Инфоурок / Логопедия / Конспекты / Баланың сөйлеуінің бұзылуына ықпал ететін себептер

Баланың сөйлеуінің бұзылуына ықпал ететін себептер

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тақырыбы: Баланың сөйлеуінің бұзылуына ықпал ететін себептер

Денизбаева Алма Едресовна, логопед Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, Сарыөмір ауылы,Теректі ауданы,Батыс Қазақстан облысы

Қазіргі таңда еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан,биологиялық-психологиялық факторларға байланысты туа біткен,тұқым қуалаған,жүре пайда болған балалардың сөйлеуінің бұзылуы жылдан-жылға артуда.Осындай балаларға көмек көрсету біздің елде өзекті мәселелердің бірі.Осы балалардың тіл мүкістігін жоюға арналған түзеу жұмыстары,логопедтік пунктер және басқа да арнаулы түзеу ұйымдары ашылған.
Адам өмірінде қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу-адамның бір-бірімен қатынасында ойын еркін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі.Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды.Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі-үш айында гуілі белгіленеді.Бес айында бала үлкендердің ерін артикуляциясын қайталауға тырысады. 9-10 айында бала бөлек сөздерді буындап айтады.Адамға сөйлеуге арналған негізгі орган жоқ,сөйлеуге өкпе,өңеш,жұтқыншақ,тіл,тіс,ерін,ұрт қатысады.Дауысқа негізгі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады.Сөйлеу аппараты-бас миында орналасқан.
Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады,дамудың әр түрлі қатардағы сатыларынан өтеді.Бастауыш сыныптарда нашар сөйлейтін балалар өзінің кемшілігін өте тез ұға бастайды.Олар ұялшақ,шешім қабылдай алмайтын,тұйық болып келеді.Сол себепті толымсыздық комплекстері жетіле бастайды,үлгерімі төмендейді,коммуникациялықбелсенділігі нашарлайды.Осымен қатар сөйлеу үшін есту қабілеті өте маңызды фактор болып табылады.Есту қабілеті төмен болса сөйлеудің дамуына кедергі келтіреді.
Көру анализаторлары өте үлкен қызмет атқарады,себебі бала ықыласпен сөйлеуде тіл және ерін қозғалысын бақылай отырып,оларды қайталауға,артикуляциялық қозғалысқа еліктеуге тырысады.Сөйлеудің қалыптасуы ең алдымен отбасында күнделікті дұрыс қарым-қатынаста болуымен байланысты.Сонымен қатар балаға тыңдау мен дыбыстарының дыбыс қабылдауының дамуына себеп болатын дыбыстық музыкалық ойындар,жаңылтпаштар,жұмбақтар ұрпағымыздың тіл байлығын жетілдіруде зор қызмет жасайтыны рас.
Баланың сөйлеу дамуы саусақ жаттығуларының дамуымен, әсіресе қол саусақтарының ұсақ моторикаларымен тығыз байланысты.Сондықтан дәнді-дақылдармен,сіріңкелермен, мозайка,түймелермен ойнатуға тырысу керек.
Ұстаздар,ата-аналар баламен жұмыс жасай бастағанда тек ойын түрде берілген қызықты тапсырмалар ғана сапалы болатынын ескергендері дұрыс.
Сөйлеуі бұзылған және тіл кемістігі бар балалар тұйықталып, бойында толымсыздық кешені пайда болмас үшін ата-ана тарапынан қолдау, мейірімділік, жылылық қажет.
Жоғарыда айтылып кеткендей,баланың сөйлеуінің бұзылуына биологиялық,психологиялық факторлар,сондай-ақ қоршаған ортаның келеңсіз жағдайлары себеп болады.
Ана құрсағындағы ұрықтың 4 апталығынан 4 айлығына дейінгі кезеңдегі дамуының бұзылуынан сөйлеу тілі бұзылады. Яғни,ананың екіқабат кезінде вирусты жұқпалы аурулар, әртүрлі зақымдар, гигиеналық талаптарды сақтамауынан,резус фактор бойынша қанның сәйкес келмеуі және тағы басқа себептер әсер етеді.
Болашақ ананың екіқабат кезінде қорқып шошынуы, жүйке жүйесінің мазасыздануы, уайымдауы, ашулануы баланың сөйлеу тілінің бұзылуына әкеледі.
Босану кезінде және толғақ қысымынан болатын зақымнан мидың оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінің салдарынан бас сүйегінің ішкі жағына қан құйылады.
Сөйлеу тілінің мүкістенуіне бас сүйегінің жарақаттануы мен мидың шайқалуы,қатты қорқыныш ықпал етеді.Тұқым қуалайтын аурулар және нәресте кезіндегі жиі-жиі әртүрлі ауру-сырқауларға шалдығуы,анасының ішімдікке салынуы сөйлеу тілінің мүкістігіне әкеліп соғуы мүмкін.Баланың дұрыс сөйлеуіне қоршаған орта мен үлкендердің ықпалы зор.Сондықтан баламен сөйлескен кезде үлкендердің сөздері анық,дұрыс болуы керек.Үлкендер баланы кішкентай кезінен бастап таза, дұрыс сөйлеуге үйреткені жөн.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-012593
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>