Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Банк контрольных работ для 4 класса

Банк контрольных работ для 4 класса


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Павлодар облысының білім басқармасы

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты











Бастауыш оқыту сатысының

4 сынып курсы пәндері бойынша

бақылау өлшеуіштерінің банкісі































I. ТҮСІНІК ХАТ

Жалпыға міндетті орта жалпы білім беру стандартына сәйкес «Математика» оқу пәні өзінің дербестігін сақтай отырып, «Математика» білім беру саласының мазмұнына енеді.

Математика – мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.

Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.

Бастауыш мектеп математикасы негізгі орта мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Мақсаты::

  • мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игерту;

  • «Математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мөдени мүраларымен үндестіру арқылы баланы түлға ретінде қалыптастыру;

  • оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;

  • мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.

Міндеттері:

  • баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

  • математиканың өмірде болып жатқан нақты қүбылыстарды жалпылауға жөне қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;

  • оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын және пәннің құрылымын іріктеудің төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішіндік және пәнаралық интеграция, қолжетерлік, оқушылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру.

Ғылымилық ұстанымы кіші жастағы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауды көздейді.

Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі мектеп («Математика» 5-6 сыныптар) математикасы курсындағы барлық мазмұндық-әдістемелік желілердің ретімен дамуын қамтамасыз етеді, оқытудың әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде оқытудың барлық сатылары арасындағы сабақтастықты білдіреді.

Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен амал-тәсілдерін саналы әрі берік игеруге арналған негізді қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді «ашуға», өзін-өзі бағалау мен өз әрекетін бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пәнішілік интеграция ұстанымы математикалық білім беру мазмұнын құрайтын сан және өрнек, теңдеулер мен теңсіздіктер, функциялар, геометриялық фигуралар және геометриялық шамаларды өлшеу, ықтималдық теориясы мен статистика элементтері деп аталатын мазмұндық желілер арасындағы табиғи бірлікті қамтамасыз етеді. Пәнаралық интеграция әлемнің біртұтас бейнесін оқушыларда қалыптастыруға мүмкіндік береді, олардың әр түрлі оқу пәндердің өзара байланысын саналы түрде түсiнулерiне көмектеседі. Осы ұстанымның маңызды компоненті қарым-қатынас жасаудың ерекше құралы ретіндегі математикалық тілге үйрету болып табылады.

Қолжетерлік ұстанымы баланың жас ерекшелігін ескеруді және психологиялық жағдай туғызуды, жетістікке жетуді, тілектес болуды көздейді, бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында оқушының жеке білім беру траекториясы бойынша өз қозғалыс бағытын сезінуіне көмек береді.

Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру ұстанымы қиындық деңгейі әр түрлі тапсырмаларды, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивтерін қалыптастыратын өздік, зерттеу және жобалық жұмыстарды қолдануды көздейді, тиімді оқыту технологияларын және оларды бейімдеу деңгейін іріктеуге, әр түрлі іс-әрекетті (жасау, түрлендіру, алгоритмдік және шығармашылық) ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруды, жаңа амал-тәсілдерді «ашуды», практикалық бағыттағы тапсырмаларды орындауды көздейді.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 4 сыныпта «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

4 сынып - аптасына 5 сағат, барлығы 170сағат.

«Математика» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Бастауыш сыныптардағы математиканың вариативті мектептік компоненті пәнді тереңдете оқытуға бағытталған. Пәнді тереңдете оқыту математиканың бастауыш курсының негізгі математикалық мазмұнын кеңейту арқылы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: стандартты емес және қызықты есептерді, қиындығы жоғары есептерді шешу; тиімді есептеу тәсілдері; сандардың бөлінгіштігі; ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтері және т.б.

Вариативті оқушылық компоненті стандарт деңгейінде бағдарлама мазмұнын меңгеру барысын түзетуді көздейді.

4 сынып

Оқушылардың стандарт бойынша білім, білік, дағдыларына

қойылатын талаптар

Білуі керек:

Қолдана алуы керек:

  • Көбейту кестесін;

  • Периметрді табу тәсілін және оны өлшем бірліктерін;

- Математикалық амалдар тәртібін;

  • Күрделі теңдеулерді шешу;

  • Өлшем бірліктер (ұзындық, масса, уақыт)

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Күрделі теңдеулерді шешу алгоритмі;

  • Периметр және аудан өлшем бірліктер және олардың атаулары.

  • Шамалар бірліктерін есептеу.

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Амалдардың орындалу тәртібі.


  • 3 амалмен шығарылатын есепті;

  • Жазбаша амалдап шығару;

  • Күрделі теңдеудің шешу алгоритмі;

  • Өлшем бірліктерін салыстыру және өрнектеу;

  • Тіктөртбұрыштың периметрін және ауданын табу.

  • Есепті теңдеу арқылы шешу;

  • Көп таңбалы санды бір таңбалыға жазбаша көбейту және бөлу;

  • Есепті теңдеу арқылы шешу;

  • Күрделі өрнекті жазу және оны шығару;

  • Қозғалысқа берілген есепті шығара алу;

  • Өлшем бірліктері арқылы берілген өрнекті шешу.

  • Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу;

  • Теңдеу құру және оны шығару;

  • Өлшем бірліктері арқылы берліген өрнекті шешу.

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;









Тоқсан

Бақылау жұмысы

Өзіндік жұмысы

Сынып

Сынып

4

4

I

3

3

II

1

3

III

3

3

IV

6

3

Барлығы

13

12





Математика пәні бойынша оқушылардың жазба жұмыстарын (бақылау, өзіндік жұмыстарын) бағалау критерийлері:

«5» - барлық құрастырылған тапсырмаларды дұрыс орындалған;

«4» - егерде құрастырылған тапсырмаларда 1-2 өрескел қателер немесе 3

өрескел емес қателер жіберілсе;

«3» - 5 –ке дейін өрескел қателер немесе 6 өрескел емес қателер болса;

«2» - 5-тен астам өрескел қате немесе 7-8 өрескел емес қателер жіберілсе.

Бақылау жұмыстарының көлемі 4 сыныптарда – 35-40 минут және осы берілген уақытта оқушылар тапсырмаларды орындауды, тексеруді үлгеру тиіс.

Бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда мынаны ескерген жөн:

  • бақылау жұмыстарына дайындықты барлық тақырыпты меңгеру кезеңінде жүргізу;

  • болатын бақылау жөнінде балаларға ескерту жасамау;

  • тексеру жұмыстарын сабақтар барысында 10-15 минуттан өткізу;

  • оқушы бақылау жұмысын таза орындамаса немесе грамматикалық қателер жіберсе бағалауда бағаны төмендетуге болмайды.






Өздік жұмысы үш есептен тұрған жағдайда бағалау (4 сынып):

«5» - үш есеп дұрыс шығарылса;

«4» - үшеуден екі есеп дұрыс шығарылса;

«3» - үш есептен қателер жіберілсе, бірақта жауаптары дұрыс болса;

«2» - түгел есептер дұрыс шығарылмаса немесе бір есеп ғана дұрыс шығарылып, екеуі дұрыс балмаса.

Математикадан жазба жұмыстарын бағалауда

өрескел қате болып есептеледі:

  • амалдарды орындауда есептеу дұрыс жасалмаса;

  • есепті дұрыс шығармаса;

  • қарапайым теңдеулер дұрыс шешілмесе;

  • амал компоненттері, жақшамен, жақшасыз амалдарды орындау тәртібі бұзылса;

Математикадан жазба жұмыстарын бағалауда

өрескел қате болып есептелмейді:

  • есептеуде рационалды емес әдістерін қолданса;

  • тапсырмаларды орындауда грамматикалық қателер болса;

  • есептеуде сандық немесе амал белгілерін дұрыс көшірмесе, бірақта есептерінің жауаптары дұрыс болса.



































1 тоқсан

4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша

1 нөлдік бақылау жұмысы

Мақсаты: 3 сыныпта «Математика» пәні бойынша мемлекеттік стандартты меңгеру деңгейін тексеру; натурал сандар нумерациясын меңгеру деңгейін тексеру; әрбір шаманың өтілген бірліктер арасындағы арақатынасы туралы білімін тексеру; тіктөртбұрыштың периметрін табу; алған білімедерін есепті шығару кезінде пайдаланатынын анықтау.

Білуі керек:

  • Көбейту кестесін;

  • Периметрді табу тәсілін және оны өлшем бірліктерін;

  • Математикалық амалдар тәртібін;

  • Күрделі теңдеулерді шешу;

  • Өлшем бірліктер (ұзындық, масса, уақыт)

Меңгеруі керек:

  • 3 амалмен шығарылатын есепті;

  • Жазбаша амалдап шығару;

  • Күрделі теңдеудің шешу алгоритмі;

  • Өлшем бірліктерін салыстыру және өрнектеу;

  • Тіктөртбұрыштың периметрін және ауданын табу.



1 нұсқа

2 нұсқа

1 Есепте


445+ 238 623 : 7 69 х 5

2000 – 815 810 : 2 159 х 2


590+289 354 : 6 78 х 7

900 – 509 820 : 4 209 х4

2 Есепті шығар

Тоқыма фабрикасында 45 көк түсті, 105 жасыл түсті балалар кеудешесі дайындалды.барлық өнімді қораптардың әрқайсысына 15-тен салды.Неше қорап қажет болды?

2.Қалалық автобус паркінде 24 «Газель» және 12 «Мерседес» автобусы бар. Жұмыс күнінің соңында барлық автобустарды жабық тұрақтардың әрқайсысына 6 автобустан қояды.Барлық автобус неше жабық тұраққа қойылады?

3.Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.


7 тәул =  сағ

5 мин 15 с. =  с

455 ж. =  ғ .  ж.

380мин= сағ мин

59 тәул. = апта  тәул

480 сағ =  тәул.

6ғ.507ж. =  ж

685ж =  ғ .  ж.

3 тәул.15 сағ. =  cағ

65 тәул. =  апта  тәул.

4.Тіктөртбұрыштың периметрін анықта

4.Тіктөртбұрыш пішінді жердің ауданы 96м 2.Ені 8 м-ге тең, тіктөртбұрыштың периметрін атп.

4.Шаршының ауданы 60м-ге тең болса,периметрі нешеге тең болады?

* 60м мата 3 бөлікке бөлінді.Бірінші бөлік екіншісінен 10м артық және үшіншісінен 10 м кем.Бөліктердің ұзындықтары қандай?



4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша

2 бақылау жұмысы

Мақсаты: натурал сандар нумерациясын меңгеру деңгейін тексеру, әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы арақатынас туралы білімін тексеру; есепті шығару кезіндегі алған білімдерін пайдалана білу деңгейін анықтау.

Білуі :

  • Көбейту кестесін;

  • Периметрді табу тәсілін және оны өлшем бірліктерін;

  • Математикалық амалдар тәртібін;

  • Күрделі теңдеулерді шешу;

  • Өлшем бірліктер (ұзындық, масса, уақыт)

Меңгеруі керек:

  • 3 амалмен шығарылатын есепті;

  • Жазбаша амалдап шығару;

  • Күрделі теңдеудің шешу алгоритмі;

  • Өлшем бірліктерін салыстыру және өрнектеу;

  • Тіктөртбұрыштың периметрін және ауданын табу.



1 нұсқа

2 нұсқа

1 Есепте

60090- 2514 144000-1

201096 + 64 814 459998 + 2

900487 -45 789 941500 - 2

647802+145009 99999+ 1

2 Есепті шығар.

Үш сөреде 522 кітап жинаулы тұр. Бірінші сөреде – барлық кітаптың үштен бір бөлігі.Біріншіге қарағанда екіншісінде 56 кітап артық. Қалған кітаптар үшінші сөреде жинаулы тұр.Үшінші сөреде неше кітап жинаулы тұр?

Дүкенге 850 кітап қоймадан әкелінді.Бірінші күні барлық кітаптың екіден бір бөлігін сатып алды.Біріншіге қарағанда 84 кітап кем сатылды.Қалған кітап үшінші күні сатылды. Үшінші күні неше кітап сатылды?

3. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте

6м2= см2= мм2 10см2 = мм2

4580м =см 120 ц= кг

2500см =дм =мм 5154 кг = тцкг


32кг 50г= г 5дм2 = см2 =мм2

6545м =см 320 ц= кг

5500см =дм =мм 2135 кг = тцкг

4 Теңдеулерді шеш


у – 520 = 625: 5 8 х у =1000 -40

х – 505 = 69 х 3 х + 781 = 25 х 40

*Екі ыдыстан 20л бензин бар. Егер бір ыдыстан екінші ыдысқа 1л бензин құйса, екеуіндегі бензиннің мөлшері теңдей болады.Ыдыстардың әрқайсысында неше литр бензин бар?









4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша

3 бақылау жұмысы

Мақсаты. Көп таңбалы сандарды жазбаша бір таңбалы санға көбейту және бөлуді меңгеру алгоритмін білу, теңдеудің көмегімен есепті шығара алу, әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы қатынастарды білу, алған білімдерін есеп шығаруда және теңдеулерді шешуде алған білімдерін пайдалана білу.

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Периметрді табу тәсілін және оны өлшем бірліктерін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Күрделі теңдеулерді шешу алгоритмі;

  • Периметр және аудан өлшем бірліктер және олардың атаулары.

Меңгеруі керек:

  • Есепті теңдеу арқылы шешу;

  • Көп таңбалы санды бір таңбалыға жазбаша көбейту және бөлу;

  • Күрделі теңдеудің шешу алгоритмін қолдану;

  • Тіктөртбұрыштың периметрін және ауданын табу.



1 нұсқа

2 нұсқа

1.Есепте

509 478 – 20 189 41 489 + 452 145

96 516 х 4 302 412 : 2

6923+ 51 472 478835- 9 405

12963х 9 370692: 3

2.Есепті теңдеумен шығар

Бумадан 120 бет қағаз алынғаннан кейін, онда 380 бет қағаз қалды. Бумада қанша бет қағаз болған?

Шипажайға 26 адамнан тұратын топ келгеннен кейін, онда 120 демалушы болды.Бастапқыда шипажайда неше демалушы болған?

3.Амалдар тәртібін анықта және есепте.

(642 : 3 + 98) : 2 + 719

6594 х 3 – 1149 +5009

659 х 9 : 3 + 32 98

5000 – 58 71 : 3 + 4709

4.тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін анықта

4.Тіктөртбұрыштың ұзындығы 54 мм, ал ені одан 24 мм қысқа.

4.Тіктөртбұрыштың ені 25мм, ал ұзындығы 12мм артық.

*Тура теңдік шығу үшін сандар арасына амалдар таңбасын және жақша қой.

1 2 3 4 5 6 7 = 24















2 тоқсан

4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша

4 бақылау жұмысы

Мақсаты. Көп таңбалы сандарды жазбаша бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритм меңгеру деңгейлерін, күрделі теңдеуді шешу алгоритм меңгерулері, күрделі өрнекті жазу және амалдап шығара алу,көп таңбалы саннан көп таңбалы санды жазбаша қосу және азайту алгоритмін меңгеру деңгейлерін тексеру.

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Күрделі теңдеулерді шешу алгоритмі;

  • Периметр және аудан өлшем бірліктер және олардың атаулары.

Меңгеруі керек:

  • Есепті теңдеу арқылы шешу;

  • Көп таңбалы санды бір таңбалыға жазбаша көбейту және бөлу;

  • Күрделі өрнекті жазу және оны шығару;

  • Тіктөртбұрыштың периметрін және ауданын табу.



1 нұсқа

2 нұсқа

1.Есепте

475 001-9802 458375 :5

4148+614901 90147 х 4

118000-999 8025 х 9

47001 х 9 194 121 : 9

№2.Есепті шығар

Балалар лагері үшін 2096 төсек қап сатып алынды, бұл ересектердің төсек қабына қарағанда 1956-сы артық.Ересектерге арналған неше төсек қап сатып алынды? Балалар лагеріне барлығы неше төсек қап сатып алынды?

Таудың басындағы лагерде 48 спортшы демалды.Олардың бір бөлігі серуенге аттанғаннан кейін, лагерді барлық спортшыға қарағанда 36 адам кем қалды.Лагерде қалған адамдар серуенге кеткен адамдардан неше есе артық?

3.Теңдеулерді шеш

205 + 360 + х= 901 4 х 2 х с = 800

500 – 254 + а = 700 6 х а= 100 - 28

4.Өрнектерді жазып, олардың мәнін тап.

  1. 125 пен 5-тің көбейтіндісін 118-ге кеміт

  2. 900 бен 456-ның айырмасын 2 есе кеміт



  1. 184 пен 12-нің қосындысын 5 есе арттыр

  2. 1000 мен 45-тің айырмасын 5 есе кеміт.

*4 «а» сыныпта 28 бала бар. Ата-аналар жиналысына 24 ана, 18 әке келді.Жиналысқа неше баланың анасы да, әкесі де келді?









3 тоқсан

4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша

5 бақылау жұмысы

Мақсаты:көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі туралы білімдерін бақылау; теңдеудің көмегімен есепті шығара алу; әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы қатынастарды білу; қозғалысқа берілген есепті шығару кезінде алған білімдерін пайдалана білу.

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Күрделі теңдеулерді шешу алгоритмі;

  • Шамалар бірліктерін есептеу.

Меңгеруі керек:

  • Қозғалысқа берілген есепті шығара алу;

  • Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу;

  • Теңдеу құру және оны шығару;

  • Өлшем бірліктері арқылы берілген өрнекті шешу.



1 нұсқа

2 нұсқа

1.Есепте

1.

2510 х 36 160 290 : 78

5006 х 69 219 368: 68

1.

21026 х 25 68441: 89

50124 х25 645 88: 96

2.Есепті шығар

2.Арасы 12 км екі ауылдан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі шаңғышы шығып, жолдың ортасында кездесті.бірінші шаңғышы 240м/мин жылдамдықпен, екіншісі 250м/мин жылдамдықпен жүрді.Кездескеге дейін қай шаңғышы жолға артық уақыт жұмсады және қанша артық уақыт жұмсады?

2Арасы 270 км екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытты екі автосаяхатшы жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 70км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 65км/сағ.Кездескенге дейін оладың әрқайсысы қандай қашықтықты жүріп өтеді?

3.Теңдеу құр және шығар

987 мен белгісіз санның айырмасы 405 пен 45 сандарының бөліндісіне тең.Белгісіз санды тап.

987 мен белгісіз санның айырмасы 85 пен 60 сандарының көбейтіндісіне тең.Белгісіз санды тап.

4.Амалдарды орында.

15 сағ 12 мин + 7сағ 59 мин

8 сағ 29 мин – 3сағ 44 мин

13 сағ 23 мин – 6 сағ 41 мин

11 сағ 39 мин + 9 сағ 25 мин

*Балалар жарысып ойнап жүр.Санжар Айдостан бұрын, бірақ Дәулеттен кейін жүгіріп келді.Арман Дәулеттен бұрын, ал Данияр Айдостан кейін келді.Олардың қайсысы бәрінен бұрын келді?Олар қандай ретпен жүгіріп жетті?









4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша

6 бақылау жұмысы

Мақсаты: қозғалысқа берілген есептерді шығару дағдыларын тексеру; көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу туралы білімдерін тексеру; әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы арақатынас туралы білімдерін тексеру; есепті шығару кезінде алған білімдерін қолдана білу; оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Амалдардың орындалу тәртібі.

Меңгеруі керек:

  • Қозғалысқа берілген есепті шығара алу;

  • Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу;

  • Теңдеу құру және оны шығару;

  • Өлшем бірліктері арқылы берліген өрнекті шешу.



1 нұсқа

2 нұсқа

1.Есепте

1.

47500- 7458 523400: 5

45148+50289 70084 х 3


1

70475+97008 54677 х8

145879- 45621 593046:9

2.Есепті шығар

2.Стансадан екі пойыз бір мезгілде бір-бірінен қарама-қарсы бағытта екі жаққа жолға шықты. Бірінші пойыздың жылдамдығы 62 км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 53 км/сағ.Пойыздардың арасы неше сағаттан кейін 460км болады?

2.Екі пойыз стансадан бір мезгілде бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта екі жаққа жүріп кетті. Біріншісінің жыламдығы 72км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы 68 км/сағ.Неше сағаттан кейін екі пойыз бір-бірінен 560 км қашықтықта болады?

3.Амалдардың орындалу ретін анықтап, өрнектердің мәнін тап.


270+800: 100-70-2

(9000+300-200):100+40

180567 -184 -4+445534:89

(136954+103754):78 -204 -14


4.Амалдарды орында.


8 тәул.2 сағ.-7 тәул.9 сағ.

9 сағ.10 мин.-3 сағ.40 мин.

10 сағ.45 мин.+12 сағ.38мин.

4.Амалдарды орында

12 ж.8ай + 4 ай

5апта 2 тәул – 4 апта 6 тәул.

7 тәул.8 сағ.+ 2 тәул.20 сағ.

*Бумада 50 бет қағаз бар.10 секунд ішінде 10 парақты санауға болады. 480 парақты неше секундта санап шығуға болады? 460 парақты ше№



4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша

7 бақылау жұмысы

Мақсаты: көп таңбалы санды көбейту және бөлуді жазбаша орындау алгоритмін бақылау, бірнеше амалмен берілген есепті шығару, өлшем бірліктерін өрнектеу және салыстыру және фигураның ауданы және периметрін таба алу деңгейлерін тексеру.

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Өлшем бірліктер (ұзындық, масса , уақыт)

  • Периметр және аудан өлшем бірліктер және олардың атаулары.

Қолдана алуы керек:

  • Масса өлшем бірліктері;

  • Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу;

  • Өрнекті жазы, шығару;

  • Өлшем бірліктері арқылы берілген өрнекті шешу.



1 нұсқа

2 нұсқа

1.Амалдарды орында


2507 х 9 + 69680 : 40

78400 : 8 + 9606 х 4

7700 :(560:8)+45789

(8045 х9 +45213) -4521

2.Есепті шығар

2.Үш үлескіден 2 т сәбіз жиналып алынды. Бірінші үлескіден 50 кг жиналды, бұл екіншіге қарағанда 2 есе кем.Ал қалғаны үшінші үлескеден жиналды.Үшінші үлескіден неше килограмм сәбіз жианлды?

2.Бақтан 1550 кг алмұрт жиналды.Алмұрттың бестен бір бөлігі 62 жәшікке тең бөлініп салынды.Жәшіктің әрқайсысына неше килограмм неше килограмм алмұрттан салынды?

3.Салыстыр

9 т 273 кг +4 т 689 кг* 13 т 852 кг

5 сағ 35 мин – 55 мин * 4 сағ 80 мин

8 т 368 кг + 5т 279 кг * 13т 547 кг

4 сағ 25 мин – 45 мин * 3 сағ 80 мин

4.Өрнектерді жазып, есепте:

А) 6941 мен 6-ның көбейтіндісінен 15059 санын кеміт

Ә) 488520 мен 9001-нің айырмасын 2 есе кеміт

А) 560047 мен 14893 –тің қосындысын 5-ке бөл

Ә) 10423 пен 7-нің бөліндісін 2- ге арттыр.

*Қорапта 8 қоңызбен өрмекші салынған, оларда барлығы 54 аяқ бар. Қоңызда 6 аяқ, өрмекшіде 8 аяқ бар, сонда қорапта олар нешеуден?













4 тоқсан

4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша

8 бақылау жұмысы

Мақсаты: көп таңбалы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі туралы дағдыларын тексеру; құрылымы теңдеулерді шешу; тіктөртбұрыштардың ауданы мен периметрін таба білу.

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Өлшем бірліктер (ұзындық, масса , уақыт)

  • Периметр және аудан өлшем бірліктер және олардың атаулары.

Қолдана алуы керек:

  • Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу;

  • Теңдеу құру және оны шығару;

  • Өлшем бірліктері арқылы берліген өрнекті шешу.



1 нұсқа

2 нұсқа

1.Есепте

1

1245 х 461 320158 х 213

327624 : 584 126876 : 194

1.

2752 х 214 480453 х 223

165 816 :168 423423 :429

2.Есепті шығар

2.Саяхатқа қатысушылар үшін бірдей 200 қапшық тез дайындалатын ботқа сатып алынды. Қарамық ботқасы 8кг 400 г, ал сұлы ботқасы 7кг 600 г.Қармық пен сұлы ботқасы жеке-жеке неше қапшық салынып алынады?

2.Екі жылыжайдан 720кг қияр жинап алды.Бірінші жылыжайдың ауданы 22м²,екіншісінің ауданы 38м².Егер әр квадрат метрден бірдей мөлшерде қияр жиналса, әр жылыжайдан неше кг қияр жиналады?

3.Теңдеулерді шеш

16 + 48 : х = 40 (х – 4005)-470= 4005

(х – 7836 )+ 7836 = 20546 1789 –х :751= 1788

Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін анықта

4.Ұзындығы 8 см , ені 6 см тіктөртбұрыш сыз. Осы тіктөртбұрыштыі 3тен бір бөлігін боя.Тіктөртбұрыштың және боялған бөлігінің ауданы мен периметрін тап.

4.Ұзындығы 6 см , ені 4 см тіктөртбұрыш сыз. Осы тіктөртбұрыштың 3тен бір бөлігін боя.Тіктөртбұрыштың және боялған бөлігінің ауданы мен периметрін тап.

*2 л сорпа қайнатылып, оған 15 г тұз салынды. Егер бір тәрелкеге 400г сорпа құйылса, онда неше грамм тұз болады?















4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша

9 бақылау жұмысы

Мақсаты: көп таңбалы сандарды жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі туралы дағдыларын тексеру; сандық өрнектердің мәнін есептеу; құрылымы күрделі теңдеулер шешу; әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы арақатынас туралы білімін тексеру.

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Өлшем бірліктер (ұзындық, масса, уақыт)

  • Периметр және аудан өлшем бірліктер және олардың атаулары.

Қолдана алуы керек:

  • Қозғалысқа берілген есепті шығара алу;

  • Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу;

  • Теңдеу құру және оны шығару;

  • Өлшем бірліктері арқылы берліген өрнекті шешу.



1 нұсқа

2 нұсқа

1.Есепте

56635 :241 4567458 х 12

160564 :548 145278 х 49

540 876 :548 145262х 47

274776:856 785421х12

2.Есепті шығар

Қоймада 18250 кітап болды.Оның 6050-і көркем әдебиет, қалғаны оқулықтар.Көркем әдебиет оқулықтарға қарағанда нешеуі кем?

Үш күнде дүкенге 8т қант жөнелді.Бірінші күні 1589 кг, екінші күні одан 2 есе артық қант тиелді.Үшінші күні неше килограмм қант жөнелтілді?

3.Өрнектердің мәнін тап

8 сағ – 125 мин 82т 25 кг -9ц 43 кг

17м + 3 м 400 мм 34 км 84 м – 17 км 97 м

9м -57 см 20м -5 м 13 см

41 км 6м – 7км 25м 2455 тәул +2ж. 32 тәул.

4.Теңдеулерді шеш

(х + 4005) – 470 ═4005

(х- 7836)+ 7836 ═20546

1789 – х: 751 ═ 1788

( 87546 – 4587) + х ═87546

*Екі тәрелкеге 27 қараөрік бар.Бір тәрелкедегі қараөріктің саны екінші тәрелкедегі қараөріктердің санының жартысын құрайды.Әр тәрелкеде неше қараөріктен бар?















4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша

10 бақылау жұмысы

Мақсаты: көп таңбалы сандарды жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі туралы дағдыларын тексеру; әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы арақатынас туралы білімдерін тексеру; теңдеудің көмегі арқылы есепті шығара алу дағдыларын анықтау

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Өлшем бірліктер (ұзындық, масса , уақыт)

  • Периметр және аудан өлшем бірліктер және олардың атаулары.

Қолдана алуы керек:

  • Қозғалысқа берілген есепті шығара алу;

  • Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу;

  • Теңдеу құру және оны шығару;

  • Өлшем бірліктері арқылы берілген өрнекті шешу.





1 нұсқа

2 нұсқа

1.Есепте

457 х 652 14567895 + 4567145

202 303 :101 56 т 635 кг : 2ц41кг

147 х 745 4758961+4512637

167796 : 711 146 т 596 кг : 268 кг

2.Есепті теңдеумен шығар

Бірдей 6 қойындәптер 570 теңге тұрады. 1 қойындәптер неше теңге тұрады?

Бірдей 6 қойындәптер мен 90 теңге тұратын 1 альбомға 690 теңге төленді.1 қойындәптер қанша теңге тұрады?

3 Теңдеулерді шеш

258 х а+ 984 098 = 9 854 138

350 : х + 60= 110

124 – 24 х ( 480 : х 56)= 28

(у : 8 +18)х 9 = 540

4.Тіктөртбұрыштың төртінші қабырғасының ұзындығын тап

4.Тіктбұрыштың периметрі 2 м. Оның бірінші қабырғасы 58 см, екіншісі біріншісінен 24 см артық, ал үшінші қабырғасы екіншісінен 2 есе кем.

4.Тіктбұрыштың периметрі 3 м. Оның бірінші қабырғасы 88 см, екіншісі біріншісінен 12 см артық, ал үшінші қабырғасы екіншісінен 2 есе кем.

*Аулада тауықтар жүр.Олардың 22 аяғы бар.Тауықтарға 3 балапан мен 2 мысықтың баласы қосылды. Аулада барлығы неше аяқ серуендеп жүр?









4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша

11 бақылау жұмысы

Мақсаты: көп таңбалы сандарды жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі туралы дағдыларын тексеру; әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы арақатынас туралы білімдерін тексеру; теңдеудің көмегі арқылы есепті шығара алу дағдыларын анықтау

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Өлшем бірліктер (ұзындық, масса , уақыт)

  • Күрделі теңдеуді шешу.

Қолдана алуы керек:

  • Көп таңбалы санды үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу;

  • Өлшем бірліктері арқылы берілген өрнекті шешу.



1 нұсқа

2 нұсқа

1. Есепте

3 513*210 4 088: 584

4 562*403 84 513: 429

8 482*210 260 400: 744

3 258*213 2 772: 462

4 803*223 87 550: 425

7 653 *102 256 626: 807

2. Есепті теңдеу құру арқылы шығару.

Жылыжайға 900 гүл отырғызылды. Оның 630 -қалампыр, қалғаны - қызғалдақ. Әр жүйекке 35 қалампыр және 30 қызғалдақ отырғызылды. Барлығы неше жүйек болды?

Айдын 180 беттік кітапты күніне 20 беттен оқып бітіріп, содан соң басқа кітапты күніне 22 беттен оқыды. Екі кітапты ол 19 күнде оқып бітірді. Екінші кітап неше беттен тұрады?

3. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

8 сағ - 124 мин

17 м + 3 м 400 мм

82 т 25 кг - 9 ц 43 кг

34 км 84 м - 17 км 97 м

9 м – 57 см

20 м – 5м 13 см

41 км 6 м – 7 км 25 м

2455 күн + 2 ж. 32 күн

4. Теңдеулерді шеш:

16 + 48 : х =40

(а х - 956) : 4 = 70

64 х b – 59 = 389

398 + 6309 : k = 1099

  • Екі сөреде 196 қорап печенье болды. Бірінші сөреден алып, екінші сөреге 28 қорапты қойғанда, екі сөредегі қораптар саны теңесті. Бастапқыда әр сөреде неше қорап печенье болды?

















4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша

12 бақылау жұмысы

Мақсаты: көп таңбалы сандарды жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі туралы дағдыларын тексеру; әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы арақатынас туралы білімдерін тексеру; теңдеудің көмегі арқылы есепті шығара алу дағдыларын анықтау

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Өлшем бірліктер (ұзындық, масса , уақыт)

  • Периметр және аудан өлшем бірліктер және олардың атаулары.

  • Күрделі теңдеуді шешу.

Қолдана алуы керек:

  • Қозғалысқа берілген есепті шығара алу;

  • Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу;

  • Теңдеу құру және оны шығару;

  • Өлшем бірліктері арқылы берілген өрнекті шешу.



1 нұсқа

2 нұсқа

1. Есепте

3 513*210 4 088: 584

4 562*403 84 513: 429

8 482*210 260 400: 744

3 258*213 2 772: 462

4 803*223 87 550: 425

7 653 *102 256 626: 807

2. Есепті теңдеу құру арқылы шығару.

Жылыжайға 900 гүл отырғызылды. Оның 630 -қалампыр, қалғаны - қызғалдақ. Әр жүйекке 35 қалампыр және 30 қызғалдақ отырғызылды. Барлығы неше жүйек болды?

Айдын 180 беттік кітапты күніне 20 беттен оқып бітіріп, содан соң басқа кітапты күніне 22 беттен оқыды. Екі кітапты ол 19 күнде оқып бітірді. Екінші кітап неше беттен тұрады?

3. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

8 сағ - 124 мин

17 м + 3 м 400 мм

82 т 25 кг - 9 ц 43 кг

34 км 84 м - 17 км 97 м

9 м – 57 см

20 м – 5м 13 см

41 км 6 м – 7 км 25 м

2455 күн + 2 ж. 32 күн

4. Теңдеулерді шеш:

16 + 48 : х =40

(а х - 956) : 4 = 70

64 х b – 59 = 389

398 + 6309 : k = 1099

  • Екі сөреде 196 қорап печенье болды. Бірінші сөреден алып, екінші сөреге 28 қорапты қойғанда, екі сөредегі қораптар саны теңесті. Бастапқыда әр сөреде неше қорап печенье болды?







4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша

13 бақылау жұмысы

Мақсаты: көп таңбалы сандарды жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі туралы дағдыларын тексеру; әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы арақатынас туралы білімдерін тексеру; теңдеудің көмегі арқылы есепті шығара алу дағдыларын анықтау

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Өлшем бірліктер (ұзындық, масса , уақыт)

  • Периметр және аудан өлшем бірліктер және олардың атаулары.

Қолдана алуы керек:

  • Қозғалысқа берілген есепті шығара алу;

  • Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу;

  • Теңдеу құру және оны шығару;

  • Өлшем бірліктері арқылы берілген өрнекті шешу.





1 нұсқа

2 нұсқа

1. Есепте

Арақашықтығы 1332 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі автокөлік шығып, 9 сағаттан кейін кездесті, бірінші автокөлік 58 км \сағ жылдамдықпен жүрді. Екінші автокөліктің жылдамдығы қандай?

Автобус арақашықтығы 420 км екі қаланың арасын 7 сағатта жүріп өту керек. Алғашқыда 2 сағатта ол жүру керек жылдамдықтан 5 км\сағ кем жылдамдықпен жүрді. Ол кестедегі уақыт бойынша кешікпей келу үшін, қалған жолды қандай жылдамдықпен жүруі тиіс?

2. Геометриялық фигураның ауданы мен периметрін тап.

Тіктөртбұрыштың ұзындығы 24 см, ал ені оның ұзындығынан сегізден бір бөлігін құрайды. Оның периметрі мен ауданын тап.

Тіктөртбұрыштың ені 82 см, бұл оның ұзындығынан 8 м кем. Осы тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын тап.

3. Өрнектің мәнін тап.

70 090 – 5004 х 5 + 2347

4235: 5 + 9 655 – 4524 : 2

63 000 : 7 х 2 + 2 088

64 000 : 4 х 8 – 36 519

4. Салыстыр.

5 т 300 кг * 5 т 3 ц

20 сағ * 15 сағ 40 мин

125 мин * 2 сағ 15 мин

8м 2 дм * 8 м 20 см

4 км 250 м * 4 250 м

80 км 100 м * 81 000 м

5. *

Бір отбасында үш ағайынды бала бар.Олардан жастарын сұрағанда, ең үлкені былай деді: «барлығымыз жасымызды қоссақ, 29 шығады.Түстем мен менің жасымды қосса 18, ал Рүстем мен Айбектің жастарын қосса, 16 шығады».Ағайынды балалардың әрқайсысынң жасы нешеде?



1 тоқсан

Өздік жұмысы №1

Мақсаты: 3 сынып бойынша алған білімдерін тексеру

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Өлшем бірліктер (ұзындық, масса , уақыт)

  • Теңдеуді шығару алгоритмі.

Қолдана алуы керек:

  • Бірнеше амалмен шығарылатын есептерді шығару;

  • Жазбаша амалдарды шығару;

  • Теңдеулерді шығару алгоритмі;

  • Өлшем бірліктерін салыстыру және өрнектеу.

1 нұсқа

2 нұсқа

1.Бумада 32 рарақ түрлі түсті қатырмақағаз бар.Осындай 8 бумада неше парақ бар.

1.Аулада 44 тауық және 2 есе кем қаз жүр. Аулада барлығы неше құс бар?

2.Мысалды шығар

504 : 3 451 х 2

450 : 3 600 : 5

2.Мысалды шығар

508 : 3 350 : 7 47856+ 854

1000 – 659 10 8: 3 18745х 5

3.Теңдеуді шеш

96 : х =6 5 х а = 240 : 3

3.Теңдеуді шеш

х : 9 = 189 60 х у= 480 - 60

4.Салыстыр

7200 с * 2 сағ 52 т 350 кг * 52345 кг

9 кг 450 г * 47859г 5тәул 5 сағ * 98 сағ

4 .Салыстыр

3456см * 7145 мм 5тәул 14 сағ * 9 тәул 4 сағ

8т 412г * 5421г 8 145с * 6 сағ



























Өздік жұмысы №2

Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Өлшем бірліктер (ұзындық, масса , уақыт)

  • Күрделі теңдеуді шығару алгоритмі;

  • Периметр өлшемінің атаулары және шығару.

Қолдана алуы керек:

  • Бірнеше амалмен шығарылатын есептерді шығару;

  • Жазбаша амалдарды шығару;

  • Күрделі теңдеулерді шығару алгоритмі;

  • Тіктөртбұрыштың периметрін табу.

1 нұсқа

2 нұсқа

1.Өрнектің мәнін тап

7 0090 – 5004 х 5 + 23 47

4235: 5 + 9655 – 4524 : 2

1.Өрнектің мәнін тап

6300 : 7 х 2 + 2088

64000: 4 х 8 – 36 519

2.Тіктөртбұрыштың ауданы 12 м2,ұзындығы 4см, ені неше см болады? Периметрін тап

2.Тіктөртбұрыштың ауданы 32 м2,ұзындығы 8см, ені неше см болады? Периметрін тап

3.Теңдеулерді шеш

5 х 3 х с = 900 х : 3 = 780 : 2

3.Теңдеулерді шеш

126 : а = 84 : 2 86 + у = 852 - 150

4.Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте

8 км 45м = м

45 ай = ж ай

6 сағ 9 мин = мин

8400 г = кг г

4.Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте

246 с = мин с

4 ай 12 тәул = тәул

54210 кг=  ц кг

4560 км = км м

























Өздік жұмысы №3

Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Периметрдің және ауданның өлшем бірліктері және оны табу;

  • Өлшемдер (ұзындық, масса, уақыт)

Қолдана алуы керек:

  • Бірнеше амалмен шығарылатын есептерді шығару;

  • Бірнеше амалмен шығарылатын есепті шығару;

  • Өлшем бірліктерін салыстыру және өрнектеу;

  • Тіктөртбұрыштың периметрінжәне ауданын табу.

1 нұсқа

2 нұсқа

1

5450 х 3 9006 х 9

5442 : 6 54564 : 4

1

4500 х 9 9840 х 6

6342 : 3 98472 : 3

2.Есепті шығар.

Бірінші қорапта 10 қалта, екіншісінде осындай 14 қалта қант бар.Бірінші қорап екіншісіне қарағанда 8 кг жеңіл.Әр қораптағы қанттың массасы қандай?

2.Есепті шығар.

Бірінші жүк машина 250т құм, ал екіншісі 200 т құм әкелді.Егер біріншісі 2 рет артық қатынаған болса, олардың әрқайсысы неше реттен қатынаған?

3.Тіктөртбұрыштың ұзындығы 45 см болса, ал ені одан 3 есе кем.Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тап.

3.Тіктөртбұрыштың ұзындығы 60 см болса, ал ені одан 5 есе кем.Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тап.

4.Салыстыр

45ц 20кг *5480кг 4 тәул 24сағ * 54сағ


4.Салыстыр

85т 05кг *8542 кг 5сағ 46 с * 8456 с

























2 тоқсан

Өздік жұмысы №4

Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Күрделі теңдеуді шығару алгоритмі;

  • Өлшемдер (ұзындық, масса, уақыт)

Қолдана алуы керек:

  • Бірнеше амалмен шығарылатын есептерді шығару;

  • Жазбаша амалдап шығару;

  • Өлшем бірліктерін салыстыру және өрнектеу;

  • Теңдеу алгоритмін қолдану.



1 нұсқа

2 нұсқа

1.

512 х 600 245 х 300

455 200 : 5 578964 : 3

1.

245 х 900 758 х 600

788624 : 4 956200: 5

2.Есепті шығар

Құс фермасында 51 123 балапан өсірілді, бұл үйректің балапандарына қарағанда 1459-ы артық.Құс фермасында барлығы неше балапан өсірілді?

2.Есепті шығар

Баспаханада өткен жылы 5200 балаларға арналған ертегі басылды, бұл биылғы жылға қарағанда 2 есе кем.2 жылда барлығы неше ертегі басылып шығарылды?

3.Теңдеулерді шеш

х + 487 х 4 = 9487

а – 2574 = 23 68 : 4

3.Теңдеулерді шеш

7478 х 2 – у =9805

70902 + а х 2 = 95000

4.Тура теңдік шығу үшін, қандай санды қою керек

(4900 1400) : 7 = 700+ 

(  +  ) : 300 = 7 +5


4.Тура теңдік шығу үшін, қандай санды қою керек

(45000 + 9000 ):  = 45000 : 9 +

(96 000 + ) : 60 = 96000: 60 + 8



















Өздік жұмысы №5

Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Аудан өлшем бірлігі және оны табу;

  • Күрделі теңдеуді шығару алгоритмі;

  • Өлшемдер (ұзындық, масса, уақыт)

Қолдана алуы керек:

  • Бірнеше амалмен шығарылатын есептерді шығару;

  • Қозғалысқа берілген есепті шығару;

  • Өлшем бірліктерін салыстыру және өрнектеу;

  • Тіктөртбұрыштың ауданын табу.

1 нұсқа

2 нұсқа

1. 452134 х 60 8945612 х 20

945625 : 5 456132 : 4

1. 254612 х 50 587940 : 20

213456 х 60 845694 : 6


2.Автомобиль 32 км жолды 30 минутта жүріп өтті.Егер велосипедшінің жылдамдығы авомобильдің жылдамдығынан 50 км/ сағ кем болса, велосипедші осы уақытта неше километрді жүріп өтті?

2.Арасы 930 км екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы жүк пойызы мен жолаушыла пойызы шықты.Жүк пойызының жылдамдығы 70км/сағ , ал жолаушылар пойызының жылдамдығы 85км/сағ.Олар неше сағаттан кейін кездеседі?

3.Тіктөртбұрыштың ұзындығы 12 см, ал ені 2есе кем болса, тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрі қанша болады?

3.Тіктөртбұрыштың ұзындығы 32 см, ал ені 4есе кем болса, тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрі қанша болады?

4.Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

9 км - 89м=  км м

8 т – 785 кг = т  кг

4 ц 56 кг -65 кг =ц кг

4.Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

8 км - 59м =км  м

7т - 546кг=  т кг

5 ц 96 кг -78 кг = цкг

























Өздік жұмысы №6

Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Аудан өлшем бірлігі және оны табу;

Қолдана алуы керек:

  • Жазбаша амалдап шығару;

  • Бірнеше амалмен шығарылатын есептерді шығару;

  • Берілген өлшем бірліктері салыстыру;

  • Геометриялық фигураны сызу, № № №

1 нұсқа

2 нұсқа

1 .Өрнектің мәнін тап.

800 80 – 6004 х 6 + 4521

450065 : 5 + 5467 -134245 : 5

1.

80000 – 4785 + 245126 : 2

98624 : 4 + 89457 - 94578

2.Тосап қайнату үшін 2 кг қарақатқа 3 кг қант қосады. 12 кг жидекке неше килограмм қант салу керек?

2.Токарь 6 сағатта 90 бөлшек жасауы тиіс.бірақ сағатына жоспарланғаннан 3 бөлшек артық жасады. Ол бұл жұмысты неше сағат ерте бітірді?

3.Радиусы 6см 5мм болатын шеңбер сыз.

3.Радиусы 2 см 8 м болатын шеңбер сыз.

4.Салыстыр.

8т 245 кг + 5т 854кг * 21т 548кг

2т 546кг + 9т 548кг * 64587кг

4.Салыстыр.

4ссағ 54 мин – 45 мин * 2 сағ 90мин

5 сағ 45 мин – 54 мин * 9сағ 54 мин



























3 тоқсан

Өздік жұмысы №7

Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Аудан өлшем бірлігі және оны табу;

  • Амалдарды жазбаша орындау;

  • Өлшем бірліктері (масса, уақыт, ұзындық)

Қолдана алуы керек:

  • Жазбаша амалдап шығару;

  • Бірнеше амалмен шығарылатын есептерді шығару;

  • Берілген өлшем бірліктері салыстыружәне өрнектеу;

  • Тіктөртбұрыштың ауданын табу.

1 нұсқа

2 нұсқа

1.Арман бір сан ойлап, оны 2-ге бөлді.Нәтижені 302 есе арттырып, 82748 санын алды.Арман қандай сан ойлады?

1.асқар бір сан ойлап, оны 2 есе арттырды, нәтижеден 20-ны алды, бәрін 5 есе арттырғанда , 50 саны шықты.асқар сан ойлады?

2.Фермадан сүт зауытына цистернамен 208 л сүт және әрқайсысында 36 литрден 15 бидон сүт жіберілді.Фермаға барлығы қанша литр жіберілді?

2.Қоймадан мектепке 36600 оқулық жіберілді.Бірінші мектепке осы оқулықтардың 6дан бір бөлігі , екіншісіне 9900 оқулық, ал қалған оқулық төрт мектептің әрқайсысына теңдей бөлініп, жіберілді.Әр мектепке қанша оқулық жіберілді?

3.Ұзындығы 68мм,ені одан 15мм кем тіктөртбұрыш сыз.Осы тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тап.

3.Ұзындығы 84мм,ені одан 28 мм кем тіктөртбұрыш сыз.Осы тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тап.

4.Кему ретімен жаз.

9дм, 9900м, 900мм, 9 км 8м

4.Өсу ретімен жаз.

8мин, 700с, 9сағ, 5с.,2 тәул.





















Өздік жұмысы №8

Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Аудан өлшем бірлігі және оны табу;

  • Амалдарды жазбаша орындау;

  • Қозғалысқа берілген есепті шығару.

Қолдана алуы керек:

  • Жазбаша амалдап шығару;

  • Қозғалысқа берілген есепті шығару;

  • Өрнектің мәнін табу.

1 нұсқа

2 нұсқа

1.

474250 : 875 275427: 303

457х468 958х 654


1

219816: 852 119727 : 963

652 х 245 785 х 654

2.Мотоциклшілердің арасы 50 км. Біріншісі 50км/сағ, екіншісі 40км/сағ жылдамдықпен қозғалды.Екінші мотоциклші неше сағаттан кейін бірініш мотоциклшіні қуып жетеді?

2.Бір қаладан екі мотоциклші бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта екі жаққа жолға шықты.Біріншісінің жылдамдығы 50км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 40 км/сағ.Неше сағаттан кейін олардың арасы 270 км болады?

3. Теңдеуді құрып, оны шеш.

Әлия бір сан ойлады, ол оны 16 есе кемітіп, нәтижесін 15473-ке арттырды, сонда 27857 саны шықты.Әлия қандай ойлады?

3.Теңдеуді құрып, оны шеш.

Айдын ойлаған санын 1000 есе арттырды, оның нәтижесін 25000 мен 750 000 сандарының қосындысына тең.Айдын қандай сан ойлады?

4.Өрнектің мәнін тап

8² -56 9² -67 40²+351

4² + 300 2²+879 20 ²+548


4.Өрнектің мәнін тап.

5² + 879 12² + 546 40 ² - 124

4² + 6598 50² -854 30² - 854























Өздік жұмысы №9

Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Аудан өлшем бірлігі және оны табу;

  • Амалдарды жазбаша орындау;

Қолдана алуы керек

  • Жазбаша амалдап шығару;

  • Қозғалысқа берілген есепті шығару;

  • Өрнектің мәнін табу.

9

1 нұсқа

2 нұсқа

1.

(234 +566) х ( 346 + 234 ) х 0

26 х 6 : 3 + ( 203 – 78 ) х 2 + 300 : 10

1.

399 : 7 + 67 – ( 271 + 194 ) : 5 + 81 : 9 х27

78 . 3 – 95 : (82 : 63) + 56 х 3 + 1000 : 200


2. Екі айлақтан бір мезгілде бір-біріне қарама –қарсы катер мен қайық шығып, 3 сағаттан кейін кездесті.Қайықтың жылдамдығы 15 км/сағ, ал катердің жылдамдығы одан 4 есе артық.Екі айлақтың арақашықтығын тап.

2.автомобиль мен автобустың арасы 60км.автомобиль 70км/сағ жылдамдықпен, автобус 50 км/сағ жылдамдықпен қозғалды.Автомобиль неше сағаттан кейін автобусты уып жетеді?

3.Теңдеуді шеш

9410 - 220 – а =232

555 + х + 595= 40000

3.Теңдеуді шеш

1256 + у =3020 -856

500 х 9 х с = 45000

4.Бос орындарды толтыр.

: 98 = 3090 (54 қалд.)

: 32 = 7120 (24 қалд.)


4.Бос орындарды толтыр

: 40 =48 79 (39 қалд.)

: 207 = 48 79 ( 79 қалд.)

























4 тоқсан

Өздік жұмысы №10

Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Аудан өлшем бірлігі және оны табу;

  • Амалдарды жазбаша орындау;

Қолдана алуы керек:

  • Жазбаша амалдап шығару;

  • Қозғалысқа берілген есепті шығару;

  • Өрнектің мәнін табу.

10

1 нұсқа

2 нұсқа

1.Амалдардың орындалу ретін анықтап,есепте.

( 542944 : 893 х 3010 -1 755859) х ( 329 х 95 :35)


1.Амалдардың орындалу ретін анықтап,есепте.

520 х ( 75 + 33480 :62) :205 -535095 : (549900:780)

2.Биіктігі 12м, ені 6м, ұзындығы 15м бөлменің көлемін тап.

2.Биіктігі 15 м, ені 7 м, ұзындығы 20 м бассейннің көлемін тап.

3.Радиусы 5см 6мм болатын шеңбер сыз.

3.Радиусы 6 см 8мм болатын шеңбер сыз.

4.Теңдеуді шеш

а - 15 х 15= 30

12090 –х = 3090 : 30

4.Теңдеуді шеш

( х+240) х3 -360= 540

х : 30= 768 +987





























Өздік жұмысы №11

Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Аудан өлшем бірлігі және оны табу;

  • Амалдарды жазбаша орындау;

Қолдана алуы керек :

  • Жазбаша амалдап шығару;

  • Қозғалысқа берілген есепті шығару;

  • Өрнектің мәнін табу.

11

1 нұсқа

2 нұсқа

1.Амалдарды орында

(3мин48с + 16 36с – 6мин 54с) х 120

1.Амалдарды орында

(4 тәул.6сағ 15с – 16сағ 28мин + 3тәул12 сағ 14мин) х 2

2.Бақшаның ұзындығы 60м, ені 20м.Оның ⅓ бөлігіне картоп егілді.қалған жердің ½ бөлігіне қызанақ, одан қалғанына қияр егілді.Қияр қандай аумақты алып жатыр?

2.Мектепте 3000кг қағаз қалдығы жиналды.Бастауыш сынып оқушылары 1/6 бөлігін, 5-8 сынып оқушылары бастауыш сыныптан 278 кг артық, ал қалғанын жоғары сынып оқушылары жинады.Жоғары сынып оқушылары қанша қағаз қалдығын жинады?

3.Теңдеуді шеш

3879 – а = 545 х 4

у + 261 х 78 = 32000 -1989

3.Теңдеуді шеш

876 + у + 9869 = 78000

( х- 240) х 3 – 360 = 540

4.Өрнектердің мәнін тап

с - d:713, мұнда с =82896 d= 182 528

(а-с) :721. мұнда а =56959 с= 25956


4Өрнектердің мәнін тап.

(w -485)х 124 ,мұнда w=789, 1000,897



























Өздік жұмысы №12

Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Аудан өлшем бірлігі және оны табу;

  • Амалдарды жазбаша орындау;

Қолдана алуы керек:

  • Жазбаша амалдап шығару;

  • Қозғалысқа берілген есепті шығару;

  • Өрнектің мәнін табу.

12

1 нұсқа

2 нұсқа

1.Өрнектерді ықшамда

(234+ 124) х а + 237 х с

(а+в) х 235 + 349 х а +35

1.Өрнектерді ықшамда

569 х а + (69 +77) х а

15 х ( а +в +с) + 32 х в

2.Бассейн екі құбырдығ көмегімен суға толды.Бірінші құбыр суды 50м³/сағ, екінші құбыр 40м³/сағ жылдамдықпен құяды.Неше сағаттан кейін бассейндегі судың көлемі 270м³ болады?

2.Бассейнде 270м³ су бар. Екі құбырда да бір мезгілде ашылды.Біреуі арқылы 40м³/сағ жылдамдықпен су құйылып жатыр, ал екіншісі арқылы 50м³/сағ жылдамдықпен су сыртқа ағып жатыр.2 сағаттан кейін бассейнде қанша су болады?

3.Есепте

8кг 250г х 32 24 ц 36кг : 6

9 м 90 см х 41 4т : 250 кг

3.Есепте

140кг200г х 7 205т 2ц х 25

6 м : 30см 6350 кг : 25



























І. ТҮСІНІК ХАТ

«Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізі де маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі.

Қазақ тілі пәнінде қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.

Пәнді оқытудың мақсатыоқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерген, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Қазақ тілі пәнінің міндеттері:

  • дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;

  • сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;

  • алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту;

  • оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

  • диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

  • өздігінен мәтін құру, өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;

  • оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;

  • қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.



Бастауыш мектепте оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер боынша оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.

Қазақ тілі оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің басты функционалдық және коммуникативтік ұстанымдары пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Ал қолжетерлік ұстаным оқу мазмұнын сызықтық-концентрлік жүйемен орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Материалды концентрлі оқыту тілдік ақпаратты сыныптан сыныпқа (2,3,4) өткен сайын біртіндеп күрделендіре түсуге мүмкіндік береді.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады.

Оқу жылындағы барлық сағат саны:

4–сыныпта – аптасына 4 сағат, жылына - 136 сағат.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру қажет. Мәселен:

4-сынып «Грамматика әлемі», «Мәтін және грамматика».



ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

4-сынып оқушылары:

  • ауызекі және жазба тілді;

  • буын және дыбыс үндестігін;

  • мәтіннің құрылымы мен түрлерін;

  • cөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш), тұрлаусыз мүшелерін

және бірыңғай мүшелерді;

  • жалаң және жайылма сөйлем түрлерін;

  • сөз тіркесін;

  • синоним, антоним, омонимдерді;

  • күрделі сөздерді, олардың түрлерін;

  • сөз таптары мен олардың түрлену жүйесін біледі.

  • жай сөйлемге синтаксистік талдау жасайды;

  • жай сөйлемді құрмаласқа айналдырады;

  • мәтіннен қыстырма сөздерді табады;

  • сөз таптарын ажыратады, талдайды және оларды топтастырады,

өзара салыстырады;

  • мәтіндегі тірек сөздерді табады және олармен мәтін құрауға

дағдыланған.

  • Қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог, монолог құра алады;

  • түрлі жағдаяттарда әңгімелеседі, пікірлеседі, өз ойын түсінікті

жеткізеді (кіммен? қайда? қашан? не туралы?);

  • өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстырады, сипаттайды;

  • берілген мәтінге жоспар жасайды;

  • түрлі жанрда шығарма құрады (әңгіме, хат, өтініш, хабарландыру).



Қазақ тілі сабақтарындағы жазба жұмыстары:

Оқушылардың каллияграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 4 сыныпта әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді.

4 сыныпта жазылуы қиын сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді қатесіз, әрі каллияграфиялық талапқа сай жазу дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар орындалады.

Қазақ тілінен жүргізілетін негізгі жазба жұмыстары- көшіріп жазу, жатқа жазу, диктант, мазмұндама, шығарма.

Диктант

Есту диктанты, көру диктанты, сөздік диктант, шығармашылық диктанттары күнделікті сабақта ыңғайына қарай мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіліп отырады. Ал оқушылардың сауаттылығын тексеруге арналған диктант әр сыныпта шамамен 4 рет (әр тоқсан сайын 1 рет) алынады.

Бақылау диктанты әр сыныпта шамамен 5 рет (әр тоқсан сайын- 1 рет, оқу жылының қорытындысы бойынша – 1 рет) алынады.

Диктантқа арналған сөз саны төмендегі мөлшерде белгіленеді:

Сөздік диктанты:

4 сыныпта 15-20 сөз.

Бақылау диктанты:

4 – сынып- I жартыжылдықта 65-70 сөз, жыл аяғында 75-80 сөз.

Мазмұндама және шығарма.

Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ауызекі және жазба тілде мазмұндау, шығарма жұмыстары берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер, саяхатта көргендері және т.б. бойынша жүргізіледі.

Үйрету мақсатындағы мазмұндама жұмысы 4 сыныпта жыл бойына барлығы шамамен 4 рет (әр оқу тоқсаны сайын 1 рет) алынады. Мазмұндамаға арналған сөз саны:

4 сыныпта 70-90 сөз

Үйрету мақсатындағы шығарма жұмысы 4 сыныптарда шамамен 3 рет (әрбір сынып сайын I жартыжылдықта – 1 рет, II жартыжылдықта – 2 реттен) алынады.

Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстарының нормасы

Сыныптар

I тоқсан

II тоқсан

III тоқсан

IV тоқсан

Қорытынды бақылау диктант

Бақылау диктанты


4

1

1

1

1

1

Сауаттылығын тексеруге арналған диктант

4

1

1

1

1


Мазмұндама

4

1

1

1

1

Шығарма

4


1


2



Диктантты бағалау критерийлері:

«5» - қатесі мүлде жоқ, таза, барлық қаллияграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;

«4» - а)1 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе,б) 1 емле, 2 тыныс белгісі қателері болса, бірақта жұмыс таза орындалу керек;

«3» - а)3 емле, 2-3 тыныс белгісі,б) 4 емле, 2 тыныс белгісі,в)5емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілген жұмысқа қойылады;

«2» - 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады.







Мұғалім диктантты тексергенде мынаны ескерген жөн:

  • бір сөзден жіберген қате бірнеше рет қайталанса- 1 қате болып есептеледі;

  • бір ережеге байланысты әртүрлі сөздерде жіберген қателердің әрқайсысы бір қате болып есептеледі;

  • тасымал кезінде сөздің бұрыңғы жолда қайталанып кездесуі. Сондай-ақ жіберілген мынандай қателер есепке алынбайды: а)өтілмеген орфограммалар мен тыныс белгілері болса, б) сөйлем соңына нүкте қойылмай бірақ келесі сөйлемді бас әріппен бастап жазса.

Қате болып есептеледі:

  • сөздерді жазудағы емлелік ережелердің бұзылуы, әріп тастап кету, әріптердің орнын ауыстыру немесе артық әріп жазып қою;

  • сынып бағдарламасына енетін сөздердің жазылуында жіберілген қателер;

  • бағдарлама бойынша өткен тақырыпқа байланысты тыныс белгілері қойылмаса;

Грамматикалық тапсырмаларды бағалау критерийлері:

  • «5» -түгелдей қатесіз орындалған тапсырмаға;

  • «4» - 1 қатесі бар түгел орындалған тапсырмаға;

  • «3» - тапсырма толық орындалмаса;

  • «2» - тапсырма мүлдем орындалмаса.

Диктант және грамматикалық тапсырмалардан құрылған бақылау жұмыстарына екі баға қойылады, жеке баға диктантқа және жеке баға тапсырмаға.

Мазмұндаманы жалпы бағалауда мынаны ескерген жөн:

  • мазмұны (автор мәтінінің негізгі мазмұны қалай жеткізілген: толық, негізгі

көріністерді қалтырмай, бұрмалаусыз);

  • мәтіннің құрылымы (мазмұндау барысы, азат жолдарды белгілеу, бөлімдердің орналасуы)

  • сөйлемдердің құрылымы, сөздер ретін сақтау, мәтін лексикасы (сөздерді өз мәнінде қолдана білу)

  • емлелік және пунктуациялық сауаттылық

Шығармашылық жұмыстарды (мазмұндама, шығарма) бағалау критерийлері:

4 сыныпта үйрету және бақылау мазмұндамаға, шығармаға 2 баға қойылады (мазмұнына, сауаттылығына (5/5).

Мазмұнына байланысты бағалау критерийлері:

«5» -автор мәтінінің толық жеткізгені, тақырыптың ашылуы, сөз қорының байлығы, мазмұнға байланысты қателері жоқ;

«4» - автордың мәтіні бойынша дұрыс мазмұндалған, бірақта мазмұндау барысында кейбір олқылықтар бар, тексті құрастыруда 2-3 сөйлем құрамында нақтылық болмағанда;

«3» - тақырып дұрыс ашылмаса, тіл байлығы орташа, сөйлемдерді құрастыруда мазмұнына байланысты қателер болса, автордың текстінен өзгеше болған жағдайда;

«2» - мазмұны автордың мәтініне сәйкес келмесе, сөз қоры нашар, сөйлемдері дұрыс құрастырылмаған жағдайда.

Сауаттығына байланысты бағалау критерийлері:

«5» - емле және тыныс белгілерінен қате жоқ, бірақта 1-2 түзетушілік болса;

«4» - 2 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе және 1-2 түзетушілік болса;

«3» - 3-5 емле, 1-2 тыныс белгісінен қате болса, 1-2 түзетушілік болса;

«2» - 6 дан астам емле, 3-4 тыныс белгілерінен қателер, 3-4 түзетушілік болса.

Тестік тапсырмаларды бағалау критерийлері:

Тест тапсырмаларын бағалауда жинаған ұпай сандары саналады.Оларды төрт баллдық шкала бойынша бағалауда мынадай кестеге сүйенеді:

100-95 % балл- «5», 94-75% - «4», 74-50 % - «3», 49 %- төмен – «2».

Көшіріп жазуды бағалау:

«5»- түзетулері жоқ, мінсіз орындалған жұмыс;

«4» - 1 қатесі, түзетуі бар жұмыс;

«3» - 2-3 қатесі, түзетуі бар жұмыс;

«2» - 3 және одан да көп қателері бар жұмыс



4-сынып.

І-ші тоқсан

Пән:Қазақ тілі

Мазмұндама

Тақырыбы: «Қорқақтық жараспайды»

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен мемлекеттік стандартына сәйкес міндетті деңгейдегі білім, білік, дағдыларын анықтау.



Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды.

Өйткені ол найзағайдан қатты қорқады. Жаңбыр жауып, күн күркірегенде кірерге жер таппайды. Бірде күн бұлттанып, майда жауын сіркіреп жауа бастады. Бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқанбыз. Асан қақпашы еді. Ол дегбірсізденіп, абыржи бастады. Ретін тауып ойыннан шыққысы келді. Сөйткенше болмай, аспан жарқ-жұрқ ете түсті. Асанның зәресі ұшты, балалар ойынды тоқтатып, қақпаның жанында үйіріліп тұрды. Асанды найзағайдан қорықпауға, жауынның өткінші екенін айтып сабырға шақырды. Асан үйіне тура жүгіруге балалардан ұялды. Қанша қорықса да, шыдауға бекінді. Біраздан кейін жаңбыр басылды. Ойын қайта жалғасты.



Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:

майда жауын, дегбірсізденіп, абыржи, үйіріліп тұрды, өткінші жауын, сабырға шақырды.

Мазмұндама жоспары:

1.Асанның қорқақ атану себебі.

2.Жауын басталғандағы Асанның дегбірсізденуі.

3.Асанның жарқылдаған найзағайдан қорқуы.

4. Ойынды тоқтатуы.

5.Асанның шыдамдылығы.

6.Жаңбыр басылып, ойынның жалғасуы.













4-сынып.

ІІ-ші тоқсан

Пән:Қазақ тілі

Мазмұндама

Тақырыбы: «Ақ тоқаш»

Мақсаты: Оқушылардың білім, білік деңгейлерін, дағдыларын анықтау.



Түс кезі. Екі дос мектептен қайтты. Қызу әңгімелесіп, тым көңілді келеді. Екеуінің қолында ішінде шұжығы бар ақ тоқаш. Сөз арасында ұрттары бұлт-бұлт етіп, қаужалап қояды. Қажыкен нанның бір кішкене қалдығын қағазға орап, сөмкесіне салып қояды. Ал Болат өзі тойғаннан кейін тоқашының қалғанын бір кескен шұжығымен жолға қарай лақтырып жіберді. Оның үстіне тоқашты доп етіп теуіп, қуалай жөнелді. Нанды домалатып біраз жерге апарып тастады. Қажыкен досын қуып жетіп, оған ұрысты. Ағыл-тегіл байлық, мыңдаған адамдардың еңбегі, маңдай тері, соны бағалай біліп, нанға ұқыпты қарау керек екендігін түсіндірді. Қателігін кеш түсінген досы басын төмен салып, артта ілбіп келе жатты.



Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:

Қаужалап, шұжығынмен, қуалай жөнелді.

Мазмұндама жоспары:

1.Көңілді екі дос.

2.Ақ тоқаш пен шұжық.

3.Жол жиегінде «доп» болған нан.

4. Қажыкеннің ақылы.



















4-сынып.

ІІІ-ші тоқсан

Пән:Қазақ тілі

Мазмұндама

Тақырыбы: «Алтын адам»

Мақсаты: Оқушылардың білім, білік деңгейлерін, дағдыларын анықтау.




Астанада музейлердің түр-түрі бар. Балалар музейлерді аралап, көп қызықтады, әсіресе археология музейіне жасалған топсеруен оларға қатты ұнады.

Музейдегі экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенін білдіреді. Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар, әшекей бұйымдарға қарап біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп, немен шұғылданғандарын анықтап отыр. Балалар бір экспонаттың жанынан көпке дейін кетпеді. Онда жас ханзада-сақ жауынгерінің бастан-аяқ әдіптелген киімі қойылған. Оның дулығасы мен кіреуке сауытын көне зергер аңдардың, құстардың, ағаштардың, таулардың суретін бейнелеп жасаған алтын табақшалармен әшекейленген.

Осы жауынгер киімі Есік қорғанында екі мың жылдан астам уақыт жатса да, күні бүгінге дейін жақсы сақталған.





Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:

Археология музейі, экспонаттар, тайпалар, жас ханзада-сақ жауынгері, әдіптелген, дулығасы, кіреуке сауытын, көне зергер, Есік қорғаны.

Мазмұндама жоспары:

1. Балаларға қандай топсеруен ұнады?

2.Музейдегі экспонаттар нені білдіреді?

3.Қазақстан археологиясы нені анықтады?

4. Балалар қай экспонаттың жанында ұзақ тұрды?

5. Онда кімнің киімі қойылған?











4-сынып.

ІV-ші тоқсан

Пән:Қазақ тілі

Мазмұндама

Тақырыбы: «Емші құмырсқалар»

Мақсаты: Оқушылардың білім, білік деңгейлерін, дағдыларын анықтау.


Күн ыстық, көптен жаңбыр жаумай тұр. Орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау деген оймен, себет ала шыққанмын. Аралап келемін, ештеңе кезіге қоймады. Қалың ну арасынан бір алаңқай көрінді. Соған таяндым. Мұндай жерден ылғи да бір құбылыстар ұшыратуға болады, үстінен түстім. Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр. Бұл не? Әлде жараланып, илеуге жығылған соң, құмырсқалар талап жатыр ма? Байқаймын, олай емес. Қарға біресе бір жамбасына, біресе екінші жамбасына аунап түседі де, күнге аунаған тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды. Құмырсқа жабыла таласа да, соған шыдап баққан тәрізді.

Қара қарға онымен қоймай, құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып, қанатының астына тығады. Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да, бір бұтаққа барып қонды. Сонан соң шаңды бұрқырата әбден сілкініп алды да, қауырсындарын тарақтап болып ұшып кетті.

Қара қарға сияқты басқа құстар да өз денесінен қан сорғыш жәндіктерді құрту үшін құмырсқа илеуін осылайша емхана ретінде пайдаланады. Ал құмырсқа илеуіндегі қышқыл да, қан сорғыш жәндіктерді жойып жібереді.

Құмырсқа –құстардың нағыз емшісі. Бұл да табиғат қажеті.


Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:

алаңқай, құмырсқа илеуі, қан сорғыш жәндіктер.

Мазмұндама жоспары:

1. Күн қандай?

2.Қарға қайда аунап жатыр?

3.Қарға құмырсқа илеуін не үшін пайдаланады?


















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров168
Номер материала ДВ-357409
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх