Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Бандама тақырыбы: "Бала тәрбиесі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Бандама тақырыбы: "Бала тәрбиесі"

библиотека
материалов

«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі

аралықта әр адам өзінің рухани дамуына

қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»

Ы.Алтынсарин

 Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие – балалардың адамгершілік-сана сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілділік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің сатылап қамтитын жүйелі мәселесі
   Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.
   «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы – балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені, ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені. Демек, жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ. Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзін-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
   Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.
   Халық педагогикасы – нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті – халық педагогикасында, ұлттық дәстүрінде.
   Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және

оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.
   Ата-бабамыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
   Балаларды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық көрсету, адалдылық, ізеттілік секілді қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашан да халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз болар еді. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиетті мол адамшылдық атаулының көрініс болып табылады. Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
   Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың  болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», - депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, Һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. «Еліміздің күші – патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз – адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек – ұлы жеңіс болары анық.
   Адамға ең қиыны – адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Ал, адамгершілік қасиет осы екі арадағы қасиеттердің тек жағымды жақтарын ұрпақ тәрбиесінің бойына сіңіре білу болып табылады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған бұтақ кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, тәрбиеші істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен бірте қайнасып жетіледі. Сондықтан да адамгершілік мәнін абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелігімен ғана байланыстыруға болмайды.

Адамгершілік тәрбие оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады.

Адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста баланың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарында көзге түседі.

Балалардың мінез-құлқы мен тәртібін тәрбиелеу үшін бағдарламалық тәрбие міндеттеріне, олардың күші мен мүмкіндігімен сәйкестендірілген қолайлы жағдай тудыруға назар аудару қажет. Балабақшадағы заттарды пайдалану мен оларды күтіп ұстаудың, сақтаудың берік тәртібі, өзін қоршаған ортаның ұйымдастырылған өмір ағымы, айналадағы заттардың реттілігі болуы керек.

Балабақшадағы ұйымшылдық, реттілік, тәртіптілік оларды жақсы дағдыларға тез қалыптастырады. Себебі, балалардың тәтібіне педагогикалық әсер ету ғана емес, өзін қоршаған ортаның жинақылығы, балабақшадағы жұмыстың дұрыс жолға қойылуы да тиімді әсер етеді.

Баланың тәртібіне белгілі талаптар қою олардың орындалуын бақылаумен ұштасады. Бақылаудың әлсіреуі балаға тәртіп бұздырады. Талап пен бақылау тәрбиешінің берген бағасы арқылы бекітіледі, ол балалардың іс-әрекетінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін тануға, тәртіп ережелерін игеруге мүмкіндік жасайды.

Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиеші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама (инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды.

Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. Бала өзінің тентектік, қателік жасаған кездегі реніші немесе наразылықты көргенде толқуды бастан кешіреді, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шыраймен қараса оған қуанып, жақын адамдарының ризашылдық білдіруінен рақат алады. Эмоциялық әсерлену: жақсы қылықтарына, үлкендердің мақтауына риза болу, өзінің орынсыз қылықтарынан: үлкендердің ескертуінен, наразылығынан ұялады, қапалану, уайым жеу оның адамгершілік сезімдерін қалыптастырудың негізіне айналады. Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің айқын көрінуі болып табылады. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.

Бала ата-ананың қамқорлығы мен махаббатына, олардың қарым-қатынасы мен еркеліктеріне мұқтаж. Ата-ананың балаға деген махаббаты мен олардың қамқорлығы баланың да жауапты үн қатуын шақырады, бала ата-ананың сөзіне құлақ салып, тәрбиелі болып өседі. Егер бала махаббат пен қамқормен бөленсе, ол өзінің қандай екеніне қарамастан жақсы көретінін, өзгелер үшін қажетті де, сүйікті жан екенін түсінсе, ол өзін қорғанған, біреуге қажеттілігін түсінеді. Осының бәрі оның мейірбан болып өсуіне жақсы ықпалын тигізеді.

Адамгершілік тәрбиесінің маңызды заңдылығы балаларды ұжымда тәрбиелеу заңдылығы. Ұжым – бұл баланың жеке басын қоғамдық бағытта қалыптастыру мектебі. Мұнда оның жеке қасиеті, қабілеттілігі және адамгершілік сапалары неғұрлым айқын көрінеді. Адамның адамгершілік тазалығы ең алдымен оның әрекетінде көрініс табады. Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы дүниеге, іс-әрекетке көзқарасын: көмек көрсетуге, нәтиже шығаруға, құрбыларына қамқорлық жасауға, рахымдылыққа, қарапайымдылыққа, еңбек етуге ұмтылуын көрсете алады. Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр баланың мінез-құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балаларды бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді міндеттейді. Бұл заңдылықты іс жүзінде қолдану тәрбиешінің мейірімділікті балалардың жеке ерекшеліктерін, адамгершілік тәжірибесін, дамуы мен мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді. Мұның өзі олардың ұсыныстарын, идеялары мен ұмтылыстарын басып тастамай, адамгершілік мінез-құлықтың, тәртіптіліктің негізін қалыптастыруға, топта орнатылған тәртіпті құрметтеуге мүмкіндік береді. Өз кезінде тәрбиешіден ұстамдылық, шыдамдылық, орынды қатаңдық, тәрбиеленушілерге құрметпен қараушылық талап етіледі. Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі заңдылығы жеке адам дамуы үдерісінің біртұтастығы ұғымынан туады. Ол адамгершілік тәрбие құралдары мен әдістерін таңдап алуда кешенді қатынасты талап етеді. Тәрбиелік ықпал жасаудың мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық әсер тудыра ма, түсінікті бола ма, айналадағы өмір құбылыстары туралы белгілі бір ұғымдарды, сондай-ақ іс-әрекет түрткілерін қалыптастыра ма, саналы мінез-құлыққа тәрбиелей ме деген мәселелерді ескерген жөн. Балалар бақшасында және жанұяда балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі мінез-құлық дағдыларын бекем меңгеруді, баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»,- деп атап айтқан.

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін білім салаларының өзара байланысы арқылы қалыптастыру ды мақсат еткен бұл ғылыми жұмысымның негізгі міндеттері: ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау; ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану; ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе отырып тақырыптар қою; білім салаларының байланысы негізінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде СТО стратегияларын тиімді қолдану; ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтиже көрсеткіштерін шығару.

Алдымен «Ертегі дегеніміз не, оның құрылымы қандай?» - деп, ертегінің пайда болу тарихына талдау жасап көрейік.

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.

Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаһармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф – хикаяға, содан соң ертегіге айналады.

Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі – рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі" - деп анықтама береді [2].

Жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. 12 жылдық мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында білім беру процесінен күтілетін нәтиже ретінде оқушының бойында қалыптасатын құзіреттер қатары анықталған.

Құзыреттілік – балалардың іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білімнің нәтижесі, оны өмірде қолдана алу қасиеті. Құзыреттілік адамдардың қарым-қатынас жүйесін игеріп, өзара іс-әрекетке қосылу барысында қалыптасады. Сонымен қатар, құзыреттіліктер арқылы жеке тұлғаның өмір байлығы, ақыл тереңдігі, күйіну-сүйіну қалпы, қиялдауы, ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады.

Жалпы құзыреттіліктердің негізі мектепке дейінгі жаста қалыптасатын болғандықтан, тәрбиешілердің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі – тұлғаның танымдылық құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық, практикалық шарттарын негіздеу болып табылады.

Танымдық құзыреттілік – бұл жеке басына маңызы бар және әлеуметті қажетті танымдық мәселелерді шешудегі баланың өзі басқара алатын, сол мәселені шешу барысында бала белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болу.

Танымдық құзыреттіліктерді қалыптастыруда ертегілердің алатын орны ерекше.

Тәрбиеші еңбегінің объектісі – бала, ол табиғаттың бір бөлігі, бір жүрегі. Баланың да өзіндік пікірі, көзқарасы, психологиялық ерекшеліктері бар, олар педагогикалық ықпалды өзінше қабылдайды. Сондықтан да, ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологиялардың атқаратын орны бөлек.

Ғалым академик В.М.Монаховтың пікірінше «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі»[1].

Педагогикалық технология – педагогтің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – баланың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету.

Мен «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы 1990 жылдан мектеп тәжірибелеріне ене бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» халықаралық жобасы технологиясын қолданып келемін. Тәжірибені жүйеге келтірген: Джинни Стилл, С.Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясының мақсаты: мектеп жасындағы балаларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарымнан бір пікірдің біреуін таңдап, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Бол жобаның ерекшелігі сабақ барысында қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінде, көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйрететін стратегиялар бойынша ұйымдастырылады. Негізінен, стратегиялар мектеп оқушыларының жас кезеңдеріне арналған, ал оларды мектепке дайындық тобы балаларының жас ерекшеліктеріне бейімдеп қолдану тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру бағытында СТО стратегияларын қолдана жүргізіп отырған жұмыстарға талдау жасасам:

1. Ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау.

Пәндік дамытушы ортаны ұйымдастыру талаптарында орта көп функционалды, вариативті, қарқынды, жасына сай дамуының ерекшелігін және мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерінің ауысып отыратындығын есепке алып құрылуға тиіс. Сондықтан да, дамытушы ортаны ертегілер кейіпкерлері арқылы жасақтау балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлап, өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезіндіреді.

Дамытушы ортаны ұйымдастыруда театр түрлері ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.

2. Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану.

Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, ертегілермен балаларды таныстыру, олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі ертегі кейіпкерлерін табиғи күйінде қабылдайды.

Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалануда «Егер де мен…» стратегиясын қолдандым. Бұл стратегия бойынша көрнекілік ретінде алынған ертегі кейіпкерлерінің орнына өздерін қойып «Егер де мен «Алтын балық болсам …» деп, ертегінің соңын өз еркінше аяқтау баланы қиял әлеміне самғатып ойлануына мүмкіндік береді, шығармашылыққа жетелейді.

3. Ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе отырып тақырыптар қою.

Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала кейіпкердің жағымсыз әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу тәрбиешінің шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.

«Бауырсақ» ертегісі мазмұны бойынша бөлімдерге бөліп, тақырыптар қоюда «Ой шақыру» стратегиясында ертегі мазмұны суреттері бойынша сұрақ-жауап қолдану арқылы ертегінің баяу басталып, оқиға желісі күрделене түсетінін, яғни ертегіде оқиға желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болатынын түсініп ажырата алады.

4. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді қолдану арқылы пәндік байланысты іске асыру. Барлық білім салаларында ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Пәндердің өзара байланыс деңгейі балалардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарда пәнаралық байланыс мәселесі барынша терең зерттеуді ұсынған Н.Н.Светловская болып есептеледі. Ол өзінің мақалаларында «Интеграция – іс-әрекеттің кезектесуі, балалар меңгерген қарапайым білім немесе іс-әрекеттің бір пәннен екінші пәнге ауысуы. Балалардың білімдерін бекіту үшін оқыту процесін шапшаңдау» деп есептейді.

Балабақшада пәнаралық байланысты жүзеге асырудың бір жолы – білім салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін бір тәрбиеші арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша білімнің жинақталуы яғни, әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу. Мысалы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша білім салаларымен байланыста «ЖИГ СО – ұжымдық оқыту» стратегиясын қолдануда әртүрлі пәндер бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, оқу-танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелеуде маңызды болды.

«ЖИГ СО – ұжымдық оқыту» стратегиясы. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл стратегияны қолдану төмендегіше ұйымдастырылды. Балалар 5 баладан тұратын 5 топқа бөлінді. Бұл «жанұя» топтар деп аталды. Содан кейін 1, 2, 3, 4, 5-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4, 5-өз алдына «жұмыс» тобы құралды. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша 5 топқа білім салалары бойынша төмендегідей тапсырмалар берілді. Жұмысты бастамас бұрын балаларға «жұмыс тобында» тапсырманы жақсы орындау қажеттілігі ескертіледі. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша «жанұя» мүшелерінің жұмысы арқылы білім салаларының өзара байланысы орнады.

ЖИГ СО стратегиясында балалардың тапсырманы орындауға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.

СТО стратегияларын қолдану балалардың білім салалары бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, оқу-танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді:

- қоршаған әлемге көзқарасы, дүниетанымы жеке-жеке бөліктерден емес, біртұтас жүйе негізінде қалыптасады;

- пәнаралық байланыс нығайып, уақытты үнемдеу арқылы практикалық білім алуға көп көңіл бөлінеді;

- балалардың шығармашылық қабілеті дамиды.

- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіреді;

- кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттері дамиды.

Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп, дамып отырады. Пәнаралық байланыстың мәні мен маңыздылығына, оның ең қажетті педагогикалық іс-әрекеттің бірі екендігін айта келе мынадай қорытынды жасауға болады: пәнаралық байланыс балабақшада жан-жақты тәрбие беруді комплексті түрде жүзеге асыра отырып, педагогикалық іс-әрекеттің, еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Мектепке дейінгі ұйымда пәндер арасындағы өзара байланысты әрдайым ұйымдастырып, жүргізіп отыру – балаларға қарапайым ғылымдар негізін игерудің, сонымен бірге білім беруді дамытудың қажетті әрі келелі шарты.

Ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтижесі.

Денсаулық білім саласы бойынша:

• Сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына ертегі кейіпкерлерінің жүрісін қолданады.

• Негізгі қимыл жаттығуларында берілген қимылға сәйкес аңдар тапсырмалары орындалады.

• Эстафеталық ойындар сайысын өткізуде аңдар керуені ұйымдастырылады.

Қатынас білім саласы бойынша:

• Ертегілердің мазмұнына қарай: тұрмыс-салт, хайуанаттар, қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінетінін ажыратады.

• Сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді және ертегі мазмұнын құрастырады.

• Кейіпкерлендіретін ертегінің мазмұны мен мәтінін толық меңгереді.

Таным білім саласы бойынша:

• Ертегінің кейіпкерлері денелерінің көлемін салыстырып, «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырады.

• Ертегі кейіпкерлерін түр-түстері бойынша сипаттайды.

• Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлерін құрастырады.

Шығармашылық білім саласы:

• Жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетеді.

• Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрландырылған көрініс дайындайды.

• Музыка іс-әрекетінде ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын ноталық дыбысталу арқылы қайталатады.

Әлеуметтік білім саласы:

• Ертегілер мазмұны арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиеленеді

• Ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра біліп, жақсы мен жаман іс-әрекеттерді ажыратады.

• Айналадағы қоғамдық өмір, өлі және тірі табиғат арасындағы байланысты ажыратады.


«Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан!»атты Қазақстан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт-бағдарын анықтап, айқындап берген болатын –елбасы Н.Назарбаев.
Сондықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда педагогикалық қызметкерлер алдында үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын көрсетеді. Алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде.
Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ұлттық тәрбиенің алатын рөлі зор. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне ерте заманнан-ақ өзінің жиып – терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен көңіл аударған. Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, өмірге нәресте келгенде оған лайықты ат қойып, бесікке салып, тұсау кесер рәсімдерін жасап, өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін, өзінің шыққан тегін, халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген.
Демек, жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орын ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі «ертегілер».
Ертегілер- халқымыздың тұрмыс- салтын, арман- үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі. Ертегілердің білім мен тәрбие беру саласында маңызы өте зор. Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегілерді оқып беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Әрбір ертегіні оқып беріп, таныстыру арқылы танымдық қабілеттерін арттыруға болады. Балабақшадағы жоғарғы топтарда өткізілетін әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді негізгі динамикалық қозғаушы күш яғни дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалануға болады.
Сонымен қатар өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу әрбір әдіскер мен тәрбиешінің міндеті болса, ертегілерді әртүрлі сабақтарда өз ретімен қолдана білсе тәрбиеленушілерді жан-жақты дамытуда ертегінің аса зор мәні бар екенін айқындайды. ҰОІӘ барысында ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра білу бойынша жақсы деген немене?, жаман деген немене? екендігіне көзін жеткізеді. Ертегілердің балабақша тәрбиеленушілерімен өткізілетін ұоіә-де қолданылу аясы. Өз тәжірибемде мектеп жасына дейінгі балаларға ертегіні ең алдымен тыңдатамын, сонан соң тыңдаған ертегінің мазмұнын сұраймын, тіл байлықтарын арттыру мақсатында түрлі көңіл- күй көтеру ойындарын өткіземін. Ендеше, сол ертегілерді әр сала бойынша қалай қолдануға болатындығына тоқталып өтсем: Мысалы «Көркем әдебиет» саласында ертегіні оқып, мазмұнымен танысып, негізгі ойын анықтасақ, енді математика сабағында осы ертегі кейіпкерлерін пайдаланып денелердің көлемін салыстыруды, атап айтсақ түйе мен тышқанды, қой мен сиырды салыстыру арқылы «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырып, таныстыруға болады.
Ал, шығармашылық саласына келетін болсақ, ертегі кейіпкерлерін музыка сабағында пайдалану тәрбиеленушілердің есте сақтау және дыбыстау қабілеттерін арттырады. Егер тәрбиеші ертегіні өзі оқығанда қызықсыз болады десе түрлі дыбыстық дискілерге жазып әкеліп оқуға болады. Ондай жазбалар музыка пәнінде балалардың есту қабілеттері мен дауыс ырғағын қайталауын (ритмдерді таңдауын) арттыруға көмектеседі.

Мысалы:
«Мақта қыз бен мысық» ертегісін тыңдату арқылы, ертегідегі мысықтың көңіл күйін,әрбір кейіпкердің дауысын салып, қимыл қозғалысын қайталатуға болады. Музыка сабағында дыбысталу ырғағын үйрету арқылы баланың дене мүшелерінің дұрыс шынығуына да әсер етуге болады. Мысалы: «Не қалай дыбыстайды» ойынын ойнату арқылы балаларға аңдар мен жануарлардың қалай дыбыстайтындығы бойынша балалардың жақ сүйектерінің дұрыс қалыптасуына, есту, тілдерінің дұрыс дамуына әсер етеді. Ол үшін музыкадан ноталық сауатты яғни жеті нотаны дұрыс айтып үйреткен дұрыс.
Ал, музыкалық орталықтан «Қарға мен бұлбұл» ертегісін тыңдату бойынша қай құстың әні мұндай ноталар арқылы дыбыстық қайталаулар (распевкалар), балалардың есту қабілеттерін дамытуға болады. Сонымен бірге аяқ, қол қозғалыстары арқылы жасалатын сергіту сәттерінде музыкалық ертегі кейіпкерлерін алуға болады
Буындары сыртылдап, тағы сол сияқты айтқанда дауысының әдемі естілетіндігін есту сезім мүшелері арқылы тез айырады.Сабақты қорытындылағанда жағымды дауысты құстың астына ақ белгімен , ал жағымсыз құстың суретінің астын қара белгі қойғызуға болады. Бұл түс суық түстер мен жылы түстерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыруға да көмектеседі. Сонымен қатар ертедегі жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді, жылы және суық түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетуге болады. Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін, жапсырмалау арқылы театрланған көрініс дайындауға болады. Көркем әдебиет және тіл дамыту сабақтарында ертегінің алатын рөлі ерекше, себебі тәрбиеші ертегі мәтінін осы кезде оқып, таныстырады. Ертегілердің мазмұнына қарай қандай топтарға бөлінетіндігін де таныстырып айта кеткен жөн. Сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге және ертегі мазмұнын құрастыру балалардың шығармашылық қаблеттерін арттыруға көмектеседі. Ертегі халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлімдерінің бірі екенін ескерсек, олардың бала тәрбиесіндегі яғни жас бүлдіршіндерді адамгершілікке, имандылыққа, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезіміне баулуға тәрбиелейді.
Балабақша тәрбиеленушілерінің даму сатысының іргетасы міне осы мезгілден қалыптасып, түзелу процестері жүргізіле бастайды. Бұл уақытта тәрбиешінің іс-әрекеті жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Олардың қызығушылығын ынтасын ояту арқылы, зерттеушілік іс-әрекеттерін туғызуға болады. Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан –жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі- «ертегілердің» бала тәрбиесіндегі маңызды орынын көрсетуге болады.

Тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»,- деп атап айтқан.

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін білім салаларының өзара байланысы арқылы қалыптастыру ды мақсат еткен бұл ғылыми жұмысымның негізгі міндеттері: ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау; ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану; ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе отырып тақырыптар қою; білім салаларының байланысы негізінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде СТО стратегияларын тиімді қолдану; ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтиже көрсеткіштерін шығару.

Алдымен «Ертегі дегеніміз не, оның құрылымы қандай?» - деп, ертегінің пайда болу тарихына талдау жасап көрейік.

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.

Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаһармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф – хикаяға, содан соң ертегіге айналады.

Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі – рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі" - деп анықтама береді [2].

Жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. 12 жылдық мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында білім беру процесінен күтілетін нәтиже ретінде оқушының бойында қалыптасатын құзіреттер қатары анықталған.

Құзыреттілік – балалардың іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білімнің нәтижесі, оны өмірде қолдана алу қасиеті. Құзыреттілік адамдардың қарым-қатынас жүйесін игеріп, өзара іс-әрекетке қосылу барысында қалыптасады. Сонымен қатар, құзыреттіліктер арқылы жеке тұлғаның өмір байлығы, ақыл тереңдігі, күйіну-сүйіну қалпы, қиялдауы, ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады.

Жалпы құзыреттіліктердің негізі мектепке дейінгі жаста қалыптасатын болғандықтан, тәрбиешілердің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі – тұлғаның танымдылық құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық, практикалық шарттарын негіздеу болып табылады.

Танымдық құзыреттілік – бұл жеке басына маңызы бар және әлеуметті қажетті танымдық мәселелерді шешудегі баланың өзі басқара алатын, сол мәселені шешу барысында бала белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болу.

Танымдық құзыреттіліктерді қалыптастыруда ертегілердің алатын орны ерекше.

Тәрбиеші еңбегінің объектісі – бала, ол табиғаттың бір бөлігі, бір жүрегі. Баланың да өзіндік пікірі, көзқарасы, психологиялық ерекшеліктері бар, олар педагогикалық ықпалды өзінше қабылдайды. Сондықтан да, ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологиялардың атқаратын орны бөлек.

Ғалым академик В.М.Монаховтың пікірінше «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі»[1].

Педагогикалық технология – педагогтің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – баланың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету.

Мен «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы 1990 жылдан мектеп тәжірибелеріне ене бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» халықаралық жобасы технологиясын қолданып келемін. Тәжірибені жүйеге келтірген: Джинни Стилл, С.Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясының мақсаты: мектеп жасындағы балаларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарымнан бір пікірдің біреуін таңдап, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Бол жобаның ерекшелігі сабақ барысында қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінде, көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйрететін стратегиялар бойынша ұйымдастырылады. Негізінен, стратегиялар мектеп оқушыларының жас кезеңдеріне арналған, ал оларды мектепке дайындық тобы балаларының жас ерекшеліктеріне бейімдеп қолдану тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

Бала оқыған әңгіме, ертегі мазмұнын сурет арқылы тез қабылдап түсінеді. Сондықтан ертегі, әңгімелердің суреті айқын, шығарма мазмұнына сай болуын ескерген жөн. Баланың тілін, сана - сезімін жетілдіру, эстетикалық талғамын байытуда теледидар арқылы берілетін мультипликациялық фильмдерді көрсетіп әңгімелесу, оқылған шығармаға байланысты диафильмдер, компьютер қолдану пайдалы.

Балаға диафильм немесе теледидардан әр түрлі қызықты көрсетілімдерді көрсету қазіргі заманда өте қажет. Бала теледидар көріп отырғанда жан - жағындағылар дауыстап сөйлеп, әңгімелесу болмауын ескерген жөн. Көріп не тыңдап отырғанда бала жақсы түсініп, қабылдайтын болуы керек. Сонымен бірге баладан алған әсерін айтып беруге үйретіп отыру қажет.
Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелерінің бірі – білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық ойлауын дамыту болып табылады.
Заман талабына сай жас ұрпақ тәрбиелеуде мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын қызметкерлер, тәрбиешілерге жауапты міндет жүктеледі. Бұл міндетті кең байтақ республикамыздың барлық мектепке дейінгі мекемелерде қызмет атқаратын мамандар абыроймен атқарып келеді.


Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру бағытында СТО стратегияларын қолдана жүргізіп отырған жұмыстарға талдау жасасам:

1. Ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау.

Пәндік дамытушы ортаны ұйымдастыру талаптарында орта көп функционалды, вариативті, қарқынды, жасына сай дамуының ерекшелігін және мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерінің ауысып отыратындығын есепке алып құрылуға тиіс. Сондықтан да, дамытушы ортаны ертегілер кейіпкерлері арқылы жасақтау балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлап, өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезіндіреді.

Дамытушы ортаны ұйымдастыруда театр түрлері ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.

2. Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану.

Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, ертегілермен балаларды таныстыру, олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі ертегі кейіпкерлерін табиғи күйінде қабылдайды.

Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалануда «Егер де мен…» стратегиясын қолдандым. Бұл стратегия бойынша көрнекілік ретінде алынған ертегі кейіпкерлерінің орнына өздерін қойып «Егер де мен «Алтын балық болсам …» деп, ертегінің соңын өз еркінше аяқтау баланы қиял әлеміне самғатып ойлануына мүмкіндік береді, шығармашылыққа жетелейді.

3. Ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе отырып тақырыптар қою.

Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала кейіпкердің жағымсыз әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу тәрбиешінің шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.

«Бауырсақ» ертегісі мазмұны бойынша бөлімдерге бөліп, тақырыптар қоюда «Ой шақыру» стратегиясында ертегі мазмұны суреттері бойынша сұрақ-жауап қолдану арқылы ертегінің баяу басталып, оқиға желісі күрделене түсетінін, яғни ертегіде оқиға желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болатынын түсініп ажырата алады.

4. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді қолдану арқылы пәндік байланысты іске асыру. Барлық білім салаларында ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Пәндердің өзара байланыс деңгейі балалардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарда пәнаралық байланыс мәселесі барынша терең зерттеуді ұсынған Н.Н.Светловская болып есептеледі. Ол өзінің мақалаларында «Интеграция – іс-әрекеттің кезектесуі, балалар меңгерген қарапайым білім немесе іс-әрекеттің бір пәннен екінші пәнге ауысуы. Балалардың білімдерін бекіту үшін оқыту процесін шапшаңдау» деп есептейді.

Балабақшада пәнаралық байланысты жүзеге асырудың бір жолы – білім салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін бір тәрбиеші арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша білімнің жинақталуы яғни, әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу. Мысалы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша білім салаларымен байланыста «ЖИГ СО – ұжымдық оқыту» стратегиясын қолдануда әртүрлі пәндер бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, оқу-танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелеуде маңызды болды.

«ЖИГ СО – ұжымдық оқыту» стратегиясы. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл стратегияны қолдану төмендегіше ұйымдастырылды. Балалар 5 баладан тұратын 5 топқа бөлінді. Бұл «жанұя» топтар деп аталды. Содан кейін 1, 2, 3, 4, 5-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4, 5-өз алдына «жұмыс» тобы құралды. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша 5 топқа білім салалары бойынша төмендегідей тапсырмалар берілді. Жұмысты бастамас бұрын балаларға «жұмыс тобында» тапсырманы жақсы орындау қажеттілігі ескертіледі. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша «жанұя» мүшелерінің жұмысы арқылы білім салаларының өзара байланысы орнады.

ЖИГ СО стратегиясында балалардың тапсырманы орындауға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.

СТО стратегияларын қолдану балалардың білім салалары бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, оқу-танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді:

- қоршаған әлемге көзқарасы, дүниетанымы жеке-жеке бөліктерден емес, біртұтас жүйе негізінде қалыптасады;

- пәнаралық байланыс нығайып, уақытты үнемдеу арқылы практикалық білім алуға көп көңіл бөлінеді;

- балалардың шығармашылық қабілеті дамиды.

- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіреді;

- кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттері дамиды.

Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп, дамып отырады. Пәнаралық байланыстың мәні мен маңыздылығына, оның ең қажетті педагогикалық іс-әрекеттің бірі екендігін айта келе мынадай қорытынды жасауға болады: пәнаралық байланыс балабақшада жан-жақты тәрбие беруді комплексті түрде жүзеге асыра отырып, педагогикалық іс-әрекеттің, еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Мектепке дейінгі ұйымда пәндер арасындағы өзара байланысты әрдайым ұйымдастырып, жүргізіп отыру – балаларға қарапайым ғылымдар негізін игерудің, сонымен бірге білім беруді дамытудың қажетті әрі келелі шарты.



Ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтижесі.

Денсаулық білім саласы бойынша:

• Сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына ертегі кейіпкерлерінің жүрісін қолданады.

• Негізгі қимыл жаттығуларында берілген қимылға сәйкес аңдар тапсырмалары орындалады.

• Эстафеталық ойындар сайысын өткізуде аңдар керуені ұйымдастырылады.

Қатынас білім саласы бойынша:

• Ертегілердің мазмұнына қарай: тұрмыс-салт, хайуанаттар, қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінетінін ажыратады.

• Сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді және ертегі мазмұнын құрастырады.

• Кейіпкерлендіретін ертегінің мазмұны мен мәтінін толық меңгереді.

Таным білім саласы бойынша:

• Ертегінің кейіпкерлері денелерінің көлемін салыстырып, «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырады.

• Ертегі кейіпкерлерін түр-түстері бойынша сипаттайды.

• Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлерін құрастырады.

Шығармашылық білім саласы:

• Жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетеді.

• Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрландырылған көрініс дайындайды.

• Музыка іс-әрекетінде ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын ноталық дыбысталу арқылы қайталатады.

Әлеуметтік білім саласы:

• Ертегілер мазмұны арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиеленеді

• Ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра біліп, жақсы мен жаман іс-әрекеттерді ажыратады.

• Айналадағы қоғамдық өмір, өлі және тірі табиғат арасындағы байланысты ажыратады.

Қорыта айтатын болсақ, ертегілер – мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал болып табылады. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі баланы халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.

Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар рухани қазына жатыр. Сондықтан да біз сол бай мұраны пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына ұялататын осы ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.



Қолданылған әдебиеттер:

1. Дүкенбаева Г. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Алматы,1992.

2. Нысанбаева Ә. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы,1994.

3. Отбасында балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы,1985.

4.Айджанова З. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің бүгінгі мәселелері Ұлт тағылымы-2003-№4.

5. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж











































Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров296
Номер материала ДВ-388809
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх