Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / "Балғын бояу" сайыс сабақ

"Балғын бояу" сайыс сабақ



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

«Балғын бояу»


Сыныптан тыс сайыстың мақсаты: Оқушыларды бейнелеу өнері туралы білімдерін жетілдіру және олардың ұшқыр ой, әсемдік талғам, белсенді біліктілік, шеберліктерін дамытуға ықпал ету.

Көрнекі құралдар: сайыс тақырыбы, өнер жайлы нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: еңбек, ана тілі.

Сайыстың барысы:

1-жүргізуші:

Көктемдегі наурыз айы кең даламыз,

Өнермен мерекелеп қарсы аламыз.

Көктемнің алғашқы мерекесін

Сурет салып, ән айтып қарсы аламыз.


Армысыңдар сайыстың көрермені,

197 мектебінің өрендері.

Алдарыңа келіп тұр пәк көңілмен,

«Балғын бояу» сайысының шеберлері.


2-жүргізуші:

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып шығар.

Сегіз қырлы, бір сырлы құрбы достар

Кезі келді өзін-өзі таныстырар.


Сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық.

4 «ә» класының «Қарындаш» тобы.

«Қарындаш» тобы:

Біздің есім «Қарындаш»,

Өнерсіз бала қарны аш.

Сайысқа келген достарым,

Сурет сал, міне қарындаш.


4 «в» класының «Бояулар» тобы.

«Бояулар» тобы:

Көрікті ашық бояумыз.

Өнерге ғашық баламыз.

Бәрінің өңін келтірер

Сурет болмас бояусыз.


1-жүргізуші: Сайысқа қатысушы әділқазы алқасын таныстырып өтейік.


2-жүргізуші:

Қане енді «Балғын бояу» сайысын бастайық.

Сайыстың бағдарламасы:

1. Үй тапсырмасы.

2. Ашықхатты безендіру.

3. «Ою ойғанның ойы ұшқыр.

4. «Табиғатты бейнелейміз» топтық сурет.

5. «Сан сұраққа саяхат».


1-жүргізуші:

Сайыстың алғашқы бөлімі «үй тапсырмасы» бойынша топтардың дайындап әкелген жұмыстарын көрейік.


2-жүргізуші:

Сайыстың келесі шарты – ашықхатты безендіру. Әрбір топ 8 наурыз – Аналар мейрамына арнап мерекелік ашықхатты әсемдеп безендіреді.


1-жүргізуші:

Тұскиіз төрде ілінген,

Оюы қандай әдемі.

Өрнегі ашық білінген,

Ұлттық бұйым кәделі.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер, ой керек.

Босқа мақтанып жүрмеңдер,

Қиюға епті жан керек.

Келесі байқау «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп аталады. Топ мүшелері ою ойып жарысады.


2-жүргізуші:

Түрлі-түсті келбеті

Қандай әсем жер беті!

Алуан бояу баулары,

Аппақ басты таулары,

Жасыл жайлау, орманы,

Қырмызы гүл қырлары,

Сары алтындай құмдары,

Бозғылт селеу белдері,

Көкшіл мөлдір көлдері,

Сұрғылт шағыл шөлдері,

Бұйра толқын теңіз көк,

Ашық аспан теңбіл көк,

Түрлі-түсті келбеті

Қандай әсем жер беті!

Келесі сайыс түрі «Табиғатты бейнелейміз» деп аталады. Әрбір топ қағазға табиғат көрінісін топ мүшелері бірігіп орындайды.


1-жүргізуші:

Келесі сайысымыздың шарты – «Сан сұраққа саяхат» деп аталады. Топтар бейнелеу өнері жайлы сұрақтарға жауап береді. Әрбір оқушыға бір сұрақтан беріледі.

Сұрақтар:

1. Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді? (5 түрге бөлінеді)

2. Бейнелеу өнері түрлерін атап беріңдер.(графика, кескіндеме,

мүсін өнері, сәулет өнері, қолданбалы-сәндік өнер)

3. Суға езілетін қандай бояу түрлерін білесіңдер? (акварель, гуашь)

4. Бояу түрлері қандай түстерге бөлінеді? (жылы, суық түстер)

5. Хайуанаттар бейнеленген шығарма қалай аталады? (анималистік

жанр)

6. Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (көкжиек

сызығы)

7. Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)

8. Табиғат көрінісін бейенелеген шығарманы қалай атаймыз?(пейзаж)

9. Қалам, тушьпен салынған өнер не деп аталады? (графика)

10. Адам келбетін бейнелейтін шығарманы қалай атаймыз? (портрет)


2 жүргізуші: Осымен «Балғын бояу» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айтуға сөз кезегін әділқазы алқасына бермекпіз.

Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-532856

Похожие материалы