ü
Амандасу.
ü
Студенттерді
түгендеу
ü
Сабаққа
деген зейінін аудару
«Біз
білікті білімгер» тренингі
Мақсаты: топта жағымды атмосфералық
ахуал орнату, топқа бөлу.
Барлық
білімгерлер постерден өздеріне ұнаған түстеріне бойынша бір стикер алып,
шеңбер бойына келіп, сағат тілінің бағытымен стикерде жазылған сөйлемдерді
дауыстап айтады: «Мен білімді білімгермін», «Мен жаңашыл білімгермін», «Мен үлгілі білімгермін»
Стикерлердің
түсіне қарай топтасып отырады.
Бастапқы
білімдерін анықтау
«Шатастырылған логикалық баулар» әдісі арқылы өткенді қайталау
1.Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы
да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде,
әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП
ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни
білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан
белгілі.
2.Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие
беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени
дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге
бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
3.Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік
оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу
міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға
дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5
сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта
білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
Мағынаны
тану.
Бүгінгі біздің сабақтағы басты мақсатымыз жеке адамның дамуы, оның рухани
өсуі және тәрбие, орта, тұқым қуалаушылық сияқты әсер ететін факторлармен
және жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология,
педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті
мәселелерінің бірі екендігімен таныстыру болып табылады.
Миға шабуыл әдістемелік тәсіл ретінде сыни тұрғыдан ойлау
Студенттерге жеке тұлғаның қалыптасуындағы тұқымқуалаушылық,
орта, тәрбие негізгі ұғымдар мен ой-пікірлерді өздерінің қалауы бойынша сурет
немесе сызба арқылы жоба дайындап, өзге топқа түсіндіруге дайындау
тапсырылады.
1-топ:
1.Бала дамуына тұқым қуалаушылықтың ықпалы.
2. Преформизм тұқым қуалаушылық туралы.
3. Мінездің тұқымға тартуы туралы түрлі көзқарастар.
2-топ
1. Жеке тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның ықпалы.
2-топ
1.Тәрбиенің бала дамуына ықпалы.
2.Тәрбиені қай уақытта бастау керек?
3.Тәрбие - жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі.
«Екі
жұлдыз, бір ұсыныс» топтардың жауптарын бағалау.
Даму
— жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада
анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе
байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және
батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп
жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және
оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның
мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына
ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б.
жатады.Тұқым қуалаушылық — ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын
елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне
не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес.
Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен
басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы
берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв
жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге,
математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау
арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі
өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн Себастьян
Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған.
Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның)
болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге
байланысты деп қарастырған жөн.
Орта
— адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Табиғи
орта — бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы.
Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал
етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал
солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына
байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік
орта — жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас,
олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы
нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты
болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның
қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан
жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі
жануарлардан жоғары болмайды.
Африкада,
Үндістанда, Инденезия елдерінің ормандарында Түрлі себептерімен аңдардық
үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас баланың санасын ояту,
қабілетін дамытудың мүмкін емес екендігіне ғылыми мәліметтер дәлел бола
алады. 1920 жылы Үндістанның Гадамури деревнясында тұрғындардық хабарлауымен
аңшылар қасқырдық інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап
жүретін екі қыз баланы табады. Оларға Камала және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал
Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан
қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе
күндіз ұйықтап түнде бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда,
түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлитын уақыты болған. Камаланы
адамға айналдыру өте қиын болған.
Адам
арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және екі аяғымен
жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді үйренеді. Адам тілін
үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана түсіне білді.
15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде ой-өрісінің
дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір
сүрген.
Адам
жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір
сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің Менданао аралы
ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте төменгі сатыда
екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы қауымдағы жабайы
адамдардық өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы анықталады.
Педагогика
адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді.
Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.
Видеожазба
көрсету.
Бекіту сұрақтары мен тапсырмалары
1.Өмір бойы даму мен тәрбиесінің нетежесінде жеке адамның
орнығып жетілуі қалай аталады?
2.Жеке адамды дамытудың ең басты факторларының бірі-
3. Мектепке дейінгі баланың іс-әрекеті
4.Баланың даму барысында қандай белсенділік артады.
5. 12 жастан1 5 жасқа дейінгі кезең қалай аталады?
6.Әлеуметтік факторларға жататындар:
7. Адамның жеке басының дамуы мен тәжірбиесінің нәтежесіне жетуі
саналы өмір сүруге дайын болу қалай аталады?
Тест тапсырмаларын орындау
Барлық топтар түртіп алу стратегиясының тәсілдерін қолданады.
«V» білемін;
«+» мен үшін жаңалық;
«-» келіспеймін;
«?» түсінбедім.
Бекіту барысында
студенттердің түсінігінің қалыптасу деңгейіне орай толықтырып, түйін шығару
А-Шығармашылық жоба тақырыбы: “Р. Киплингтің “Маугли”
повесіндегі Мауглидің қоғамдағы тағдыры”. Ол адамдармен бірге өмір сүруге аттанады.
Оны адамдар жеке тұлға деп біле ме? Маугли адамдардың арасында еркін дами ала
ма? Ертегіні әр түрлі философиялық – педагогикалық тұжырымдамаларға сүйеніп
(идеалистік, биологиялық, материалистік) жалғастырыңыз.
В-Венн диаграммасы. Студенттер жеке тұлғаның дамуындағы
негізгі әсер ететін факторлардың ерекшеліктерін салыстырып, олардың
арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды табуға дағдыланады. Өз ойларын
дәлелдеуге үйренеді.
С-Ақпараттық жоба тақырыбы: “Менің шыққан тегімнің жеке
тұғалық сапаларымның қалыптасуына ықпалы”Сізге ата – анаңыздан, ата –
бабаларыңыздан берілген қасиеттерді талдау үшін өз отбасыңыздың генеологиялық
сызбасын жасап, белгілі бір іс - әрекетке икемділігін анықтаңыз.
Білімдерін бағалау
Смс жаттығуы
арқылы сабақты қорытындылау және бағалау
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.