Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Баланың тілі мен түйсігін дамыту

Баланың тілі мен түйсігін дамыту

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Баланың тілі мен түйсігін дамыту

Баланың танымдық қасиеттерін дамытудың рөлі мен мәні артып келеді. Ол үшін ата-аналар, мұғалімдер, педагог-психологтар бірлесіп жұмыс істеуі өте маңызды. Балаға тәрбие беруде мынадай міндеттер алға қойылып отыр:

  • Баланың қабылдауын, сезімдерін, елес-қиялын жүйелі түрде дамыту. Бұған көмектесетін табиғат және тұрмыс жағдайлары, өнер түрлері.

  • Баланың қызығушылығын дамыту. Тұрмысқа, табиғатқа, қоғамдық қарым- қатынас барысында әсемдікті сезіну түйсігін жетілдіру.

  • Баланың тілін ауыз әдебиеті үлгілері көмегімен дамыту. Ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ойындар.

Балаларды дұрыс сөйлеуге үйрету жұмысы мынадай тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:

- балаларды ересектердің сөзін дұрыс түсінуге, бір-біріне дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.

- балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жағдайларын ұйымдастыру.

Белгілі психологтар тапсырмаларды-ұсыныстарды тәжірибе жүзінде орындау 6 кезеңнен тұратынын көрсетеді:

  1. Баланың өзіне айтылғанды жақсылап тыңдауы.

  2. Айтылған сөздің мағынасын түсінуі.

  3. Айтылғанды есте ұстауы.

  4. Тапсырманың орындалуы.

  5. Орындалғанын хабарлауы.

  6. Қорытындысында тәжірибелік көмек беру.

Егер осы кезеңдердің көмегімен балалар тапсырманы орындаса, онда балалардың түйсігі мен тілін дамуы жоғарылайды.

Баланың түрлі өмір кезеңдерінде қарым-қатынастың дағдыларын дамыту және жетілдіру – жастайынан есейген уақытына дейін педагогтардан, психологтардан және ата-аналардан ерекше назар мен шыдамдылықты қажет етеді.

Баланың бет-әлпетінің көңілін бақылау, сезімдерін дамыту ата-аналар тарапынан шектен тыс қалмауы қажет. Түрлі жаттығулар, сабақтар мен заттар бұл бағытта көмектеседі.

Дамуында ауытқушылығы бар балаларды бәріне үйрету қажет, күлуге де икемділіктерін қалыптастыру өте маңызды. Өйткені күлкі балаға туғанынан берілмейді, ол тек әлеуметтік факторлардың әсерінен пайда болады.

Балалармен үнемі қарым-қатынас жасап, өз әрекеттерін баяу,ақырын сөйлеу арқылы жеткізу керек. Балалармен көбірек сөйлесіп, жасалатын әрекеттерді атау жұмысын жүргізу: сорпа ішеміз, ыдыс жуамыз, сабын аламыз, ыдысты сүлгімен сүртеміз, т.б. Үнемі орындалатын әрекет пен қоршаған ортаға танымдық қызығушылық пен көңілін қолдау қажет.

Қарым – қатынас – Бұл тек сөздерді ғана айту емес. «Қарым – қатынас» түсінігі тыңдау мен түсіну икемділігі, әңгіме барысында бірізділікті сақтау, әңгімені қолдау икемділіктері.

Сөйлеу көптеген қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолданылуы мүмкін. Бала тек сөйлеуге ғана үйренбей, сонымен қатар басқа адамдардың сөздерін тыңдай білу керек. Оған әрқашан жауап беру қажет. Сонымен бірге жұмысты баланың қызығушылықтарын ескере отырып жүргізу маңызды.





Автор
Дата добавления 20.05.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров98
Номер материала ДБ-091524
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх