Баланы еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу

Предпросмотр материала:

        

 

 

Баланы еңбексүйгіштікке, адамгершілікке

тәрбиелеу

 

Бала өмірге келіп, бейбіт өмір есігін ашқаннан соң еркін өсіп, ер жетері сөзсіз.Бұл кездегі сәби бойында болған кіршіксіз пәк,мөлдір ,адал қасиеттер олардың күнделікті алған тәрбиесіне қарай өрбіп,қалыптасып отырады.

     Қазіргі таңда, біздің өркен жайған бақытты заманымызда өмір есігін тұңғыш  ашқан жас-сәби, нәрестелерді тәрбиелеп, жақсы әдет-адамгершілік парасаттылыққа тән еңбекке баулып, абзал азамат етіп жетілдіру-әрбір ата-ананың борышы.Ата-ана балаға өмір сыйлаумен бірге жан-жақты тәлім тәрбие береді.Әрбір ата-ана баласының немен шұғылданатындығын, қайда барып, қайдан келе жатқандығын,кімдермен дос болып бірге жүретінін назардан тыс қалдырмауы тиіс.Әрбір бала өзінің көрген –білгенін сабақта неше алғандығын, қандай қызықтар болғандығын ата-анасына асығып жеткізеді.Олар күнделікті алған бағаларын көрсетіп мақтанады.Сондай жағдайда балаңызбен бірге қуанып, ақыл-кеңесіңізді беріп отырсаңыз баланың өзіне деген сенімі артады. Ата-ана бала тәрбиесіндегі негізгі тұлғалардың бірі.Сондықтан баланың жан-дүниесіне үңіліп, мінез құлқын жете білгені абзал.

  Ол үшін баланың іс әрекетіне тереңірек үңіліп,онымен әңгімелескенде баланың пікірімен үлкен адамдай санасқан пайдалы.

   Баланы тәрбиелеуде үйдегі еңбек тәрбиесі –барлық тәрбиенің негізі болып табылады.Еңбек мақсатқа, қуанышқа жеткізеді, бақытты өмір сүруіне себепші болады.

 Ұлы пелогогтар айтқандай «Адамның болашақ мамандығы үшін ең маңызды нәрсе- үйдегі еңбек тәрбиесі». «Баланың еңбекке араласуы мүмкіндігінше ертерек басталуы тиіс, өйткені бала еңбегі оның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын ең қуатты негіз болып табылады»-деген.

 Еңбек баланың ата-анаға, ата-ананың балаға сүйіспеншілігін нығайта түседі.

  Егер ата-ана баланы еңбекке жұмсауда педогогикалық және психологиялық тәсілдерді қолдана білмесе,оның еңбекке ықыласын кемітіп «тілазар» атандырып, мінезін бұзады. Мысалы: әрбір іске баланы жұмсағанда жұмсақ дауыспен кішіпейілділікпен айтқан тапсырма, билік көрсетіп, бұйырып іс тапсырғаннан анағұрлым тиімді. Балаға көп ұрсу- жазалаудың жоғарғы шегі. Ал жазалау орынды болмаса ата-ана беделін жойып алады.

   Көбірек ақыл үйретем деп баланы мезі қылып алуға болмайды. Ондай жағдайда баланың мінез- құлқына әсер етіп, іске ықыласы кемиді. Өзіне-өзі сенімсіз болады.Отандық борыш, адамгершілік парыз өзін-өзі тәрбиелеу,отбасының, елдің, Отанның намысын қорғау, ана тілін ардақтау, басқа тілді үйрену, тағы басқа толып жатқан міндеттердің бәрін бала жастайынан  сезініп өсу үшін ата-ананың тәрбиелік басшылығы үзілмеу керек. Мұндай басшылық баланың жеке басын қадірлеу, оның жақсы қасиеттеріне сүйену, әдепті әрекетін дамыту,мінезін жақсылыққа қарай бейімдеу арқылы іске асырылады. Халықтың «Жақсы өскен бала ата-анасының есіктегі басын төрге шығарар, жаман бала төрдегі басын есікке сүйрер»,- деген мақалында қаншалықты тәрбиелік мән жатыр. Отбасы-мемлекеттің кішкентай ұясы болса, мектеп білім кемесі.Міне, осы екеуі тығыз байланыста болып,балаға бірыңғай талап қойылса, тәрбиенің ең нағыз ықпалды түрі болып табылады.Біздің балаларымыз-ертең бұдан да қызықты өмірді өз қолдарымен жасаушылар. Біздің қоғамда бүгін мен ертеңнің арасында ешқандай үзіліс жоқ.. Ертеңнің шынайы адамдары арамызда өсіп келеді.

   Сондықтанда бала тәрбиесі бүкілхалықтық іс.

   Өміріміздің жалғасын мейірлене қызықтайық,биіктерге талпынтайық,, орынсыз еркелетпей, өмірден өз орынын табуға ақылшы болайық.       

 

 

 

 

Дайындаған Карабалин Жанабай

Баланы еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Сырлыбаева Айна Байдуллаевна

Психолог

  • На сайте: 10 лет и 6 месяцев
  • Всего просмотров: 9884
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 9884
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Сырлыбаева Айна Байдуллаевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~160

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: