Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Балапанның қызықтары №8" атты "Балапан" тобының журналы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"Балапанның қызықтары №8" атты "Балапан" тобының журналы

библиотека
материалов


Үлкен Нарын ауылындағы «Балбөбек» балалар бақшасы







hello_html_4d1d2164.jpg


























«Балапан» тобы, қыркүйек-желтоқсан 2015 жыл





Мазмұны:hello_html_m6eeeb9d7.jpg



  • БАЛАЛАРДЫҢ 4-5 ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ





hello_html_m63761eaf.jpg

-Күзгі аулада



hello_html_m4b79f2e1.jpg

  • « - «Балапанда» «Алтын күз» ертеңгілігі



hello_html_54a71efc.jpg

-«Жаңа жыл құтты болсын, балапан!»







hello_html_m3fffa35e.jpg





-«Балапанның ата-анасына»





hello_html_m6eeeb9d7.jpg

БАЛАЛАРДЫҢ 4-5 ЖАС

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ

СИПАТТАМАСЫ




Балалар үлкендерге көп сұрақтар қояды. 5 жасар баланың сұрақтары үлкендермен кәдімгідей байсалды әңгімелесуге бағытталады. Олар қойған сұрақтардың жауабы көп жағдайда айқын болады. Дегенмен де, сұрақтары жаңа ақпарат алуға, бірдеңені білуге деген танымдық қызығушылықтан туындауы жиі кездеседі. 4-5 жастағы балалардың сұрақтары мен хабарламалары заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды түсінгендігін үлкендерге көрсетуге бағытталады.

Үлкендермен сенімді қарым-қатынас орнатуға деген қажеттілік туындап, олардың сезімдік жай-күйін сезу қабілеттері дамиды. Үлкендермен қарым-қатынас жасаудың жаңа түрі – әуелі, танып-білуге негізделген іс-әрекеттермен (мысалы: ойындарды, заттармен ойыншықтарға тәжірибе жасауды, табиғи материялдар мен қағаздардан құрастыруды және т.б) қатар танымдық тақырыптағы әңгімелесу – пайда болып, дамиды.

Балалардың үлкендермен қатынас жасау барысына қанағаттанбауы үлкендермен балалар арасында салқындық тудыруы мүмкін. Мұндай қарым-қатынас әрқилы түрде көрініс береді. Кейбір балалар тұйықталып, өз-өзімен болып кетсе, екіншілері мазасызданып, кез-келген нәрсеге жылай салатын болады, ал енді біреуі қыңырланып, теріс мінез көрсетеді.

4-5 жастағы балалар өз құрдастарының мазасыздықтары мен теріс мінез-құлқына жақтырмай қарап, оған деген көзқарасыда өзгереді.

5 жасқа қарай баланың өз құрдастарымен араласуға деген қажеттілігі күшейе түседі. Бірлесіп ойнау негізінде балалар қоғамы пайда болады. Сонымен қатар бала құрдастары арасындағы өзінің орнын сезіне бастайды. Сыпайы сәлемдесу және қоштасу, досын есімімен атау, адамның қызметі мен рөлі бойынша қатынас жасау сияқты (Жургізуші, дөңгелегіңіздің желі шығып кетті. Дәрігер, ол ауырып тұр.) қарым-қатынас жасау дағдылары дамиды.

Үлкендермен, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасау балалардың өзіндік «Менін» тануға мүмкіндік береді. Осындай қарым-қатынас кезінде ғана «Мен» бейнесі қалыптасады. Бала үлкендермен, құрдастарымен жақсы араласып, олар тарапынан қолдау тауып отырған жағдайда ғана жүргізілетін тәрбие жұмысы нәтижелі болады. Егер мұндай қарым-қатынас дұрыс жүргізілмей, баланың үлкендермен де, балалармен де жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас жасауына жағдай жасалмаса ашуланшақ, өз-өзіне сенімсіз, тұйық болады.

Бала өсе келе онымен бірге өзі айтқан сөздер мен атқарған іс-әрекеттеріне, өз мүмкіндіктері мен әртүрлі деңгейдегі жетістіктеріне (ойындағы, сурет салудағы, музыкадағы, сахналық көріністердегі, т/б.) дұрыс баға беру мүмкіндігі де артады.

hello_html_m54dd8e59.jpg



















hello_html_m3fe2a32d.jpg





















hello_html_m63761eaf.jpg



Күзгі аулада



«Табиғатты қорғау, оған аяушылықпен қарап, қамқорлық жасауға үйрету тәрбиесі, ата-аналардың белсенді қатусуынсыз өтуі мүмкін емес»

hello_html_6bf56f54.jpghello_html_m1d2ea277.jpghello_html_4c7a5a11.jpghello_html_m279cad7e.jpg





























hello_html_m7c55d5d6.jpg















Алтын күз

(отбасылық сайыс)

Мақсаты: Ата-аналарды мерекелік шараларға тарту, балалардың үлкенге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Музыка ырғағымен қолдарынажапырақ ұстаған балалар залға кіріп, орындарына жайғасады.

1 Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндеріміздің көргенді және тәрбиелі азамат болып өсуіне ықпал ету баршамыздың міндетіміз. Ата-ана мен балабақша арасында байланысты нығайта түсу мақсатында өздеріңізбен бірігеотырып, ұйымдастырылған «Алтын күз» сайысын бастаймыз.

2 жүргізуші: Күз келсе сағынғаны қарашаны,

Ата-ана баласымен жарасады.

Қарсы алайық, келеді жанұялар,

Қызықтайық қыздырып тамашаны.

Ортаға сайысқ ақатысушы ата-аналарды бүлдіршіндерімен бірге қол соғып құрметпен қарсы алайық.

1Жүргізуші: Сайысқа қатысатын жанұяларды таныстырып алайық:

1.Мейрханов Ислам-анасы Маржан

2.Фархатқызы Айзере-анасы Эльмира

3.Сабитова Зарина-анасы Айгуль

4.Абаева Дана – анасы Дариға

2Жүргізуші: Енді осы сайысты қадағалап, әділ бағасын беріп отыратын әділқазылармен таныстырайық:

Нургазиева Д.Н.

Кунанбаев С.Е.

Жоменкенова М.О.

1Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын оның бөлімдерімен таныстырып өтейін:

1 бөлім: «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл» (Өздерін таныстыру)

2 бөлім: «Шебердің қолы алтын» (Бұйымдарын қорғау)

3 бөлім: «Өнерлі өрге жүзеді» (өз өнерін көрсету)

4 бөлім: «Күз сән үлгісі» (Бүлдіршіндермен бірге)

5 бөлім: «Менің әсем күзім» (Сурет салу, жапсыру)

2 Жүргізуші: Ендеше, сайыскерлеріміз дайындалғанша «Балапанның» өнерлерін тамашалаңыздар!

Вальс: Шапағат- Надия, Заңғар- Инкар

1 Жүргізуші: 1 бөлім. : «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл»

Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген жанұялар кезектесіп,

Таныстырып өтер дейміз.

2 Жүргізуші: Ән «Күз келгенде»

1 Жүргізуші: 2 бөлім «Шебердің қолы алтын» ( үй тапсырмасы бойынша әкелген бұйымдарын таныстыру)

2 Жүргізуші: Би «Латино»

1 Жүргізуші: 3 бөлім: «Өнерлі өрге жүзеді» (өз өнерлерін көрсету)

2 Жүргізуші: Ән «Алтын күз»

1 Жүргізуші: 4 бөлім: «Күз сән үлгісі»

2 Жүргізуші: 5 бөлім: «Менің әсем күзім» (Берілген көрнекі құралдардан, табиғи материалдардан өз қиялдарындағы «күз көрінісін» құрастыру)

1 Жүргізуші: Балалар тақпақтары

Қуандырып біздерді, Қыстың жақын қалғанын,

Мерекелі күз келді. Жапырақтар білгендей.

Ай жапырақ сары алтын, Желмен ұшып барады,

Айналаның бәрі алтын. Жерге қонып үлгермей.

(Ясмина) (Ағын)

Мейірлі күз мырза күз, Қара бұлт қабағын түйеді,

Сыйлығыңа ырзамыз. Боталарбоз қырау киеді.

Аппақ арай таңында, Осы ма, осы ма , күз деген,

Шомыламыз нұрға біз. Бақшаға баратын бізбенен.

(Жұлдыз) (Заңғар)

Көбейді құт береке, Алтын, сары, қызыл, көк,

Астық толы қоймамыз. Алуан- алуан жапырақ.

Құтты болсын мереке, Күзгі бақта күлімдеп,

Алтын күзді тойлаймыз. Көз тартады атырап.

(Инкар) (Надия)


Жетті желмен Алтын күз, Күзде дала жаурайды,

Жеміс жинау салтымыз. Көкте бұлттар аунайды.

Жиып теріп болған соң, Бұтағынан үзіліп,

Той жасайды халқымыз. Жапырақтар саулайды.

(Толғанай) (Р. Дильназ)

Көк аспаны мөлдіреп, Ой балалар , балалар,

Алтын күзім елжіреп. Қоңырқай күз болыпты.

Асыр салып жүре бер, Гүл жапырақ салыпты,

Сары көйлегің желбіреп. Ел егінін орыпты.

(Аяулым) (Т. Дильназ)

Құстар қайттты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

(Шапағат)


2 Жүргізуші: Осымен құрметті қонақтар, балалар бүгінгі «Алтын күз» атты отбасылық сайысымыз, қызықты ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет!




















hello_html_23b845fd.jpg
























Жаңа жыл 2016 жыл!

«Көңілді Машалар мен аңдар »

Әсем безендірілген зал ішінде шырша, шырша түбінде аю ұйықтап жатады.

Көңілді әуенмен залға қоян, орман аңдары болып киінген ұл балалармен кіріп, аюдың жанына барып:

-Аю, тұрсаңшы, не ұйықтап жатырсың? –дейді.

Аю:

-У,У,У не болды? Сендер кімсіңдер? Неге, қайда келдіңдер?

Балалар:-Біз орман жануарларымыз, Жаңа жыл мерекесіне келдік.

Аю:

-Жақсы болды ғой, тамаша, жаңа жыл басталғанша, бәріміз отырып карта ойнайықшы.

Барлығы жерге шеңбер құрып отырып, карта ойнауға кіріседі.

Осы кезде шырша артынан Машаның дауысы шығады. (аудио дауысы шығады).

Аю қорыққанынан:

-Ол Маша ғой, жинаңдар тез карталарды – дейді де, барлығы карталарды жинап, қаша жөнеледі.

Осы кезде шырша артынан анасымен 10 кішкентай Машалар атып, шығады (қолдарында үлкен кәмпиттері бар)

1.Би «Дети, зубы берегите » , (Машалар биі)

Машалардың анасы:

Ақ қар басып жер көкті,

Қыраулы қыр төрлетті.

Көптен күткен мереке

Жаңа жыл да кеп жетті.

Армысыңдар, ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар, ата- аналар !

Жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіздер.

Осы кезде залға алқынып маймыл кіреді:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен жолда Аяз Ата мен Ақшақарды көрдім, осында келе жатыр екен. Мені осы 2016 жыл белгісі екенімді біліп, тапсырма берді. Бәріміз орындайық, маған көмектесесіңдер ме?

Барлығы: - Әрине, көмектесеміз.

Маймыл:- Ендеше мына жәшікте шырша ойыншықтары бар екен, Аяз Ата келгенше шыршамызды безендірейік . Көңілді әуенмен барлығы шыршаны безендіреді.

Аю: - Ал енді, балалар Аяз Атамыз келгенше бір ән айтып жіберейік:

2.Ән «Аяз Ата» Муз: Ө. Байділдаев , сөзі : Н. Айтов.

Аю: - Енді , балалар Аяз Атамызды шақырайықшы!

Балалар: - Аяз Ата, Аяз Ата, Аяз Ата.

Залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді.

Аяз Ата:

Алқалы топ армысың ,

Балаларым бармысың.

Ата менен анаңның

Алдыңдар ма алғысын?

Ақ боранмен алысқам,

Қарлы қыспен табысқам.

Сендер үшін балалар

Ұшып келдім алыстан.

Аю: - Балалар, біздің ортамызға Аяз Ата, мен Ақшақар да келді, олай болса, біз өз өнерімізді көрсетейік. Бірақ ең алдымен шырша шамын жағып алайық, одан кейін ойын ойнап шынығып алайық.

  1. Ойын: «Аққаланы киіндір».

hello_html_6cb31b85.jpg

Аю: - Аяз Ата, ал енді біздің Машаларымыз бен аңдарымыздың сізге арнап жаттаған тақпақтарын тыңдасаңыз.

Аяз Ата: - Әрине, әрине, менің тіпті сыйлықтарым да бар, тақпақ айтқан балаға.






4.ТАҚПАҚТАР.


Әдемілеп біз ілген ,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз. (Инкар)


Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны. (Заңғар)

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жыл да келеді,

Бізге қарай жылыстап (Мәди)


Төрлет енді жаңа жыл,

Үлестір құт береке.

Көп қуаныш ала жүр,

Көп болсыншы мереке. (Жұлдыз)


Жаңа жыл келді,

Азаймасын ән мен жыр.

Ел көңілін көтерсін,

Құтты болсын жаңа жыл! (Шапағат)


Ақша қарға оранып,

Аппақ тонын жамылып.

Аяз ата келеді,

Балаларды сағынып. (И. Ислам)


Жаңа жылың оң болсын,

Басқан қадамың оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын. (Толғанай)


Келді тағы жаңа жыл

Қуантады біздерді.

Құтты болсын, Жаңа жыл!

Құттықтаймыз сіздерді. (Ағын)


Жаңа жырмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрін де. (Надия)


Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық. (Аяулым)








Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын халайық.

Тілеймін бар адамға

Жаңа бақыт, Жаңа жыл! (Ясмина)


Алақай,алақай,

Таяп қалды жаңа жыл.

Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер. (М. Ислам)


Снег идет, снег идет!

Значит скоро Новый год!

Дед мороз к нам придет,

Всем подарки принесет! (Р. Дильназ)


К нам пришел Дед Мороз

Будем веселится .

Будем петь и плясать,

С музыкой кружиться (Трофим)


Новый год, Новый год

Приходи скорее!

И у нас хоровод

Станет веселее. (Т. Дильназ)



Ақ қарлатып, борандатып,

Аяз ата келеді.

Кең пейілмен, мол мейірмен.

Бізге сәлем береді. (Зарина)


Жаңа жылды қарсы алдым

Мінім алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де. (Айзере)


Аю: - Келесі біздің өнеріміз «Көңілді оркестр» деп аталады.

5.«Көңілді оркестр» .(Музыка аспаптарымен ойнайды).

hello_html_7f909ac6.jpg

Аю:- Әнімізді, қабыл алыңыздар!

6.Ән «Ақша қар». Муз: Қ. Қуатбаев, Әні: Қ. Ыдырысов.

Машалар анасы: - Біз аңдарды ізінен танимыз, солай ма балалар?

Балалар: -Иә.

Машаның анасы: - Ендеше «Іздер» ойынын ойнайық.

7. Ойын «Іздер».

hello_html_m7956904f.jpg

Аю: Аяз Ата сіз демалып отыра тұрыңыз, ал біз Ақшақар, Қоян, Машаның анасы , Машалар, аңдар барлығымыз да маймылмен бірге флешмоб билейміз.

8. Флешмоб биі.

hello_html_m23d5a40b.jpg

Аяз Ата: - Рахмет балалар , біз бір ертегілер еліне саяхаттап қайтқандай болдық. Балалар біз Ақшақар екеуіміздің тағы да баратын жерлеріміз көп, сондағы балақайлар бізді тосып қалған шығар, сол жаққа барайық. Билеріңізге, әндеріңізге көп-көп рахмет. Келесі жылы қайта жүздескенше, балалар!

Балалар: -Сау болыңыз, Аяз Ата, Сау болыңыз Ақшақар.

Аю: Зеңгір Көкке жұлдыз болып жанайын

Ай жүзіндей айшықтатып, арайың.

Жанға шуақ , бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын, - дей келе, бүгінгі «Балапан» тобының дайындаған Жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды . Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп-көп рахмет. Біз сідермен қоштаспаймыз, тек келесі кездескенше дейміз.

Аяз-Ата балаларға алып келген сыйлықтарын таратады.



hello_html_5af876e2.jpg





hello_html_m3fffa35e.jpg









«Балапанның ата-анасына»

Баланы жақсы көру мен қорқыту

Кейбір зерттеушілер мен тәрбиешілер бала тәрбиесінің жемістілігі баланы жақсы көруде әрі тәрбие ісіне толық көңіл бөлуде деген (Песталоци, Толстой, Бакуле).

Бала тәрбиесінде әрине ең негізгі ұстаным ол – сүйіспеншілік. Бірақ мамандар жақсы көруде де артық кетпей, тепе-теңдікті сақтау қажеттігін айтады. Өйткені, бала өзін мектепте басқаша, үйде басқаша ұстайды. Бала үшін отбасы мен мектеп, мұғалім мен ата-ананың орны бірдей емес.

Отбасында  балаға көрсетілген шектен тыс сүйіспеншіліктің мектептегі жүйе мен тәртіпті бұзатынына назар аударады. Яғни, тек қана өбектей беру, бүкіл айтқанын істеу, тым ерке, шолжаң, менменшіл етіп өсірудің дұрыс еместігі баршаға мәлім.

Қиындықтың не екенін көрмеген, жоқ дегенді түсінбейтін баланың болашақта еліне сор болатыны белгілі. Қазіргі таңда оның мысалдарын мыңдап көруге болады.  


Автор
Дата добавления 14.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров153
Номер материала ДБ-080448
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх