Инфоурок Физическая культура Другие методич. материалыБаланың қимыл белсенділігі дамытуда ойынның маңызы

Баланың қимыл белсенділігі дамытуда ойынның маңызы

Скачать материал

Баланың қимыл белсенділігін дамытуда ойынның маңызы.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді қазақ халқы. Болашақтың іргетасын салатын бала әуелі отбасында қалыптасады. Балдырғандардың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады. Менің тақырыбым «бейімдеу орталығы жағдайында тәрбиеленушілердің белсенділіктерін жетілдіру үшінойын арқылы баланың қимыл-қозғалыстарын дамытудың маңызы» болғандықтан, негізгі мақсатым: ойын арқылы және көңіл – күй арқылы балалардың тілін дамыту, ақыл-ой белсенділіктерін қалыптастыру; оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы, ойлағанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, сабырлы әрі ынталы ойнауға тәрбиелеу,  әртүрлі ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке басының қасиеттерін қалыптастыру, көңіл – күйлерін көтеру, жолдастарына деген қайырымдылыққа тәрбиелеу. Бұл жерде белгілі ғалым психолог Д.Б.Элкониннің айтқан ойы оралады: «Ойын – баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл нақты өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс - әрекетіне бағдар беретін зерттеу тәсілі. Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, әлемді танып – білуге бағалауға үйренеді».

Жеке тұлғаның ақыл – ойын, танымдық үрдістерін жетілдірудің, әлеуметтендіру мен жан – жақты тәрбиелеудің көрсеткіші ретінде бағаланатын оқу – тәрбие үрдісінде балалардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, ойын әрекетін ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол.     

              А.С.Макаренко: «Ойын – балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан  балалардың білуге деген ынтасы мен мүмкіншіліктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақта алған білімін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек» - деп атап кеткен.

Орыс педагогы В.А.Сухомлинский ойын туралы былай деді: "Ойын  баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл – ойдың қалыптасуы мүмкін де емес”-деседі.

Ойын демекші ол - адамдардың мінез–құлқын өзі басқарумен аңықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі. Қандай ойын болсын,әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға баулиды. Қай ойын болсын баланың алдына тиісті мақсат қойылады да, сол мақсатты орындау үшін бала тиісті қимыл жасайды. Ойын баланың адамгершілік, ақыл-ой жағынан да дамуына игі ықпал етеді. Ойын ережесін орындау кезінде бала ептілік, икемдік, шапшаңдық көрсетумен қатар, тапқырлық, жігерлілік, ұстамдылық көрсетіп өзін-өзі басқара білуге де үйренеді. Бейімдеу орталығына уақытша орналастырылған тәрбиеленушілер әртүрлі ортадан келгендіктенойын барасында оларға қойылар шарт - ойын барысындағы іс-әрекеттерінің келісім бойынша жүргізілуін талап ету. Белгіленген ережені дәл орындау ұжымдық дағды, жолдастық сезім қалыптастыруға ықпал етеді. Ойын барысында баланың қозғалу ырғағындағы қимыл шапшаңдығына байланыстықозғалыс сымбатындағы жарасымдық пен әсемдік олардың  эстетикалық сезімін де тәрбиелейді. Бала бәрінен де бұрын оңға солға, алға, кейін деген сияқты бағдарлау істерін тәжірибе жүзінде меңгереді. 

Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын  айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірдекездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағыларды қалыптастырады.

         Балада жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты  халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Ойынды сабақта қолдану  балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.

Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Ханталапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең,   қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», — дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түседі.

Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді. Балалар мен жасөспірімдердің дамуында қозғалыстың маңызы өте зор екені айтпаса да түсінікті.    Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру жаттығулары, спорт, сабақ кезінде, белгілі еңбек әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі, өзін-өзі күтуге байланысты, қыдырған кездегі қозғалыстар жатады. Адам денесі үшін ұйымдастырылған қозғалыстар маңызы зор. Сондықтан  бейімдеу орталығы сияқты мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап іске асыру арқылы балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастыруға, саналы қозғалыстарын көбейтуге болады.

ХХІ – ғасыр  білімділер  ғасыры  болғандықтан  бүгінгі  таңда  заманымызға  сай  зерделі,          ой -   өрісі  жоғары, жан–жақты  дамыған  ұрпақ  қалыптастыру  мемлекетіміздің  алға  қойған  аса  маңызды  міндеті  болып  тұр.

Ұлттық  ойындар – қазақ  халқының  ерте  заманнан  қалыптасқан  дәстүрлі  ойын – сауықтардың  бір  түрі. Оның  бастауы  алғашқы  қауымдық  қоғамда  шыққан. Ұлттық  ойындар негізінде әр халық түрлі–түрлі жаттығулар  жасау жолымен денешынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының  шығуына  түрткі болды. Оның адам  денсаулығына жақсартуда  пайдасы аса  күшті  екені ақиқат. Ұлттық  ойындар – ата–бабаларымыздан бізге  жеткен  байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренуді  күнделікті  тұрмысқа пайдаланудың заманымызға   сай ұрпақ  тәрбиелеуге  пайдасы  орасан  зор. В.А. Сухомлинскийдің  сөзімен  айтқанда: Ойынсыз  ақын–ойдың  қаншалықты  дамуы  да  жоқ және болуы  да  мүмкін емес. Ойын дүниеге  қарай  ашылған  үлкен  жарық  терезе іспетті, ол арқылы  баланың  рухани сезімі жастықшақ  өмірімен  ұштастырып, өзін  қоршаған, дүние  туралы  түсінік алады. Ойын  дегеніміз–ұшқын, білімге  құмарлықпен   еліктеудің маздай  жанған  оты. Міне, ойын  дегеніміз – тынысын  кең  алысқа  меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға  қиял  мен  қанат  беретін осындай  ғажап  нәрсе  ақыл-ой  жетекшісі, денсаулық  кепілі, өмір  тынысы.Ойын  баланың  алдынан жарқын өмірдің  есігін айқара ашып, ұштаса  береді.
Ең бастысы  ата-бабадан қалған  өнер  мен  өнеге, үлгілерінің  лайықтыларын  баланың  сана  сезіміне  құйып  көзіне  көрсете  отырып, ойын  арқылы  бойына  сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық  пен  бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге – қамқорлыққа  баулып  адамдық қасиеттерді ұғындыру, қалыптастыру.

Сонымен бірге ойын ойнау негізінде бала:
* көңілді  болып  жақсы  демалады;
* денесі қимылдап, бойы сергиді, миы тынығады;
*ойынға  қатысушылар  бір-бірін  тез  түсінеді, ұйымшылдыққа  үйренеді.
Ойынды ойнату мен үйретудің  мақсаты:
* ұлттық  ойындарды  денешынықтыру  іс-әрекетінде  кең  қолдана  отырып, балалардың  дене  тәрбиесін  дұрыс  жолға  қою, спорттық  шеберліктерін, мүмкіндіктерін  арттыру;
*қазақ  халқының   ерлік-жауынгерлік   тарихын  ұрпаққа  ерліктің  өшпес  үлгісін  қалдырған  хас  батырлардың  өмір  өнегесімен  таныстыру, өз  жерін, өз  елін  қорғай  алатын  елжанды, ұлттық  намысы  мол  жігерлі  бүлдіршіндерді  тәрбиелеу;
*жас ұрпақты  өздігінен  білім  деңгейін  көтеруге  үйретіп  өзін-өзі  тәрбиелеуге  дағдыландыру.
Ұлттық  ойын  ойнатудың  негізгі  мақсаты :

·       Балалардың   денсаулығын  нығайту;

·       денені шынықтыру;

·       мәдениетін  қалыптастыру;

·       өзін-өзі  тәрбиелеу, өзін-өзі  жетілдіру.
Ойынды ойнату мен үйретудің  міндеттері:

·       қажетті  дене  қозғалыс  дағдыларын, танымдық-қозғалыс  белсенділігін  арттыру;

·       қалыптастыратын  дене  жаттығуларының  негізгі  түрлерімен  балаларды  таныстыру;

12

·       денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене  жаттығуларының  негізгі  түрлерін  балаларға  меңгерту;

·       қызығушылығын  қалыптастырып  дамыту;

         Ойын –  балалар іс-әрекеттерінің  негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл  балалар  коллективінің  дамуында  басты  роль  атқарады. Балаларға  ұлттық  ойындар  арқылы  халқымыздың  тарихын, мәдениетін  таныстыру  қолға  алынған.

Ойынның  шығу  тарихына  шолу  жасауда  көңіл  аударатынымыз  ол  еңбекпен,  өнермен,  қоршаған  ортамен  тығыз  байланыста  дамыған, яғни  ойынды  өмірден  ажыратып  қарай  алмаймыз. Балалар  тек  ойнап  қана  қоймайды, сонымен  бірге  ойлайды, аңғарады, көп  нәрсені  білуге, зерттеуге   талпынады. Яғни, қазіргі  заман   ағымына  қарай  белсене   қатысады. Аса  көрнекті  үздік  педагогН.К.Крупская  қимылды  ойын  жөнінде  былай  деп  толғанады: «Ойын–өсіп келе жатқан  бала  организмінің  қажеті. Ойында  баланың  дене  күші  артады, қолы  қатайып, денесі  шыңдала  түседі, көзі  қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы  артып  жетіле  түседі. Ойында балалардың  ұйымдастырушылық  дағдылары  қалыптасып  шыңдалады». Ұлттық  ойындарымыз  балаларға  тәрбиелік  мәнімен, дене  бітімінің  әсем  де  сымбатты  болып  бітуіне  пайдасы зор. Бір-ақ мысал  келтіріп  кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойынын  балалардың  саусақ моторикасын дамытуға, тіл  байлығын  жетілдіруге, көңілін көтеруге  қолдануға  болады. Балаларды  қазақ  халқының  ұлттық  ойындарымен, ойната  отырып  жан-жақты  тәрбиелейміз.. Ойын бағдарламалары өзін өзгелермен салыстыруына, кемшіліктері мен жетістіктерін өз көзімен көруіне  мүмкіндік береді.  Қарым-қатынас нәтижесінде бала  әлеуметтік межелер мен эталондардан бағдар ала отырып өзіне баға береді. 

Меніңше, баламен ұйымдастырылатын  көптеген ойындар мен бағдаламалар    табысты  жүзеге асырылуы  үшін оларда танымдық қызықты мазмұн, әртүрлі ойыншықтар, әзілдер, жарыстар, жұмбақтар, музыкалық номерлер, спорттық ойындар жеткілікті болуы қажет. 

Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың  ақиқат сырын ұғынып,  еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда, болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді. 

Осы тақырыпқа байланысты мен бейімдеу орталығы тәрбиеленушілерінің бос және серуен кезіндегі уақыттарын әрлендіруге жарамды деген бірнеше қарапайым ойындарды қосымша ретінде ұсынамын. Оларды тәрбиеленушілердің жасына қарай үйде де, аулада да және жыл мезгілінің қандай мезгілі болсын өткізе беруге болады. Ойынға қажет көрнекі құралдар да қарапайым заттардан жасалады.

«Кім алысқа лақтырады?» Ойынның мақсаты баланы алысқа лақтыруға жаттықтыру. Жазда құм салынған қалташаны, қыста жентектелген қарды алысқа лақтыруға жарысу.

«Алысқа секір». Ойын баланы бір орыннан екі аяқпен секіруге жаттықтырады. Жерге бір сызықтың бойына ара қашықтықтары бірдей 8-10 тас қойылады. Бір шеттен кезекке тұрған балалар бір орыннан екі аяқпен жерден серпіліс алып секіреді. Кім алысқа секіре алатынын тастар көрсетеді.

«Ғарышкерлер». Бұл ойында балалар бір-біріне соқтықпай жүгіру үшін кеңістікті бағдарлауға үйренеді. Балаларға картоннан қиылған соңында түрлі-түсті қағаздардан желбіреген «оты»  бар зымырандар беріледі. Балалар өздері таңдаған бас ғарышкер бұйрық беріп тұрады «Жерді үш айналамыз...  айға жетеміз... жердегі ғарыш айлағына қайтамыз».

«Шегірткелер». Жерге гүлдердің суретін салу. Бір гүлден екіншісіне шегіртке болып, қос аяқтап секіру арқылы бала алға жылжи отырып секіруге жаттығады.   Әркім өзі қалаған жағына секіреді.

 



  Пайдаланылған әдебиеттер.

    1.Кел, балалар, ойнайық! –Алматы«Арда» 2006 ж.
2. Қазақтың  ұлттық  ойындары–Алматы  «Рауан» 1991 ж.
3.
 Құдайқұлов М. Қабілеттілік, дағды, шеберлік. 

4. Ақсандық, көксандық–Алматы«Жазушы» 1988 ж.

5.Қазақстан мектебі №7, №8, №9. 5-36 бет   
6. Рудик Г. А. «Игры и их педагогичес
кое значения» («Значение» 1949-90 стр) 
7. А.Ж.Едігенова «Ойната отырып тәрбиелеу» 2010ж-40-50 бет 
8.   В.П.Кыркалов, П.Э.Шпитальник Оқушылардысабақтантысуақыттатәрбиелеу
 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баланың қимыл белсенділігі дамытуда ойынның маңызы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 882 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.10.2015 6520
    • DOCX 62 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мубаракова Санди Макаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мубаракова Санди Макаровна
    Мубаракова Санди Макаровна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84478
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Профилактика нарушений осанки и плоскостопия

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Курс повышения квалификации

Методическое обеспечение деятельности учреждений физкультурно-спортивной направленности

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы учебно-тренировочного процесса в учреждениях физкультурно-спортивной направленности (велоспорт)

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе