Инфоурок Другое СтатьиБаланы жаман әдеттен қалай сақтау керек?

Баланы жаман әдеттен қалай сақтау керек?

Скачать материал

Баланы жаман әдеттен қалай сақтау керек?

 

Бала-ата-ананың қолындағы аманат. Олардың жүректері пәк, таза, гауһардай құнды. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Кез келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа ұқсайды. Құнарлы топыраққа не ексең, сонын жемісін аласың. Сондықтан бала неге бейімделетін болса,сол бойынша бағыт алады, солай өседі. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.Баладан жақсы қасиеттер, жақсы әрекеттер көрген кезде, оны мақтап, марапаттау керек. Кейде адамдардың арасында мақтау керек. «Менің ұлым сөйтті» деген секілді сөздермен жақсылыққа ынталандыру керек. Өрескел іс-әрекеттер істесе немесе бір жаман сөз сөйлесе, бірнеше рет көрмегендей сыңай таныту керек. «Олай істеме» демеу керек, жазғырмау керек. Жиі-жиі жазғырылатын бала батылданып, жасырын істеп жүрген теріс қылықтарын ашық түрде көрсете бастайды. Істеген жаман істерінің зиянын өзіне жұмсақ тілмен түсіндіру керек, ескерту керек! Бала жалықпауы үшін күнде бір мезгіл ойнауына рұқсат беру керек. Жалығудан және ренжуден жаман мінездер пайда болады. Баланың ешкімнен ақша сұрауына рұқсат бермеу керек. Көп сөйлемеуді, үлкендерге құрмет көрсетуді үйрету керек. Жақсы адамдардың жақсылықтарын айтып, солардай болуға тырысуы керектігін және жаман адамдардың жамандықтарын айтып, ондай болмау керектігін үйреткен дұрыс. Баланың әр қалаған нәрсесін алып беру және сәнді, салтанатты өмір сүруін қамтамасыз ету дұрыс емес. Өйткені бала өскенде де әр қалағанына қол жеткізе алатынын ойлап, оған ұмтыла беретін болады, ал бұл жүзеге аспай қалған кезде өмірге ренжіп, қиялдары қирап,ешкімді тыңдамайтын құлақсыз қырсыққа айналады.Балаға ысырап етпеуді, қанағатшыл болуды үйрету керек. Жаман жерлерге баруына жол бермеу керек.Бала жаман адамдардың қасында жүрсе, әдепсіздік пен ұятсыздықты,өтірік айтуды үйренеді.Әке үнемі қатал болмауы керек, көп еркелетпегені де жөн. Сөйлегенде айбаттылығын сақтауы керек. Балаға әкесінің байлығымен, лауазымымен мақтанбауын ескерту керек. Қарапайым және сыпайы болуды үйреткен дұрыс. Басқа адамдардың қасында әдептілік сақтауды, дөрекі болған іс- әрекеттерден аулақ болуды түсіндіру керек. Баланы көп сөйлеуден қайтару керек. Көп сөздің ұятсыздыққа жол ашатынын, мылжындықтың жаман қасиет екендігін айту керек. Бала ертелі-кеш сөйлеуді бәрібір үйренеді. Мақсат - оған қажет кезінде үндемеуді және үлкендердің сөзіне құлақ асуды үйрету.

Жаңа туған нәрестенің өзіне ата-анасының, туған-туыстарының күле қарауынан, жылы-жылы сөйлеп, жақсы көруінен, иіскеп, аялауынан бақытты сезінетіні, олардың қарым-қатынасты түсіну қабілетінің артатыны есіңізде болсын. Жыламайтын, мазасызданбайтын, ауырмайтын сәби жоқ. Әсіресе, жас нәресте жылаған кезде қолыңызға алып, құшағыңызға қыспасаңыз да, жанында отырып уатуға тырысыңыз. Мұндайда сәби ата-ана ықыласынан, назарынан тыс қалмасын. Сонда оның бойында сенімділік сезімі қалыптаса бастайды, жалғыздық, керексіздіктен туындайтын үрей, қорқыныш, жалтақтық бойын билемейді. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, бала көбінесе, тісі өскенде, жүре бастағанында, сөйлеуге талпынғанында ерекше жылауық болып келеді. Бұл денелік, рухани қажеттіліктің салдары. Одан қорықпаңыз.

Кішкентай кезінде балалар қолына не болса, соны алады, бәрін де ұстап көргісі келіп, қызығады. Ұстауға болмайтын заттарды (өткір, қатты, иісті, кір нәрселерді, асыл бұйымдарды, қасиетті кітаптарды және тағы да басқаларды) қолынан аларда ата-анасы ашуланбай, ұрыспай, жылы сөзбен оны беруге көндіріп, жылатпауға, ренжітпеуге тырысқаны жөн. Тек мұндай заттарды баланың алуға болмайтынын кесімді түрде ескерткен де дұрыс. Мысалы: «мұны балаларға ұстауға болмайды», - дегендей.

Барлық ата-ана баласын еркелетіп өсіреді. Тек, осы еркелету шектен тыс болса, оның зияны өте зор. Керісінше, біздің көптеген ата-аналарымыз баласының қалаған барлық тағамын ішкізіп, қалаған барлық киімін үстіне жапсырып, қалаған барлық заттарын сатып алып береді. Мұны ұл-қызының мұқтажсыз өмір сүруіне жағдай жасау деп түсінеді. Содан бала ешнәрсенің нарқын да, парқын да білмей өседі. Ержете бастасымен-ақ ата-анасына өтініш көбейіп, «аспандағы айды алып бер», - деуден де тайынбайды. Тіпті, өсе келе баланың өтініш, тілегін бұлжытпай орындалуға тиісті талапқа, бұйрыққа да айналады.

 

Тәрбиедегі негізгі факторлар:

Зеректік: Бала өзінің алғаш көрген нәрсесін білуге, шұқылап көруге және сұрап үйренуге әуес болады. Сондықтан балаларға үнемі жақсы және әдемі нәрселерді көрсетіп, сұрақтарына дұрыс жауап беру керек. Осылайша баланың зеректігі,сана-сезімі, түсіну қабілеті жетіледі.( 3-6 жас аралығындағы балаларда осы нәрсеге қатты мән беру керек. Бұл кезең-баланың тілі, миы және зеректігінің қалыптасуы үшін ең маңызды кезең болып табылады.)

Рух:Өте сезімтал және өкпелегіш балаларға ащы да болса шындықты айтуды және оған төзе білуді үйрету керек. Ал тасжүрек балаларға көңілін жібітетіңдей өнегелі мысалдар айтып, сезімтал болуына күш салу керек.

Қалау:Мықты қалауға, ерік-күшіне ие болуына тырысу керек. Қалауы әлсіз балаларды біраз еркін жіберіп,өзіне деген сенімділігін арттыру керек. Қалауы күшті балалардың тәрбиесі де қаталдау болған абзал.Алайда балаға мейірімділікпен және түсіністікпен қарау шарт.

Тәрбиедегі маңызды мәселелер:

Сүйіспеншілік: Тәрбиеде өзара сүйіспеншілік, құрметтің маңызды болғаны секілді, салмақтылық, сабырлылық та өте маңызды. Отбасы ішіндегі берекесіздік, ата-ананың ұрыс-керісі, әсіресе ажырасуы бала психологиясына өте ауыр әсерін қалдырады.

Жазалау мен ынталандыру:

«Мынаны жасайтын болсаң, мұны бермейміз, ойнауға далаға шығармаймыз» деген секілді кейбір жазаларды беру дұрыс болғанымен, қандай жағдайда болсын баланы ұруға,оған қол көтеруге болмайды.Жаза баланың көңілін қалдыратындай болмауы және өзге адамдардың көз алдында да жасалмауы тиіс. Игі істеріне өз орнымен, жасына сай ойыншық немесе велосипед сияқты сыйлықтар әперіп,марапаттап тұру керек.

Бала – біздің бауыр етіміз, бақытты болашағымыз. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», - демекші, бала тәрбиесіне отбасында өмірге келген күнінен бастап айрықша мән берейік.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баланы жаман әдеттен қалай сақтау керек?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 863 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2017 16135
    • DOCX 21.5 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уксикбаева Райхан Айжарыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Уксикбаева Райхан Айжарыковна
    Уксикбаева Райхан Айжарыковна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29952
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой