БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ ДАМУ
БОЛАШАҒЫ
БҚИК,
Орал қаласы
Өндірістік оқыту шебері Кабиева Асылзада Ерболатовна
Қазақстанның
экологиялық мәселелерін шешудің және электроэнергетиканы дамытудың басым
бағытының бірі ретінде өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстарды
кеңінен пайдалану үдерісі қарастырылып келеді. Қазақстанда өздігінен жаңарып
отыратын энергетикалық ресурстардың әлеуеті өте зор болып табылады. Жаңартпалы
энергетикалық ресурстарға гидроэнергия, жел энергиясы мен күн энергиясы жатады.
Гидроэнергия. Кейбір
деректерге сүйенсек, Қазақстан территориясы бойынша гидроэнергетикалық
ресурстар тең бөлінбеген, олардың үлкен бөлігі Қазақстанның негізгі үш
аймағында шоғырландырылған . Олар:
1) Оңтүстік-Шығыс аймағы, Іле
өзені бассейні, Шығыс Балқаш көлі бассейні және Алакөл көлдерінің топтамасы
бассейні;
2) Шығыс аймағы, Ертіс өзені
бассейні;
3) Оңтүстік аймағы, Сырдария,
Талас, Шу өзендерінің бассейні.
Жел энергиясы. Қазақстанда
жел энергетикасын пайдаланудың басымдықтары жел энергиясы ресурстарының бар
болуымен анықталады. Қазақстан территориясының жартысында желдің орташа жылдық
жылдамдығы 5-6 м/с., ал кейбір аудандарда желдің жылдамдығы 7-8 м/с. құрайды.
Жел электростанцияларын салу ең алдымен, желіге қосылмаған шалғайдағы
аудандарды энергиямен қамтамасыз етумен шартталады.
Қазақстан үшін энергияның
жаңартпалы басым көздерінің бірі ретінде жел энергетикасы саласы саналады.
Осыны ескере отырып, Қазақстанның жел атласы жасалды. Қазіргі уақытта,
Қазақстанда жел электростанцияларын салудың 10 алаңы зерттелген.
Мұндай алаңдар электроэнергияның коммерциялық өндірісі үшін жалпы қуаттылығы
1000 МВт-ға дейін жететін аса ірі жел электростанцияларын салу үшін толығымен
пайдаланыла алады. Бұл жоспарда Жоңғар қақпасының әлеуеттік мүмкіндіктері аса
танымал екені белгілі. Қазақстандық танымал энергетик Александр Трофимовтың
мәліметтері бойынша, республикамыз жан басына шаққандағы жел энергиясы
ресурстарының көлемі бойынша әлемде бірінші орынды иеленеді.
Елімізде жел энергетикасын
дамытуға деген қызығушылық келесі артықшылықты факторлармен түсіндіріледі: жел
– бұл отынның бағаларына тәуелді болып табылмайтын энергияның жаңартылып
отыратын ресурсы; жел ресурсы елдің барлық территориясында қол жетімді болып
табылады; орнатылатын жел энергетикасы құрылғысының қуаттылығына бәсекенің
болуы; атмосфераға зиянды қалдықтарды тастаудың және парниктік газдарды
жіберудің болмауы; шалғай аудандарды электроэнергиямен жабдықтауды
орталықсыздандырудың мүмкіндігі.
Алматы облысы Еңбекші Қазақ
ауданы Шелекті дәлізінде қуаты 60 МВт тан 300 МВт-қа жететін ЖШС «Энергия
Семирачь» Жел Электрстанциясы жобасы қолға алынбақ және капиталының 51%-ын АҚ
«СПК Жетісу» арқылы Samruk-Green-Energy” ЖШС үлесінде. Орташа желдің жылдамдығы
50 метр биіктікте 7,8 м/c, қуат күші 310Вт/м2 тең болатын
таңдалған георафиялық орынның қолайлығы жоғары.
Күн энергиясы. Күн
энергиясын қалыптастырудың және пайдаланудың бірнеше бағыттары бар: күн сәулесі
электр энергиясын және жылуды қалыптастырады; ғимараттарды жылыту үшін
қолданылады; ауаны баптайды; ыстық сумен қамтамасыз етеді; әртүрлі
материалдарды кептіру үшін қолданылады.
Қазақстанның географиялық
орналасуының солтүстіктік кеңдігіне қарамастан, еліміздегі күн энергиясының
ресурстары тұрақты және климаттық жағдайлардың қолайлылығына байланысты қол
жетімді болып табылады. Кейбір зерттеу қорытындылары бойынша, елдің оңтүстік
аймақтарында күн энергиясының әлеуеті жылына 2500-3000 күн сағатына жетіп
жығылады, ал күн сәулесі энергиясы жылына 1300-1800 кВт/м. құрайды. Қызылорда,
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы және Арал теңізі сияқты энергия тапшы
аймақтар күн электростанцияларын салу үшін аса қолайлы аудандар болып табылады.
Жамбыл облысы өз
территориясын күн энергетикасының даму орталығына айналдырмақ. 2013 жылы облыс
аймағында қуаттылығы 24МВт тан басталатын, болашақта 2000 Мвт жеткізу
перспективасын алға қоятын Күн Энергия Станциясын салуды жоспарлап отыр, Жобаны
іске асырушы француздық компания “Fonrocheenergie” және оның жалпы құны 80 млн.
долл. 15 жыл мерзім ішінде өтелуін көздеп отыр. Аймақ әкімшілігі АҚ
«Казатомпром» және АҚ «KEGOG» серіктестікті қолға алуда .
Қапшағай қаласында
қуаты 2МВт Гелиостнация салыну жоспарлануда. Болшақ оператор ретінде ЖШС
“Samruk-Green-Energy” күн энергетикасын монокристалдық панель арқылы алу
технологиясын меңгерген BISOL Group компаниясымен станция салу құрылысы және
оны орнату жөнінде шартқа отырды.
Елде балама
энергетикадан алынатын қуат 1 трлн КВт/сағ. оның ішінде жел энергиясы 920
млрд.КВт/сағ. құрап отыр. Ал, ол жалпы энергия ресурсының 0,5%-ын ғана алады.
Үкімет 2020 жылы болашақ энергиясын пайдалануды 3%-ға жеткізуді алға қойып
отыр. Германия мемлекеті үшін бұл көрсеткіш бүгінде 25% құрап, 2030 жылы балама
энергетикаға 100% көшуді жоспарлап қойған.
Электроэнергияның
балама көздерін өндіруден Еуропалық Одақ, АҚШ, Қытай және Үндістан сияқты елдер
әлемде көшбасшылар ретінде саналады. Энергияның жаңартпалы көздеріне деген
әлемдік сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді. ХХІ-ғасырдың ортасына қарай олардың
үлесі 35%-ға жетеді деп болжануда. Энергияның осындай көздерінің тартымдылығы
және оларға қызығушылықтың артуы осы ресурстардың сарқылмайтындығымен, энергия
тасымалдағыштардың әлемдік бағаларының өзгеруіне деген тәуелсіздігінен және
экологиялық тазалығымен байланысты. Соңғы аргументі ерекше өзекті болып
табылады, өйткені, дәстүрлі энергетика жергілікті деңгейде де, жаһандық масштабта
да қоршаған ортаға жағымсыз әсерін үнемі тигізіп отырады.
Қазақстанның
энергетикалық секторындағы қазіргі кәсіпорындар атмосфераны ең ірі ластаушылар
болып табылады. Жыл сайын олар атмосфераға миллион тоннадан артық зиянды
қалдықтар тастайды. Халықаралық энергетикалық агенттіктің деректері бойынша,
Қазақстан парниктік газдардың ЖІӨ-ге шаққанда қалдықтарын тастаудың үлесі
бойынша әлемде үшінші орынға ие болған. Қазақстанда тек көмір энергетикасынан
ғана келетін қоршаған ортаны ластаудың экономикалық шығыны болжам бойынша,
жылына 3,4 млрд. долларға бағаланады екен. Сондықтанда, балама энергетиканы
елемеу сол энергетикалық ресурстарды ұтымсыз пайдалануға, олардың үнемділігін
төмендетуге және энергиямен жабдықтаудың сенімсіздігіне алып келеді, сонымен
қоса, адамдардың денсаулығына және экологияға өте көп зиян тигізеді.
Енді экономиканы
дамытуда балама жолдарды таңдау «Қаржы секторына, мемлекеттік бюджет
құрылымына, Ұлттық банкке, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қалай
әсер етеді, қанша көлемде қаржы керек, нивестиция есебі қалай жүргізілуі керек,
мемлекет қандай саясат ұстануы керек, дағдарысқа қарсы тиімді бағыт па?» деген
сұрақтар туындайды. Бұл мәселелердің оңтайлы шешімін табу үшін әлемде энергияға
деген сұранысты бақылап, талдап, бағалау қажет. Демек энергияға деген
тәуелділіктің ертеңін жоспарлау үшін оның кешегісімен бүгінгі жағдайын дұрыс,
айқын бағалай білу қажет
Түйіндей айтсақ, баламалы энергетикаға толығымен
көшу –
бұл қол жетпейтін
дүние
емес. Тек бұған
тың
технологиялар мен инвестициялар қажет. Ал ондай технологиялар мен инвестицияларға Астананың әлемге айқара ашылатын
ЭКСПО-2017 халық-аралық көрмесі үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Түйіндей айтқанда, ЭКСПО
арқасында
Қазақстан әлемдік қауымдастықтың баламалы
энергетикаға көшуіне қатысты
проблемаларға
инновациялық қадам
жасайтын хабқа
айналуы шарт. Сондықтан
да, Қазақстан «жасыл»
дамуды стратегиялық мақсат еткен ел
ретінде осы тарихи оқиғаға айрықша мән береді.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.