Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / «Баланың рухани қажеттілігін қалай өтеуге болады?»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

«Баланың рухани қажеттілігін қалай өтеуге болады?»

библиотека
материалов

«ОТБАСЫ. ОҚУШЫ. МЕКТЕП» атты облыстық конференцияда

оқылатын баяндама


Тақырыбы:

«Баланың рухани қажеттілігін қалай өтеуге болады?»


Мұнайлы ауданы №5 орта мектептің

ата-анасы Гулжан Каржаубаева


Қоғам өмірінің барлық сфераларында терең өзгертулер жүруде, соның ішінде келешек ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру да өзекті мәселе болып тұр.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылдың 19 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа Жолдауында елімізді одан әрі жаңарту мен демократияландыру үшін қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыта беруге аса көңіл бөлу қажеттігін баса айтқан.

Байлық материалдық, табиғи, рухани болып бөлінеді екен.

Рухани байлық – адамның өмірін қоршаған орта, тіршілік аясымен тұтастыратын және оның мақсат - мүддесін игі істермен ұштастыратын асыл арна. Рухани байлық адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратындықтан ол үнемі игілікке бағытталады. Халық игілігі ретінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Халқы үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып табылады. Сонымен, ұлттық құндылықтар адам өміріне қажетті рухани байлық болып табылады.

Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды» демекші, заман ағымы талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларды, халқымыздың өсиетін, өнегесен дәріптеп, дәстүрін, таңғажайып тапқырлығын, олардан қалған ескірмейтін көне сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді, нақылдарды бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етіп бойларына сіңіре білсек қателеспейміз.

Бүгінгі заманның, яғни ақпараттық ғасырдың әсері ұрпақ тәрбиесіне өз «өрнегін» салып жатыр деп айтар едім. Оның алдын алудың бір ғана жолы бар тәрізді. Ол – рухани адамгершілік тәрбиесі.


  • Бала дүние есігін ашқаннан бастап адам өміріндегі басты құндылық болып саналатын рухани қажеттілігін қалай өтеуге болады?

Тіпті бұл жайында ойлағанда мен кейде ұрпақ тәрбиесінде ата баба салтынан алыстап бара жатқан жоқпыз ба деп толғанамын. Өйткені көпшілік ата-ананың бала тәрбиесіне қатысты түсінігі де өзгеріп келе жатқан сыңайда. Мәселен, кейбір ата-ана «баламның тамағы тоқ, киімі бүтін болса, қатарынан кем қылмасам» деп, тәрбиеге таяз қарайтын тәрізді. Сосын қатарынан қалдырмаудың қамымен бар уақытын жұмысқа сарп етіп, тәрбиені екінші орынға ысырып алғандаймыз. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық»- деп атап көрсеткен. Қазіргі жас аналарымыз баласына қазақ ертегілерін айтуды былай қойғанда, бесік жырын білетіндері екіталай.

Әрине, қазақтың ұрпақ тәрбиесіндегі бұрыннан қалыптасқан дәстүрінен алшақ кеткен жоқпыз гой, дегенмен «бұрынғы» мен «қазіргіде» айырмашылықтар баршылық. Мәселен, біздің қатарымыздың басым бөлігі көп балалы отбасыдан шықты. Әйтсе де көп балалы отбасы болсын, баласы аз отбасы болсын, тәрбиенің маңыздылығына мән беріліп, бұған жан-жақты жағдай қарастырылды. Бір жағынан, көп балалы отбасында балалардың өзі бірін-бірі тәрбиелейтін. Соның арқасында «үлкенге құрмет, кішіге ізет» жас күнінен бойға сіңді. Ата-ананың өзі үлкенін кішісіне қарауға тәрбиелейтін. Жанашырлық осыдан бастау алатын секілді еді. Ауылдың ғана емес, қаланың тәрбиесі де солай қалыптасатын. Ал бүгінгі жағдайға келсек, өкінішке қарай, қазір көп балалы отбасының өзі сиреп кетті. Оның ішінде қалалықтар арасында сананың көп бөлігін тұрмыс билеп, ақша табу мәселесі қашанда басты мәнге ие болып отыр.

Отбасы- ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан отбасы тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен дамып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасыпжеткен тарихи мұра. Әрбір отбасында балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты. Қай заманда,қайсы елде болса да отбасының адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.Отбасы тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату- тәтті тұратын отбасында шаңырақ шатығы-негізінен, қоғамдық сананың адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқты толып жатқан моральдық ұғымдарға негізделеді. Бала үшін отбасында ең алдымен, әке-шешесінің, ата-әжесінің ,басқа да ересектердің инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұзақылықты да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын ұлағатты өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, жалпы алғанда,дұрыс қалыптасқан моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше рухани бір байлығы. Осындай отбасында өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады. 

Рухани байлық тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына рухани байлықты сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Рухани байлық әр адамға тән асыл қасиеттер. Оның қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында.

Рухани бай бала адамгершілікті, ар-ұяты бар, бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады.
Балаларымыздың рухани қажеттілігін өтеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік, адамгершілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру, ата-бабаларымыздың сан ғасырлық рухани бай мұрасымен, әдет-ғұрып, салт-санасымен сусындатып өсіру қажет.





 


Автор
Дата добавления 27.08.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров195
Номер материала ДA-017675
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх