Инфоурок Другое КонспектыБар ісі пәнінен "алкагольсіз сусындарды дайындау технологиясы" тақырыбына тәжірибиелік жұмыс жоспары

Бар ісі пәнінен "алкагольсіз сусындарды дайындау технологиясы" тақырыбына тәжірибиелік жұмыс жоспары

Скачать материал

Тәжірибиелік жұмыс №3

Нұсқаулық карта

Тақырыбы: «Алкаголсіз аралас сусындарды дайындау технологиясы»


Мақсаты:Қатпарлы және қыртысты коктейльдер дайындауды игеру.

Көрнекілік құралдар:құралдар: өлшеу шынылары, тақтайша, ұсыну ыдысы, бар қасығы, конустық рөмкелер,

шейкер, пышақтар және т.б.

Азық-түліктер: сироптар, шырындар, экстрактар, минералды су және дайындалу рецепті бойынша т.б.


Негізгі жағдайлар:

Қатарлы коктейльдер дайындау ингредиенттердің кезектесіп, үлес салмағы мен түсіне байланысты. Сусын құрамында қант көбейген сайын салмағы ауырлайды. Компонеттерді дұрыс таңдау қажет. Олар шамамен тең қарым-қатынаста алынады.

Сусын араласып кетпеу үшін оларды пышақ шетін немес бар қасығын қолданады. Сироптар басқа компонеттерден ауыр болғандықтан оларды бірінші кезекте құяды, содан соң экстракты, жұмыртқаның сарысын, пюре шырындарды құяды. Және соңында – жеңіл сусындарды: шырын, кілегей, жемісті және минералды суды қосады. Қатпарлы коктейльдерді конустық рөмкелерде безендірусіз және түтіксіз ұсынады. Қыртысты коктейльдер қатпарлы коктейльдерден миксерде немесе шейкерде шайқалғанымен бөлінеді. «Инеймен» безендірілген шыныларда ұсынылады.

Шыныны безендіру үшін лимон қабығын спиральді кесіп алады. Жоғарғы ұшын шыны шетіне іледі, ал түбіне 2 шие салады. Бір порцияға әзірлейді, түтікпен ұсынады.

Жұмысты орындау реті:

  1. Қажет өнімдерді алу. Жұмыс жасау құралдарын, шейкерді (салқындату) және шыныларды әзірлеу.

  2. Қабық аршитын аранйы пышақпен безендіруді кесу.

  3. «Иней» шынысында безендіру.

  4. 1,2,3 тапсырмаларын орындау.

1 тапсырма

  1. Қатпарлы «Весенний» коктейлін әзірлеу:

  • 150-180 мл конусты рөмкені аламыз;

  • Зығырлы сүлгімен сүртіп, салқындату (форматы бойынша);

  • Кең жүзді пышақты мұқият жуу;

  • Пышақ жүзінің ұшы бұрыш астындағы түбіне тимейтіндей етіп салу қажет;

  • Оң қолмен алма сиропын абайлап құйыңыз;

  • Пышақты сәл көтеріп, ұшын сироп шекарасына тигізу;

  • Пышақ жүзіне анарлы экстракты құю;

  • Пышақты сәл көтеріп, ұшын экстракт шекарасына тигізу;

  • Шырынды құю;

  • Пышақпен жұмысты қайталау;

  • Соңғы кезекте «Тархун» шырынын құю;

  • Коктейльді 2-5 мин қою;

  • Бәлішті тәрелкеде ұсыну, сүлгімен жабылған, түтіксіз, абайлап, барлық қатпарлары көрінетіндей етіп.

Сапасына талаптар:

Коктейль қатпарларының шеті анық көрініп тұратындай және салқындатылған болу керек. Коктейль түсінің үйлесуі үшін компонеттерді түсіне байланысты таңдау қажет. Үйлескен коктейльдерді көбінесе балалар жақсы көреді.

2 тапсырма

«Айсберг» қыртысты коктейлін дайындау:

  • Қыртысты коктейль әзірлеу үшін шейкерді дайындап, шыныларды сүрту;

  • Ыдысқа қант себу;

  • Сол қолмен шыныны аяғынан ұстап, сыйымдылықты төмен жіберу;

  • Сыйымдылықтың шетін апельсин кесегімен сүрту (ені 0,5 см шеңбер);

  • Сыйымдылықты қантқа салу;

  • Рөмкені айналдырып, бар үстеліне қою;

  • Кең жүзді пышақпен лимоннан «спиральды» безендіруді кесіп алу;

  • Лимоннан кесілен безендірудің бір ұшын шыны шетіне, екінші ұшын шыны аяғына қыстыру;

  • Шыны түбіне сүйексіз 2 шие қою;

  • Рецепт бойынша керекті компоненттерді өошегіш шыныға салу;

  • Шейкерден ерігін су мен мұзды алып тастау;

  • Шейкерді дайын болған ингредиенттермен толтыру;

  • Қақпағын жауап, горизанталь бағытта шейкерді 20 секунд шайқау;

  • Шайқалған сусынды безендірілген шыныға құю;

  • Пинцеттің көмегімен шынығы түтікті салу;

  • Коктейльді салқындатып ұсыну.

Сапасына талаптар.

Коктейль міндетті түрде ұсынар алдында дайындалады. Шырындар балғын болу керек. Шырыны бар ашылған пакеттер мұздатқышта сақталған жөн. Коктейль массасы біртекті болуы керек, ингредиеттер қатпарланбауы тиіс.

3 тапсырма

Дайындалатын коктейльдерге технологиялық және нұсқаулық карталар әзірлеу.

Коктейльдер рецепті.

Қатпарлы коктейльдер:

«Акварель»

Лимон сиропы 30 г

Анар экстракты 20 г

Қаймақ 70 г

  1. Пышақ жүзімен сиропты құю;

  2. Экстракты құю;

  3. Қаймақты қант ұнтағымен шайқау;

  4. Сусын үстіне қою;

  5. Ұсыну.

«Тәж»

Брусникасиропы – 30г, алма сиропы – 30г, лимон шырыны – 30г, минералды су – 40 г.

«Көктемгі»

Алма сиропы – 30г, анар экстракты – 20г, мандарин шырыны – 30г, «тархун» шырыны – 40г.

«Нәзік»

Таңқурай сиропы – 30г, жұмыртқаның сарысы – 1 дана, лимон шырын – 30г.

«Жарқыраған»

Апельсин сиропы – 30г, мүкжидек сиропы – 30г, лимон шырын – 30г, минералды су -40г.

Қыртысты коктейльдер

«Айсберг»

Қайың шырыны – 50г, алма шырыны – 20г, лимон шырыны – 30 г.

«Наледь»

Алма шырын – 50 г, қант сиропы – 20 г, бұлғанған қаймақ – 20г.

«Прометей»

Апельсин шырын – 50г, лимон шырыны – 10г, мандарин шырыны – 80г.

«Эстафета»

Анар экстракты – 10г, лимон сиропы – 10г, мандарин шырыны – 60г.


Жұмысты безендіру:

Тәжірибелік жұмыс аяқталған соң есеп беріледі. Дәптерге:

  1. Орындалған күні

  2. Сабақ тақырыбы

  3. Сабақтың мақсаты

  4. Жұмыстың орындалу реті

  5. Коктейль дайындаудың технологиялық сызбасы жазылады.




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 886 516 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.05.2016 1417
    • DOCX 42.5 кбайт
    • 0 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Матанова Меруерт Капбасовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Пожаловаться на материал
  • Автор материала

    Матанова Меруерт Капбасовна
    Матанова Меруерт Капбасовна
    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27575
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой