстарға жегілуде.Олардың 153 миллионы-Азияда,80 миллионы-Африкада,17 миллионы латын Америкасында тұрады.Балалар егіс алқаптарында,көмір шахталарында кеніштерде,өндіріс орындарында тер төгуде.

Ең өкініштісі-жұмыс берушілер бала еңбегін таза қанауды әдетке айналдарған.Көп жағдайда кішкетай жұмысшыларға төленетін еңбекақы мардымсыз.Жеткіншіктер бір тілім нан бір шынаяқ сорпаға бола қожайынға жалданып,аптап ыстықта алқаптарда еңбек етеді.Қолдарына қалам орнына-күрес ұстаған бұл өскіндердің балалығы-ұрланған балалық.Әрине,бала еңбегін заңсыз пайдалану-күллі адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселе.Бірақ оның бүгін-ертең түпкілікті шешіле қоюы неғайбыл.Себебі,мәселенің өзегі кедейшілікте жатыр.Сондықтан мен дамушы елдердің тезірек қатарға қосылуын, кедейшіліктен арылуын тілеймін.Сонда ғана бала еңбегін қанау деген мәселенің түп-тамырына бір жола балта шабылар еді.



Жүргізуші:

Ата заңымыз Конститутцияда баланың құқықтарын қорғаудың ауқымды көлемі қарастырылған.Ендеше,Ата заңымызда не айтылған екен соны тыңдайқ.

7-оқушы

Халықтың ақ тілегі,

Ізгіліктің бастауы,

Ата заң бұл киелі.

Еліміздің бас заңы.

Түзілген өн бойында

Әділдіктің ақ жолы!

Нұр болып жансын жолында,

Самға,біліп ал Ата заңды.

8-оқушы

Бақыт-деген құдай берген балаңыз

Бақыт-деген баға жетпес із қалдырар ұлыңыз.

Бақыт деген ақша да емес, үйде емес

Бақыт-деген балаңыздың күлкісі.

Бақыт-деген балаңыздың еркелеген тұрысы

Бақыт-деген балаңыздың саулығы,

Бақыт-деген отбасының бірлігі.

Ән : Бір бала

Жүргізуші: Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардан кейін балалардың құқықтары аяққа тапталды.1989 жылы 20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы толығымен баланың құқығын қорғайтын құжат-Баланың құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады.

Ән: Туған жер орындайтын:дуэт

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар,ата-аналар,ұстаздар!Бүгінгі сабағымыздың мәні мен мағынасы сіздерге де зер ой салады деп сенеміз.Яғни,балаларды бақытты бал шақтарынан мақрұм қылмайық.

Ендеше аялайық, балалардың сіздерге қамқорлық жасауын мақтан тұтайық!





















Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы

18 Б.Майлин жом кмм

Әлеуметтік педагог:

Мұсаева Мейрамкүл Әбдірашқызы









Ашық тәрбие сағаты:



«Балалықтың бал бақытын-татып өссін балалар».



Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров133
Номер материала ДВ-441335
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх