Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / "Балапан - бақытты балалықтың бастамасы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"Балапан - бақытты балалықтың бастамасы"

библиотека
материалов


«Балапан»-бақытты балалықтың бағдарламасы

  • Саламатсызба құрметті әріптестер! Асқар Қазиханұлы! Роза Каратаевна!

Баршаңызға бүгінгі жаңа 2014-2015 оқу жылына арналған «Тамыз Конференциясы» Құтты болсын!

Творчестволық табыс, қажымас қайрат, отбастарыңызға амандық тілеймін! Ал, жаңадан келіп, педагогтар қатарына еніп жатқан жас мамандарға болашақта тек ғана үлкен жетістіктерге жетіп, бар белестердің асуларынан көріне берулеріне шын жүректен тілектеспін!

«Адамның бір қызығы бала деген» деп данышпан Абай атамыз айтқандай, адамға перзент сүюден, оның өмірден өз орнын табуына ықпал етуден артық бақыт бола ма. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп данагөй бабаларымыз өсиет еткендей. Соңғы жылдары қазыналы түбекте жүзеге асып жатқан небір игі істердің арасынан болашағымыз балаларға деген қамқорлық пен қолдау орны ерекше екендігін анық байқауға болады. Олай дейтініміз, осы салаға бөлініп отырған қаржы молая түсті. Оның қайтарымы мен жемісін көріп-ақ келеміз. 

«Ел болам десең-бесігіңді түзе» деген ата-бабамыз ертеңгі күннің егелері жас ұрпақтан зор үміт күтіп, ертеден-ақ баласының бабын жасауға барын салған. Келешек иелеріне деген қамқорлық қазіргі таңда да қажетті деңгейде жасалуда. Бұл үшін елімізде жарқын бастамалар мен бағдарлы бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі «Балапанның» бастамасымен жер-жерлерде көптеген балабақшалар бой көтеріп, балғын балақайлар күлкісімен көмкерілуде. «Балапан»-бақытты балалықтың бағдарламасы. Талайлардың қуанышына себепкер болған «Балапан» бағдарламасы Қобда ауданында да жүзеге асырылуда.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі  «Балапан» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы  1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының   2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген.

Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім жүйесі болды, ол 7 жасқа дейінгі балалардың шамамен 70 %-ын қамтыды.


Бұл өмірдің базары да, ажары да біздің бүлдіршіндеріміз. Өмірге сәби келгенде бір түп артығымен өседі деп айтып отыратын үлкендеріміз отбасында көп балалалы болуды дұрыс деп санаған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің ағымдағы жай-күйін талдайтын болсақ:

 Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамытуға мүмкіндік береді. Азаматтар мен отбасыларын әлеуметтік қолдауды реттейтін заңнамалық база жетілдірілуде. Мектепке дейінгі балалық шақтың толық дамуын қамтамасыз ететін нормалар қабылданды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында 2008 жылы Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті білім беру стандарты әзірленді және бекітілді. Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті білім беру стандартының танымдық саласын іске асыру мақсатында білім беру процесінде сараптаудан өткен және балалардың оқуына рұқсат етілген 300-ден астам әдебиеттер пайдаланылады. Сөйлеу, ойлау қабілеттері, екі жағынан және мінез-құлқы бұзылған және дамуында басқа да ерекшеліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды топтық және жеке психологиялық-педагогикалық алып жүру бағдарламалары әзірленді және сынақтан өткізілді.

Елбасы Жолдауы жолдарынан - «Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек. Сіздер білесіздер, мен басты міндеті балаларымыздың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру болған «Балапан» бағдарламасы бастамасын көтердім. Ол жүзеге асырыла бастаған сәттен бері 3 956 жаңа балабақша мен шағын орталықтар іске қосылды.  Туу көрсеткішінің жоғарылығын, жалғасып жатқан демографиялық өсімді ескере келе, мен «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдадым. Үкімет пен әкімдердің алдына балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100 % қамтуға қол жеткізу міндетін қоямын».

Алқа мәжілісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева да бұл саладағы проблемаларды алға тартты. «Бүгінгі статистика балабақшалардағы орын тапшылығы жыл сайын орташа алғанда 10 пайызға өскенін көрсетіп отыр. Қазірде балабақшаларда орын жоқ. 362 мың бала кезегін күтіп, үйінде отыр. Ойлай беріңіз, сонда осыншама ата-ана жұмысқа шыға алмай, жіпсіз байланып отыр деген сөз. Мемлекет қаншама жұмыс күшін жоғалтып отыр», — деді Мәжіліс депутаты. Дариға Назарбаеваның айтуынша, аталған мәселені шешудің ең жылдам әрі тиімді әдісі — жекелеген инвестициялар тарту, мемлекеттік-жекеменшік байланысты дамыту.

Рахима Жамансаринамен «Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы: Үш жылдың жемісі: 141 балабақша мен шағын орталық. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Балапан» бағдарламасының нәтижесінде, үш жылда 14 323 бүлдіршін балабақшаларда тәрбиеленуге мүмкіндік алды. Осы үш жылда облыста жалпы 141 балабақша мен шағын орталық ашылды. Бұдан бөлек, 2005 жылдан бастап облыс бойынша бұрын балабақша ғимараты болған жалпы 38 нысан мемлекетке қайтарылып, балабақша ретінде қайта ашылды.

Қазір облыстағы 42 264 бүлдіршін балабақшалар мен шағын орталықтарда тәрбиеленіп жатыр. Жалпы облыс бойынша 517 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның 242-сі — балабақша, қалғаны — шағын орталықтар. Нәтижесінде мектеп жасындағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу көрсеткіші де жақсарды. 3 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту үлесі — 64,9 пайыз (республикалық көрсеткіш — 47,2 пайыз). Ал «Балапан» бағдарламасы бойынша, яғни 3-6 жастағы бүлдіршіндердің қамтылуы — 85 пайыз (республиканың үлесі — 70,6 пайыз), — дейді Рахима Жамансарина.

Қазіргі уақытта «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз», «Мектепалды даярлықтың жалпы білім беру бағдарламасы» негізгі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының, сондай-ақ «Балбөбек», «Қайнар» және т.б. баламалы бағдарламалардың мазмұны жаңартылуда.

Қоғамымыздың барлық саласында болып жатқан жаһандық қайта құру мемлекетіміздің болашақтағы зияткерлік әлеуетін айқындайтын және оның өсіп-өркендеуіне жағдай жасайтын білім жүйесін де бейжай қалдырмады.

Халықаралық тәжірибе заманауи білім берудің өзекті міндеттерінің бірі мектепке дейінгі жастағы зияткерлік тұрғыдан дамыған балаларды анықтау, оқыту мен тәрбиелеу болып табылатынын көрсетеді.

Мәселен, Ресейде, Жапонияда, Финляндияда, АҚШ-та, Қытайда және т.б. дамыған елдерде әл-ауқаттың артуы ерте жастан бастап балалардың зияткерлік дамуына капитал салуымен байланысты. Осы мемлекеттердің бәрінде жаңа үлгідегі ұйымдардың желісі – мектепке дейінгі зияткерлік ұйымы арқылы іске асырылатын зияткер дамыған баланы тәрбиелеуде жаңа ақпараттық технологиялар мен ғылым жетістіктері пайдаланылады.

Балалардың жалпы және арнайы зияткерлік қабілеттері зияткерлік пен креативтілік арақатынасы тұрғысынан В.П. Зинченко, П.Я. Гальперина,
А.Н. Леонтьева, М.А. Холодной, А.М. Матюшкина, Д.Б. Богоявленской,
Б.М. Теплова, С.Д. Бирюкова, А.Н. Воронина, Л.А. Венгер және т.б. Ресей ғалымдарының еңбектерінде айқындалған.

Американдық психолог Брайан Дж. Кэрролл балалардың қабілеттерін зерделеу мен өлшеу кезінде олардың танымдық іс-әрекетіндегі орнын айқындау қажеттігін, яғни әрбір балаға оның жеке дамуы үшін жағдай жасау керектігін көрсетті.


Бағдарламаны іске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:

1-кезең – 2010 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың 55 %-ына;

2-кезең – 2011 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың 65,4 %-ына;

3-кезең – 2012 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың 71,5 %-ына;

4-кезең – 2013 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуың 72 %-ына;

5-кезең – 2014 – 2016 жылдары балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың 80,2 %-ына;

6-кезең – 2017 – 2018 жылдары – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың 82,7 %-ына;

7-кезең – 2019 – 2020 жылдары – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың 100 %-ына қол жеткізу.

«Балапан» бағдарламасы шеңберінде республикада балалардың 71,5% мектепке дейінгі біліммен қамтылды, деп мәлімдеді ҚР Білім және Ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов педагогтардың тамыз кеңесінде.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі А.Саринжиповтың айтуынша: - «Мектепке дейінгі білім берудің сандық көрсеткіші өсуде, 3-6 жастағы балаларды қамту ауқымы 70 пайызды көрсетіп тұр. Осы жұмысты жалғастыру қажет, бірақ бағдарламаның сапасын көтерумен қатар, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру. Бұнда, біз алға қойған міндетіміз "Балапан" бағдарламасы бойынша 2016 жылға 80 пайыз көрсеткішіне жету. Сәйкесінше, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 10 мыңға өсуі. Статистикалық деректерге сүйінер болсақ 2020 жылға жаңа бала туу тұрақтанады. Сәйкесінше, бала саны мектепке дейінгі ұйымдарда және бастауыш мектептептерде ұлғая түседі, 2025 жылға тұрақтанады».


Қобда ауданы бойынша ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«Балапан» бағдарламасы аясында Қобда ауданында 8 балабақша ашылып онда 125 бала қабылданды. Мәселен 2011 жылы Қобда ауданы Талдысай ауылында мектеп-балабақша кешені атауымен мектеп жанында 50 орындық «Болашақ» бала-бақшасы ашылды, ал 2013 жылдың 1 сәуірінен өз бетінше мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Гаухар» бөбекжайы болып бөлініп жұмысын бастады.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.08.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров232
Номер материала ДБ-160269
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх