Мұғалім аты-жөні
Суйнгалиева Г.К.
Тәрбие сағаты
Тобы:
3сФК
Уақыты:
Сабақтың тақырыбы:
«Баланың құқықтары туралы білеміз бе?»
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А)Ақпараттық құзыреттілік
Ә)Коммуникативтік құзыреттілік
Б)Проблеманы шешу құзыреттілігі
А) Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Ә) оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
Б) Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:
Кездесу, пікірталас
Сабақтың әдісі:
Әңгіме, түсіндіру тірек сызба арқылы
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Пән аралық байланыс:,
Құқық, тарих
Оқыту құралдары:
Сабақтын барысы:
Оқытушының қызметі
Студенттің қызметі
Күтілетін нәтиже
Ұйымдастыру бөлімі
-студенттермен амандасу;
-зейіндерін сабаққа аудару;
-сабақтың мақсатын түсіндіру;
Құрметті студенттер «Баланың құқықтары туралы білеміз бе?» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!
-оқытушымен амандасады;
-зейіндерін сабаққа аударады;
-зейін ынтасы сабаққа аударылды;
Сабаққа әзірлігі, жұмысқа даярлығы.
І.Психологиялық тренинг
Пікірталасымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатынастарыңызды ізгілендіру мақсатында біз тренинг дайындаған болатынбыз.
Сіздерге екі ақ парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.
2. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер.
Студенттер бір - біріне ақ параққа жазылған қасиеттерін беріп, оқиды.
Бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек деген тұжырымға келдеді.
Әр студент берілген жұмыстарын орындайды.
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз. Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
Әлеуметтік норма
- Құқық - Мораль
ІІІ Сенің құқығым – менің құығым (Студент құқығы)
Бұл кезеңде студенттер өз құқықтары жөнінде жөнінде айтып өтеді
4) 11 бап Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
5) 12 бап Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
6) 19 бап Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
7) 30 бап Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
8) 19 бап Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.
1) 10 бап Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы
2) Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
3) 9-бап Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы.
Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.
Өз құқықтарын, қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтеді.
ІV Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
Кездесу кешіміздің бүгінгі қонағы Қалалық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Меңгеров Заңғар (Черкасов Райбек) ағайымыз келіп отыр. Өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.
Колледж студенттеріне қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?
Колледж психологы Досжанова Бақытгүл (Қайыржанова Гүлсезім) апайға мынадай сұрақтар қойсақ
1. Жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?
2. Қылмыстық кодекс дегеніміз не?
3. Қылмыстың белгілері қандай?
4.Кәмелетке толмағандар қандай жағдайларда жауапқа тартылады?
5.Қазіргі уақытта мектеп, колледж жасындағы балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?
Мектеп, колледж жасындағы балалардың мінез-құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді?
Кәмелетке толмаған «қиын» балалар туралы не айтар едіңіз?
VI Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
Біреуге ор қазба ...
Заңның құрығы ...
Ұрлық түбі ...
Өтірікшінің құрығы...
Тура биде ...
Туғанды биде ...
Қолыңмен істегенді ...
Тек жүрсең ...
Заңды сыйлаған ...
1. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
2.Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
3. Ұрлық түбі ... (қорлық)
4.Өтірікшінің құрығы...(бір-ақ тұтам)
5.Тура биде ... (туған жоқ)
6.Туғанды биде ... (иман жоқ)
7.Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)
8.Тек жүрсең ... (тоқ жүресің)
9. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)
VII Қорытынды
Бүгінгі пікірталасымызға құқық қорғау қызметкері, студенттер бас қосуда. Бүгінгі келтірілген статистикалық мәліметтерге назар аудара отырып, проблемалық сұраққа жауап іздесек: Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек?
Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.
Болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі пікірталасымызды аяқтаймыз.
Студенттер өздерінің қысқа тұжырымды ой-пікірлерін ортаға салсады.
Колледж бен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.